189
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Жауапкершілікті журналистика соғысқа қарсы бағытталған
қызметті көрсетеді, соғыс өртін тұтандыратын стереотип-
тен бас тартатын топтар мен тұлғаларды алғашқы шеп-
ке шығарады, қауымдастықтар арасында ынтымақтастық
орнатуға, қақтығыс салдарынан бұзылған бейбітшілікті
нығайту үшін қайта қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.
Экстремистердің газеттердегі бірінші беттерді жаулап алары
сөзсіз. «Сабырлылар» соңғы беттерде болады, БАҚ оларға
онша көңіл бөлмейді. Зорлық-зомбылыққа шақыруды бірінші
кезекке қоятын мақала жәбір көрсетуге қарсы жұмыс істейтін
азаматтық қоғамның топтары туралы материалға қарағанда,
көбірек назар аудартуы мүмкін. Бірақ, мұндай репортаждар
радикалдар мен түсініксіз балама нұсқаларды ақтайды.
Шынайы репортаж салыстырмалы артықшылықтар беруді
естен шығармайды, түрлі қайраткерлер мен олардың
пікірлерін жария ете отырып, ортақ теңгерімге ұмтылуды
мақсат тұтады. Ауқымды шешімге қол жеткізу қиын болған
жағдайда да, бейбітшілікті нығайту процесі ұзақ мерзімді
шешімге қол жеткізудің маңызды бөлігі болып табылады;
жергілікті келісімдер, әрекет орнындағы жағдайды зерттеу
жобалары, әрине, зорлық-зомбылықтың қысқаруы немесе
болмауы оң нышанды білдіреді.
190
Соғыс аяқталысымен,
халықаралық шолу-
шылар еліне қайтады.
Бірақ, олар «әлем ұдайы
қақтығыста болады» де-
ген әсер қалдырып кетеді
Қақтығысты зерттеуші кейбір сарапшылар оқиғаны тепе-
теңдікті сақтай отырып суреттеу мәселені бейбіт жолмен
шешуге ықпал етеді деп есептейді. Журналистің жұмысы
– өз міндетін тиісті дәрежеде атқару. Оқиғаны барынша
жан-жақты суреттеу мен қақтығысқа қатысушы тараптарға
тең жағдай туғызу бейбіт жолмен шешудің перспективасын
түсінуге ықпал етеді.
Көп жағдайда соғыс аяқталысымен, халықаралық шолушы-
лар еліне қайтады. Бірақ, олар «әлем ұдайы қақтығыста бо-
лады» деген әсер қалдырып кетеді. Жоспар бойынша жұмыс
істей отырып, қайта құру мен дамуды көрсету үшін аймаққа
қайта оралу қажет. Бұл ретте сәтсіздіктер мен қиындықтар бо-
луы мүмкін екені де ескеріледі. Дегенмен, халықтың зорлық-
зомбылықтан құтылғанын көрсетеді.
11-тарау: Оқиғаны жауапкершілікпен баяндау
191
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Бас мақаланы таңдау және орналастыру
Өзіңізді Таяу Шығыстағы күнделікті шығатын газеттің ре-
дакторымын деп есептеңіз. Газеттің дүйсенбілік нөміріне
сенсациялық жаңалық табуға және оған ат қоюға кірісіп
кеттіңіз. Демалыс күндері көптеген маңызды оқиғалар болды:
Үш күннің ішінде өзін-өзі жарып жіберетін лаңкестер бес
жарылыс жасады. Оның салдарынан тоғыз Израиль аза-
маты қаза тауып, ондаған адам жараланды;
Израильдің қауіпсіздік күштері палестиналық қалалардың
біразын қоршауға алды. Бұл мыңдаған палестиналықтың
жұмыс орнына жете алмағанын білдіреді;
Палестина мен Израильдің премьер-министрлерінің
кездесуі өтті, нәтижесінде нақты нәтижеге қол жеткен жоқ.
Бірақ, премьер-министрлер келешекте әрі қарай келіс-
сөздер жүргізу міндеттемесін қабылдады.
Бас мақала үшін қандай хабар таңдау керек? әдетте «Егер
қан болса, басты ақпарат сол» деген ережеге бағынады.
Бәсекелес бұқаралық ақпарат құралдары соңғы айуандық
әрекеттер туралы жарыса жазып жатқанда күнделікті куә-
гер болып отырған зорлық-зомбылықты елемеу қиын-ақ.
Бірақ, күнделікті зорлық-зомбылықты көрсеткеннен гөрі
бейбітшілікті жариялауға күш салудың маңызы зор. Егер
премьер-министрлер арасындағы кездесу бірнеше жыл
ішінде бірінші рет өткенін назарға алсақ, онда оның маңыз-
дылығы еш күмән тудырмайды.
192
Бас мақаланы таңдау мен жоспарлауға қатысты басқа
да мәселелер бар, оларды да ескеру қажет. Күнделікті
тақырыптарды жариялауға қарағанда, сенсациялық жаңалық-
тарды жариялау оңай болады. Соңғылары менмұндалап
тұрады. Сондықтан да журналистер соғысты, шайқас пен
ашаршылықты көрсетуге көбірек көңіл бөлуге бейім, кей-
де олар қақтығыстан кейінгі өмірдің қайта қалпына келуін
көрсетуге де дайын. Осы жағдайда, әсіресе, таңдау жасау
қиын, өйткені дағдарыс аяқталғаннан кейінгі қайта қалпына
келуді көрсету жұтаң редакциялық бюджеттің көп қорын та-
лап етуі мүмкін.
Шын мәнінде, оқиғаларды көрсету үшін сіздің өз қорлары-
ңызды қалай жұмсайтыныңызды шешу өте маңызды. Репор-
таж жүргізетін тілшілердің саны әрдайым шектеулі, бірақ жа-
уапты журналист бөліністің субъективті шешім екенін түсінуі
тиіс. Сонымен, журналистік қорларды қалай пайдалану ту-
ралы шешім қабылдауда сіздің қақтығысты көрсетуіңізге де-
ген көзқарастар санын көбейту мен бейбітшілікті көрсетуді
назарға алудың маңызы зор.
11-тарау: Оқиғаны жауапкершілікпен баяндау
193
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
«Бөлінген» қоғам мәселесін жариялау
Соғыстан кейін міндетті түрде бөліну болады. Адамдар бір-
бірінен алыстайды, көпірлер бұзылады, ел бөлшек-бөлшекке
бөлініп кетеді.
Ақпараттық соғыс ғасырлар бойы бір-бірімен қоян-қолтық
өмір сүрген адамдарды мақсатты түрде бір-бірінен алыста-
туға бағытталады. Байланыс арналары үзіліп, қарсы тұрған
астанадан хабар болмаған кезде, жергілікті репортерлар
үнсіз қалатын болса, үрей тудырушы Үшінші тараптар пай-
да болуы мүмкін.
«Бөлінген» қоғам мәселесін жариялауда дұрыс тәсілге
жүгінетін болсаңыз, қоғамдағы бөлінген адамдарды бірікті-
руге әрекет ету керек. Стратегияға кешенді жариялау жо-
балары, түрлі этникалық, ұлттық және діни топтардың
журналистерін біріктіру, бірлескен жан-жақты репортаждар
мен майдан арқылы зерттеулер жүргізу жатады. Екі жақтан
да адам құқығының бұзылуына арналған мақалаларды беру
әрбір жақтың қасіреті мен өкінішін түсінуге көмектесе ала-
ды. Егер материалдарды екі қауымдастықтың журналистері
жазатын болса, онда олар сенімді қайта қалпына келтіруге
көмектеседі.
Сұхбаттар жүргізу түйткілді мәселелерді талқылап, келіс-
пеушіліктерді ескеріп, бір шешімге келу үшін қақтығыстың
қарсылас жақтарының жекелеген адамдарының басын қоса
алады.
Ақпараттық соғыс
ғасырлар бойы
бір-бірімен қоян-қолтық
өмір сүрген адамдарды
мақсатты түрде бір-
бірінен алыстатуға
бағытталады
Достарыңызбен бөлісу: |