Сонымен қазақ халқының табиғат, кеңістік жайындағы дүниетанымы ертеден – ақ оның сырт пішінін кілем бетінде өрнектеу арқылы көрініс тапқан.
2.3 Ою - өрнектердің актуальдік орны.
Ұлттық ою - өрнектедің қазіргі заман талабына сай қолдану мен оларды күннен – күнге одан әрі дамып, ерекшеленіп, әртүрлі салаларда қолдану тәсілдерімен оларды тарихын зерттеу. Сонымен қатар үлкендердің арасында сауалнама жүргізу мен оның нәтижелерін тиянақтау мен шеберлермен, сән үйлермен кездесу кезіндегі сұхбаттарымызды айта кетсек.
Сауалнама сұрақтары:
Сауалнама қорытындысы:
Сұрастырылғандар саны
|
|
Сауал
|
60
|
Мүлдем білмейтіндер
|
10
|
түрлерін біледі
|
20
|
қайда пайдаланатынын
|
15
|
неде бейнелегені
|
12
|
өсімдік оюларын білетін
|
2
|
геометиялық оюларын білетін
|
4
|
жануарлар оюларының түрлерін білетін
|
5
|
Сұхбат жүргізу:
Роза апайдың үйіне барғанда:
- Роза апай осы ою - өрнектермен жұмыс жасауды қайдан үйреніп жүрсіз?
Менің әжем ою - өрнек шебері болған. Әжемнің қасынан бала кезімнен қызығушылық танытып, осы өнерді баулимын деп ынталанып жүргем.
Роза апай қандай ою - өрнектерді көп қолданасыз?
Көбіне «қошқармүйіз» оюы түгеліне жатық, сондықтан соны қолдану маған ыңғайлы.
Ал сіз осы оюларды қандай қолөнерде қолданасыз?
Мен оюларды қолөнерлердің көп түрлерінде қолданамын, әсіресе сырмақ, әбдіре жапқыш, бесікке жапқыш, терме алаша, құрақ көрпелерде.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
3.1Қазақ ою – өрнектерінің мағынасы мен тәрбиелік мәні туралы.
Бұрын белгілі бір ұғымды, түсінікті білдіретін ою – өрнек танбалары бертін келе жатқан сәндік, салтанат белгілеріне айналады. Әйтсе де, кейбір ою – өрнек үлгілерінің бастапқы мағына ұғымы сақталып қалған. Мәселен «қошқармүйіз» оюы молшылықтың белгісі ретінде әлі де қолданылады.
Көшпелілерде өсімдік тектес ою – өрнектер аз емес өсіп өнетін табиғат дүниесін кие тұту, тәңірі тұту олардың да жоны бар деп қабылдау сенімі басым еді. Төрт жапырақтан тұратын гүл – ою – дүниенің төрт торабын, кеңістін гармониясын білдіреді. Қазақтардың ұғымына түр – түстің де орны айрықша. Мысалы «көк» - аспанның, аспанға табынудың, «қызыл» - оттың, «ақ» - шындық, қуаныш, бақыттың, «сары» - айырылудың, «қара» - жерлің, «жасыл» - көктемнің, жастықтың симыолы.
Гүл оюларының өзінде де халықтың дана ойы жататын мынадан көруге болады: «гүл мен гүл» түйдегінің айқас бірігіп салынуы бірлікті елдің ынтымақты болуын меңзейді.
«Су ою» да байырғы, киелі. Су ертедегі ұғымда жаратушы адамдардың бірі ауырған адамдарды сумен ұшықтайды. Көне түрік жазбаларында»от ана», «су ана» деген тіркестер кездеседі.
«Тау оюы» - мәңгіліктің, күш – құдыреттің символы.
Әрбір ою – өрнектегі атау жай ғана атау емес, сол атаулар арқылы ою – өрнектің тал бойында жасырын жатқан сырды, маңызды да мағыналы ойды алуға болады.
Мәселен, «орамал балдақ» - оюының атауында да мағыналы мән жатыр, «орамал» - әйелдер басына тартатын жаулық, «балдақ» - шымылдықтың бау өткізетін шығыршығы, ілгегі, яғни, орамал мен балдақ жаңа түскен келінге шымылдық тұту басына жаулық салу сияқты қазақ салтының шартты бейнесі ретінде бейнеленген.
«Орамал балдақ» - өрнегінің жан – жағына «тұмар», «гүл оюы», «су оюлары» салынып, аққурға қызыл, жасыл, көк түспен тоқылады. Мұнысы – «туған жердің гүліндей жайнап, сарқырап тоқтамай, ақпай судай мәңгілік халқына қызмет ет» - деп халықтың жаңа түскен келінге айтатын арман тілегі.
«Өнер көзі – халықта» дегендей, өнер түрлері елде мол, халықпен бірге жасап келеді, және жасай береді.
Осындай өмір түрлерінің бірі ұлттық ою – өрнектердің тәрбиелік мәнін аша түсіп, оқушыларға меңгерту жолдарын қарастыру, зерттеп жариялау – әр уақытта да ұлағатты іс болмақ.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Сапар Төленбаев, Маргарита Өмірбекова «Ою - өрнектердің жасалу жолдары»
М.Ш. Өмірбекова Энциклопедия «Қазақтың ою - өрнектері» Алматы 2003 ж.
// «Парасат» №1, 1999 ж.
// «Ұлағат» №1, 2 1999 ж.
// «Қазақстан әйелдері» №1 1994ж. 32-33 бет.
// «Қазақ тарихы» №4 2004 ж.
// «Бастауыш мектеп» №4 2002ж.