198
Жоба қарапайым адамдарға қақтығыстың басқа жағынан
ақпарат алу мүмкіндіктерін беру тұрғысынан алғанда, табыс-
ты болды. Бұл қарапайым бастама болғанымен, газеттегі жа-
рияланымдарды көбірек бағалай бастады. әсіресе, Абхази-
яда.
Хорватиядағы әскери қылмыстар.
Хорватиядағы Вуковар
қаласы сербтік әскери құрылымдар мен югославиялық ар-
мия аяусыз шабуылға көшкен кездегі Сербияның Югославия
құрамынан шығуы үшін туындаған соғыстың ерте кезеңінде
болып жатқан қатігез жауыздықтың ошағына айналды.
Осы шабуылдардың 10 жылдығына орай Соғыс пен бейбіт-
шілікті жариялау жөніндегі институт осы қылмыстарды және
олардың ұзақ мерзімді ынтымақтастықтарын тергеу үшін
сербтік және хорваттық журналистерді бірге жинай отырып,
қоғам ішіндегі оқиғаларды жариялау бойынша үлкен жобаны
жүзеге асыра бастады.
Команданы бірлесе отырып еріктілік рухында жұмыс істеуге
ынталандыру үшін жоба көп уақыт пен мұқият сақтық тәсілін
талап етті. Бірақ, нәтиже сарп еткен уақыт пен еңбекті ақтады.
Ең есте қаларлық жайт, Сербиядағы журналистер командасы
шабуылға қатысқан бірнеше сербтік әскерді таба алды. Олар
не істегендерін айтып, шын көңілмен өз өкініштерін білдірді.
11-тарау: Оқиғаны жауапкершілікпен баяндау
199
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Қоғам ішіндегі түйткілді
мәселелер туралы
репортаж журналисти-
каны жоғары деңгейге
көтеріп қана қоймай,
даулы жағдайларды
шешуге де ықпал етеді
Бірегей мүмкіндігі бар Соғыс пен бейбітшілікті жариялау
жөніндегі институт осы туралы репортажды Сербия мен Хор-
ватияның жетекші газеттерінде жариялауды қамтамасыз етті.
Сербтік оқырмандар сербтік журналистер жазған олардың
үкіметінің қылмыстары туралы мәлімдемені оқи алды, ал хор-
ват оқырмандары бірінші рет қарапайым сербтік әскерлердің
өкініштері туралы естіді.
Екі жақ та сербтер мен хорваттардың осындай тақырыпта
бірлесе жұмыс істеуі мүмкін екеніне көз жеткізді, бұл екі
жақтың арасында сенім орнатуға септігін тигізді. Бастапқыда
жобаға қарсы болған сербтік редактор өзінің батылдығы
және осындай тексеруді жариялағаны үшін марапатқа ие
болды.
Бұл – қоғам ішіндегі мәселелерді дұрыс қарастыруда жур-
налистиканы жоғары деңгейге көтеруге болатын, сондай-ақ
қақтығыстарды шешіп, өзара ынтымақтастық көпірін орнатуға
тікелей ықпал ететін креативті әдістің бір мысалы ғана.
200
Әділетті соғыс
Көптеген әскербасылар соғыстың шешілуін айуандықты бол-
дырмау, оқиғаның дамуын қайғылы жағдайларға жеткізбеу
үшін жасалды деп ақтамақ болады. Көбінесе бұл себептер
билікті немесе аумақты жаулап алу сияқты шынайы пиғылды
жасыру үшін айтылады.
Қалай болғанда да, батыстың философиялық, діни және
құқықтық теориялары белгілі бір критерийлерге бағынатын
әділетті соғыс идеясының болуын дәлелдейді.
Соңғы амал – күш қолдануды ақтау үшін оған дейінгі
сатының барлығы пайдаланылып, нәтиже бермеуі тиіс.
Заңды билік – әділ себептердің өзі де билікте отырмаған
қоғам мүшелері мен бөгде адамдардың (оларға қоғамның
өзге топтар заңды деп қарағанына қарамастан) билігі
заңды негіз бола алмайды.
Шығынды өтеу – әділетті соғыс келтірілген зиянды өтеу
үшін, атап айтқанда өз-өзін қорғау үшін жүргізілуі мүмкін.
Табыс – егер табысқа жетудің негізді себебі болса ғана,
соғысты ақтауға болады; үмітсіз себептерді ақтауда өлім
мен жанды жаралайтын жайттарды пайдалану ақылға
қонбайды.
11-тарау: Оқиғаны жауапкершілікпен баяндау
201
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Бейбітшілік орнату – соғыстың соңғы мақсаты бейбіт-
шілікті қайта қалпына келтіру болуы тиіс, бейбітшілік
орнаса, ол соғыстың алдындағы жағдайға қарағанда
артықшылыққа ие.
Пропорционалдық – көрсетілген зорлық-зомбылық келті-
рілген шығынға сәйкес болуы тиіс, заңды билік шектеулі
мақсатқа немесе келтірілген зиянды қайтаруға қол жеткізу
үшін қажетті күштің сәйкес деңгейін пайдалануы тиіс.
Кемсітушілік – әскери іс-әрекеттерге қатысатын немесе
қатыспайтын адамдар үшін қарудың айырмашылығы бо-
луы тиіс, азаматтық тұлғалар ешқашан соғысқа қатыспауы
керек, сондай-ақ азаматтық тұлғалардың өліміне жол бер-
меу үшін барынша күш салу қажет. Азаматтық тұлғалардың
өлімін олардың әскери нысанға қасақана шабуыл жасаған
жағдайында ғана ақтауға болады.
Бұл қағидалар зорлық-зомбылық көрсетуді ақтау үшін өте
жоғары талап (критерий) қоятыны сөзсіз. Өз елдерін соғысқа
душар еткен үкіметтердің ұсынатын талап-арыздарын
бағалауда оларды басшылыққа алудың пайдасы зор. Аталған
қағидалар қақтығыстың себептері мен салдарларын тексеру
жұмыстары үшін берік негіз болып табылады.
202
негізгі алты міндет
1. Қақтығысты түсіну міндеті:
Біз басылымда жарияланғанына дейін қақтығысты және
оның шешу жолдарын зерттеп, түсінуіміз керек.
Қақтығыстың дамуын және оны қалай шешу мүмкіндігін
түсінуіміз қажет; біз «соғыстың ережелері» туралы, сон-
дай-ақ бейбітшілік және шешім әзірлеу ілімі туралы
білуіміз тиіс.
Кез келген арнайы немесе сенсациялық репортажға да
осы қағидалар ортақ.
2. Репортажды бейтарап жүргізу міндеті:
Біз қақтығысты бейтарап және салмақты көрсетуге тиіспіз.
Біз қақтығыстың барлық топтары мен шағын топтарының
мәселелері және пікірлері туралы хабарлау үшін барлық
күш-жігерімізді салуымыз керек.
Біз әрдайым өз жақтаушымызды айқындауымыз керек.
Журналист ретінде қандай да бір тарапты қолдасақ, онда
оқырманға өз ұстанымымызды жеткізуіміз керек.
Бұл журналист жүргізетін кез келген репортаж түріне
қатысты.
11-тарау: Оқиғаны жауапкершілікпен баяндау
Достарыңызбен бөлісу: |