Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет38/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61

  
159
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Танымал адамның 
да тыныш өмір 
сүруге және оны талап 
етуге хақысы бар 
Жұлдыздар  мен  футболистер  басқа  адамдарға  қарағанда 
аз  қорғалуы  мүмкін.  Өйткені,  танымал  болғандықтан  олар 
бұқаралық ақпарат құралдарына тәуелді. Дегенмен, қайсыбір 
жағдайларда оларды көптеген заңдар қорғайды. 
Францияда,  мәселен,  адамның  жеке  өміріне  қол  сұқпау  ту-
ралы  заңнама  Ұлыбританиядағы  заңнамаға  қарағанда 
қаталырақ. Заңдардың басым бөлігінде қоғамдық орындар-
да  адамның  қорғалмайтыны,  папарацциден  де  қорғаудың 
қиындығы  айтылады.  Ал  жеке  меншіктегі  аумақта,  әсіресе 
өз  үйлерінде  олар  толық  қорғала  алады.  Сондай-ақ, 
балалардың  көп  жағдайда  ерекше  құқықтық  қорғауға  ие 
екендігін түсінуіңіз керек. 
Сонымен  қатар,  танымал  адамның  да  тыныш  өмір  сүруге 
және  оны  талап  етуге  хақысы  бар.  Журналистерге  әдетте 
қоғамдық  қызығушылық  тудыратын  оқиғалар  туралы  ре-
портаждар  жасауда  көп  еркіндік  беріледі.  Көптеген  елдер-
де  жергілікті  журналистер  қауымдастығы  мен  одақтар  да 
кәсіби  ар-намыс  кодексіне  бағынады.  Ол  кодекстер  жеке 
өмір  сияқты  мәселелерді  реттейді.  Қашықтықтан  әсер  ету 
объективтерін пайдалануда сақтық жасап, суретке түсіремін 
деп ығырын шығарудан аулақ болу керек.  
Назарларыңызға бірнеше тест ұсынамыз:
 

Осы  оқиға  немесе  тұлға  шындығында  да  елеулі 
қызығушылық тудыра ма?
 

Ол қоғамдық тұлға немесе мәселе ме?


  
160
  
Жақсы журналист өзі 
жазып отырған адамға 
аса мұқият болуы ке-
рек және жалған сенім 
ұялататын стильден 
бойын аулақ салғаны жөн 
 

Шын мәнінде бұл жаңалық па? «Қатып қалған» жаңалық-
тарға қарағанда жұлдыздар, футболистер туралы хабар-
лар, әлбетте, қызықты бола алады. Бірақ, олар даулы бо-
луы да мүмкін. Ең бастысы, олар шынайы ма?  
 

Сіз рұқсатсыз біреудің есімін немесе суретін коммерциялық 
мақсатта пайдаланасыз ба? Немесе көшедегі қылмыс ту-
ралы репортажда оған қатысы жоқ қандай да бір адамның 
суретін пайдаланасыз ба?
Өшпенділікке арандату
Жақсы журналист өзі жазып отырған адамға аса мұқият бо-
луы  керек  және  жалған  сенім  ұялататын  стильден  бойын 
аулақ салғаны жөн.  
     
Жала  жабудан  тыс  кәсіби  журналистер  жалған  сенім  ұяла-
татын  тілдік  стильді  пайдаланбауға  тырысады  және  өздері 
жазатын адамдарға  көбірек назар аударуға ұмтылады. Бұл 
саяси  әдептің  мәселесі  емес.  Керісінше,  сіздің  әлгіндей 
стильді  пайдаланбауыңыздың,  өшпенділік  немесе  зорлық-
зомбылық тудырмауыңыздың кепілі. Кейбір елдерде мұндай 
тілдік стильдерді пайдаланушылар жазаға тартылады.  әңгі-
ме заңның қандай нәрсеге рұқсат беретіні жөнінде емес. 
Мысалы,  Ұлыбританияда  нәсілдік  кемсітушілікке  қарсы  заң 
бар. Мүгедек адамға күлу де заңға қарама-қайшы әрекет бо-
лып табылады. БҰҰ трибуналы Руандадағы геноцид (зұлмат) 
10-тарау: Жала жабу жөнінде


  
161
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Заң тұрғысынан қауіпсіз 
материал әділдік 
және объективтілік 
стандарттарына және 
талғамның талабына 
жауап бермеуі де мүмкін  
мәселелерімен айналыса отырып, кісі өлтіруге итермелеген 
тілдік стильді пайдаланғаны үшін радио және телехабар та-
ратушы компанияның бірнеше қызметкерін түрмеге қамады. 
әрбір ортада басқалардың ренішін тудыратын сөздер айты-
лады. Жақсы журналист белгілі бір тұлғаны немесе бір топ 
адамды  суреттеуде  осындай  сөздерді  пайдаланудан  аулақ 
болуы тиіс. 
Заң тұрғысынан қауіпсіз материал әділдік және объективтілік 
стандарттарына  және  талғамның  талабына  жауап  бермеуі 
де мүмкін. 
«Біз  мұны  жариялай  аламыз  ба?»  деген  сұрақ  заңгерлерге 
арналған. Ал «Біз мұны жариялауға тиіспіз бе?» деген – жур-
налистер мен редакторларға арналған сұрақ. Заңды бұзбаған 
жағдайда  да  қандай  да  бір  материалды  «қоғамдық  мүдде» 
үшін  жариялау  мәселесіне  қатысты  дәл  осындай  шешім 
қабылдау  қажет.  Жауапты  журналистер  осы  тәрізді  қауіп-
қатерді өз редакторының қарауына жібереді.


  
162
  
ЖАТТЫҒУЛАР
Осы тарауда қарастырылған жайттарды жадымызда сақтау 
үшін:
 

Жала жапқаны үшін жауапкершілікке тартатын заңдар мен 
сөз бостандығын шектеудің басқа түрлері әр елде әртүрлі. 
Өзіңіз жұмыс істейтін елде қандай ереже қолданылатынын 
білетініңізге сенімді болуыңыз керек. 
 

Жала  жабу,  соның  ішінде  әсіресе  идентификация  мен 
диффамацияға  қатысты  жалған  жала  таратқаны  үшін 
жауапкершілікке шақыратын ортақ заңдар бар. 
 

Жала жапты деп айыптауда шындық ең жақсы қорғану бо-
лып табылады. Жарияланым қоғамдық мүдде тұрғысынан 
маңызды  болғандықтан  қорғануға  қандай  да  бір  артық-
шылықтар берілетін болса, ол туралы анық білуіңіз керек.   
 

Редакциядағы  жаңалықтар  бөлімінде  және  өзіңіз  репор-
таж дайындау барысында қауіпсіздіктің елеулі шараларын 
қолдануды естен шығармаңыз.  
 

Өзіңіз  жүргізген  зерттеу  материалдарын  сақтауыңыз  ке-
рек, өйткені олар маңызды дәлел-айғақ болуы мүмкін.  
 

Заңдар, мораль және әдеп нормалары, тәжірибе бір-біріне 
ұқсамайды, сондықтан өз еліңізде солардың қайсысы кең  
қолданылатынын білуіңіз керек. 
         
Төмендегі мысалдар мен сұрақтарды оқыңыз және жауапты 
әріптестеріңізбен талқылаңыз. 
10-тарау: Жала жабу жөнінде


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау