ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА АРНАУЛЫ БIЛIМ МИНИСТРЛIГI
А.Бектаев, Т.Турткулбаева
ҚАЗІРГІ ӘДЕБИ ПРОЦЕСС
(жоғары оқу орындарының қазақ тiлi мен әдебиетi мамандығына
арналәан оқу көмекшi құрал)
Ташкент 2012
Аннотация
Оқу құралы қазiргi әдеби процесс пәнiне арналған болып, онда бүгiнгi таңдағы ақын-жазушыларымыздың шығармашылығы, олардың өз туындыларындағы көтерген көкейкестi мәселелер, яғни поэзия, проза, драма жанрларының осы кезеңдегi орны, олардың тақырыбы, мазмұны мен ой-түйiндерiнiң жаңаша бағытта екендiгi қарастырылған.
Сонымен бiрге оқу құралда тәуелсiздiк жылдарындағы әдеби жаңалықтар мен жаңа тақырып, ағымдар мен өзiне тән ерекшелiктерi қарастырылады. Олардың туындыларына талдаулар, ой-түйiндер, түрлi пiкiрлер айтылады.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттерi мен мұғалiмдерге арналады.
Учебное пособие предназначено по предмету о сегодняшней процессе литературы, в нем предусматривается произведений поэтов и писателей сегодняшнего дня и проблемы в их произведениях, то есть о процессе поэтических, прозаических и драматических жанров, и о заключительных идеи.
В том числе в учебном пособие предусматривается новые произведений литературы и новые темы направлений и его различие. В нем описывается литературные анализы, заключительные идеи.
Учебное пособие предназначено для студентов высших учебных заведений и учителей.
The aid scrutinizes modern literature processes, works of poets and writers within poetical, prozal and dramatical gaures, their issue, core and totals. In additiqu it contains literature news and its new areas, differences, briefs and final ideas.
The training aid is for students of high edicational institutions and theachers.
Пiкiр жазғандар: И.Якубов
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Ғ.Мамбеткаримов аға оқытушы
К I Р I С П Е
Қазiргi әдеби процестiң, әсiресе, тәуелсiздiк жылдарындағы қазақ ақын-жазушыларының поэзиялық, прозалық және драмалық туындыларын қарастырғанда, ондағы әрбiр жеке шығармаға негiзделе отырып олардың өзiндiк айтар ой-сезiмдерiн аңғаруға болады.
Әрине, әдеби процесс – бұл белгiлi бiр дәуiрде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердiң, аймақтардың, әлемнiң күллi тарихи кезеңдерiнде өмiр сүрiп келе жатқан әдебиеттiң тарихи – заңды қозғалысы.
Әдеби процесс әрбiр тарихи кезеңде әлеуметтiк, идеологиялық және эстетикалық тұрғыдан жазылған әр алуан сападағы кесек образдар мен қарапайым бейнелер кескiнделген қарадүрсiн шығармалардан – көпшiлiкке арналған әдебиеттерге дейiн өз бойына үздiксiз сiңiрiп отырады. Мұның қатарына олардың жиi жарық көретiн жарияланымдары мен басылымдары, әдеби сын, естелiктер, әдеби эпистолярлық жанрларда жазылған оқырмандардың үн қатысуы да жатады.
Әдеби процесс терминi XX ғасырдың 20-30 жылдарда пайда болып, 60 жылдары кеңiнен қолданыла бастады.
Әдеби процесс адамзаттың эстетикалық, рухани құндылықтарының толығуының тарихы. Әдеби процесс – жеке тұлғалар өзiнiң әкелген айрықша көркемдiк ашылымдарымен, өзiне дейiнгi құндылықтармен қайшылыққа түсе отырып, әдеби процестiң құрамында кезеңдiк, жалғастырушы өзгертушi қызмет атқарады.
Әдеби процесс – эстетика мен әдебиеттанудың, өнердiң, теориясы мен тарихының, сондай-ақ поэтикасының ортақ көркемдiк категориясы болып табылады. Сонымен бiрге әдеби процесс – көркемдiк дүниенiң қозғалысы мен дамуын зерттейтiн методологиялық әдiс.
Бүгiнгi таңда қазақ әдебиетi жанрларының орны қай жағдайда екендiгiне көңiл бөлсек, әрине бүгiнгi күнде поэзияның орны ерекше мәнге ие. Ақын-жазушылардың, әсiресе тәуелсiздiк алғаннан бергi уақытта жазған туындыларының барлығы да отан, өмiр, халықтың әлеуметтiк жағдайынан хабар берiп тұр. Мәселен: Мұхтар Шаханов, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Фариза Оңғарсынова, Оразақын Асқар, Исраил Сапарбай, Темiрхан Медетбек, Есенғали Раушанов, Дандай Ысқақ, Мұратбек Оспанов, Ханбибi Есенқараева, Ақұштап Бақтыгереева, Марфуға Айтхожина, Маржан Ершуова сияқты бiрнеше ақын-жазушылардың аттарын атауға болады.
Әдеби процесс пәнiнiң мақсаты мен мiндеттерi
Жоспар
1.Әдеби процесс жайлы түсінік.
2.Әдеби процестің қамыту аясы.
3.Пәннің атқаратын міндеттері.
4. Қорытынды.
Тірек сөздер: «Қазіргі әдеби процесс» курсының объекті, предметі, мақсаты мен міндеттері. Соңғы 20 жыл ішінде әдебиет әлемінде орын алған келелі мәселелерге шолу.
Қазіргі лирикадағы жаңашылдық ізденістер. Егемендіктін нәтижесінде туған әдеби процестегі жаңалыктар. Тарихи және жеке адамдарға деген көзқарастың өзгеруі. Жаңа такырып, жаңа бағыттардың пайда болуы. Бүгінгі қазақ әдебиетінің өзіне тән ерекшелігі.
Адамның, оның жеке басының басты мәселеге айналуы, жалпыхалыктық, рухани ой-сана проблемаларының күшеюі, жанұя мәселесіне көп көңіл аударылуына байланысты болып табылады. Бұл мәселелерге жауапты қазіргі қазақ лирикасынан Қ.Мырзалиев лирикалары мен Ғ.Қайырбеков, Ж.Молдағалиев поэмаларынан молынан кездестіруге болады.
Егемендік жағдайындағы халыкгық үлтгық сезімін оятушы, сенімділікке үндейтін елендер – бүгінгі әдеби процесте алдыңғы және жетекші жанр болды. Поэзиядағы жана тарихи сезімге үндеу, рухани толысу және ой-сезім тазалығына үндеу идеялары алға қойылды.
Қазіргі казақ поэмасындағы жанр, түр ізденістер де басты мәселелерге айналды. Бүгінгі поэманың жаңашылдығы жаңа идеялардың пайда болуы, дәуір тынысын жаңаша сипаттау. Сабырхан Асановтың «Сағыныш сазы» Оралтай Біләловтың «Дала мен домбыра» поэмаларын такырыптық тұрғыдан талдауға тұрарлық шығармалар. Монолог типіндегі лирикалық поэмалар, поэмадағы лирикалық қаһарман бейнесі, эпикалык элементтер араласқан поэма-дастандар. Дастандарға эпикалык элементтердің кірігуі — дәуірдің талабы. Әдістер мен түрлерді дамыту жолындағы ізденістердің әрі қарай жалғас табуы лироэпикалык және драмалық түрлерді жетілдірілу қажеттігін пайда етеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қазақ әдебиетіндегі жаңа белес дегенде ненi түсiнесiң?
2. Әдебиеттегі бүгiнгi күн тақырыптары қайсылар деп ойлайсың?
3. Тәуелсiздiк жылдардағы шығармалардың қандай өзiндiк ерекшелiгi бар?
4. Қазіргіде әдебиетте өнімді қалам тербеп жүрген қайсы ақын-жазушыларды білесің?
5. Соңғы уақытта қандай шығармаларды көп оқығаныңды атап бер.
Бүгiнгi таңдағы поэзияның өзiне тән ерекшелiктерi
Жоспар
1. Поэзия және оның әдебиеттегі маңызы
2. Поэзиядағы жаңа тақырыптар
3. Поэзиядағы жаңа өрнектер.
4. Қорытынды.
Тірек сөздер: Поэзия - халқымыздың жан-күйiнiң жарқылы, сезiмiнiң сырлы шектерiнiң пернесi, оның эстетикалық көзқарасының сәлелерi, оның этикалық арманының айнасы. Әрбiр шығарма – ақын жанының қайрат-күшi, ой-пiкiрi, тiршiлiк тынысы, рухани қуаныштары мен күйзелiстерi, бүгiнгi мақсаты, алдағы үмiтi.
Поэзия - ақынның жаны, тамырын қуалай аққан қанның ары, ақынның Отан алдындағы ожданы. Поэзияның оқушыға мол даритын күшi ешбiр цифрларменен, ешбiр көрсеткiш. диаграммалармен белгiленбейдi. Поэзияның халыққа жасайтын қасиеттi әсерiн ешбiр электрон машинасы ешбiр ғасырда да есептеп шығара алмайды.
Поэзия әр уақытта үлкен мiнбеден бар дауыспен айтылып келедi. Бiрақ, поэзияның құпия құбылстарын, сан алуан сырларын, иненiң жасуындай шыңырау түбiнен шымырлап қана елес беретiн көзiн, оның көктен жерге құйылған күн сәулесiндей жанарға шалынбайтын жасырын жұмбақтарын, оның алда тұрған қат-қабат дiлгiрлiктерiн әлi түгел айқындап ешкiм айтып бере алған емес. Тiптi, поэзияның қатып қалған догмасы да жоқ. Оның теориясы да өмiрдiң даму диалектикасы секiлдi өзгерiп отырады.
«Поэзияның асылы әдемiлiк, әсемдiк. Онда оғаштық, кедiр-бұдырлық, олпы-солпылық болмашы нәрсе деп есептелмейдi, тiптi, кешiрiлмейдi. Өйткенi ол көркем шығарманың ажарын түсiредi. Кейде бiр ғана жаман шумақ, бiр ғана жабайы, қарапайым сөйлем, бiр ғана мағынасыз сөз, бiр ғана орынсыз қолданылған сөз бүкiл шығарманың және ең тамаша деген шығарманың құнын жойып жiбередi1«, - дейдi ұлы сыншы В.Г.Белинский. Бұл қағиданы бiздiң ақын-жазушыларымыз естерiнде мықты ұстауға тиiс.
Осы тұрғыдан қарағана, бүгiнгi тiлге тиек, әңгiмеге арқау болып отырған тәуелсiздiк жылдарының әдебиетi несiмен ерекшеленедi, сипаты, идеясы, бағыты мен тұжырымдамасы бар ма деген сауалдар басын ашып алу керек шығар. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарындағы қиыншылықтың, қолына қалам ұстағандарды да айналып өтпегенi белгiлi. 90-жылдары әдебиетке келген буын өкiлдерi осы бiр мүшел уақыттан аса не жазып, не тендырып жүр деген сияқты сұрақтар өздiгiнен туындайды. Бұл тұрғыдан қарасақ, қазiргi әдебиеттегi поэзия жанрының орны бөлек.
Қазiргi поэзиямыздың эпикалық саласынан гөрi лирикалық саласы қатты шырқап өстi деп батыл айта аламыз. Поэзияға эпик ақындарымыздың қосқан үлесiмен қатар қазақ әдебиетiнiң алдыңғы буыны болып есептелетiн лирик ақындарымыздың қосқан үлесi де өзгеше. Қазақ поэзиясына өткен ғасырдың тұсынан өте Бере келiп, соңгы отыз жылда тек қана өзiне тән өзгеше мазмұнын ашқан, тек қана өзiне тән өзгеше пiшiнiн тапқан шын мәнiндегi шынайы талант иесi – Қадыр Мырзалиев. Ол халқымыздың, туған жерiмiздiң бұрынғы қадiр-қасиетiн сәттi жырлап келе жатқаны жұртқа аян. Ол еңбектерiнде жаңа дәуреннiң, жас азаматтың бейнесiн жасауға бет бұрды. Ақын өлеңдерi оқушы жұртшылығына салиқалы ойыменен, тапқырлығымен, түйдек түйiндерiмен қымбат. Ақын өлеңдерi барынша қысқа, барынша ойлы. Бiрақ, Қадыр Мырзалиев өлеңдерiн бiрыңғай ақылға құрмай, жастыққа тән жалынға бөлеп, сезiм серпiнiне көбiрек еркiндiк беруi керек.
Ал бүгiнгi тақырыпқа арқау болып отырған тәуелсiздiк дәуiрiндегi әдебиет қазақ әдебиетi тарихында белгiлi бiр кезең ретiнде нақты қарастырылмаған, 1991 жылдан басталатын, тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi әдеби процестi атасақ ұтымды болар едi. Бiрден бүгiнгi жан-жағы күрделене түскен поэзиямыздың жасыл бақты өңiрiне көз жiберсек, осы бiздiң қасиеттi шаңырағымызбен бiр туып, бiр өркендеген ақындарымыз, Мұхтар Шаханов, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев, Сағи Жиенбаевтардың бiр-бiрiне ұқсамайтын поэзиясы көтерiп тұрған жүк алыптың аспандатқан ақ жарығындай елестейтiнi айдан анық. Әрине, олардың айналасындағы хормен қосылып кететiндей жұлдыздарымыз да баршылық, тек қана баршылық емес, жеке дара шоқ жұлдыздай жол көрсетiп жарық төгуде.
Өлең жолдарын оқығанда дүниедегi қарабайырлықтың қоқыстан, арамдықтан, аярлықтан азат күй кешуге болады, көңiлiң көкке өрлеп, айналаңа биiктен қарай бастайсың. Жүрекке жылы тиетiн, қиялыңды қозғайтын, жақсылыққа жетелейтiн поэзияның асыл қасиетi де сол.
Олардың бер жағында бүгiнгi ақындарымыз Өтежан Нұрғалиев, Жарылқасым Аманов, Сәкен Иманасов бастаған топтың да жазуы бөлек, айтар ойлары да еркiн екендiгi елге аян. Осындай аға буын топтардың ой қаузаған сөз маржанын кемшiн соғып жатыр деп әсте айта алмаймыз. Оның бел-белесiнде Сабырхан Асанов, Қайрат Жұмағалиев, Дүйсенбек Қанатбаев, Нармахан Бегалиевтердiң ой-парасаты, қиыннан қиыстырар сөз нәрi мен мәнiне ден қойғанда небiр поэзия тылсым-құпиясының мөлдiр тұнбасынан сусындап шыққандай жаның жадырап сала беретiнi бар.
Соңғы уақытта «Жазушы» баспасынан жарық көрген Ерұлан Бағаевтың туындыларын ерекше атауға болады. Оның «Қоштасқым келмейдi», «Саумал дала» атты жыр жинақтарына көңiл бөлейiк. Онда мына жалған өмiрге деген ғашықтығы бар сөнбеген жанның философиялық арнаға құлаш ұра бастағанда, яғни өз айдынына беттеп:
Қателесу - үйреншiктi iсiндей,
Қателескен ел алдында кiшiрмей.
Адамдар көп өтiп кеткен өмiрден
Өз қатесiн өзi толық түсiнбей.
Қай адамды қателесiп көмедi.
Көнбес iске қателесiп көредi
Қателеспей өлмейтұғын адам жоқ.
Өмiр ғана қателеспей өледi.
деп өзiнiң ғашық жанын олай деп отырғанымыз осы «Саумал самалда» қыздардың неше қилы бейнелерiне тап боламыз. Жастық емес пе, тiптi солардың бейнелерi мен мiнездерiнiң галереясын жасағандай солардың ара-арасында осындай философиялық ақыл-парасатқа соғып, өзiн-өзi тоқтатып алып, бейне бiр көңiл серпiлiсiндей әдемiлiкке өзiн-өзi суарып отыратындай екенi ғажап қой.
Алқына аптықпай, темiрдей төзiммен, шалдуарланып, шаптықпай сыпайы мiнезiмен көрiнген ақындарымыздың бiрi - Мұхтар Шаханов. Ақынның балладалары, өлеңдерiнiң басты қасиетi құрғақ қиял емес, хаттылық, тiлдiк құнар, суреттiлiк, дәлдiлiк, кейде өз ойын ашып айтпай мшаратпен бiлдiрiп, оқушыға ой шылбырының ұшын тастап кетушiлiк. Ақынның поэмалары өзiнiң көркемдiк қарапайымдылығымен, табиғилығымен, сезiм логикасымен, шешiмiнiң заңдылығымен оқушыға үлкен ой салады. Соңғы уақытта «Түркi тiлдес халықтар арасындағы ең үздiк әлем ақыны» (Гебзе, 2002) ондаған халықаралық сыйлықтардың иегерi, бiрнеше шет ел академияларының мүшесi, Қазақстанның халық жазушысы деген атқа ие болған. Оның шығармалары дүние жүзiнiң 40-тан астам тiлдерiне аударылған, қазақ тарихында және әлемдiк әдебиетте өз орны бар.
Мұхтар Шаханов - ұлт мүддесiн қорғаушылардың ең алдыңғы сапында келе жатқан қайсар, тұлғалы ұлы ақын. Арал қасiретiне күллi әлемнiң назарын бұрған да – М.Шаханов болатын. Оның поэмасын ЮНЕСКО тарапынан ерекше назар аударылуының басты себебi қазiргi кезеңдегi Орта Азия қоғамдық-философиялық ойлау деңгейiнiң жаңа белестерге қол артқандығынан ғана емес, осы дара ақын туындыларының бүгiнгi әлемдiк поэзиядағы жаңа биiктiк ретiнде мойындалуында және оның өз сана-түйсiгi арқылы XX ғасыр тудырған келеңсiздiктерге батыл күрес ашуында жатса керек.
Мұхтар Шахановтың тұңғыш өлеңдер жинағы «Бақыт» деген атпен жарық көрдi. Махаббат, достық тақырыбындағы адамгершiлiк, абзал қасиеттердi жырлаған «Балладалар», «Қырандар төбеге қонбайды», «Махаббатты қорғау», «Ғасырларды безбендеу», «Өркениеттiң адасуы», «Арал қасiретi», «Нарынқұм трагедиясы», «Жеңiлген жеңiмпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателiгi», «Жазагер жады космоформуласы» атты өлеңдерi мен поэмалары, романдары басылды. Жазушының «Жазагер жады космоформуласы» атты романына үзiндi келтiрейiк.
Ұлылар мен орташалар
…Мiне, қызық, ылғи бойын зорайтқан соң күлiп
Алдан,
Пайымсыз жұрт орташаны биiк қойған ұлылардан.
Ұлылардың осал жерiн орташалар бiлiп алған.
Ұлы ойлардың иығына орташа ойлар мiнiп алған.
Сан алқалы жиындарда орташалар той бастаған,
Хас тұлпардың даңқын бөгеп орташа аттар ойқастаған.
Мынау марғау дәуiрдiң де орташалар – сүйенерi,
Билiктегi бастың көбi – орташа ақыл иелерi.
Техникалық түйсiгi мен қарынының қадамы бiр
Ұлы Рухын сыртқа тепкен орташа ойдың заманы бұл.
Шулы нарық базарына ене алмастан ұят қалып,
Семiз Байлық шiренедi жер кiндiгi сияқтанып.
Ғасыр арсыз болған соң ба ұят, Намыс жүр киiмсiз,
Ал, Рухты жалаңаштау қоғам үшiн тым тиiмсiз.
Жалаң аяқ қалай жүрмек, жолда сансыз шеге жатыр.
Неге оған болыспайды қайсарсана, кемел ақыл.
Ағатай, сәл сақтаналық рухсыз күш неге батыл?
Баспен емес, қарынымен ойлайтын топ келе жатыр.
Арал қасiретi
Кемелер жүздiрген шағылтып желкенiн айға,
Тау толқын төсiнде кербелген ерке күн қайда?
Қайда сол дәуренiң тағдырдан күш-қуат сезген,
Шағала көктемiң дүркiреп ұшты ма көзден?
Сенемiн саған,
Тұрғанда аман
Адамдық күшi, ой күшi.
Аралым менiң,
Жанарым менiң,
Халқымның ұлы қайғысы.
Бұл өлке қалайша болады азап түнегi,
Ежелгi мұң-зарың аз ба едi, қазақтың елi?
Қайтемiн, Аралым, бүгiн де қалды сүлдерiң,
Төзiмi елiне ұқсаған көнбiсiм менiң.
Аралым, күн туды басыңа дүрбелең-керең,
Кiм ұшпақ шалды анау өзiңмен бiрге өлем деген.
Безбүйрек ғасырың қағады қанатын үнсiз,
Бiр жылда екi ұлын жоғалтқан ана тұр тiлсiз.
Бiздiң қазiргi белгiлi ақындарымыздың санатынан орнықты орын алған – Оразақын Асқар десек өте орынды. Бұл кiсiнiң өмiр тарихының өзi өзектi өмiрдiң өксiгiн өзiнше жұтқызған жол салардай. Бiрақ өзi шет жұртта жүрсе де, алдына мақсат қып қойған мүддесiне жаңылыспай қадам жасаған жөн. Бұған әрине, өзiнiң оқи алмаған өкiнiшiн толықтыру үшiн әкесiнiң баласына жасаған қамқорлығы, жеткiзе айтсақ, бойындағы бар қуат-күшiн, бар ынта-жiгерiн, ықыласын ұрпақ жолына құрбан еткен еңбегi не тұрады, тек соған лайық бала болып, сол әкенiң ықыласына орай талаптанып әрекет жасайтын ұрпақ болса, онда ата-ана үмiтiнiң ақталғаны деп бiлу керек.
Бұл кiсiнiң үш томдық жыр жинағының бiрiншi томы – «Отан деп оянғанда» деген атпен жарық көрген. Тұрмысында өскен ортасы өзiн сабырлылыққа тәрбиелесе де соған өзi бейiмделiп тәрбиеленсе де бұл ақынның жырлары асып-тасқаннан гөрi өзiнiң қоңыр желiсiнде көрiнетiн қалпы сақталған.
Оның жырлары өз тағдырының жанына жара салған бар күрсiнiсiн әдемi жырмен жұмсартып, балзаммен баптап сылап тастағандай Жан дүние әуеннiң қулақ бұрауын берiк бекiтiп алғанына көзiмiз әбден жетедi. Яғни осы бiр жол-жорғалық әуендi келе-келе қоңыр үнге айналдырып, өз халқының қара өлең құдыретiнен нәр алдырып, төрге өрлеген ақын екендiгiнде сөз жоқ. Олай болса, бiз өзi әр кезде кие тұтатынтуған әкесiне арнаған өлеңiне дес берейiк.
Есейiп оралсаң да шалғайыңнан,
Еңкейтiп иiскейдi ол маңдайыңнан.
Ұйқыңнан қанша ерте оянсаң да,
Естисiң тыстан үнiн мал қайырған.
Тұнығын шайқасаң да оңды-солды,
Кешiргiш, мейiрiмдi, бөлек орны.
Көңiлi хош, дүниесi түгел оның
Қалқиып көз алдында жүрсең болды, - дейдi.
Ал ендi оның «Анама» деген өлеңiне назар аударайық.
Есейiп жiгiт болсам да,
Қоймайсың айналғаныңды.
Өзге үйге бiр күн қонсамда,
Айтасың сағынғаныңды.
Көзiмде сәби былдырлап,
Не дедiм, қалай жүгiрдiм.
Айтасың ылғи қызықтап,
Қылығын сол бiр күнiмнiң.
Есейдiм, ол бiр кез,
Өмiрге ойлы қарадым.
Қалыпты бойда бал мiнез,
Алдыңда әлi баламын.
Мiне ақынның ұшқан ұясы. Ынтымағы ұйыған осындай екi жанның ықыласы құйылған ұрпақ ақын болмауы тiптi де мүмкiн емес дегендей. Яғни ата-бабасының атамекенiнен алшақ кеткенмен әкесiз жетiм шерлi жетiм деген тағдыр азабына түспегеннiң өзi не тұрады. Негiзiнен жас сәбидiң қаз тұрып кетуiне қос тiрек болатын ата-анасымен және Отан от басынан басталадының қуат-күшiне көзi жеткен жас ақынөз жырының бастауын осылай бастайды. Оған қоса ақын өле-өлгенше әке арманын бiр сәтте есiнен шығармауға серт бергендей үнемi осы тақырыпқа қайта оралып отыратындай әсер тастайды, яғни сонау жат жерде көз жұмған әке арманымен ақын үнемi қос өмiр сүрiп келе жатқандай. Болмаса ақын өзiнiң «Туған жердiң картасы» атты шағын дастанындағы әкесiнiң:
..Көрдiң бе сонау тауды нұр жамылған,
Қараудың өзi жанды ырза қылған
Мен оны көз жұмып та көре аламын,
Шықпайды жатсам-тұрсам бiр жадымнан.
Созылған сонау таудың аты – Жоңғар,
Қырандар қиясынан қанат қомдар.
Басына кен жастанып, құс төсенiп,
Шулы өзен, шүйгiн шөптi жатар жондар.
Туған тау одан төмен, жеке дара,
Ерекше қасиеттi Долаңқара,
Бiледi жауа ма күн, соға ма жел,
Қарай сап қариялар соған ғана.
Сағынттың естен кетпей, қайран өсек,
Суыңнан бiр жұтар ма ем бауырым төсеп.
Ну орман жағаң толы өрiк, алма.
Сенде екен, құт-береке қайда десек.
Келгенше көптi көрдiң осы жасқа,
Жаһанда жер жетпейдi Үйгентасқа.
Әр жазда Белжайлауда асыр салған,
Жайлауда жадыраман одан басқа… - деп «Әке арманы» одан әрi ағыла бередi. Сол әкенiң арманын үмiт артқан ұрпағы мүлтiксiз орындап, Қазақстанға алғаш жол тартқандардың бiрi болып елге жетiп, әкенiң санасында мәңгi жұмақ болып тұрып қалған туған өлкесiнде алшаң басып және сол өлкенiң ажар-көркiн өзiнiң асыл сөздерiмен өрнектеп жүрген ұлынан айналып кетпей ме деген ой кiмдi болса да бүйiрiнен түртiп өтедi.
Жалпы алғанда ақын еткен бiрiншiден, «Әке арманы» болса, екiншiден, өзiнiң iшкi қасiретiн сонау ата-бабаларының туған топырағының шипалы табиғатымен емдеуге келгенде алдына Жан салмайтындығы екi бастан. Содан да болар Оразақын Асқар ешуақытта қасiрет салған жараның бетiн тырнамай қайта оның емiн өз Қазақстанының әрқилы табиғат құбылыстарын тауып шарқ ұрып жазылып кеткендей күй кешедi. Және соның өз жүйесiн жүрегiнен өткiзiп, ақырын аңдағандай баяу әуенмен жол жорғасын қамшылай түседi. Яғни өзiнiң бойына бiткен шамасындағы талантына са ауыр жүк те артпай, екiншi жағынан тым жеңiлдетiп те жiбермей тiзгiндi бiр қалыпта ұстауға әбден шеберленiп алған ақын. Осыған орай ақынның өз жаратылысынан толық хабар беретiн «Мейiрiм» жырына көңiл бөлейiк.
Мейiрiм күннiң көзiнде,
Мейiрiм ана сөзiнде.
Адамдық әрбiр жүректен,
Әркiмдi жазсын сезуге.
Бiрге ол кiшiпейiлмен,
Мейiрмен қайғы сейiлген.
Мейiрмен ұстаз үйреткен,
Сәбилер өскен мейiрмен.
Мейiрiм жылы жүздерде,
Мейiрiм пана түздерде.
Мейiрiм бойда мол болса,
Танытар түбi бiздi елге.
Мейiрiм менiң пейiлiм,
Мейiрiмсiз көрсем кейiдiм.
Мейiрiм әсте жауда жоқ,
Бiзде жоқ жауға мейiрiм, - дейдi ақын.
Бұл бiздiң бүгiнгi таңдағы жаңа замандық адамдарда жетiспей жатқан қасиет. Бұрынғы елдiң мейiрiмдерi өз арнасын таппаған соң, олар да басқаша болып кеттi ме әйтеуiр, ойлауымызша бар дүниенi бүлдiрiп жатқан сол адамның мейiрiмi мен пейiлiнiң бұзылғанына таң қаласың. Ақын соны ақырын айтып өз оқырмандарына сiңiрiп жатқандай.
Былайша айтқанда Оразақын Асқар қашан болсын табиғат пен адам мiнезiндегi астасып жатқан әлемдi барынша нақты беруге тырысады және онысы әп-әдемi көркем бейне де болып жатады.
..Аяз неткен күйшi едi, Тасығандай өнерi,
Құлақ күйiн келтiрген. Әркiм билеп алады.
Жол-домбыра iшегi, Аяз күшiн содан бiл,
Аяқ бассаң шертiлген. Қарыған-ау шыдатпай.
Аялдама дегенi, Күннiң өзi қып-қызыл,
Секiлдi би алаңы. Тоңып қалған құлақтай.
Бұл ақынның «Аяз» деген өлеңi. Былай алып қарағанда ақынның ешкiмге ұқсамас жеке аязы, бiрақ елдi күдiксiз сендiретiн ғажап. Немесе:
Керiлген алып қанаттай, Шөптегi шық та асылдай,
Таулар тұр бұлтын таратпай. Жылтырап көзге басылды-ай.
Терiскейiнде қар жатыр, Тас жатыр малдай қаптаған,
Жазылмай қалған парақтай. Мал жатыр сайдың тасындай.
Қарағай қырқа жалындай, Қараймын мауқым басылмай,
Беткейдiң арша қалындай. Шалкөдем менiң осындай.
Сай-сайын жаппай жарысып, ..Киiз үйлер - қатар түймелер,
Ағады бұлақ арындай. Өзенi қаусырмасындай.
Жоғарғы екi өлеңнiң бiрi табиғаттың мiнезi, ендi бiрi табиғаттың жаратылысы, екеуi бiрдей ақын суреттемесiнен орын алған. Қандай жарасымды. Былайынша айтқанда ақын мейiрiмiнiң құшағына бөленген. Өлең шумақтарының ара-арасында жыр жолдарын толықтыратын қарапайым сүйенiштерiн санамағанда ақын тауып кеткен сонны теңеудiң сонарлы iзiне ерiксiз сүйсiнесiң.
..Желпiндiрiп жел басты көрiгiне,
Шымырладйы нөсердiң көлi мiне.
Тау шомылып жатқандай рахаттанып,
Ақша бұлттың көмiлiп көбiгiне…
…Жеңiл буымен құттықтап күн тiл қатып,
Бас изедi тау жүзiн сүртiп жатып.
Гүлден көйлек, шыршадан қамзол кидi,
Сансыз меруерт-маржанын жылрылдатып.
Нөсер алыс кеткен соң қыран қанат,
Әр сайда су түлкiдей бұлаңдамақ.
Жас бұзауын аңдыған ақ сиырдай,
Тұр тұмсықтан үй жаққа тұман қарап, - деген сияқты тұла бойытұнған суретке де тап бола кетемiз. Тiптi, ақын бiр жырлаған тақырыбын он қайтара толғанса сол он жырдың бiр-бiрiне ұксамай жататыны тағы бар. Және сондай сүйкiмдi де нанымды келетiнiн қайтерсiң. Оған суретшiлiгi мен қарапайымдылығын қосыңыз. Сонда жырдың төрт құбыласы түгелденуi деген сөз, ол өз оқырманының ойынан шықты деген сөз. Олай болса, ақын бақытының ең биiк щырқауы сол екендiгiне көзiң жетедi.
Қуды көктем қысыңды, Көрiп көңiл құштарын,
Күнге төрiн ұсынды. Мен де қалам ұштадым.
Қарсыласқан ақ қарды, Қалмасын деп аспан бос,
Қара терге түсiрдi. Жапты көктем құстарын.
Арналарға су келдi, Көктем жылдың құсындай
Ағаш бiткен бүрлендi. Сұлумын деп сызылмай,
Жерге жайып көкмайса, Ете бiлдi iсiмен,
Ғашықтарға гүл бердi. Жазын жайсаң, күзiң бай, -
деп қарапайым ғана ойыңнан шығып жатады. Былай алып қарағанда онша асып бара жатқаны да шамалы сияқты. Ал зерделей үңiлсек, ақынның қарапайым сөз қолданысынан тiрi табиғаттың жаңғырып, жанданып тұрғанына көзiң жетедi. Ақынның осы тақылеттес жырлары байқағанға молынан көрiнедi. Бiрақ әрқайсысы өз тартымдылығымен көңiл бұрғызады. Бiз бiр сәт ақынның сүйiспеншiлiкке деген бағасын көрейiк:
Өткен жоқ уақыт кiрпiк қаққан құрлы,
Қаламым бiр өлеңдi аттандырды.
Сөйтсе де ұнатамын бәрi бiтiп,
Таптырмай жалғыз сөзi жатқан жырды.
Сырымды әлденеше ай тыңдаған,
Сыры да боп көрiнген айқын маған.
Әлгi өлең аяулы осы ғашығымдай,
Жалғыз сөз «Сүйем» дейтiн айтылмаған.
Шындығында ақынның қай жайды не көрiнiстi межеге алмасын, соған өзiнiң бүкiл ынтызар пейiлiмен қулайтынын бiлдiредi. Өйткенi ақын бойында оған деген сүйiспеншiлiк махаббаты бар. Және онсыз жыр да болмайтыны ақиқат. Олай болса. Бұл жағын да берiк ұстанған.
Жалпы ақынның әу дегендегi пiрiнiң бастауы өзiн дүниеге әкелген ата-анасы болса, одан кейiн барып айнала танымның құдыретiне бөленетiнi ақиқат. Қашан да әке арманымен бiрге жасаған Оразақын, сол «Туған жердiң картасын» өзiнiң iшкi табиғатымен, сыртқы жаратылысымен жыр өрнегiне түсiруден жалықпаған жан. Осыған орай әр қилы тақырыптарды қаншалықты қамтыса да ой-жүйесiнiң темiрқазығындай әке арманы айналып толықтыра түседi. «Туған жер» деген өлеңiнде:
Көз тастасаң дала сен, Әр төбесi – тарих,
Көркемдiкке тау да ие. Әр адамы – шежiре.
Әр сайы – бiр арасан, Осы болар жерұйық,
Әр ағашы - әулие. Түспеген Асан көзiне, -
деп тағы бiр соғады. Әр оралып соққан сайын, жырдың жаңа бiр тұсынан өзiн көрсетiп жататын ақынның ешуақытта айтары таусылмақ емес. Олай болса, ақынның барша жырын жинақтап бiр тұжырымға келер болсақ, бiрiншiден. қарапайым қара шаруа әкесiнiң үкiлеген үмiтiндей арманын алғаусыз ақтап шыққан ақын кiм десек, соның бiрi Оразақын деймiз. Сол әке үмiтiн өзiне қасиеттi қағида етiп, жазған жырларының өзiнiң туған халқының ойынан шығып жатқандығы соның кепiлi. Екiншiден,ақынның қасiрет-қайғы, жамандық атаулыға назар салмай бiрыңғай жақсылық өресiне қанат жайып жазған жырларының жемiсi бүгiнгi күнi өзiн де үлкен абыроймен жетпiс екi деген асуға шаршатпай, шалықтырмай әкелiп отыр. Мұның өзi үлкен абырой. Оның үстiне өз ұлтының құдыреттi қуатындай қазынасы - қабырғалы қара өлеңнiң жүйесiн келтiрiп, жүйкесiн бекiткен еңбегi де өз алдына жатқан үлкен еңбек. Сол адамдарды шүкiрлiк тобаға шақыратын қара өлең қасиетi болар, ақын әр кезде қанағат жырдың қанатынан нәр алады.
Кей ақындар өз заманындағы өмiрдiң тұтқасын ұстап отырған төрдегiлермен арыстандай арпалысып өтедi, ендi бiрi сол тақсырлармен әмпайласып, көңiлiнен шығып, тiлiн табумен болады. Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиев туралы сөз қозғасақ, ол сол аталған екi сарынға да жатпайды. Қай сатся жүйе жайласа да, сағасы толы, суы мол, жағасы бай қалпында ағып жатқан дариядай өзiнiң сабырлы да қажырлы, инабатты мiнезiмен ақындық парызын өз ұстанған бағытында ақтай бередi. Дариядан Тұманбайдың бiр өзгешелiгi – ол ескi сарынын қайталамайды, уақыт өзгерген сайын, заман жаңарған сайын құлшына түсiп жаңа нысана жолында емiн-еркiн шабыттана бередi. Ақын:
«Өмiрдiң жақсы бүгiнi .
Ескi өшсе, жанар жаңа бар.
Адастырмаңдар iнiнi,
Алдымда жүрген ағалар»
- десе аз сөзге жүгi ауыр мән, мағына сыйғызған. «Қырық жыл жұмақтан бiр күндiк өмiр артық» дегендей ақын кiмге де болса бүгiнгiнiң жақсылығын уағыздайды.
Тынымсыз еңбегi мен сарқылмас шабыты, азаматтық iзгi арманы, мейiрбан мiнезiнiң арқасында ол өз елiнiң ең сүйiктi ақындарының бiрегейi болып отыр.
«Бәрiне болдым төзiмдi,
Төзiмсiз болсаң төнер бұлт.
Кешегi айтқан сөзiңдi,
Бүгiн де айтсаң со қорлық»
- десе, «Төзiмсiз болсаң төнер бұлт» -деп ұлағатты ұлы сөзге жеткенiн аңғартады. Ол бұл ой түйiнiнен өзi шеккен өмiрдiң өзегiнен өрледi. Жас кезiнен бастап бүгiнгi үлкен ақынымыздың бойында мөлдiр мақсат, қанатты арман ұялады. Тұманбайдың iшкi қуат-күшi өжеттiк пен табиғи тамаша дарынынан, төзiмтал мiнезiнен сусындады, сонымен бiрге алдына анық мақсат қойып, сол нұрлы жолдан тайдырмады.
Әкесi Отан соғысына қатысып қайта оралмаған, жалғыз шешесiмен жетiм қалып, өмiр тақсыретiн талай тартса да Тұманбай Молдағалиевтiң алғашқы өлеңдерiнен-ақ шуақты сезiм, жарқын ой аңғарылады. Жастық сезiм оны қараңғыдан жарыққа жетелегендей, айналасындағы адамдарға деген жүрек лүпiлiнен жаймашуақ күн сәулесiн көретiнбiз.
Ай қарады көгiлдiр көл бетiне,
Қыз қарады көлдегi келбетiне.
Қосылдыда қос сәуле құшақтасты
Мөлдiр толқын төсiнде тербетiле, -
деп бастаған Тұманбай жарты ғасырдан берi өмiрдегi сұлулықты, адамдар арасындағы жарастықты жырлап келедi.
Дүниеде табиғаттан асқан сұлулық жоқ. Тұманбайдың өсiп - өнген өлкесi – «Жер жаннаты - Жетiсу». Жиырмасыншы ғасырдың бiрiншi жартысында Жетiсуды дүлдүл ақын Iлияс Жансүгiров шалқи жырласа, жиырмасыншы ғасырдың екiншi жартысынан бастап жайсаң ақын Тұманбай Молдағалиев туған жерiн тебiрене толқи суреттеумен келедi. «Тау баласы тауға қарап өседi» деп өзi айтқандай, ақ шыңын ай жұлдыздар аймалаған Алатау – ақын шабытының ақ айдынына айналды:
Тауға шықтым, алғаш ұқтым биiктiктiң не екенiн,
Жұлдыздардың тұр қасында менiң туған мекенiм!
Өз тауымда арманымды күнде тауып жетемiн,
Осы тауда ұға түстiм ұлылықтың не екенiн.
Алатаудан алыс кетсем қайта жету – арманым,
Қайда жүрсем өмiрiмдi Алатауға жалғадым.
Алатаудан алыс кетсем, түсiмде де тау көрем,
Алатауды ұнатпаған жұрттың бәрiн жау көрем.
Алатауға барған болсаң, аға үйiне барғаның,
Мәз болады ол жолымызға құрбан етiп бар малын.
Алатауым көрiнбесе, онда мен де көр соқыр,
Тауды сүйген ұлан болсаң, онда маған көршi отыр…
Асқақ Алатау ақын үшiн Жетiсу өлкесiнiң алтын алқасы ғана емес, адамгершiлiктiң, тазалықтың, мәрттiктiң бейнесi. Табиғатқа таңырқау бар да оны жүрек лүпiлiмен тану бар.
Ақынның ой-қиялы өз Алатауын ғана айналып жүрмейдi, Алтайдың асыл аймағын да, Сарыарқаның сар даласын да, Жайық толқындарын да жағалап кетедi. Онда да сырттай тамашалау, мағынасыз тамсану жоқ. Адамның iшкi дүниесiн қозғайтын құбылыстар арқылы тебiренедi. «Абаймен сырласу», «Арман көрiп Ақ тоғайдан», «Шұбартау ма туған жерiң», «Домбыраң едiм өз қолыңменен шертiлген», «Хамит жездем жетпiсте» т.б. жайсаң жандарды жырлау арқылы ел мен жердiң топырағынан нәр iздейдi.
Жалпы, сұлулықты iздеу, жақсыны аңсау – ақын поэзиясының өзектi арнасы. Ерке сұлу Париждiң көшелерiн қыдырса да, көне Римнiң сиқырлы түнiн тамашаласа да, Тынық мұхиттың таусылмас толқындарында жүзсе де iздейтiнi – жақсылық, iңкәрi – сұлулық. Жарық дүниеге айнала тiрлiкке қыран көзбен, құмар сезiммен қарайтын ақын көлеңкенiң өзiнен сәуле iздейдi, аспан асты гүлге оранып, жырға малынып, жайнап тұрса екен дейдi. «Көгiлдiр көктем – көңiлiм менiң!» деп айналаға жар салғысы келедi. Сонау соғыс жылдарындағы тұрмыс азабынан, аштық-жоқшылықтан асып арманға жетуге жетелеген де, асықтырған да осы сезiм әрине.
Тұманбайдың поэзиясын сөз еткенде, оның ән текстерiн айналып өту мүмкiн емес. Әсiресе ұлы сазгерлерiмiз Нұрғиса Тiлендиев, Шәмшi Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов шығарған күллi халық айтатын талай тамаша әндердiң өлеңiн Тұманбай жазған.
Жыр мұхитында жарты ғасырдан берi талмай жүзiп келе жатқан Тұманбай бүгiн де поэзия дейтiн Олимптiң биiк шыңында тұр. Оның ойды оятатын, қиялыңды қозғайтын, жүрек тебiрентетiн жырлары ғасырдан-ғасырға жалғаса бермек. Сұлулықтан терең сыр тартқан поэзия тұғыры ешқашан төмендемек емес.
Әдеби үрдiстердiң көшбасында тұрған тұлғалардың бiрi - қазақ поэзиясында өзiндiк өрнегiн қалыптастырып, бүгiнде алдыңғы буын ага ақындар сапынан көрiнiп жүрген, дара бiтiмдi шығармашылық иесi –
Достарыңызбен бөлісу: |