Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет21/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61

  
87
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
 

Журналистика  объективтілікті  талап  етеді.  Сұрақ  қойып 
отырған адамыңызға мұқият назар аударсаңыз, қателіктің 
де алдын аласыз. Түсініксіз жайттарды дереккөзден қайта-
лап  сұраудан  ұялмаңыз.  Өз  жазбаларыңыздан  шатасып 
жатқаныңызды мойындау деректерді бұрмалап бергеннен 
гөрі әлдеқайда дұрыс.  
 

Сәйкессіздіктер  мен  маңызды  деректерді  мұқият  қада-
ғалап отырыңыз. Оларды тексеретін мүмкіндік екінші рет 
болмауы мүмкін екенін естен шығармаңыз. 
Егер  дереккөз  сізбен  әңгімелесуден  бас  тартса,  материал 
жарияланардың  алдында  мақалаңыздың  сипатын  көрсетіп, 
сұрақтарыңызды  жазбаша  жіберген  дұрыс.  Олардың  қөзқа-
расын білгіңіз келетінін анықтап түсіндіріңіз және жауап беру 
уақытын таптап тапсырыңыз. Көп жағдайда сұхбат берушілер 
репортердің қолындағы ақпараттардың ашық әрі объективті 
екенін  білгеннен  кейін  өздерінің  көзқарасын  білдіріп,  жауап 
беруі тиіс екендігін сезінеді. 


  
88
  
ЖАТТЫҒУЛАР
Осы тараудан оқып-білгендеріңізді есте сақтау үшін берілген:
 

Дереккөз де сіз бен біз секілді адам. Олардың әңгімеле-
суден қашуының толып жатқан себептері бар.
 

әр нәрсеге күмәнмен қараңыз. Бірақ, ұятсыздыққа барма-
ңыз, жазалаушы рөліне енбеңіз.
 

Сөйлемей, үнсіз отырған уақытта көп нәрсені біле аласыз.
 

Өзгелердің уайым-қайғысына ортақ болыңыз. Бірақ, сізді 
қандай да бір тарапқа жақтасып отыр деп ойлауға ешбір 
себеп болмасын. 
 

Бірден күрделі сұрақтан бастап кетпей, дайындық жасап, 
қарапайым сұрақтардан бастаңыз. 
 

Жауап  жүйесіз  болса  немесе  түйткілді  тұстары  болса, 
оларды тексеріңіз. 
 

әңгімелесушінің  сөзінің  рас-өтірігін  бағамдау  үшін  сезім 
мүшелеріңізді  қолданыңыз,  яғни  құлағыңыз  түрік,  көзіңіз 
қырағы болсын. 
 

Сұрақтарыңызды  мұқият  дайындаңыз  және  дереккөзді 
жақсы білетін болыңыз. 
 

Сұрақты  қысқа  және  нұсқа  етіп  қойыңыз,  тақырыптан 
ауытқымаңыз.  Жауап  берушінің  ойланып  алуына  мұрсат 
беріңіз. 
 

Жауапты  тыңдап  отырыңыз,  күйгелектенбеңіз,  әрдайым 
ақылға салып, сабырға жүгініңіз. 
5-тарау: Сұхбат алудың техникасы


  
89
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Төмендегі  мысалдарды  оқып,  әріптестеріңізбен  бірге  «мұн-
дай  жағдайда  мен  не  істер  едім?»  деген  сауалға  жауап 
беріңіз. 
1.  4-тарауда  келтірілген  жаттығуда  үкіметтегі  жауапты 
шенеунік мемлекеттік ядролық реакторларға қатысты про-
блеманы  көтеретін  ресми  баяндаманың  бір  бөлігін  жа-
рия  еткенін  айтқан  болатынбыз.  Зерттеу  жүргізу  кезінде 
ядролық  стансаның  бас  менеджеріне  кезіктіңіз.  Ол  бар 
білгенін «жайып салайын» деп тұр. Атап айтқанда, қауіпті 
болғандықтан қоғамнан жасырын ұсталып отырған құпия 
бағдарлама туралы егжей-тегжейлі айтып бермек. 
Құпия жайттарды әшкерелеуші сізге сұхбат беру үшін қонақ-
үйде кездесуге келісті. Бірақ, алдын ала төрт шарт қойды:
а) жалғыз келуіңізді талап етті;
б) әңгімені таспаға жазуыңызға және қағазға түсіруіңізге ты-
йым салды; 
с)  үкімет  артыңыздан  түссе-дағы  ешқашан  өзінің  аты-жнін 
айтпауды талап етті; 
d)  мақала  шыққаннан  кейін  соның  салдарынан  жұмысынан 
айырылып  қалатын  болса,  редакцияларыңыз  қаржылай 
өтемақы төлеуге міндетті. 
Ол  телефон  арқылы  хабарласып,  артынан  біреудің  аңдып 
жүргенін айтты. Мемлекеттік құпияны ашқаны үшін қамауға 
алынуы  мүмкін  екенін  және  азапқа  түсетінін  алға  тартып, 
күйгелектеніп тұр. 


  
90
  
 

Сіз оның барлық шарттарымен келісесіз бе?
 

Сіздің  мақалаңыз  үшін  бұл  сұхбаттан  келетін  пайда  мен 
болуы мүмкін қауіптің арасындағы баланс қандай? 
 

Шешім  қабылдамастан  бұрын  редакция  мүшелерінің 
ішінде кіммен сөйлесер едіңіз?
2.  Донорлық  ұйымнан  орта  лауазымды  шенеунік  қоңырау 
шалып, сізге ұйым ішінде парақорлыққа қатысты шынайы 
жағдайды ашқысы келетінін айтты. Батыстан келетін көмек 
сыбайласқан  мемлекеттік  шенеуніктердің  қалтасына  кетіп 
жатқанын айтып тұр. Алайда, «төбе шашты тік тұрғызатын» 
мәліметтерді  жайып  салу  үшін  10  мың  АҚШ  долларын 
төлеуді талап етуде. Мұны ол өткен аптада ғана жұмыстан 
босап қалғандығымен, отбасын асырау қажеттігімен түсін-
дірді.  Егер  сіз  талаптарымен  келіссеңіз,  кездесіп,  сұхбат 
бермекші.
3.  Қандай әрекетке барасыз? Ол адамнан сұхбат аласыз ба 
және оның шарттарымен келісесіз бе?
4.  Қандай күтпеген жағдайлар болуы мүмкін?
5.  Егер  бұл  материал  қаржылық  шығын  шығаруға  тұрады 
деп есептесеңіз, қандай жолдарды қарастырар едіңіз?
5-тарау: Сұхбат алудың техникасы


  
91
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
ОҚУҒА АРнАЛҒАн ҚОСЫМША МАТЕРиАЛДАР 
МЕн АнЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРиАЛДАР
«Насилие» – құрбандар мен жарақат алғандар туралы мәлі-
мет беретін анықтамалық басылым. Вильям Коте және Род-
жер Симпсон, Коламбиа Юниверсити Престе басылып шық-
қан.
«Сіздің сұхбатыңыздан қалай барынша мол мағлұмат алуға 
болады?», Журналистикадағы озық сапаға қол жеткізу атты 
жобадан:
www.journalism/resources/tools/reporting/interviewing/
themost.asp


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау