Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 28 мамыр
№ 160/5 қаулысымен
бекітілді
"АИТВ-инфекцияның болуына ерікті анонимді
және міндетті құпия медициналық тексерілу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Регламенттің барлық мәтіні бойынша:
"халыққа қызмет көрсету орталығымен" сөздері "Мемлекеттік корпорациямен" сөздерімен
ауыстырылды;
"Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы" сөздері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік
корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" сөздерімен ауыстырылды;
"Павлодар облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорны" сөздері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы" сөздерімен ауыстырылды - Павлодар облыстық әкімдігінің
19.02.2016
№ 41/2
(алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. "АИТВ-инфекцияның болуына ерікті анонимді және міндетті құпия
медициналық тексерілу"мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі -
мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек
көрсететін медициналық ұйымдар, ЖИТС-тың алдын алу және күресу
жөніндегі орталықтар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі "Денсаулық сақтау саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" № 272
бұйрығымен бекітілген "АИТВ-инфекцияның болуына ерікті анонимді және
міндетті құпия медициналық тексерілу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартының (бұдан әрі – Стандарт) қосымшасына сәйкес мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің теріс нәтижелерін растайтын адамның
иммунитет тапшылығы вирусына қарсы антиденеге арналған зерттеу
туралы анықтама-сертификат.
Анықтама-сертификат берілген сәтінен бастап 3 (үш) ай ішінде жарамды
болады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сиппатау
2
4. Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар тізбесі мемлекеттік
қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып
табылады.
5. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету
процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
көрсетілетін қызметті берушінің психоәлеуметтік консультация өткізуі,
өтінішті қабылдауы, тіркеуі және тестілеуге қан алуы (1 жұмыс күнінен
аспайды);
АИТВ-ға антиденелердің болуына тестілеу өткізу (1 жұмыс күнінен
аспайды);
тестілеуден кейін консультация өткізу, анықтама-сертификат беру (1
жұмыс күнінен аспайды).
Оң нәтиже болған жағдайда:
қайтадан қан алу (1 жұмыс күнінен аспайды);
АИТВ-ға антиденелердің болуына қайта тестілеу өткізу (18 жұмыс
күнінен аспайды);
көрсетілетін қызметті алушының қолына жазбаша түрде хабарлама беру
(1 жұмыс күнінен аспайды).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің теріс нәтижелерін растайтын адамның иммунитет тапшылығы
вирусына қарсы антиденеге арналған зерттеу туралы анықтама-сертификат.
Бастапқы оң нәтижені алу кезінде көрсетілген қызметті беруші АИТВ-ға
антиденелердің болуын қайта тестілеу үшін қан алуды қамтамасыз етеді.
Зерттеп-қарау нәтижесі нақты оң нәтиже болған жағдайда, ЖИТС
орталықтарының мамандары психоәлеуметтік консультация жүргізеді, онда
сақтану шаралары, медициналық қызмет көрсету тәртібі, басқа адамдарға
жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі түсіндіріледі.
Кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз адамдарға консультация
олардың заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз көрсетілетін қызметті
алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті
беруші олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
психоәлеуметтік консультация беру кабинетінің психотерапевт-дәрігері;
қан алу кабинетінің медициналық бикесі;
зертханашы-дәрігер.
3
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдер (іс-
қимылдар) реттілігін толық сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында
көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамы және
қызмет
www.egov.kz
"электрондық
үкімет"
веб-порталы
арқылы
көрсетілмейді.
4
«АИТВ-инфекцияның болуына
ерікті анонимді және
міндетті
құпия медициналық тексерілу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша
«АИТВ-инфекцияның болуына ерікті анонимді және міндетті құпия
медициналық тексерілу» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-
процестерінің анықтамалығы
Көрсетілетін
қызметті алушы
Көрсетілетің қызметті беруші
Психоәлеуметтік
консультация беру,
көрсетілетін
қызметті
алушының өтінішін
қаблдау, тіркеу
және АИТВ-ға
антиденелердің
болуын тестілеуге
ақпараттық келісім
(1 жұмыс күнінен
аспайды)
Талдауға
қан
алу
және
ЖИТС
орталығы
ның
зертханас
ына
талдауды
беру (20
минуттан
аспайды)
АИТВ-ға
антиденелердің
болуына тестілеу
өткізу кезінде теріс
нәтиже болған
жағдайда нәтижені
беру
(1 жұмыс күнінен)
аспайды)
Сертификат
беру
(1 жұмыс
күнінен
аспайды)
Тексеру нәтижесі оң болған
жағдайда талдауға қайтадан
қан алу, ЖИТС-тың
профилактикасы және оған
қарсы күрес жөніндегі
республикалық орталықтың
референс-зертханасына қан
сынамасын жіберу (1 жұмыс
күнінен аспайды)
АИТВ-ға антиденелердің
болуына қайтадан
тестілеу өткізу және
нәтижесін көрсетілетін
қызметті берушіге
жіберу (18 жұмыс
күнінен аспайды)
Тексеру нәтижесі оң болған
жағдайда
тестілеуден кейін
консультация беру,
сертификат беруге дайындық
және көрсетілетін қызмет
алушының өз қолына
жазбаша хабарлама беру (1
жұмыс күнінен аспайды)
5
Шартты белгілер:
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ҚФБ рәсімінің
(әрекетінің) атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі процедураға (әрекетке) көшу.