Өз балаңыз туралы айтып беріңізші



жүктеу 249,13 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі249,13 Kb.
#14646

Сәлеметсіз бе!

Сіздің өз балаңызға арнайы жазылған кітапқа тапсырыс беру ниетіңіз үшін біз шын жүректен қуаныштымыз. Ертегілердің шынында да дербес жазылуы үшін, Сіздің мына сауалнаманы мұқият толтыруыңыз қажет. Мәліметтерді неғұрлым толығырақ берсеңіз, ертегілер жинағы да соғұрлым қызықты болып шығады. Егер Сіз толтыру кезінде қандай да бір қиындықтарға кезіксеңіз, өтінеміз, біздің оператормен байланысыңыз, біз өтінімді толтыруға көмектесеміз.

Толтырылған сауалнаманы және өз балаңыздың 10 фотосуретін info@knigaskazok.kz - ға жолдау қажет. Жауап хат тапсырысыңызды растайды.

Сіздің балаңыз туралы ертегілер Кітабының бағасы – 23 000 тенге. Төлем тапсырысқа ие болған кезде жасалады. Кітап тапсырыс берген 7-10 жұмыс күнінен соң дайын болады. Біз Кітапты (Алматы қ. бойынша жеткізу құны 700 тенге) жеткізіп береміз немесе Өзіңіз мына мекенжай бойынша Жароков 356В, Әл-Фараби қиылысына келіп, алып кетуіңізге болады.

Қазақстан бойынша жеткізу құны – 2500 тг. Жеткізу мерзімі – кітап дайын болғаннан кейін 5-14 жұмыс күнінен соң.

Рахмет!
Өз балаңыз туралы айтып беріңізші.



  1. Баланың есімі, ата-тегі.




  1. Балаңызды үйде, туған-туыстар арасында қалай деп еркелетесіз? Оның үйде қандай лақап аттары бар?



  1. Балаңыздың жасы нешеде?



  1. Баланың отбасы мүшелерін – онымен бірге тұратындарды атап өтуіңізді, өтінеміз. Отбасы мүшелерін атап шығу барысында күнделікте өмірде қолданатын аттарды пайдаланыңыз ( мысалы, Жанна ана, Мұрат әке, Тимур аға, Алуа әпке).



  1. Отбасында ата-ананың екеуі де жұмыс істейді ме?




  1. Егер туған аға-інілері және әпке-сіңлілері, қарындастары болса, олардың жасын көрсетіңіз.



  1. Баланың әжелері мен аталарының аттары кім?



  1. Баланың жиі сөйлесетін ең жақын туыстарының аттарын атап өтіңіз (немере ағалары және әпкелері, ағайлары, тәтейлері және тағы басқалар)



  1. Баланың отбасы толық па? Ондай болмаған жағдайда, бала дүниеге келген сәтте отбасы толық болды ма? (бұл жағдай жинақ ертегілерінің бірін жазған кезде есепке алынуы керек)



  1. Бала үйде тұра ма, жоқ әлде пәтерде ме?




  1. Баланың күтушісі бар ма? Оның аты кім?




  1. Бала көп уақытын кіммен өткізеді?




  1. Бала қай қалада(кентте, елдімекенде) тұрады?



  1. Ол балалар бақшасына немесе мектепке барады ма?



  1. Баланың ауладағы ең жақын достарын атап өтіңізші



  1. Балалар бақшасындағы (мектептегі)ең жақын достарының есімдерін атап өтіңізші



  1. Сіздің балаңыз қандай да бір спорттық, музыкалық секцияларға, дамытатын үйірмелерге қатысады ма? Қандай?



  1. Балаңыздың қандай жетістіктері бар? (велосипед, шығыршық, коньки, шаңғы тебеді, ән салады, билейді, ермексаздан мүсін сомдайды, динозаврлар туралы бәрін-бәрін біледі, ағашқа күйдіріп өрнек салады, көп тақпақ біледі ж.т.б)



  1. Қандай ойынды жақсы көреді?



  1. Оның ең сүйікті ойыншығы бар ма?



  1. Баланың тәбеті жақсы ма?



  1. Қандай тамақты жақсы көреді?



  1. Қандай тағамды ұнатпайды?




  1. Баланың үй жануары бар ма? Кім? Аты кім?




  1. Бала қандай да бір музыкалық аспапта ойнай алады ма?




  1. Демалуға қай жаққа барды? Балаңыздың болған елдерін, қалаларын атап өтіңізші.




  1. Сіздің балаңыз нені армандайды? (бәлкім, қандай да бір ойыншық, зат туралы немесе бір жерге баруды армандайтын шығар)




  1. Сіздің отбасыңызда мерекелер, демалыс күндері қалай атап өтіледі? Қай жерлерге барасыздар, бірге не істейсіздер?


Сондай-ақ, болашақ кітаптың өндірісіне қатысты сұрақтарға да жауап беруіңізді өтінеміз:


  1. Сіздің атыңыз және байланыс телефоныңыз




  1. Сіз ақылы жеткізілімді жоқ әлде, өзіңіз алып кетуді қалайсыз ба?




  1. Егер Кітапты біздің жеткізуімізді қаласаңыз, мекенжайыңызды көрсетіңіз.




  1. Бұл баланың отбасындағы алғашқы арнайы ертегілер жинағы ма?



  1. Олай болмаса, балалардың (аға-інілері, әпке-сіңлілерінің, қарындастарының) қайсысында осындай кітап бар?




  1. Выберите обложку (1 или 2)




1

2




  1. Өтінеміз, хатпен қоса өзіңіз кітапта көргіңіз келген баланың және отбасыңыздың фотосуреттерін жолдаңыз. Фотосуреттердің саны ОННАН кем болмауы тиіс. Фотосуреттердің сапасы жақсы және олардың арасында баланың бір портреттік фотосуреті (мұқабасы үшін) болуы керектігіне назар аударыңызды өтінеміз.


  1. Кітапта сыйға тартылған жазу, балаңызға арналған үндеу, жақсы тілектер орналастыруды қалайсыз ба?

Қаласаңыз, мәтінін жазуды өтінеміз:

Сыйға тартылған жазулар үлгілері:
Қымбатты Сұлтанжан!

Бүгін сен 5 жасқа толдың. Туған күніңмен құттықтаймыз! Сен үлкен жігіт болдың! Біз сені өте жақсы көреміз және сенің ақылды, тілалғыш, батыл және спорттық бала екеніңді мақтан тұтамыз! Сенің каратэмен шұғылдануыңда үлкен табыстарға жетуіңді, көп адал дос табуыңды, әрқашан анаңа, әкеңе, әжеңе және қарындасың Мәдинаға көмектесуіңді тілейміз. Бұл кітапта сен өзің туралы көптеген ғажайып ертегілерді оқисың. Иә-иә, таң қалма. Сен туралы үлкен бір кітап жазылды! Сен тамаша баласың ғой, неге саған кітап арнамасқа!

Рахаттанып оқуыңа тілектеспіз!

Сенің әкең, анаң, қарындасың Мәдина, әжетайың және атаң


Біздің аяулы Әлияшымыз!

Біздің қымбатты ханшайым!

Саған мына бір сиқырлы кітапты сыйлаймыз!

Саған өте көп қуаныш, сұлулық, бақыт, әдемі ойыншықтар, үлкен және кішкентай саяхаттар, жарқын бояулар мен сиқырлық тілейміз!



Біздің перизатымыз және ақылдымыз! Осындай нәзік, мейірімді және сұлу болып қала бер! Біз сені өте-мөте жақсы көреміз!

Мамаң және папаң
жүктеу 249,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау