225
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
не қажет?
Экономикалық журналистикада кез келген басқа да мате-
риалдарды дайындау қабілетімен қатар, негізгі үш нәрсе
керек:
1. Сандарды
қалай пайдалануды білу
2. Экономикалық ұғымдармен жұмыс істеуді білу
3. Іскерлік ортамен және қаржы әлемімен қарым-қатынас ор-
нату
Осы салада маманданып жүрген барлық жақсы журналис-
тер сияқты сізге де тақырып бойынша көп оқуға, түсінбеген
жерлеріңізді қорықпай сұрауға тура келеді. Егер тілші расы-
мен де осы салада жоғары деңгейге жетуге тырысса, онда
«орталық банкирлерден» бастап, экономист мамандарға
дейін тілшінің түсінбеген сұрағын түсіндіруден қашпайды.
226
Бір ғана санның
бүтін бір оқиғаның
тууына себепші
болатын жағдайы көп
Сандармен жұмыс істеу
Сізге тұтынушы бағалар индексін есептеуді немесе М3 ақша
агрегатының өзгеру жылдамдығы туралы әңгімелеуді үйрету
бұл тараудың мақсатына жатпайды. Бұл жерде экономикалық
сандармен қалай жұмыс істеудің кейбір негізгі бағыттарын
баяндауға ғана талпыныс жасалады.
Көбінесе бір сан бір оқиғаның басталуына себепші болады.
Мысалы, «зерттеу нәтижесі бойынша білім беруге қолдау
көрсету үшін донор елдердің ұсынған құралдарының жеті
пайызы ғана елге жетті». Немесе «жаңа зерттеу соңғы жыл
ішінде баспана құны елу пайызға өскендігін көрсетті».
Бірақ, «пайыз» деген сөз дәйекті сандарсыз аз көрсеткішті
білдіреді. Жоғарыда келтірілген мысалда «жеті пайыз» деге-
німіз миллионның пайызы ма немесе жүз миллионның пайы-
зы ма? Бұл үлкен айырмашылықты білдіреді! Оқырмандарға
пайыздық өсім мен түсім түсінікті болуы үшін контекст ұсыну
қажет.
Мәтінді қиындатпаңыз. Қажет болған жағдайда дәл айтыңыз,
бірақ егжей-тегжей жазып, оқырмандардың миын қатырмау
үшін негізгі мақалада сандарды дөңгелетіп беруге бола-
тынын ұмытпаңыз. Шынайылықты көрсету үшін ақпарат
көздерін дәл және өз уақытында көрсетіңіз және мақаланы
түсінуге жеңіл, қарапайым етіп жазыңыз.
13-тарау: Экономикалық журналистика
227
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Қандай да бір матери-
алды жазбас бұрын өз
еліңіздегі өлшем жүйесін
білуіңіз және сол өлшем
бірліктерінің біреуін
ғана ұстануыңыз керек
Мәселен, «ресми мәліметтер бойынша, өткен жылы 180,000
тоннаға жуық бидай сыртқа шығарылды». Бірақ, бұл «өткен
жылы бидайды сыртқа шығару 177,823 тонна болды» де-
ген сөз емес. Енді осы көрсеткішті салыстыра отырып беру
маңызды. Алдыңғы жылы импорт аз ба еді, көп пе еді? Астық
жетпей қалды ма? Импорттың жоспардан көп болуы неге
әкеліп соқтырды? Елдің шетелдік валютасын сақтай отырып,
сыртқа шығару көлемін қысқартатындай, астық соншалықты
жақсы шықты ма? Осы сауалдардың жауабы экономикалық
мақаланың салмағын ауырлатады.
Қандай да бір материалды жазбас бұрын өз еліңіздің өлшем
жүйесін білуіңіз және сол өлшем бірліктерінің біреуін ғана
ұстануыңыз керек. Бұл сандарды және бір өлшем жүйесінен
екіншісіне ауыстыруды білдіреді. Мәселен, сізге АҚШ долла-
ры және оның жергілікті валютадағы эквиваленті қажет бо-
луы мүмкін. Бір өлшем бірлігінен басқасына көп рет ауысты-
ра беруде шатасудан сақ болу керек, айқындық енгізу үшін
қажетті сандарды ғана қолданыңыз.
«Орта қызметтегі адам айына 1,500 лир (25 доллар) жала-
қы алатын болса, парацетамол сияқты сырттан келетін
препараттың өзі 180 лир (3 доллар) тұрады».
Осылайша салыстырып беріңіз. Егер сіз инфляция (ақшаның
құнсыздануы) туралы репортаж жазсаңыз, онда қазіргі бағаны
өткен жылғы бағамен салыстыруға тырысыңыз, мәселен, бір
ай немесе жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырыңыз.