Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 3,11 Mb.
Pdf просмотр
бет48/102
Дата20.11.2018
өлшемі3,11 Mb.
#21840
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   102

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 102-беті 
 
102 
 
24.  Сырттай  бөлім  студенттерінің  пəн  бойынша  емтиханға  жіберілуі  күндізгі  бөлім 
студенттерінің емтиханға жіберілу тəртібі секілді жүзеге асырылады.  
25.  Емтихандар  ауызша,  жазбаша,  тест  немесе  аралас  түрде  өткізіледі.  Ауызша  түрде 
бір күнде екі немесе одан көп емтихан тапсыруға рұқсат етілмейді. Тест нысаны кезінде екі 
немесе одан  да  көп  пəндердің  бейіндік  жəне  жақындық  принципін  сақтай  отырып,  емтихан 
кешенді түрде өтуі де мүмкін.  
26.  Əрбір  оқу  пəні  бойынша  емтиханды  өткізудің  нысандары  мен  тəртібі 
университеттің  (факультет)  Ғылыми  кеңесімен  академиялық  кезең  басталғаннан  бастап  бір 
ай мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.  
27. Емтиханға келген студенттің (білім алушылардың) қолында сынақ кітапшасы болуы 
тиіс.  
28.  Емтихан  кезінде  студенттер  пəннің  оқу  бағдарламасын  жəне  емтихан 
қабылдаушының рұқсатымен анықтамалық əдебиетті пайдалана алады. 
29.  Қорытынды  бақылау  өткізу  үшін  офис  регистратор  тарапынан  емтихан 
қабылдаушыға  студенттердің  академиялық  кезеңде  жинаған  балдары  мен  жіберілу  рейтингі 
көрсетілген бағалары қойылған емтихан ведомосын береді. 
30.  Оқу  пəні  бойынша  аралық  аттестаттау  өткізу  кезінде  емтиханда  алған  бағасы  мен 
академиялық  кезең  ішіндегі  үлгерімнің  ағымдық  бақылаудағы  бағалануының  орташа  балы 
есептеледі.  
31.  Емтиханда  студенттің  білім  алушының  үлгерімі  білімді  бағалаудың  балдық-
рейтингтік əріптік жүйесі бойынша бағаланады.  
Оңды  баға  (А-,  А  «өте  жақсы»,  В-,  В,  В+  «жақсы»,  Д-  ,  Д+,  С-,  С,  С+ 
«қанағаттанарлық») оқу пəні бойынша емтихан ведомосы мен студенттің сынақ кітапшасына 
алынған кредиттер саны көрсетіліп жазылады. «Қанағаттанарлықсыз» F бағасы тек емтихан 
ведомосына ғана жазылады.  
32. Əр пəн бойынша емтихан аяқталған соң студентке оның оқу жетістіктерінің бағасы 
болып табылатын қорытынды баға қойылады.  
33.  Пəннің  қорытынды  бағасының  құрамына  жіберу  рейтингінің  бағасы  мен 
қорытынды бақылау бағалары кіреді.  
Үлгерімді  ағымдық  бақылаудың  бағасы  (жіберілу  рейтингі)  пəн  бойынша  қорытынды 
бағаның кемінде 60 %-ын құрайды жəне емтихан бағасы пəн бойынша қорытынды бағаның 
кемінде 30 %-ын құрайды.  
34.  Оң  қорытынды  баға  тиісті  пəн  бойынша  белгіленген  кредит  санымен  игерілген 
кредиттерді толықтыруға негіз болып, студенттің транскрипіне жазылады.  
35.  Студент  қорытынды  бақылаудан  (емтиханнан)  «қанағаттанарлықсыз»  деген  баға 
алған жағдайда пəн бойынша қорытынды баға есептелмейді. 
36.  Қорытынды  бақылауда  қанағаттанарлық  бағаны  көтеру  мақсатында  оны  аралық 
аттестаттау кезеңінде қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.  
Қорытынды  аттестаттаудың  оң  бағасын  қайта  тапсыру  осы  Ереженің  43-тармағымен 
белгіленеді. 
37. Емтихан ведомосы офис регистраторға тапсырылады, ол бүкіл оқу кезеңінде барлық 
білім алушылардың кредиттер санын есептеумен жəне жинақтаумен айналысады.  
Ары қарай емтихан ведомосын офис регистратор тиісті факультет деканатына жібереді. 
Деканатта əрбір оқу пəнінің емтихан ведомосы негізінде аралық аттестаттау бойынша жинақ 
ведомосы толтырылады.  
38.  Оқудың  барлық  нысандарына  бірдей  пəндердің  оқу  бағдарламасында  бекітілген 
жұмыс жəне жеке оқу жоспарына сəйкес студенттер барлық емтихандарын тапсырады. 
39.  Студенттер  пəндердің  қосымша  оқу  түрлері  бойынша  емтихан  тапсыра  алады, 
олардың  тапсыру  нəтижелері  емтихан  ведомосына,  сынақ  кітапшасына  жəне  транскриптке 
жазылады (əскери дайындықтан басқасы). 


Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 103-беті 
 
103 
 
40.  «Қанағаттанарлықсыз»  бағасын  оң  бағаға  қайта  тапсыру  үшін  студент  келесі 
академиялық  кезеңдерінің  бірінде  немесе  жазғы  семестрде  сол  пəн  бойынша  оқу  жұмыс 
жоспарында  қарастылған  барлық  сабақ  түрлеріне  қайта  қатысып,  рұқсат  алады  жəне 
қорытынды бақылау тапсырады.  
Мұндай  жағдайда  студент  белгіленген  тəртіп  бойынша  оқу  пəніне  жазылу  рəсімінен 
қайта өтеді.  
41.  Егер  студент  оқу  бағдарламасын  толық  көлемде  орындай  отырып,  емтиханға 
келмесе,  емтихан  ведомосындағы  оның  фамилиясының  тұсына  «келген  жоқ»  деген  жазу 
жазылады.  Студенттің  дəлелді  себептері  болған  жағдайда  факультет  деканының  өкімімен 
оған  емтихан  тапсырудың  жеке  кестесі  бекітіледі.  Емтиханға  келмеуінің  дəлелді  себептері 
болмаған  жағдайда  «қанағаттанарлықсыз»  деген  бағаға  теңестіріліп,  қайта  тапсырылуы  осы 
Ереженің 40-тармағы бойынша жүзеге асырылады.  
42.  Қорытынды  бақылаудың  бағасымен  келіспейтін  студент  (магистрант)  емтихан 
өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей апелляция береді. 
43.  ЖОО  басшысының  бұйрығымен  емтихан  сессиясы  кезеңіне  (аралық  аттестаттау) 
апелляцияланатын  пəндерге  мамандығы  сəйкес  келетін  оқытушылардан  апелляциялық 
комиссия құрылады. 
44.  Апелляция  нəтижелері  хаттамамен  ресімделеді  жəне  оның  шешімі  негізінде 
студенттің  (магистранттың)  жеке  емтихан  ведомосы  жасалады,  ол  негізгі  емтихан 
ведомосына тіркеледі.  
45. Офис регистратор емтихан сессияларының қорытындысы бойынша жаздық семестр 
нəтижелерін  есепке  ала  отырып,  студенттің  оқу  жетістіктері  деңгейінің  ортасалмақ  бағасы 
болатын өту балын есептейді. 
46.  Оқу  жылы  аяқталғаннан  кейін  емтихандық  сессиялар  қорытындысының  негізінде 
студенттерді курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады. 
47.  Курстан  курсқа  көшіру  үшін  өту  балының төменгі  деңгейінің  көлемін  университет 
өзі белгілейді.  
48. Ең төменгі өту балын алған студенттер факультет деканының (институт директоры, 
жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  бөлім)  ұсынысы  негізінде  ЖОО  басшысының  бұйрығымен 
келесі курсқа көшіріледі.  
49. Ең төменгі өту балын ала алмаған студент оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.  
50. Курс бағдарламасын толығымен өтіп, белгіленген өту балының ең төменгі деңгейіне 
жете  алмаған  студентке  өзінің  орташа  үлгерім  балын  (GPA)  жоғарылатуы  үшін  жазғы 
семестрде  белгілі  бір  пəндерді  (мемлекеттік  емтихан  тапсырылатын  «Қазақстан  тарихы» 
пəнінен  басқа)  белгіленген  тəртіп  бойынша,  ақылы  түрде  қайта оқуына  жəне  сол  пəндерден 
қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі. 
51.  Қайта  тапсырылған  емтиханнан  қанағаттанарлық  нəтиже  алған  жағдайда 
қорытынды  баға  қайта  есептеліп,  ол  емтихандық  ведомосы  мен  сынақ  кітапшасына  жəне 
транскриптке жазылады. 
Орташа үлгерім балын есептеуде əр пəн бойынша соңғы бағалар есепке алынады.  
52.  Транскрипке  студенттің  қайта  тапсырған  емтихандарының  оң  нəтижелерімен  қоса 
барлық қорытынды бағалары жазылады.  
53.  Оқу  курсына  қайта  қалдырылған  студент  бұрын  қабылданған  жеке  оқу  жоспары 
немесе жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады. 
54. Өту балы жетіп, келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешегі бар студент сол 
пəнді ақылы негізде қайта оқып, академиялық қарыздарын жоюы тиіс.  
55.  Академиялық  қарызы  бар  пəндер  келесі  семестрде  өтілетін  пəндер  үшін 
пререквизит болып саналмайды.  


жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау