Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет46/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61

  
194
  
Арнайы жарияланымдар немесе деректі фильмдер әртүрлі 
көзқарастарды  пікір  алмасу  немесе  диалог  ретінде  байла-
ныстыра  алады.  Қоғам  ішіндегі  мәселелер  туралы  репор-
тажды  шекараның  ар  жағындағы  ақпараттың,  зерттеулер 
мен  көзқарастардың  оқшаулануын  бұзу  үшін  қақтығысқа 
қатысушы елдердің немесе аймақтардың бірнеше басылым-
дарында жариялауға болады. 
«Бөлінген»  қоғамдар  туралы  репортаждың  кез  келген  жо-
басы  мұқият  редакциялық  қарастыру  мен  сыпайы  қарым-
қатынасты  талап  етеді.  Осындай  жобаларға  қатысу  үшін 
анықталған үміткерлерден оң тәсілге жүгінуді сұрайды, оған 
қарым-қатынастың байсалды екпіні, шектен тыс эмоционал-
дықтан  және  кертарпалықтан  аулақ  болу,  әріптестер  мен 
осы қақтығысқа тартылған барша адамдарға кішіпейілдік пен 
құрмет көрсету жатады. 
Қоғам  ішіндегі  мәселелер  туралы  репортаж  жобалары 
сенім  көрсетуге  жағдай  жасау  үшін  мәселелерді  талқылау 
және  ортақ  тәсілдерді  анықтау  үшін  қатысушылар  арасын-
да  жеке  кездесулер  өткізеді.  Ақпарат  құралдары  көбінше 
өз  қорытындыларын  жария  етуге  тырысады,  қоғамдық 
талқылаулар  (қауіпсіздік  пен  қорғау  мәселелері  мүмкіндік 
берсе)  жағдайды  талқылау  мен  қарастыру  үшін  басқа 
азаматтық  қоғамның  қатысушылары  мен  өкілдерінің  басын 
қосуға  мүмкіндік  береді,  бұл  жағдайда  ақпарат  құралдары 
азаматтық  қоғамда  делдалдық  үшін  алғышарт  ретінде 
қызмет етеді. 
11-тарау: Оқиғаны жауапкершілікпен баяндау


  
195
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Соғыс  пен  бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі  институттың 
редакциялық  стратегиясы  қоғам  ішіндегі  мәселелерді 
көрсетуге, қатысушыларды тарту мен қақтығысқа тартылған 
барлық жақтар мен қоғамның барлық таптарының ықпалын 
білуге, оларға өзара сенім көрсету жағдайында жұмыс істеу 
мүмкіндігін беруге, қақтығыстың қамтыған барлық кеңістігінде 
олардың  репортаждарын  тарату  арқылы  тең  перспектива-
ларды қамтамасыз етуге құрылады. 
Осындай  тәсілді  қолдана  отырып,  маңызды  ақпарат  алып 
қана қоймай, жаңа және оң перспективаларға қол жеткізуге 
болады.  Ол  жауласушы  тараптардың  бір-бірімен  кәсіби 
деңгейде  араласуы  және  көбінесе  жанасу  нүктесін  табуы 
мүмкін  екеніне  сенімділік  тудыра  отырып,  мысал  ретінде 
қолданыла алады. 
Оқу мысалы
Соғыс  пен  бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі  институт  келті-
ретін  бірнеше  мысалдар  қоғам  ішіндегі  мәселелер  туралы 
репортаждың креативті стратегиясын көрсетеді. 
Македониядағы жаппай тәртіпсіздіктер. Бұрынғы Югославия 
республикасы  болған  Македонияда  тұрақсыздық  орнаған, 
халықтың аз бөлігін этникалық  албандар құрайды. 
Қақтығысқа  тән  қысымды  суреттеген  мақала  репортаждан 
гөрі памфлетке көбірек ұқсайды және онда екінші тараптың 
көзқарасы көрсетілмейді. 


  
196
  
Қақтығысқа тән қысымды 
суреттеген мақала репор-
таждан гөрі памфлет-
ке көбірек ұқсайды және 
онда екінші тараптың 
көзқарасы көрсетілмейді 
2001  жылы  Битола  қаласында  македониялық  әскерлердің 
өлімінен  кейін  жаппай    тәртіпсіздік  етек  алды.  Соғыс  пен 
бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі  институт  үшін  мақала 
жазған жергілікті македониялық журналист өз репортажында 
албандықтар туралы  кең тараған кертартпаларды қолданып, 
Македония  Республикасының  тұтастығы  мен  тәуелсіздігін 
қолдауға ұмтыла отырып, зорлық-зомбылықты ақтауға тыры-
сады. 
Бұл репортаждан гөрі памфлетке көбірек ұқсайды. Өйткені, 
репортер сауда нүктелері бұзылған бірде-бір дүкен иесінен 
(олардың  барлығы  да  албандықтар)  интервью  алған  жоқ. 
Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институттың ре-
дакторымен  бірнеше  рет  әңгімелесу  «жұмыс  орнындағы» 
сабаққа  айналып,  тиімді  болды.  Албандықтармен  кездесуі 
журналисті  оқиғаға  басқа  тұрғыдан  қарауға  мәжбүр  етті. 
Македониялықтың албандықтармен байланысы жоқ болған-
дықтан, жергілікті қауымдастық оған күдікпен қарады, Соғыс 
пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институттың бас кеңсесі 
оны албандықтардың қабылдауына көмектесті. 
Журналист  осы  кездесулерден  қайтып  келгеннен  кейін 
мүлдем  басқа  қырынан  кәсіби  материал  жазды.  Редактор 
журналисті  оқыту  үшін  көп  уақыт  жұмсады.  Бірақ  жергілікті 
репортерлармен жұмыс істеуді жалғастыру келешегі мақала-
дан бас тартып, басқаға көшуден маңыздырақ болды. Мақа-
ланың  соңғы  нұсқасы  тепе-теңдікті  сақтай  отырып,  байсал-
11-тарау: Оқиғаны жауапкершілікпен баяндау


  
197
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
ды  мәнерде  жазылды.  Бұл  ерекше  жағдай  болды,  өйткені 
македондық журналистің мақаласы албан тіліне аударылып, 
албандық  баспасөзде  жарияланды,  бұл  сенім  мен  қарым-
қатынас орнатуға ықпал ететін едәуір жетістік еді.  
Кавказдағы  диалог.  Абхазия  –  мойындалмай  бөлінген  мем-
лекет,  ол  1990  жылдардың  басындағы  кескілескен  ұрысқа 
дейін Грузия республикасының құрамында болды. Сол кез-
ден бастап шекара жабық, ал екі мемлекеттің астанасы Тби-
лиси  мен  Сухуми  арасындағы  ресми  және  ресми  емес  ха-
бар  тоқтатылды.  Ақпараттың  жетіспеушілігі  сенімсіздік  пен 
түсінбеушілік  тудырады,  бұл  келіспеушілікті  саяси  реттеуге 
қол жеткізу үшін басты кедергі болып табылады. 
2003 жылы жергілікті журналистермен және азаматтық қоғам 
топтарымен  жұмыс  істей  отырып,  «Бітім  қорлары»  атты 
халықаралық қақтығыстарды шешу топтарымен серіктестікте 
Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институт ай са-
йын шығатын «Панорама» газетінің негізін қалады. 
Бұл газет екі жақтың бірегей бірлескен жұмысы болды, бұл 
жұмысты абхаздармен қатар грузиндер де атқарды. Олардың 
міндеті  бір  газетті  екі  тілде  –  грузин  және  орыс  тілдерінде 
шығару болды. 


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау