Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 3,11 Mb.
Pdf просмотр
бет13/102
Дата20.11.2018
өлшемі3,11 Mb.
#21840
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   102

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 26-беті 
 
26 
 
2.9 Академиялық ұтқырлықтың нақты формалары мен түрлерін жүзеге асыру серіктес-
ЖОО-ның,  қазақстандық  жəне  халықаралық  ұйымдар  мен  қорлардың  келісімшарттарымен 
реттеледі.  
2.10  Академиялық  ұтқырлық  аясында  оқуға  үміткерлерді  іріктеу  мақсатында  Ғылыми 
зерттеу  жұмыстары  жəне  халықаралық  байланыстар  жөніндегі  проректорына  қарайтын 
Ғылым  бөлімі  (ары  қарай  –  ҒБ) мен  Академиялық  ұтқырлықпен оқытудын  мамандары  (ары 
қарай  –АҰОМ)  білім  алушылар  арасында  конкурс  өткізу  бойынша  Комиссия  (мұнан  əрі  – 
Комиссия) жұмысын үйлестіреді.   
Комиссия ЖОО ректорының бұйрығымен құрылады. 
2.11  Өзге  ЖОО –на арасындағы Достық жəне ынтымақтастық келісім шарт құрылып 
соның негізінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы іске асырылады 
2.12Қабылдаушы  ұйымнан  ресми шақыру  алу  академиялық  ұтқырлықты  жүзеге  асыру  
негізі  болып  табылады.Жеке  білім  беру  траекториясын,  академиялық  жəне  зерттеу 
бағдарламасын жоспарлайтын білім алушылар, профессор-оқытушылар құрамы (мұнан əрі - 
ПОҚ)  немесе  қызметкерлер  ресми  шақыруды  алғаннан  кейін  белгіленген  тəртіпте  шығу 
комиссиясының келісімін алулары тиіс.  
2.13 ҒБ мен АҰОМ ЖОО-ның сыртқы жəне ішкі академиялық ұтқырлығын үйлестіреді.   
2.14 Шетелдік əріптестермен сыртқы байланысты жəне ынтымақтастықты орнату жəне 
ұйымдастыру бойынша ұйымдастырушылық шараларды Ректорат жүзеге асырады. 
2.15 Ішкі əріптестермен өз құзіреттілігі аясында байланыс жəне ынтымақтастық орнату 
мен дамыту бойынша ұйымдастырушылық шараларды АҰОМ жүзеге асырады. 
- университеттің білім беру порталында  ішкі  жəне сыртқы əріптестер (веб-сайт мекен-
жайларын  көрсету  арқылы)  жəне  академиялық  алмасу  бағдарламалары  туралы  мəліметтер 
базасын қалыптастырады жəне əрдайым жаңартып отырады. Сыртқы əріптестер туралы база 
ҒБ ұсынған мəліметтерге сəйкес негізделеді; 
-  факультеттерді  сыртқы  жəне  ішкі  ынтымақтастықтың  ағымдағы  жағдайы  туралы 
ақпараттандырады;  
2.16АҰОМ, декан  жəне кафедра меңгерушілерімен бірге

-  академиялық ұтқырлық бағдарламаларын үйлестіру жəне білім алушылардың оқыған 
пəндері (модульдер) бойынша кредиттерді қайта сынақтан өткізу мəселелерімен айналысады; 
-  университеттің  білім  беру  порталында,  деканаттардың,  кафедралардың  стендтерінде 
ақпараттық  материалды  орналастыру  арқылы  академиялық  ұтқырлық  бағдарламаларына 
қатысушыларды  іріктеу  туралы  хабарлайды  жəне  процедураларға,  міндетті  шарттарға, 
үміткерлерді іріктеу кезеңі мен критерийлерге, т.б. қатысты барлық ақпаратты қамтуы тиіс; 
- серіктес-ЖОО-мен 
оқу 
жоспарын 
жəне 
пəндердің 
(модульдердің) 
оқу 
бағдарламаларын үйлестіреді; 
- серіктес-ЖОО-мен  білім  алушылардың  ағымдағы  жылы/семестрде  іс-сапар  мерзімі 
мен тəртібін жəне оқу шарттарын үйлестіреді. 
2.17ҒБ  білім  алушыларды  шетелдік  ЖОО-на  жіберу  жəне  шетелдік  білім  алушыларды 
АƏИУ-не оқуға қабылдау бойынша жалпы үйлестіру жұмысын жүргізеді, оның ішінде:   
-  білім  алушыларға  рəсімдеу  үшін  құжаттар  пакетін  дайындау  мəселелері  бойынша 
кеңес береді; 
-  серіктес-ЖОО-мен  жататын  орынмен  қамтамасыз  ету  мəселесі  жəне  басқа  да 
ұйымдастырушылық аспектілерді үйлестіреді; 
-  шетелдік  білім  алушыларға  қазақстандық  визаны  алу  үшін  ресми  шақыруды 
рəсімдейді; 
-  шетелдік  ЖОО  туралы  мəліметтер  базасын,  олардың  аккредитацияланған  білім  беру 
бағдарламаларын  қалыптастырады  жəне  жаңартады,  базаны  одан  əрі  жұмыс  істеу  үшін 
АҰОМ-на тапсырады.   
 


Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 27-беті 
 
27 
 
3  Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы 
3.1 Білім алушылар АƏИУті келісім-шартқа тұрған көрсетілген тізімі  бойынша  ЖОО-
ды  (мемлекет  ішінде  немесе  шетелде)  өз  бетінше таңдай  алады  жəне оқу  пəндерінің  тізімін 
анықтап, бағдарлама үйлестірушісіне өтініш бере алады.  
3.2  Білім  алушылар  бір  жыл  оқудан  кейін,  кей  жағдайларда    бірінші  курстың  екінші 
семестрінен  бастап  төртінші  курстың  7  семестріне  дейін  Академиялық  ұтқырлық 
бағдарламалары бойынша білім ала алады.  
3.3  Зерттеу  объектісі  немесе  диплом  жұмысы  тақырыбы  бойынша  зерттеу  іс-
тəжірибелері мен диплом алды іс-тəжірибелерге қатыса алады, келгенсоң жіберуші кафедраға 
есебін тапсырады. 
3.4  Академиялық  ұтқырлық  бағдарламасына  қатысуға  ниет  білдірген  білім  алушылар 
академиялық кезең басталғанға дейін 1 айдан (ішкі академиялық ұтқырлық бойынша) жəне 2 
айдан  (сыртқы  академиялық  ұтқырлық)  кешіктірмей  факультет  бағдарламасының 
үйлестірушісіне 2-қосымшаға сəйкес форма бойынша өтініш береді. 
-  негізгі  шешім  Академиялық  ұтқырлық  бағдарламалары  бойыншакүндізгі  бөлімде 
білім  алушылардың  өтініштері  емтихан  қорытындысына  қарай,  сессияданкейін  7  (жеті) 
жұмыс күнініңішінде 1-қосымшада көрсетілген үлгіге сəйкес қабылданады. 
3.5  Білім  алушының  өтінішінде  жіберетін  ЖОО-ның  атауы  жəне  толық  мекен-жайы, 
ЖОО мен факультеттің академиялық ұтқырлық бағдарламасының үйлестірушісінің аты-жөні, 
сондай-ақ  студенттің  жеке  мəліметі  (аты-жөні,  туған  жылы,  айы,  күні,  тұрғылықты  мекен-
жайы, байланыс мəліметтері) көрсетіледі. 
-  өтініште  ұтқырлық  бағдарламасына  қатысу  үшін  білім  алушыларды  ынталандыру 
туралы  ақпарат,  шетелде  оқыту  тілі  бойынша  біліктілік  деңгейі  туралы  мəліметтер,  жұмыс 
өтілі  жəне  шетелде  алдында  оқығандығы,  шетелде  оқу  үшін  грант  алу  мүмкіндігі  туралы 
белгі  ұсынылады.  Өтінішпен  бірге  қосымшада  бітіруші  кафедраның  жазбаша  ұсынысы, 
студенттің/магистранттыңжеке оқу жоспары (ары қарай ЖОЖ) жəне транскрипт беріледі. 
3.6  Конкурсқа  қатысуға  өтініш  берген  білім  алушы  эдвайзердің  көмегімен  белгіленген 
тəртіпте келесі академиялық кезеңнің пререквезит пəндерін ескеру арқылы серіктес-ЖОО-да 
оқу СЖОЖ қалыптастырады.   
3.7  Қазақстандық  ЖОО-да  академиялық  ұтқырлық  бағдарламасы  бойынша  оқу  үшін 
кредиттер саны семестрде 18-22 жəне ECTS30-33  кредиттен аспауы тиіс. Басқа ЖОО-да оқу 
үшін нақты кредиттер саны оқу жоспарларын үйлестіру барысында белгіленеді.   
3.8  Факультет  бағдарламаларын  үйлестіруші  білім  алушылардың  құжаттарын  іріктеуді 
ұйымдастырады  жəне  академиялық  кезең  басталғанға  дейін  1  айдан  кешіктірмей 
факультеттің əрбір білім алушысының қорытындысы мен құжаттарын АҰОМ-не жібереді.  
3.9  Академиялық  ұтқырлық  бағдарламасы  бойынша  білім  алушыларды  іріктеу  ашық 
конкурс  аясында  елеулі  мүмкіндіктер  теңдігі  қағидатына,  қабілеті  мен  қоғамдық  қызметіне 
сəйкес  жүргізіледі.  Конкурстық  іріктеудің  негізгі  критерийлері:  өзінің  ЖОО-да  бір 
академиялық  мерзімді  аяқтау,  «A»,  «A-»,  «B+»,  «B»,  «B-»-ға  академиялық  үлгерімділік, 
шетелдік ЖОО-на барған жағдайда шет тілін еркін меңгеру (мүмкіндігінше шет тілінен тест 
тапсырғаны туралы IELTS немесе TOEFL сертификаттың болуы). 
3.10  Академиялық  ұтқырлық  бағдарламасы  бойынша  оқу  келісімшарты  академиялық 
ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу үдерісін реттейтін негізгі құжат болып табылады жəне 
қабылдаушы  тараптың  тілінде  немесе(қажет  туындалса)  ағылшын  тілінде  3-қосымшаға 
сəйкес форма бойынша толтырылады. 
3.11  АҰОМ  конкурстан  өткен  білім  алушылардың  өтініштері,  оқу  келісімшарттары, 
дербес оқу жоспарлары жəне транскриптілерін серіктес-ЖОО жібереді. 
3.12  Білім  алушыны  академиялық  ұтқырлық  бағдарламасына  қатысуға  қабылдаушы 
ЖОО-ның  оң  шешімі  кезінде  оқу  келісімшартына  қол  қойылады  жəне  АҰОМ  үш  жақты 
келісімшарттың жасалуын ұйымдастырады. 


жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау