75
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Сұхбаттың негізгі
шарттарын естен
шығармаңыз және оны
дәлме-дәл сақтауға
тырысыңыз
Мәліметтер үшін:
мұндайда ақпарат берушінің аты-
жөні де, ақпарат пен дәйексөзді келтіруші дереккөз де
көрсетілмейді. Бұл журналисті репортаж жасау барысын-
да көмегі тиетін деректермен қамтамасыз етеді. Алайда,
басқа дереккөздер нақтыламайынша, оларды қолдануға
болмайды.
Дәл осы ереже суреттер мен дауыс жазбаларына да
қатысты. Камераны немесе басқа да түсіретін немесе жаза-
тын құрылғыларды қоспастан бұрын рұқсат сұрауға тиіссіз.
Сондай-ақ, кімде-кімнің суретін жариялайтын болсаңыз, ол
адамнан ашық рұқсат сұрау керек.
Журналист осы ережелер шеңберінде өзіне жүктелетін мін-
деттемелерді бұзбауы керек. Ал егер сұхбат барысында негізгі
шарттар өзгерген жағдайда, оны сілтеме арқылы көрсетуі ке-
рек. Кейде «мәлімет үшін» деп берілген ақпаратты «жариялау
үшін» пайдалану мүмкіндігі тууы да мүмкін. Атап айтқанда,
ол мәліметті өзге де дерек көздері растаған жағдайда, оны
жариялағаннан кейін ақпаратты берген адамға ескертіп,
түсіндіруге болады. Алайда, ол үшін екінші жақ міндетті
түрде келісім беруі тиіс. Журналистикада жиі қолданылатын
off the record термині, яғни «жариялауға арналмаған» де-
ген түсінік кейде «мәлімет үшін» деген мағынаны білдіретін
болса, енді бірде «дереккөзге сілтеме жасамай жариялау»
дегенді аңғартады. Сол себептен ақпарат берушіден қандай
мағынада айтқанын анықтап сұрап алу керек.
76
Егер ақпарат беруші
құжаттың астына
аты-жөнін көрсетуден
бас тартса, оның айтып
отырғанының шындық
екеніне немесе өсек-аяң
еместігіне көз
жеткізіп алыңыз
Жасырын дерек көздері
Егер ақпарат беруші құжаттың астына аты-жөнін көрсетуден
бас тартса, оның айтып отырғанының шындық екеніне неме-
се өсек-аяң еместігіне көз жеткізіп алыңыз. Кейбіреулер ау-
зынан шыққан сөздің жауапкершілігінен қорқуы мүмкін, яғни
кейбір адамдарда ақпаратты жасырын беруге қисынды себеп
болуы мүмкін. Соған қарамастан, қандай да бір тұлға жасы-
рын ақпар бере отырып, өзінің аты-жөнін көрсетпеуді өтінсе,
онда сіз де жақсылап ойланыңыз. Біреу ат-тонын ала қашып
отырған нәрсені өз атыңыздан беруге бола ма, болмай ма?
«Нью-Йорк Таймс» газетінде соңғы жылдары осындай
мәселеге қатысты бірнеше рет даулы жағдай болды. Деген-
мен, бұл басылымның медиа-бизнесте өз орны бар және бұл
газет барынша жан-жақты қамтылған кодекске бағынады. Өте
сапалы журналистика жобасының сайтында экс-редактор
Джозеф Леливельд ойлап тапқан тест туралы ақпарат бар.
Редактор жасырын дерек көзін пайдаланардың алдында
журналист өзіне екі сұрақты қоюы керек деп есептеп, екі-ақ
сұрақтан тұратын тест түзген екен. Ол қандай сұрақтар?
1. Дерек көзі оқиға туралы нақты не біледі? Немесе оның осы
оқиға туралы білетіні қандай мөлшерде?
2. Дерек көзінің сізді адастырып, болмағанды болды деп ай-
туына немесе ақпаратқа қатысты маңызды деректі жасырып
қалуына себеп бар ма? Болса, ол қандай себептер?
Осы екі сауалға қанағаттанарлық жауап алғаннан кейін
ғана газет жасырын дерек көздеріне жүгіне алады. Және
мүмкіндігінше бұл ақпаратты дерек көзінің қайдан алғанын
4-тарау: Ақпарат көздері
77
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
және қайдан білетінін көрсету қажет (мысалы, «дереккөз
құжатты өз көзімен көрген»). Сондай-ақ, дереккөздің жеке
мүддесі қай тұрғыда екені де көрсетілуі керек (мысалы, «бас
штабтағы дерек көзі»).
ЖАТТЫҒУЛАР
Дереккөзді көрсету көп жағдайда журналистерді не кәсібилікті
таңдауға, не этикалық нормаға жүгінуге мәжбүрлейді.
Төмендегі мысалдар мен сұрақтарды қарап шығып, өз
пікіріңізді әріптестеріңізбен бірге талқылаңыз.
1. Дерек көзі сізге мемлекеттік атом реакторларына қатысты
өте түйткілді проблемалар бар екенін айғақтайтын құпия
үкіметтік құжаттан үзінді оқып берді делік. Сіз қысқаша
түртіп алдыңыз. Ақпарат беруші бұл жайтты сіздің
мақалаңыздың өзегі етіп алатыныңызды түсіне отырып,
«үкіметке жақын ақпарат көздеріне» сілтеме жасауға
рұқсат берді.
Бұл тұзақ емес пе? Немесе сондай себептер бар ма?
Басқа дерек көздеріне жүгіну арқылы материалдың рас-
өтірігін тексересіз бе?
Егер материалдың рас-өтірігін анықтай алмасаңыз,
қолыңызда бар нәрсені жариялар ма едіңіз?
Осы мәселе төңірегінде сөйлескіңіз келетін өзге дерек
көздері бар ма?
78
2. Сізге ақпарат беріп отырған адамды аяқ астынан шұғыл
түрде телефонға шақырды делік.
Төзімділік танытып, күтіп отыра бересіз бе, әлде алды-
ңыздағы үстелдің үстінде ашық күйінде қалған құпия
құжатты жылдам қарап шығасыз ба?
3. Бағдаттың орталығында жарылғыш зат орнатылған көлік
жарылды. Баспасөз арқылы айтарлықтай шығын келіп,
біраз азаматтың қаза тапқаны және тағы біразының жа-
рақаттанғаны туралы ақпарат тарады. Бомба шетелдік
журналистер тұрып жатқан қонақүйдің маңында жарыл-
ғанға ұқсайды. Алайда, жарылыс болған аймақ тұтастай
қоршауға алынған. Ешкім ішке ене алмайды.
Қандай да бір ақпарат алу үшін кімге хабарласар едіңіз?
Осы мәселеге орай өзіңіз байланысқа шыға алатын де-
рек көздерін ойластырыңыз. Сұрақтарды құрастырған
уақытта қаза болғандар мен жарақат алғандардың санына
қатысты талассыз деректерден бастап, оқиға орнын толық
сипаттауға дейін ойластыру керек.
4. Төмендегі тіркестердің қайсысы дұрыс емес және неліктен?
Нақтылы дәлелденді...
Елдің айтуына қарағанда...
Ел астанасындағы қауесетке сенсек...
Солай болатыны анық еді...
4-тарау: Ақпарат көздері
Достарыңызбен бөлісу: |