39
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
туралы репортаждар дайындауына болмайды. Қоғам
журналистердің қызметі осы оқиғалардың ықпалымен бо-
лады деп ойламауы тиіс.
Қаржылық қақтығыстардан аулақ болу. Қандай да бір
мақаланың жарыққа шығуына қаламақыдан басқа ешқан-
дай сыйақы себепкер болмауы тиіс. Қандай да бір оқиғаны
жазуға ықпал етіп, сол үшін ақы алу этикалық тұрғыдан
дұрыс емес. Журналистің жеке мүддесі бар компания тура-
лы материал жазуы да этикаға қайшы. Соған
қарамастан,
фуршеттерге қатысуға ешқандай кедергі жоқ. Қандай да
бір компанияның түскі асқа шақыруын қабыл алу ол компа-
ния туралы тек қана жағымды нәрселер жарияланады не-
месе сын мүлдем болмайды дегенді білдірмейді. Сондай-
ақ, айрықша жағдайлардан бөлек уақытта ақпарат үшін
ақы төлемеген жөн. Ақы төлеген күннің өзінде де мұны ре-
дактормен алдын ала келісіп алу керек.
Журналистерге күрделі сұрақтар қою керек бола-
ды. Журналист қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету-
ге және қоғамдық құқықтың сақталуына қызмет етеді,
сол себепті ол зерттеу қорытындысына жауапты. Бірақ,
бұл журналистің дөрекі мінез танытып, тәрбиесіздігін
көрсетуіне мүмкіндік бермейді. ВВС-дің редакциялық
шарттарында «ізденімпаз, күмәншіл, байсалды әрі мер-
ген» болу керек, бірақ «дөрекі болуға, эмоцияға берілуге,
қандай да бір тараптың дәйектеріне құлай сенуге» бол-
майды деп көрсетілген.
40
Өзіңіздің жеке
пікіріңізге қарамастан,
ақпарат көзіне
құрметпен қарауды
ұмытпаңыз
Адамдар өздерінің сөздері немесе суреті қалай қол-
данылатынын білуі керек (дегенмен, құпия тапсырмалар
мен журналистік зерттеу кезінде жасырып қалуға да бо-
лады). Сұхбаттың негізгі ережелерін мұқият сақтаңыз, су-
ретке және бейнетаспаға түсіргенде алдын ала рұқсат
сұраңыз. Бұл, әсіресе қарулы қақтығыстар туралы жария-
лағанда маңызды болуы мүмкін. Өкінішке қарай, әскерилер
мұндай жағдайларда өздерінің ережелерін бекітеді. Жеке
пікіріңізге қарамастан, ақпарат көзіне құрметпен қараңыз.
Аты аталмаған ақпарат көздерін аса сақтықпен пайдала-
ныңыз. Кейде журналистер «жетекші дипломаттардың»
және «жоғары лауазымды шенеуніктердің» немесе бас-
қа да жасырын куәгерлердің ақпараттарына сүйенуі
мүмкін, бірақ олар аты-жөнін көрсетпеуді сұрайды.
Мұндай тәсіл негізсіз айыптауға жол бермейді, сондай-ақ,
журналистің ақпарат көзін ойдан шығаруына да болмай-
ды (бұл да қызметіне балта шабудың бір түрі). Аты-жөні
көрсетілмеген күннің өзінде де ақпарат көзіне сенуге бо-
латынын дәлелдеу үшін барынша жан-жақты сипаттауға
тырысыңыз. Барлық жағдайларда ашық болыңыз, әсіресе
редактордың алдында ашық болу аса маңызды.
2-тарау: Халықаралық
стандарттар