Атырау облысы, Атырау қаласы,
И.Тайманов атындағы №27 орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Дюсупова Асель Сагинтаевнаның
шығармашылық жұмысы
«Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда, жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң бастау керек»
Ш.А. Амонашвили
Еліміздің жарқын болашағы мектеп қабырғасындағы бүгінгі жас ұрпақтың терең білім, үлгілі тәрбие салуына байланысты. Қазіргі кезде еліміздегі білім берудің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан жүйесі жасалып әлемдік білім беру кеңістігіне ене бастағанда біздер пән мұғалімдері де заман талабына сай педагогика теориясы мен оқу тәрбие үрдісіндегі өзгерістерді қабылдай отырып өз сабағымызда жаңа педагогикалық технологияны пайдалануымыз керек.
Қазіргі уақытта адам іс- әрекетінің барлық салаларына компьютерлік технология кеңінен қолданылатын болды және оның маңыздылығы барған сайын арта түсіп отыр. Осыған байланысты, жаңа программалардың тасқыны, көптеген адамдарға кәсіптік- ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде білу қажеттігін көрсетеді. Информатика пәнінің негізгі мақсаты- оқушыларға жаңа ақпараттық технологияларды игеруді және нақтылы пайдалана білуді, онда түрлі есептер шығаруды, программалар құруды меңгерту.
Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі әлемнің жүйелі ақпараттық бейнесін, адам мен ақпараттық ортаның тиімді өзара қарым- қатынасын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәнімен, қазіргі заманғы ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметінің негізгі құраушысы ретіндегі ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырумен анықталады.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым- қатынасына ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті щартқа айналысып отыр.
Білім саласындағы елеулі өзгерістер- еліміздің білімді де білікті азаматтарын тәрбиелеуде зор үлесін қоспақ. Мектептегі білім сапасын жақсарту мақсатында оқушыларға берілетін білім мазмұны, білім мен біліктілікке қойылатын талаптарды белгілейтін негізгі нормативті құжат- пән стандарттары жетілдірілуде.
Информатика пәнін оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндаудан гөрі қызықты, бейнелі түрде түсіндіруге оқушылардың ойлауына бағытталғаны дұрыс деп ойлаймын.
Компьютердің қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру саласында жаңа бір әдістемелік жүйе қалыптастырып келеді. Бұл бағыттағы алғашқы қадам пРезидентіміздің орта білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асырып, барлық мектептерді кем дегенде бір компьютерлік сыныппен қамтамасыз етуімен 2002 жылы іске асырылған болатын. Кейіннен қабылданған Қазақстан Республикасы ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту мемлекеттік бағдарламасында компьютерлік технологияларды білім саласында кең қолдану ісін дамытуға көп көңіл бөліп отыр.Ендігі бағыт- сол компьютерлік техниканы тұрақты жұмыс істейтін күйде ұстап, білім саласындағы жаңа технологияларды пайдаланып, кез- келген пән мұғалімдерін электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісіне ары қарай дамыту барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кеңінен оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады. Сонда ғана тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретіні анық.
Информатика мұғалімдерінің педагогикалық жұмысына қойылатын талаптарының басқа пәндер мұғалімінің жұмысына қойылатын талаптардан гөрі елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Сол талаптарды іске асыру- мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп, сабақта және сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды материалдарды ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғыздырады.
Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық белсенділігін, танымдық қызығушылығын дамыту
Информатика пәнін деңгейлеп оқыту арқылы әрбір жеке тұлғаның өздігінен дамуына нәтижеге өздігінен жете алатын білімді де білікті, қабілетті тұлғаны қалыптастыру
Информатика сабағында оқушылардың сабаққа белсене қатысуы
Негізгі проблеманы тауып шешу жолдарын іздестіре білуге
Оқушылардың логикалық сауаттылығын және компьютерлік іскерлігін дамыту
Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік, бақылау және тестік тапсырмалардың, пысықтау сабақтарының қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.
Дидактикалық материалдарға енетін өзіндік жеке жұмыстар тек оқыту сипатына, жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталған. Бақылау және тестік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт көлемі қатаң ескеріледі.
Дидактикалық материалда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте анық, түсінікті, ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс. Тест тапсырмаларды пайдаланып, нәтижесіне талдау жасай келе мынадай қорытынды жасауға болады. Тест тапсырмалары оқушылардың қандай материалды игеріп, қай материалды қандай тәсілмен түсіндіру қажет екенін де анықтауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |