Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс



жүктеу 3,24 Mb.
бет7/12
Дата25.05.2018
өлшемі3,24 Mb.
#17722
түріУчебное пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қазақ әдебиетінің проза жанрында Қаратаудың шертпесіндей майда қоңыр нақыштармен із қалдырған кәнігі сөз зергері Дулат Исабеков тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде осы салада өндіре жазды деп те айта аламыз. ХХІ ғасырда Дулат Исабековтың құрыш қаламы әдебиеттің басқа жанрларында да өрнек салып, алаштың мерейін өсірді, мәртебесін асқақтатты. Шынында, Дулат Исабеков оқырманның емес, ендігіде көрерменнің көзқуанышына бөленді, ежелден өзіне үйреншікті сала болғанымен кез келген дарынды жазушының өзі бағындыра алмайтын құпиясы мол күрделі драматургия саласында дүркін-дүркін олжа салды. Нәтижесінде оның қызу тартыс­тардан тұратын ширыққан драмалары өз отанында ғана емес алыс-жақын шетелдердің аты шулы театрларында қойылды. Бұл – жазушының ғана емес, қазақ драматургиясының кезеңдік табысы ретінде тарихта таңбаланатыны сөзсіз.

Дулат Исабековтың шетелдік көрер­мен­дер ықыласына бөленген бүгінгі күн тақы­рыбындағы пьесаларының бірі – «Ескі үй­дегі екі кездесу». Ұлттық сахна төрінде сәтті қойы­лып жүрген бұл пьеса­сы 2008 жылы Омбы мемлекеттік драма театрында «Тран­зитный пас­сажир» деген атпен ресейлік көрермен­дердің назарына ұсынылды. Пьесада небәрі үш-төрт кейіпкер ғана бар. Олар: зейнеткер жасындағы Зейнеп ана мен өмірі сәтсіз­діктерге толы баласы Ертай, жолаушы Айтөре мен оның анасының аруағы. Екі бөлімнен тұратын пьесаның негізгі идеясы да бір пәтердің әр уақыт­тар­дағы иелері Зейнеп пен Айтөренің екеуара сырласуы арқылы ашылады. Зейнеп те, Айтөре де – өз ғұмырларының бақытты күн­дерімен бірге тұрмыс тауқыметін, қо­ғамның қиянатын көп көрген жаны жара­лы адамдар. Пьесадағы адам тағдыр­лары әр алуан, бірақ солар­дың өзара ұқсастығы да жоқ емес. Бір кезде өзіне баспана болған, қазір мүлде басқа жан­дардың шаңырағына айналған ескі пәтерді бір көріп, өткенін сағыныш­пен еске алып, мауқын басқысы келген Айтөренің мүлде бейтаныс адамдар­дың есігін беймезгіл қағуы, бір қарағанда, пьесаға арқау боларлық маңызды оқиға болмасы анық. Бұл қарапайым оқиғаға лирикалық сипат дарытып, драмалық мінез беріп тұрған бірқатар сәтті де­тальдар бар. Әлбетте, мұндай қарапайым оқиғадан адам жанының алапат буыр­қанысын көрсететін шындықты өрбіту Дулат Исабеков қаламына тән қуатты білдіреді. Алдымен, Айтөре мен Зейнепке бірдей қымбат дүние – оқиға орын алған Зейнептің бұрынғы пәтері (кезінде бұл пәтерде Айтөре әулетімен тұрған). Осы ортақ кеңістік пьесадағы сюжеттік оқи­ғаның дамуына қозғаушы күш ретінде себепкер болып отырады. Екі кейіпкер де өмірлерін­дегі аса қайғылы сәттерді дәл осы ортақ шаңырақта бастарынан өткер­ген. Кейіннен жолаушылап жүрген Айтөрені көне пә­теріне қайта оралуға итермелейтін пьеса­дағы содан кейінгі бір себепкер жағдай – ұшақ рейсінің ше­герілуі. Ал драмадағы оқиғаның ли­рикалық лепте өрбуіне жол ашатын негізгі көркем фон жаңбыр екені сөзсіз. Ұзаққа созылған жауын мүлде бейта­ныс жандардың бір-бірін жатырқамай қа­былдауына, ескі таныстардай сыр ақтары­суына, тіпті Айтөре мінетін ұшақ рейсінің бөгелуіне де объективті түрде түрткі бола­ды. Өмірдің тұщысынан гөрі ащысын көбірек татқан Айтөре мен Зейнеп бейне­лері әрі ұқсас та жақын, әрі бірін-бірі то­лық­тырар кереғарлығымен үйлесім тап­қандай. Зейнеп жүрек жылуын кісі­киік қала тірші­лігіне тонатпаған, тағдыр тауқыметінен мұ­қалмаған, кеңпейіл, жаны шуақты, жайдары әйел болса, Айтөре керісінше – өмірдің тау­сылмас мұңынан көңілі тоңазыған, жаны жылу мен жарыққа зәру, мейірімге мұқтаж әйел. Атамекенінен жырақта, жат елде жүр­ген Айтөренің туған еліне деген сағы­нышы мен мұң-наласы басым. Айтөре араға жылдар салып, ат басын туған қаласына әйтеуір бір бұрып еді. Сондағы барар жер, басар тауының жоқтығынан қапаланған әйел үшін Зей­нептің аядай ғана пәтері мына жалғандағы мейірім атаулының жалғыз мекеніндей. Толассыз жауған жаңбыр кейіп­керлердің һәм қоғамдық ортаның тазаруы қажет­тігінің лебін сездіргендей.

Пьесаның өн бойына желі болып тар­тылған мұң бар. Шығармаға үңі­лейікші: …босағасын күзеткен ана аруағы, ағайынға ренжіп кеткен бала, қаланың тас көшеле­рінің астында сүйегі сырқырап, көмусіз қалған ұл, қайғыдан құса боп, Сібірдің сары аязынан қаза тапқан, сөйтіп маза тапқан жар… «Шыныңды айтатын адам тапсаң да, сырыңды айтатын кісі жоқ», – дейтін Айтөре сөзі жалғыздықтан жаны жараланған кейуа­на кейпін аң­ғартады. Зейнеп ше? Қызғал­дақтай қызы қыршыннан қиылған, қос ұлының өз қызықтары өздерінде боп, қар­тайған шағында төрт бұрышқа қамалып, жа­падан жалғыз қалған жесірді бақытты жандардың қатарына қоса алмайсыз. Тек ана өмірден күдер үзбейді, қанша зәбір көрсе де, қоғамнан теріс айналмайды. Ке­рісінше, жүрек жылуын бөлісуге даяр. Ал Айтөренің жаратылыс-мінезі бөлек. Ол басқа түскен қиыншылықпен арпа­лысып та көрген. Бірақ былыққа батып бара жатқан қоғаммен арада ақиқатты даулау бітпейтін тірлік екеніне көзі жетті. Ұлының қайғылы өлімі оны бұл жерде қала алмайтын жағ­дайға жеткіз­ген. Арыстай азаматтың ағайын­мен ат құй­рығын кесісіп, атамекеннен жы­раққа кетуі шарасыздықтан.

Белгілі театр сыншысы Ә.Сығайдың Д.Исабеков шығармашылығы туралы: «Дулат драматургиясына тән жақсы қасиет – оның халықтық колоритке, ұлттық мінез тегер­шік­теріне молынан назар аударатындығы. Диалогтарының оралымдығымен, юморға жомарт тапқыр тілімен дараланып жатады. Үлкен әлеуметтік сыр-сипатқа ұласар соқ­палы да ойлы, тұлғалы, тұрлаулы қаһар­ман­дардың күрделі жан дүниесін жарқы­рата жайып салуға лайық шоқ­тықты дра­ма­лар тудыруға құмбыл. Қай пьесасын алып қара­маңыз – өзегі бүгінгі замандастарымыз­дың моральдық-этикалық кескін-келбеті», – деген па­йымының шынайы екендігіне көз жеткіземіз.

«Ескі үйдегі екі кездесу» драмасында қа­лам­гер ұлттық таным-тәрбие, ұлт болаша­ғы мәселелеріне айрықша назар аударады. «…Әжем қызық кісі еді. Ол кісі әулеттегі бірде-бір әйелді үйден тысқары жерде босан­дырмаушы еді. Екіқабат әйелді ешқашан жолға шы­ғармайтын. Егер олардың біреуі ілуде төркіндеріне кете қалса, екі жақты у-шу, азан-қазақ ғып өзі барып ертіп келуші еді. «Үйде босанбаған әйелдің баласы мейірімсіз болады» деп айтып оты­ратын-ды», – дейтін Зейнеп сөздері, бір жағынан, көркемдік тұрғыда оқшау тұрған ой ора­лымы болғанмен, Айтө­ремен арадағы өске­лең ұрпақ жайлы диалогқа сәтті енгізілген. Бүгінгі жас ұрпақтың бета­лысы, ұлттық тәлім-тәрбиедегі келең­сіздіктер, халықтың ғасырлар бойғы қалыптасқан тағылым­дық өнегелерінің заманауи тәрбие ісінен тысқары, ұмыт қалып жатқандығын ана сөзімен осылай түйіндеген. Кейіпкерлер қазіргі заман келбеті, жастардың ата-ана, қоғам, Отан алдындағы парызы туралы ой қозғап, үлкенге деген құр­меттің, бауырмал­дықтың ізі суып бара жатқандығын зор өкінішпен тілге тиек етеді. Айтөре бала­сы­ның жазықсыз қудаланғаны туралы: «Сат­қындар! Адалдықты аттап, таза­лықпен аяқ сүр­тіп күн көргендер! Ертеңгі күні анасын да, Отанын да сататын осылар. Әттең олар­дың арамдығын еш­қашан дәлелдей алмай­сың! О-о, мынау өмірде ондайлар­дың қаншасы жүр десеңші! Оған қапа бола-бола үйренгеміз, қарындас…», – деген сөздері бір ғана Айтөренің дұш­пандарына қатысты айтылған сөз емес. Кейіпкер ел келешегі жайлы толғанады. Біреуді оп-оңай темір торға түсіре салатын, жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүретін опасыз жан­дар­дың жең ұшынан жалғасып, ым­дасып-жымдасып кеткеніне екі ана алаңдаушылық білдіріп, лағнет айтады.

Дулат Исабековтың тағы бір жемісті шығармасы «Алтын тордағы тоты» (Актри­са) атты драмасы. Мұнда Айгүл Асанова есімді актрисаның бейнесі сомдалған. Ра­сында өнер жұлдызда­рының сахнадағы өмірі елдің көз алдында өтеді. Ал, оның ойыншы актриса емес шынайы адам, кә­дімгі замандас ретіндегі тағдыр-талайы қалай? Өнер адамы халықтың, көрерменнің жанына үңіледі, оған шуақ шашады, ал көрермен оның өмірінің, жан әлемінің қалтарысына бір сәт зер салып көрді ме? Міне, бұл шығарма осындай сауалдарға жауап береді.



Драмада ұлттық сахнада қойылып жүрген отандық және шетелдік дра­матург­тердің үздік пьесаларында басты рөлдерді сомдап жүрген актриса өз ғұмырының асулары мен белестерін көрерменге әңгі­мелейді. Айгүл өнер мен жеке өмір ара­сындағы қайшылықтарын, осыған байла­ныс­ты сахнадағы және отбасында кезде­сетін қиын сәттерді бүкпесіз баяндайды. Шынайы талантпен қоса, мол ізденісті талап ететін азапты шығармашылық еңбегі жайлы сыр шерткенде актрисаның өнерді шын сүйетін­дігі мейлінше шынайы: «Театр – менің екінші үйім. Әлде бірінші үйім десем бе екен? Мен түнде ғана мұнда түнемеймін, қалған өмірімнің бәрі осында өтіп келеді», – дейді актриса.

Дүйім жұрт алдында өмірбаянын ашық жария етуге бел буған актрисаның реплика­ларында жасандылық жоқ. Бірінші орынға я театрды, я шаңырағын қоярын білмей, толғанып сөйлейтін актриса өз кәсібін ай­рық­ша қадірлейді. Әйел ретінде жеке басы­ның тіршілігін өнер жолына тәркі еткен актрисаға қарап, түрлі ойларға шомасың. Ол, бір жағынан, өнердің жанкешті құлы тәрізді. Сахна құдіретіне бас иеді. Ал сәтті ойыннан кейінгі толассыз қол шапа­лақтау­лар, құшақ-құшақ гүлдер, табы­нушы-кө­рер­мендер ілтипаты акт­риса тұлғасын бір­шама өзгеше ракурста танытады. Тәкап­парлық бар бойында. Дегенмен мұ­ның өнер адамына жара­сымды табиғи қасиет екені де рас. «Театр, репитиция, үй. Гастрольдер. Он төрт фильмге түстім. Оның тоғызы басты рөл, бесеуі қосалқы. Театр репертуа­рының көпшілігінде орталық кейіпкерді орын­даймын», – деп тізбелейтін кейбір мәліметтер өз атағына, қабілетіне, тіпті сұлулығына сенімді Айгүл Асанованың кәсіби шеберлігімен қоса, шалқып сөйлей­тін, айналасына жоғарыдан көз тастайтын актерге тән мінез-қылық­тарының қия-қалтарыстарын да шарлап өтеді. Актриса театр үшін кей кездері адам ретінде отба­сылық бақытыңнан бас тартуға тура келе­тінін өкінішпен мойы­н­дайды. Ағынан жарыла ақтарылып оты­рып: «Мұның бәрі айтуға жеңіл-ау!.. ал, күнделікті өмірде!.. Айтыс, тартыс, бақ­таластық, қызғаныш, көре алмау­шылық… Ой, несін айтасыздар, кейде бәріне қолды бірақ сілтеп, қарапайым, жай ғана әйел болғың келеді», – дейді Ай­гүл. Бақталас­тардың күңкіл сөзінен, әділет­сіздіктен қажыған Асанова «бәріне бірақ қолды бір сілтеп», театрсыз өмір сүріп те көреді. Бірақ: «Театрсыз өткен сол бір жа­рым жылдың ішінде жынданып кете жаз­дадым. …Мен театрсыз өмір сүре алмай­ды екем. …Тіпті есік күзетуші болсам да театр­дың ішінде жүрсем екен деп арман­дадым», – дейді кейіпкер. Сахна ғұмырын өмірлік мұратына айнал­дырған әйел театрды құдды бір қасиетті храмнан кем көрмейді. Бірде көрерменін сұлулы­ғымен, талантымен, өнерімен сүйіндірген актриса тәкаппар да асқақ кейіпте биік­тен көрінеді, бірде өмір ауыртпа­шылығы оның еңсесін жаздыр­май, тығырыққа тіреп, тық­сырады, сынайды. Осылайша Айгүл Асанова драма барысында күйлі сезім құшағында бейнеленеді. Әлде түс, әлде қиял екені беймәлім жағдайда ай­тыл­ған келесі сөздер, шын мәнінде, бүгінгі ұлттық өнердің хал-ахуалынан сыр шертері анық: «Сіз кедей елдің актерісіз. Сіз жасаушы емессіз, сіз – орындаушысыз. Ал, орындаушыға бәрібір, сізден не талап етсе, сөз соны орындауға үйренгенсіз. «Өнер адамы мұқтаждықта өмір сүруі керек» де­ген қағида Сіздің санаңызға әбден сіңіп қалған. …Сіз патриотизм рухында тәр­бие­ленген адамсыз. Жоқ­шылық пен мұқтаж­дық құрсауында биік өнеріңізді өлермен­дікпен өрге сүйрей беріңіз, жасай беріңіз…». Ирониямен аяқталатын ішкі толғаныс сахна өнер­паздарының бүгінгі таңда жалаң пат­рио­тизмнің арқасында ғана «өнерлерін өрге сүйреп» келе жатқан­дығын аңғартып, бір сал­мақты ойға қозғау салады. Шығармаға арқау болған идеяның бір ұшын қашан да ұлт мәселесімен сабақтастыратын драма­тург­тың қазақ ұлттық театрының бүгіні мен келешегі жайлы толғамды пікірлері Айгүл мен режиссер Самат диалогта­рында бір­шама өрбіген. «Бұл жерде не қызық қалды? «Ел үшін, ұлт үшін, халық үшін!» Бәрі жал­ған сөз, жалаң ұран! Ел үшін егіліп жүрген ешкім жоқ. Шетелде еден сыпыру­шы болсаң да бұл жердегіден он есе артық өмір сү­ресің», – дейді Самат. Өнерге ком­мерциялық көзқараспен қараудың белең алғандығы туралы өкінішті жайттар – бү­гінгі мәдениет пен өнердің басындағы ахуал. «Мен қазақ театрының қазақ тілінде сөй­лейтін актрисасымын. Тіл – виолончель емес, ол экспортқа шыға алмайды. Мен қазақ сахнасында туыл­дым, қазақ сахна­сында көз жұмам». Намысшыл актриса өнерін саудаға сал­ғысы келмейді. Елде етек жайып бара жатқан кедейлік, тапшылық, нарық заманының қоғамдық санаға салқын әсерін тілге тиек ете отырып, актриса өнер саңлақтарының ақша, атақ, бедел мен абырой үшін шетелге кетіп жат­қандары жөнінде ызаға булығып, тебі­рене сөйлейді. Режиссері әрі күйеуі Са­маттың «Ертең қазақ театрының ешкімге керегі болмай қалса қайтесің?» тәрізді қыңыр сауалына жауабы әзір. Бұдан әлдеқайда ертеректе ке­лісім жа­сасып, Италияға аттанғалы отыр­ғанын «қойнын­дағы жарынан» жасыр­ған Саматтың арамдығына қайран қала оты­рып, Айгүл ашына тіл қатады: «Онда ең соңғы қазақ көрерменіне ең соңғы ойын көрсететін актриса мен боламын!». Жоғары пафоста айтылған сөздер Аса­нованың жа­сан­дылықтан ада, шынайы отаншыл тұл­ғасын алға тартады.

2011 жылдың сәуір айында қазақтың М.О.Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында премьерасы болып, тұсауы кесілген жазушы Дулат Исабековтың жаңа туындысы авторлық нұсқада «Шың басындағы шындық» деп аталыпты. Сахна төрінен «Жаужүрек» деген атпен өнерсүйер қауымға ұсыныл­ған драма – осы. С.Мұқа­новтың «Балуан Шолақ» повесінің желісі бойынша жа­зыл­ған драмада Д.Исабеков атақты Ба­луан­ның өнерпазды­ғымен бірге ірі қай­раткерлік тұлғасын да айшықты бей­­не­леуге күш салыпты. Оқиға Қызылжар қаласындағы жыл сайын өтетін әйгілі жәрмеңкенің нағыз қызған шағын суреттеуден басталады. Ел аузындағы соңғы жаңалық: жауырыны жерге тимеген атақты Қордабай па­луанды бір емес екі рет жыққан Баймыр­заұлы Нұрмағам­беттің жеңімпаз атануы.

– Көрікті екен! Келісті екен!

– Өзі ән айтып, ән шығарады екен!

– Оны айтасың, бәйге аты бар, құс алып, аң да аулайды екен.

– Ойбай-ау, он төрт жасында көкжал қасқырмен айқасып, қақаған суықта терісін сыпырамын деп жүріп төрт саусағын үсітіп алған жігіт қой бұл! – деп жарыса сөйлеген базаршылардың полидиалогы көп жайдан хабардар етеді. Жәрмеңке алаңында жүр­ген­дердің тамсаныс, таңғалыс сезімдерімен бе­рілген репликалары Нұрмағамбет тұлға­сын айқындай түсіп, бірқатар биография­лық, характерологиялық, портреттік мәлі­меттермен үстейді. «Өне­рім мен өмірім халқымдікі. Бәй­геден бір сабақ жіп те ал­май­мын!» дейтін сом тұлғалы, дархан мі­незді, кеңпейіл жігіт бірден-ақ көрерменнің сүйіспен­шілігіне бөленеді.

Қым-қуыт тартысқа құрылған дра­маның бел-белестерінде Балуанның нар тұлғасы ұтымды детальдармен толық­тырылып, ірілене түседі. Жалпы көлемді шығармадағы ірі-ұсақты ситуациялардың баршасы тіке­лей кейіпкердің айтулы өнерпаздық қыр­ларын, елі үшін басын қатерге тіккен аза­маттық тұлғасын ашуға қызмет етеді. Ғалия сұлуға бір көріп, ғашық болуы, сүйіп қосыл­ған жары Балқаштың қызғаныш сезімі, атамекені Қайрақтыға Сыздық болыстың қиям­пұрыс әрекетімен переселендердің көшіп келуі, ояз қызы Тәнейжан-Татьянаны тұтқынға (кепілдікке) алуы тәрізді жеке ба­сының шырғалаңдары драмада халық мүд­десімен астарласып, тамырлас өрбіп оты­рады. Драмада махаббат, күрескерлік тар­тыс­тар, адал достық тақырыптары күрделі логикалық формада көркем кө­рініс тапқан. Ең бастысы, сахнаға сұранып тұрған драмалық шымыр тартыс орын алған. «Шың басындағы шын­дықтың» басты кейіпкері Балуан болғанымен, бұдан өзге кейіпкер­лердің де бейнелері бедерлі шыққан. Әсем әнін сала келіп, дүйім жұрттың алдында балуанның иығына шапан жауып кететін Ғалия – батыл әйел. Ел сөзінен именбей, жігіттің сұлтанына теңеуге лайық азаматқа құр­метін, ризашылық сезімін, көңіл хошын қысылмай келіп, әдемі қалыппен жет­кізген Ғалия Балуанды я қиял, я өң екені беймәлім, ерекше көңіл-күйге бөлеп, ғайып болады. Хор қызындай көрікті, батыл, тосын мінезі келіншектің жана­рындағы ынтызарлығы Балуанды да бейжай қалдырмайды. Балқаш болса – Балуанның осыдан бір жыл бұрын ұзатылғалы отырған жерінен алып қа­шып, өзі сүйіп қосылған жары. Жақында сәбилі болмақ, бірақ әлі некелері қиылмаған. Бал­қаш соған назданады. Балқаш – азаматына лайық қайсар, ашық мінезді, ақылды әйел. «Сыздық болыс Қайрақтыға переселендерді қаптатып әкеле жатыр» деген хабар жеткен­де, Балқаш: «Ел дүрлігіп жатқанда Балуан Шолақтың әйелі жан сауғалап жата алмас», – деп, күйеуімен бірге атқа қонады. Балуан­ның бұдан кейінгі басына қара бұлттай үйірілген қиын шақтарында Бал­қаш жан жарының мұң-зарын бірге бөліседі.

Драматургтың отаршылықта өткен жыл­дар жайлы авторлық пайымы айқын. Ұлттың тағдыр-талайы бақай есепшіл Сыздық секілді болыстардың, күйсеуі мен жусауын әйелдері ғана дөңгелете шешетін орыс ояздарының қолында болғаны дра­мада ашық суреттелген. «Зарлаған ел мен жылаған бала-шағаның атынан» арыз­данып, әділет іздеп келген Балуанды Долгоносов цирк оқуына Омбыға жібер­гелі отырған­дығын айтады. Долгоно­совтың әйелі Елиза­вета мен Тройцкийдың қазақтарды «жа­байы халық», «түз тағы­сы» деп, шімірікпей балағаттауы Балуан­ның ызасын үдете түседі. Сөзі далада қал­ған Балуан енді бас­қаша амал-әрекеттерге көшеді. Аяулы бойжеткен Татьяна – Долгоносовтардың жалғыз перзенттері, көздерінің ағы да, қарасы да сол қыз. Демек, буынсыз жерге пышақ ұрып, тығырыққа тіреудің, сөйтіп дегенін орындатудың жалғыз амалы да сол қызға байланысты. Талайлардың жауыры­нын жер иіскеткен Балуан мен оның досы Ақылбайға Татьянаны алып қашу қиынға соқпайды. Осыдан кейін шың басындағы оқиғалар орын алады. Оязға жазған хатына жауап күтумен өткен ұйқысыз түндер, «қарақшы» боп көрінген қазақ балуаны мен үркек бала­пан сияқты бейкүнә, жаны таза Татья­наның бір-бірін жақын тануларына мүмкіндік береді. Драманың айрықша лирикалық сипаттағы эпизоды осы шың басында суреттелген. Оқиға орын алған көркем кеңістік пен сюжеттік-компо­зиция­лық ыңғайдағы шарықтау шегі, яғни әрекет динамикасының ең жоғарғы нүктесі логика­лық тұрғыда сәйкес келген. Осының өзі шығарманың айтар ойын асқақтата түседі. Балуанның: «Менің өз оқуым бар, сенің өз оқуың бар. Мен арабша жазам, сен орысша жазасың… Әр адам, өз ұлтының үрдісінде ер жетуі керек»; «Сенің жолың шіркеуге апарады, менің жолым мешітке апарады», – деп, Татьянаға қарата айтқан сөздері автордың этномәдени таным-түсініктерге екпін түсіре сөз кестелегендігін айқын аңғар­тады.

Жалпы соңғы жылдардағы драмалары Дулат Исабековтың ұлттық таным-тәрбие мәселелері төңірегінде көп толғана­тын­дығын байқатады. Қандай тақырыпта қалам сілтесе де, халқының келешегін көкейден шығармайтын қаламгердің әр туындысы келелі ой-толғамдарымен, кесек бітімімен, көркемдігімен бағалы. Драматург жазушы­ның соңғы кезде жазған «Бақыт құсы», «Мұңлық-Зарлық», «Мұрагерлер» секілді туындылары ком­мерциялық бағыттағы арзанқол өнер­сымаққа үйірсектеп сырт айналған қауымды қасиетті театрға қайта қауышуға жол ашып, эстетикалық нәрімен көрер­меннің көзайымына айналды. Оның таңдаулы драмаларының отанымызда ғана емес Ресей, Башқұртстан, Татарстан, Корей театрларында қойылуы алаш асыл сөзінің мерейін үстем етті.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Бүгінгі күнде қазақ әдебиетінің әлем деңгейіндегі орны жайлы.

Қазақ әдебиетi және модернизм

Жоспар

1.Постмодернизм туралы түсінік

2. Постмодернистік шығармалардың ерекшелігі

3. Постмодернизм үлгісіндегі қазақ туындылары


Тірек түсінік: Қазіргі әлем әдебиетіндегі негізгі әдеби үрдіс постмодернистік деп аталады. Модернизм XX ғасырдың басында қалыптасқан. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін модернистік бағыт «ревизиялауға» ұшырап, соның әсерінен заман талабына сай жаңа әдеби-мәдени, философиялық, эстетикалық жаңа ағым пайда болды.

Постмодернизм – көп мағыналылықты ішіне қамтыған және әрқашанда өзгеріске бейім тұратын, құбылмалы тіршілікті бейнелеу түрінің жаңаша тәсілі. Бұл ағымның тарихи контекстік және жалпы халықтық, ұлттық түрлері де болуы мүмкін. Постмодернизмді белгілі бір шартқа жүйелендіру қиын, бұл әлемдік мәдениеттегі тарихи, көркемдік бейнелеу жүйесінің осы заманға сай бейнелеу формасы. Әр түрлі ұлттар әдебиеті мен мәдениетінде өзінің көрінісін тапқанымен, ғаламдық деңгейдегі өзіне ғана тән қағидалары мен көркемдік шарттары бар.

Бұл әдеби ағым өзінің бастауын конструктивизм мен деканструктивизмнен алған. Оның өзіне тән сөздері мен терминдері бар.

Постмодернистер әлемді адам санасына бағынбайтын «хаос», маңайымыздағы әлем тек мәтіндерден ғана тұрады деп есептейді. Бұны – «дискустық мәтіндер» деп атайды.

Постмодернизм белгілі бір тарихи кезеңді немесе шектеулі нәрселерді ғана сипаттайды. Бұл көркем мәтіндердің авторы болуы да мүмкін, болмауы да ықтимал. Сол мәтіндерді жазып отырған адам «мен» деп жазбайды, жазушы маска киіп жазуы (авторская маска) мүмкін. Өзінің кейіпкерін мазаққа, күлкіге ұшыратып, өзі сырттан аңдушы ретінде қадағалайды және өздерінің кейіпкерлеріне әсте жаны ашымайды.

Постмодернистердің туындыларында астыртын ойы (двойной код) маңызға ие. Қазіргі көркем мәтіннің негізгі шарттарының бірі – постструктурализмге тіреледі (породиный модус повествования). Автор кейіпкерін шығарманың жеке меншігі деп емес, кейіпкердің санасы тек көркем мәтінде ғана деп ойлайды. Мәтін таусылған тұста кейіпкердің санасы бітті деп қарау басым. Ал ары қарай не болатынына автор жауап бермейді.

Постмодернизмнің келесі бір түсінігі – интертесктуалдылық (интертекстуальность). Мәселен, Абай, Қасым Аманжолов, Мағжан Жұмабаев немесе жыраулар толғауларындағы оқырманның есінде қалған бір шумақ өлеңдерін кейіпкерлердің аузына салып береді. А.П.Чеховтың «Вишнёвый сад» шығармасындағы кейіпкерді Акунин өз туындыларында сауық-сайран орындарында жүрген адамдар ретінде сипаттайтыны – соның дәлелі. Ресейдің сыншылары бұны: «Чеховты сыйламау» деп бағалап жүр. Немесе бүгінгі жазылған романда Толстойдың «Анна Каренина» шығармасындағы сюжеттер қайталанып жүрсе, бұған таңқалудың қажеті жоқ. Олардың негізгі қағидасы: «Өзіне дейінгі әдебиетті сынға алу, қазіргі әдеби процесті жаңа өмірге бейімдеу».

Бұл ағымдардың белді өкілдері Хассан, Джеймсон, Лоч, Батлер, Факкем, Дан. Батыс европалық постмодернистер: «Бүгінгі күнге дейін жазылып келген классикалық үлгідегі әлем әдебиетінің таңдаулы өкілдерінің дүниелері адам санасына жеткіліксіз, осы дүниелер біздің көркемдік түсінігімізге қажет емес. Автордың жазғаны қысқа әрі нақты болуы қажет. Классиктер кезінде оқылды, бірақ олар жаңа заман ағымында өмір кешіп жатқан біз үшін (авторитет) бола алмайды және оларды сынау – түбегейлі жоққа шығару емес» деп есептейді. Бұны «тұлғалардың тоқырауы» деп те атайды.

Постмодернизмнің келесі бір шарты дискреттілік және фрагментальдық (дискретность и фрагментность). Мысалы, кейіпкер бір нәрсені ойлап отырып, көңілі басқа бір дүниеге ауып кетеді. Дәлізге шығып келеді де, үйіне кірген соң қайтадан әуелгі ой ағымына беріледі.

Постмодернизм – қазіргі зымырап бара жатқан заманның көркем жүйесі. Мәтіндегі фрагменттік дегеніміз, қарапайым айтқанда, бір талды төртке бөліп бейнелеу. Талдың өзін, тамыры, топырағы, жапырағына бөліп қарастыру. Бұл ағымның бізге дейінгі классикалық әдебиеттен негізгі айырмашылықтары осындай.

Постмодернизмнің теориялық түсініктерін АҚШ-тың Йел университетінің әдебиеттанушы мамандары қалыптастырған. Мәселен; ренессанс дәуірінде «адам ғаламның ортасы (центр вселенной) адамның қолынан келмейтін нәрсе жоқ» деп пайымдаса, қазіргі кезде постмодернистер: «адам ғаламның кішкентай ғана бөлшегі, элементі. Сондықтан да адамның санасы ғаламды тануға жеткіліксіз» деп түсіндіріледі.

Қазіргі постмодернистердің кейіпкерлері дискустық, санасы шектеулі шеңберден шыға алмайтын адам ретінде сипатталуда. Ағым өкілдерінің шығармаларын оқып отырсаң кейіпкерлері қырықаяқ, космостан келген гумонойд ретінде өмір сүреді. Құдайға шүкір, қазіргі қазақ әдебиетінде ондай кейіпкерлер жоқ. Мысалы; Асылан Жақсылықовтың «Сын окаянных» деген төрт томдық шығармалары бар. Кейіпкер жасадам ба, кәрі адам ба- түсініксіз. Ол кейіпкер өзімен-өзі тіршілік етіп жатады. Өз ойларымен өзі алысып, сандырақтап жүреді. Бір жерге кіреді, бір жерден шығады. Арман-аңсары, сезімі жоқ. Әйтеуір тіршіліктің адамы, пенде. Біздің қазаққа ортаның ондай романдарды қабылдай қоймасы анық. Оның себебі, біріншіден, қазақ оқырманы оған дайын емес, екіншіден – біз классикалық әдебиетпен тәрбиеленбегенбіз. А.Байтұрсынов айтпақшы: «Біз әдебиетімізде жыраулардан келе жатқан асыл сөздің» мағынасы болуы қажет. Қазақ бос сөзді ешқашан айтпаған. Әдебиетіміздегі қисса-дастандарда, батырлар жырында, қиял-ғажайып ертегілерінде үлкен ғибратты ойлар бар. Біз мәдениеттанушы, әдебиеттанушы ретінде талдап, ерекшеліктерін көрсетіп береміз. Қазір оқырманның құлаш-құлаш томдарды оқып отыруға уақыты жоқ. Жас жазушылар қысқа жазуға машықтануы қажет, бірақ, мағынасыз, құдайсыз әдебиеттен қашып, өзінің түпкі идеясын көрсете білуі керек. Постмодернистік үлгіні алғанымен де бос сөзге ұрынып қалмағаны дұрыс. Жас жазушыларымыз шетелден үйренейік деп мақсатты түрде жазып отырған жоқ, заман талабы сондай. Біздің жастарымыз 10 ғасырлық асыл поэзиямыздың асылын теріп алса, өздеріне керегін алып отырса, құба-құп.

Бүгінгі жастар шығармаларындағы стилистиканы осыдан 10 жыл бұрын жорыққа шыққан әдеби зерттеулер мен өлшей алмайсың. Жаңа ағымдағы жазушыны зерттейтін жаңа зерттеуші дүниеге келуі шарт. Маған: «Дидар Амантайдың кейіпкерлері дұрыс сөйлемейді» деп жатады. Нег ол кейіпкер дұрыс сөйлеу керек. Егер сол кейіпкер әдеби тілмен сөйлесе, бұл нанымсыз болады ғой. Қазіргі қазақ қоғамындағы кейіпкер бүгінгі тілмен сөйлеуі шарт. Қалай болғанымен де әдебиетімізде жақсы құбылыстар орын алып жатыр.

Тұрсынжан Шапайдың «Қазақтың жаны» атты кітабы постмодернистік ағымның талаптарына сай келеді. Бұл кітапта тек қана автордың емес, өзінің замандастарының мысқылы да бар.

Қазақ әдебиетіндегі постмодернизм ағымының бастауы – Тұрсынжан Шапай. Оның әңгімелерін уақыты тапшы оқырманға оқып беруге де ыңғайлы. Одан кейін осы ағымға бейімделген шоғырлы топ деп мына авторларды атауға болады: Жүсіпбек Қорғасбек, Гүлзат Шойбек, Дидар Амантай, Асылан Жақсылықов, Нұрғали Ораз, Мадина Оралова, Мәди Алжанбай, Мақсат Мәлік т.б. Мысалы: Нұрғали Ораздың кейіпкерлері әлемдік мәдениетті меңгерген парасатты адам ретінде сипатталады. М.Мағауиннің «Қыпшақ аруы» шығармасы – осы ағымның сарынымен жазылған туынды. М.Мағауин бұрынғы классикалық әдебиетті қорытып, мақсатты түрде осылай жазуға бекіген. Ал, Тұрсынжан шапай алдына ондай белгілі бір мақсат қоймай – заман сұранысына сай көркем бейнелеу тәсілі мен түрін тапқан. Сонымен қатар, Тынымбай Нұрмағамбетовтың жарық көрген соңғы дүниелері де осы ағым үлгісінде жазылып жүр. Бұл да көңіл қуантарлық нәрсе.

Постмодернистерде өз қоғамына көңілі толмаушылық жиі кездеседі. Жас қаламгерлер шығармаларынан осы дүниенің іздері байқалады.

Батыс европа постмодернистерінің шығыстық үлгіде жазылған жазушылар шығармалары мойындалмай жатқан себебі, олар тудырған әдебиетте құдай жоқ, ал ондай шығармалар бір күні оқырманды таң қалдырса, екінші күні ұмыт болады.


жүктеу 3,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау