Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Драмалық шығарма дегенiмiз не және оған қандай талаптар қойылады?
2. «Әпке» пъесасындағы кейiпкерлердiң сөйлеу мәнерiне, олардың дикциясына, ондағы кiдiрiске көңiл бөлiңдер.
3. Пъесаны рөлге бөлiп мәнерлеп оқыңдар.
МЫСАЛ ӨЛЕҢДЕРДI ОҚУ
«Шегiртке мен құмырсқа»
Шырылдауық шегiртке
Ыршып жүрiп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүрiп жазды алған.
Жаздыгүнi жапырақтың
Бiрiнде тамақ, бiрiнде үй,
Жапырақ кеттi, жаз кеттi,
Күз болған соң кеттi күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ.
Өкiнгеннен не пайда?
Суыққа тонған, қарны ашқан
Ойын қайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады,
Қар көрiндi, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшидi,
Тым-ақ қиын iс болды.
Секiру қайда, сүрiнiп,
Қабағын қайғы жабады.
Саламда жатып дән жиған
Құмырсқаны iздеп табады.
Селкiлдеп келiп жығылды,
Аяғына бас ұра:
- Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!
- Мұның, жаным, сөз емес,
Жаз өтерiн бiлмеп пе ең?
Жаның үшiн еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?
- Мен өзiңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлi ме?
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тидi ме?
- Қайтсiн, қолы тимептi,
Өлеңшi, әншi есiл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкiлде де, билей бер!
Абай Құнанбаев
«Аққу, шортан Һәм шаян»
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бiр күн,
Жегiлiп, тартты үшеуi дүркiн-дүркiн.
Тартады Аққу көкке, Шаян кейiн,
Жұлқиды суға қарай Шортан шiркiн.
Бұлардың машықаты аз болмады,
Жұмысы орнына кеп мәз болмады.
Тартса да бар күштерiн аямай-ақ,
Асылы, жүк орнынан қозғалмады.
Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан пәлен деу де тәуiр емес.
Жүк бiрақ әлi күнге орнында тұр,
Бiрыңғай тартпаған соң бәрi тегiс.
Жiгiттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелi бiрлiк керек болсақ жолдас.
Бiрiңнiң айтқаныңа бiрiң көнбей,
Iстеген ынтымақсыз iсiң оңбас.
Өгiз бен бақа
Бiр Өгiз айдын шалқар келдi,
Жағалап суаты бар жерге келдi.
Шiлденiң сарша тамыз ыссы кезi,
Бек қатты қаны қашып шөлдеп едi.
Су iшiп көлдiң шықты жағасына,
Мал едi көз тоятын қарасына
Артықша бiр көлбақа күншiл екен,
Сол көлдiң Бақасының арасында.
Өгiздi суға тойған Бақа көрдi,
Секiрiп көршiсiне жетiп келдi.
«Боламын мен де сонау өгiздей», - деп,
Жел тартып, iсiп-кеуiп, қарнын кердi.
Сұрады жолдасынан: «Толдым ба? – деп,
Өгiздей анау тұрған болдым ба?» - деп.
Өгiз бен екеуiне қарап тұрып,
Жолдасы жауап бердi сонда бүй деп:
«Өгiздей болу саған қайда, шырақ?!
Араңыз екеуiңiздiң тым-ақ жырақ!
Онымен бiрдей болып толмақ түгiл
қалпыңнан асқан жоқсың артығырақ».
«Қарашы! Ендi қандай болдым? – дедi,
Мiне, мен жаңа айдай толдым!» - дедi.
Жолдасы тағы қарап денесiне:
«Қалпында қараң менен пормың»,- дедi.
Дүниеде мұнан күншiл кем-дi Бақа!
Зорланды қарнын керiп ендi Бақа.
Шыдамай жұқа қарын керуiне,
Жарылып, сол арада өлдi Бақа.
……………………………………….
Күнәсi күндегiнiң жаман қатты,
Күндей ме бiреуге алла берген бақты?!
Өгiздi күндеп, сондай боламын деп,
Көлбақа онан қанша пайда тапты?
Әуелде құдай өлшеп берген дене,
Қаншама зорланғанмен артылмапты.
Нақыл сөз: «Әлiн бiлмес әлек» деген,
Осындай әуре болған жаннан қапты.
Ахмет Байтұрсынов
Көзi тоймаған ит
Көпiрге түстi бiр ит сүйек тiстеп,
Ойы бар көпiрменен дария кешпек,
Көрiндi су бетiнде бүгiн бiр ит,
Бұнда да бiр сүйек бар, бақса түстеп.
Судағы ит бұл бейбақтың көлеңкесi,
Бiлерлiк көлеңкенi болмады есi,
Толымды көрiнген соң анау сүйек,
Ол иттен тартып алмақ бар дәмесi.
Сол оймен атты суға айбаттанып,
Бар күшiн жинап бойға қайраттанып,
Түскен соң жойқын суға, ол батырдың
Iсiнiң не болмағы айдан жарық.
Әрқайда аш көздiнiң олжасы осы,
Байқасаң iс түбiне көзiң салып.
Екi теке
Екi теке келiп түстi көпiрге,
Бiреуi әрi, бiрi берi өтуге,
Көпiрдiң дәл ортасында килiгiп,
Бiрiне бiрi бақырды кейiн кетуге.
Шайқасып бас, бiрiнiң тiлiн бiрi алмай,
Сүзiспекке кiрiстi, қарап тұра алмай.
Тар көпiрдiң секiрiстi үстiнен,
Бiрiнен бiрi қояр ма, сiрә, кек алмай.
Екеуi де суға құлап тыныш тапты,
Жiгiттiк қып көпiрдi тезден босатты.
Ерегiстiң нәтижесi осы да,
Таласқандар мұнан артық не тапты?!
Сәбит Дөнентаев
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Мысал дегенiмiз не?
2. Әрбiр мысалды мәнерлеп оқып, жатқа айту.
3. Мысалдардың идеясы мен мазмұнын ашып берiңдер.
4. Ақындардың басқа да мысал-өлеңдерiн оқу.
ЛИРИКАЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРДЫ ОҚУ
К ү з
Сұр бұлт, түсi суық, қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жердi басқан.
Бiлмеймiн тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгiрмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпiрдей түсi кетiп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Бiреу малма сапсиды, салып иiн,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киiм.
Енесiне иiртiп шуда жiбiн,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйiн.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бiр керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкi-ойын көрiнбейдi, сейiл-серуен.
Кемпiр-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңiлсiз қара суық қырда жүрсең.
Кемiк сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдiң маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйiнiң сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
Абай Құнанбаев
Жазғытұры
Су ақты, жеттi апрель қырдан ойға,
Секiрiп арық-тұрақ кеттi тойға.
Жас бала: «Жазғытұры туды» - десiп,
Жабағы, көтерем тай, ақсақ қой да.
Қуанып жан-жануар, алшаң басып,
Қалмады қайғы-уайым ешбiр ойда.
Нұрлы күн алтын нұрын шаштай аямай,
Шықсын деп қысқы ызғар өткен бойға.
Су ақса, тау жаңғырар сылдыр қағып,
Дәл сұлу бұраңдаған шолпы тағып,
Түрлi үнмен жаңа келген жылдың құсы
Тұрғандай қобыз ойнап, әнге салып...
Май келдi, жер құлпырды, гүлдер жайнап,
Жiбектей көкорайлар жатқан жайлап.
Сұлудай бұраңдайды бұтақтар да,
Ән салса әртүрлi құс тұрған сайрап.
Суықтан тоңып өлген шыбын-шiркей,
Тiрiлiп қанат қағып быж-быж қайнап.
Аспанда күн күркiреп. от жарқылап,
Жылы жел қара бұлтты тербеп айдап.
Уызға жаңа тойған жас құлынды
Шыңғыртып, жылқышылар ұстап, байлап,
Азырақ күйлi шыққан қысыр тайын
Балалар шапқыласқан, мiнiп жайдақ,
Қыс қысқан арық-тұрақ, жаман-жәутiк
Кеттi ғой әлдеқашан тырақайлап,
Жаратқан жанға рақат жазғытұры,
Шүкiр қыл бiр аллаға «я, құдайлап».
Мағжан Жұмабаев
Боранда
Қарлатып, қатты боран қарпылдап тұр,
Үскiрiк-аяз қызыл шартылдап тұр.
Қой ығып, басын қоршап ыққа тығыр,
Көмiлiп қалың қарға қарқындап тұр.
Сүйенiп таяғына қой қасында,
Дiрiлдеп Таймас сорлы қалтылдап тұр.
Аяқта жуан жiппен буған шарық,
Сүйрелiп киiз шұлғау, жалпылдап тұр.
Ашылып қабырға-омырау қарға қарсы,
Тақымы шалбарынан жалтылдап тұр.
Денесiн қалыбымен суық ұстап,
Ызың жел селкiлдетiп, аңқылдап тұр.
Мойнына жабысқан қар ери қатып,
Иекте мұз сүңгiлер салпылдап тұр…
Жылы iшiк, түлкi тымақ, саптамалы,
Дүйсек бай дөң басында салқындап тұр.
«Ары таман қойды қозғап, жайсаңшы!» -
деп, Таймасқа қожайынсып, шаңқылдап тұр.
Iлияс Жансүгiров
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Лирика дегенiмiз не?
2. Лирикалық шығармалар қалай оқылады?
3. Ақынның iшкi сезiмi мен көңiл-күйiне байланысты жазылған шығарманың мазмұны қандай?
4. Табиғат лирикасына байланысты жазылған шығармаларды мәнерлеп оқып, жатқа айту.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ОҚУ
Алпамыс батыр
Ендi Алпамыс бақырып,
«Алатаулап» ұран шақырып,
Қалмаққа жалғыз тиедi.
Қойға шапқан бөрiдей
Талқандап қуып бөледi.
Алтын сапты ақберен
Деммен тартып тиедi.
Кейбiрiнiң кесiп кәлласын,
Кейбiреуiн тiледi.
Қалмақтар атқан қалың оқ
Жаңбырдай болып тиедi.
Етi түгiл баланың
Терiсiне кiрмедi.
Ғайып ерен қырық шiлтен
Баланы қолдап демедi.
Жанып тұрған жалындай,
Құбылып тұрған сағымдай
Шабылып Шұбар терледi,
Терлеген сайын өрледi.
Ана шетте бiр көрсе,
Мына шетте бiр көредi.
Жүрсiн бала сонымен,
Ерлердiң салған жолымен,
Ауып келген халайық,
Мұнан да хабар алайық:
Шектi деген ел едi…
Ә дегенде, мәдейтiн
Iшiнде ерлер көп едi.
Қаншама батыр болса да,
Қалмаққа әлi келмедi.
Қорқыныш кетiп, қазақтар
Соңынан бәрi ередi.
Тышқан алған мысықтай
Тамашасын көредi.
Әр жерден сүйреп өлiгiн,
Бiр жерге бәрiн үйедi.
Май құйып отқа ерiтiп,
Жынды адамдай күледi.
Тiзеден шұбар қан кешiп,
Шалпылдап шауып жүредi.
Сол уақытта бiр қалмақ
Барды қашып ханына.
Найза тиiп көк еттен,
Өлмейтiн қылған санына,
Жер-жаhанды ластап,
Судай ағып қаны да,
Етпетiнен жығылды,
Ханның барып алдына:
«Ей, қараман, қараман,
Әкiм болдың жасыңнан!
Айдай әлем қараған,
Шұбар атты бiр бәле
Кептi бүгiн даладан.
Әскердiң бәрi қырылды
Сол келген жалғыз баладан!
Келбетiне қарадым,
Қалмайды мұнан жан аман.
Бiле алмадым мәнiсiн,
Iрi көрдiм жұмысын.
Айтайын сiзге қылысын,
Әскердiң бәрiн қырысын,
Жапырып барады жалындай,
Баланың түрi құрысын!
Шапқанын ешкiм көрмейдi,
Өлгенiн ешкiм бiлмейдi,
Сiлтегенде қылышын.
Жаралы болып санымнан,
Бiтiп тұр менiң тынысым.
Гүлбаршынды алам деп,
Сенiң де бiтер жұмысың.
Бiлмедiм өзi қалмақ па,
қалмақ емес, қазақ па?
Егер де қазақ болмаса,
Қалмаққа келген ғазап па?!
Бұған өзiң бармасаң,
Қаласың ақыр ұятқа.
Жасырынған сайменен,
Көкалалы тайменен
Бар екен бәле бұ жақта.
Халықтың бәрiн қырдырып,
Жатасың ба жырақта?
Сұлуды алма ойыңа,
Бермейдi сенiң қолыңа.
Жанып тұрған бiр жалын
Келiптi бүгiн сорыңа».
Қобыланды батыр
...Көп әлеумет, құлақ сал
Аузымнан шыққан сөзiме,
Қырық мың атты қызылбас,
Қырық кiсiдей көрiнбес
Батырыңның көзiне.
Тiкелеп атқан оқтары
Тiкенектей қадалмас
Қоблекеңнiң жүзiне.
Қабағынан қар жауып,
Кiрпiгiне мұз тонып,
Қатуланып қаттанды,
Буырқанып бұрсанды,
Мұздай темiр құрсанды.
Топтанып тұрған кәпiрге
Қобыланды батыр жол салды.
Жалғыз өзi батырың
Жойып кетiп барады,
Қойға тиген қасқырдай
Сойып кетiп барады.
Жолбарыс шапқан құландай
Шоршып кетiп барады.
Үш мың атты бiр сайға,
Төрт мың атты бiр сайға,
Аламын деп қайтарда,
Қойып кетiп барады.
Қайтарында алмаққа
Тiзгiнiнен қосақтап,
Түйiп кетiп барады.
Ақ бiлегi қан болып,
Тұла бойы сал болып,
Жау үстiне жол салды,
Үкiмiн жауға мол салды.
Көмегi жоқ соңында,
Жаны құдай қолында.
Туырлықтай ту алып,
Туды қанға сауарып,
Қырық мың атты қызылбас
Әрi-берi қозғалды.
Қырылмағаны аз қалды.
Қызылбас қашып жосыпты,
Қашқанына қойсын ба,
Батырдың алдын тосыпты!
Ықтиярсыз найзалап,
Бiрiне бiрiн қосыпты.
Бөлек-бөлек қылады,
Есебi жоқ қырады.
Бiрiн шауып, бiреуiн
Қылышпенен ұрады.
Атумен оқ қалды,
Тартумен дөп қалды,
Қоблекеңнiң сүңгiсi
Қызыл қанға боялды.
Көбiсi тұрып шәрiнiң,
Ұйқысын ашып, оянды.
Қашпағанды қобыланды,
Алтын күн ұдай ұрысып,
Бiтiруге таянды.
Үкiмiн жауға мол салды,
Жетiншi күнi сәскеде
Жаудың барын тауысып,
Ақ найзаға сүйенiп,
Қобыланды жалғыз бұл қалды.
Сол қаланың әйелi
Ерлерiнен айрылып,
Бәрi де жесiр, тұл қалды.
Бұл қырғанға қоймады,
Қоблекең бұған тоймады.
Шәрiн тегiс бұзсам деп,
Ат қоймаққа ойлады
Қазанның қырлы қалаға.
Қобыланды тұрып сыйынды
Жетi кәмiл бабаға.
Ақ сұңқар құстай шЇйiлiп,
Ел шығармай салаға,
Мал шығармай далаға,
Қаладан атын қарғытып,
Кiндiктен оғын сырғытып,
Қаланың аузын қан қылып,
Қақпаның аузын шаң қылып,
Тұлымдысын тұл қылып,
Айдарлысын құл қылып,
Солқылдаған мырзасын
Табанға салып жүн қылып,
Алтын артты шанаға,
Қарамай қатын-балаға,
Өтiрiк емес, жан аға,
Қырық қақпалы қазанды
Он сегiз күн дегенде
Бұзып-жарып батырың,
Малын-жанын ызғытып,
Қақпаның аузын аштырып,
Айдап шықты далаға!
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Батырлар жыры қалай оқылады?
2. Батырлар жырын оқығанда дикцияға, интонацияға, кiдiрiске көңiл бөлiңдер.
3. Батырлардың күш-қайратын, ерлiгiн суреттейтiн тұстарына назар аударыңдар.
4. Батырлар жырынан үзiндi жаттау және оны мәнерлеп оқу.
ЛИРО-ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАРДЫ ОҚУ
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры
Кемел ақын келтiрер сөздiң түрiн,
Оған да заман өткен бiр ықылым.
Кешегi ол қатар заманында,
Өтiптi екi байың бiзден бұрын.
Солар да бiзден бұрын өткен жандар,
Сап қасқа, өкшең манап сөздi аңдаңдар.
Қалыпсыз Қарабайдай бай өтiптi,
Тоқсан мың, тәңiр алса да, жылқысы бар…
- …Қарабай – Сарыбаймен мерген екен,
Күн жетiп Сарыбай өлген екен.
Бұл ауғалы он үш жыл болып қапты,
Қыз Баян да он төртке келген екен.
Тал шыбықтай бұралған өзi көрiм,
Мiнеки оны айтатын келдi жерiм.
қыпша бел, алма мойын, сұлу Баян,
Сипаты жаннан асқан ол бiр серiм!
Тал бойының мiнi жоқ, қолаң шашты,
Шашының ұзындығы тiзiн басты.
Гүл төгiлер аузынан меруерт тiстi,
Ондай жан дүниеде жаралмас-ты.
Аппақ көрiк маңдайы, қылығы наз.
Малың түгiл басыңды берсең-дағы аз.
Сыртынан күлiмсiреп сөйлесе де,
Көңiлi қош болмайды, баймен арза.
Жұрт айтатын темiрлi күймесi бар,
Қозы Көрпеш дегенде дүниесi тар.
Анда-санда болмаса сөйлеспейдi,
Жалғыз жатып қозы үшiн қылады зар.
Қас асыл бойы жеттi, алтын кiрпiк,
Шақырып қодар келсе үйтiп-бүйтiп.
Қара көзiн қан басып қарағанда,
Маңына жоламайды қодар үркiп.
- Қайғылы менiң көңлiм тола ма екен,
Алланың сызығы екi бола ма екен?..
Маңайға тантық құлды жолатқызбай,
Қорқытып қойған оны құдай екен.
Баянды сұлу қылса, тәңiрiм қылған,
Атағымен, даңқымен дүние толған,
Тоқсан байдың баласы тоқсан серi,
Сыртынан көзi көрмей ғашық болған.
Жамағат осы сөзден күдер үзбе,
Сипаты Баян қыздың жаннан өзге.
Баянға ғашық болып тоқсан бағылан,
Бәрi де iздеп шықты жапан түзге.
Бәрi де ғашықтықпен жиhан кезген,
Баршасы ғашық болып елден безген.
Тоқсан жолдың аяғы бiр жол болып,
Бiр жолда тоқсан серi кездей келген…
Қ ы з Ж i б е к
Ақ маңдайы жарқылдап,
Танадай көзi жалтылдап,
Алтынды кебiс сартылдап,
Жүйрiк аттай ойқастап,
Құнан қойдай бой тастап,
Қалмайын деп ұялып,
Жан-жағын қарап байқастап,
Кер маралдай керiлiп,
Сары майдай ерiлiп,
Тәңiрi берген екi аяқ,
Бiр басарға ерiнiп.
Ауылдың алды бел едi,
Белден көшкен ел едi,
Атқан оқтай жылысып,
Ор қояндай ығысып,
Қылаң етiп, қылт етiп,
Сылаң етiп, сылт етiп.
Тау суындай қылаңдап,
Сүмбiдейiн сылаңдап,
Мықындары бұлтылдап,
Айдынды туған қыз Жiбек
Отауға қарай жөнелдi.
Сол уақытта қараса,
Қыз Жiбектiң дидары
Нұр iшiнде пiскендей,
Қыз Жiбектiң екпiнi
Ұжмақтан самал ескендей.
Сол уақытта бiр көрген
Шыбын жанын кешкендей.
Сылдырап Жiбек жөнелдi,
Неше түрлi сәулетпен
Iңiрде шайтан көшкендей.
Құланнан атты қодықты,
Көлден тартты борықты,
Бiр көрмекке ынтық боп,
Төлеген мырза шонықты.
Талма түстiң шағында,
Айдында туған қыз Жiбек,
Төлегенге жолықты.
Өңшең молда жиылса,
Мәселе кiтап оқыр-ды.
Шариғат сөзiн жақсылар
Ақылменен тоқыр-ды.
Асылдан туған қыз Жiбек
Төлегеннiң мойнына
Асыла барып отырды.
Төлеген сонда сөйледi,
Сөйлегенде бүй дедi:
«Келдiң, Жiбек, қасыма,
Отыра кеттiң асыла,
Кешегi сәлдең қай жақта
«Той болды» салсаң басыма».
Жiбек сонда сөйледi:
«Қынама бешпент қынадым,
Әзiлмен сiздi сынадым,
Сынамаққа бiр сөздi,
Әзiл қылып айтып ем,
Әлi ұмытпай жүр ме едiң,
Төлеген мырза, шырағым!»
Екi ғашық қосылып,
Әңгiме дүкен құрады.
Екеуiнiң суретi
Ләйлi-Мәжнүндей болады.
Екi бекзат қосылса,
Күндей балқып тұрады.
Екеуiнiң нұрына,
Көрген жанның барлығы
Тамаша-қайран қалады…
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» лиро-эпостық шығармасынан үзiндi жаттау және оны мәнерлеп оқу.
2. «Қыз Жiбек» жырын мәнерлеп оқу және жатқа айту.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Каримов И.А. Ўзбекистон, XXI асрга интилмоқда. Тошкент,
«Ўзбекистон», 1999
2. Каримов И.А. «Баркамол авлод – Ўзбекистон тараққиетининг пойдевори» Ташкент, 1997
3. Кадрлар тайёрлаш Миллий дастури «Баркамол авлод Ўзбекистон тараққиїтининг пойдевори» Тошкент, 1997.
4.Ахметов З., Шаңбаев Т. «Әдебиеттану терминдер сөздiгi». 1996
5.Бекей М. «Сұлулық сыры». Алматы, 1999
6.Ғабдулин Н. «Шығарма арқауы шындық». Алматы, 1968
7.Жұмабек С. «Сын әуенi» Астана, Елорда 2001
8.Кенжебаев Б. «Шындық және шеберлiк». Алматы, 1966
9.Омаров I. «Әдеби толғамдар». Алматы, 1988
10.Омаров М. «Махаббат». Ташкент, 1999
11.Оңғарсынова Ф. «Дауа». Алматы, 2002
12. «Қазақ әдебиетi» газетi, 2005
13. «Қазақ әдебиетi» газетi, 2006
14. «Қазақ әдебиетi» газетi, 2007
15. Шаханов М. «Эверестке шығу». Алматы, 2003
16. Абдувалитов Е. Досымбетова С. Бектаев А. «Әдебиет»
(8-сыныпқа арналған оқулық-хрестоматия) Ташкент, 2006
17. Абдувалитов Е. Досымбетова С. Дуйсебаева Д. Бектаев А. «Әдебиет» (6- сыныпқа арналған оқулық-хрестоматия) Алматы, 2001
18. Қалдыбаев Т. Аралбаев Қ. Сейiтова Қ. Бабашева Г. «Әдебиет»
(7-сыныпқа арналған оқулық хрестоматия) Ташкент, 2005
19.Иномқожаев С. Зуннунов А. «Ифодали ўқиш асослари» Ташкент, 1978
20. Қалдыбаев Т. Тiл ұстарту. Ташкент, 1999
21. Қазақтың мақал-мәтелдерi. Алматы, 2003
22. Құнанбаев А. Өлеңдер жинағы. I-II том. Алматы, 2005
23. Мақатаев М. «Аққудың қанатына жазылған жыр» Алматы, 2001
24. Майлин Б. «Повестерi мен әңгiмелерi» Алматы, 1977
25. Мырзалиев Қ. Өлеңдер жинағы. I-II том. Алматы, 1989
26. Негимов С. Шешендiк өнер. Алматы, 1998
27. Нұрмаханова А.Н. «Мәнерлеп оқу практикумының
программасы» Алматы,1981
28. Нысаналы А. үш пайғамбар. Алматы, 1992
29. Тiлешова С. Мәнерлеп оқу. Алматы, 1998
30. Орипов Қ. Обидова М.«Ифодали ўқиш» Ташкент, 1994
М А З М Ұ Н Ы
1-бөлім
Кiрiспе………………………………………………………………2
Қазақ поэзиясының даму ерекшелiктерi…………………........…5
Проза жанрындағы дәуiр, тарих және заман мәселесi….............71
Жаңа басқыштағы қазақ драматургиясының дамуы…..........…..93
Әдеби сын……………………………………………………….…98
Көркем туындылар тiзiмi………………………………………....116
С О Д Е Р Ж А Н И Е
Введение………………………………………………....………..2
Тенденция развития казахской поэзии……….…………....……5
Проблемы историй и времена в жанре прозы…………….....…71
Новый этап развития казахской драматургии………….……....93
Литературная критика…………………………………………...98
Список художественной литературы ..……………………...…116
C O N T E N T S
Introduction…………………………………………………….….2
The tendencies development of kazakh poetry…………………....5
The problems of history and times in proze……………………....71
The new stage of kazakh playwriting development……………....93
The critics of literatury ……..….………………………………....98
The list of artistic literatury……………………….....………..…116
Мазмұны
2-бөлім
1. Кiрiспе ……………………………………………….....…….. 3
2. Мәнерлеп оқудың характерi мен мазмұны жайында…….... 6
3. Мәнерлеп оқудың мақсаты мен мiндеттерi………………….9
4. Мәнерлеп оқудың техникалық негiздерi мен оған
жаттығудың жолдары……………………………..…………..13
5. Интонация және дауыс кiдiрiстерi…………….…………….19
6. Көркем шығармаларды жанрына қарай оқу….……………..31
7. Поэзиялық туындыларды оқу………………....……………..41
8. Әңгiмелердi оқу…………………………...………………….63
9. Монолог және диалогты оқу………...………………………69
10. Ертегiлердi оқу………………………………...……………71
11. Драмалық шығармаларды оқу……………..………………80
12. Мысал өлеңдердi оқу…………………….…………………88
13. Лирикалық туындыларды оқу…………...…………………96
14. Батырлар жырын оқу……………….……………………....99
15. Лиро-эпостық жырларды оқу……………...………………106
16. Пайдаланылған әдебиеттер…………….………………….122
Содержание
1.Введение……………………………………………………….3
2. О характере и содержании выразительного чтения…..……6
3. Цель и объзанности выразительного чтения…………..……9
4. Технические основы выразительного чтения и
направления упражнятся к нему……………………………..13
5. Интонация и задержание голоса……………………...……..19
6. Выразительное чтения художественных произведений
по жанрам…………………………………………..….………31
7. Выразительное чтения стихотворных произведений….......41
8. Выразительное чтения рассказов……………………...……63
9. Выразительное чтения монолога и диалога………….….....69
10. Выразительное чтения сказок………………….……..……71
11. Выразительное чтения драматических произведений........80
12. Выразительное чтения басни…………………………...…..88
13. Выразительное чтения лирических произведений….....….96
14. Выразительное чтения героических произведений…….....99
15. Выразительное чтения лиро-эпических произведений.......106
16. Использованные литературы…………………………….....122
Content
1. Prefase…………………………………………………………….3
2. About character and content of expressive reading………………6
3. Aim and tasts of expressive reading…………………….………..9
4. Technic foundations of expressive reading……………...……….13
5. Intonation and delaying the sounds……………………...……….19
6. Expressive reading of fictions via genres……………..………….31
7. Expressive reading of poetic words……..…………...…………...41
8. Expressive reading of stories……………………….…………….63
9. Expressive reading of monologue and dialogue……..…………...69
10. Expressive reading of faivy-tailes…………………...…………..71
11. Expressive reading of dramatical works………………………...80
12. Expressive reading of fables……………………….……………88
13. Expressive reading of lyric works………………...……………..96
14. Expressive reading of heroic episodes…………………………..99
15. Expressive reading of lyric and epic poems………....…………..106
16. Literature…………………………………………....……………122
Достарыңызбен бөлісу: |