Қазақ тілі
243
613-тапсырма. Берілген тақырыптар бойынша әңгіме
сұхбат құрастырыңыздар.
Құрылыс акустикасы
Құрылыс алаңы
Құрылыс индустриясы
Өндірістік шу
614-тапсырма. Мәтін бойынша көп нүктенің орнына тиісті
сөздермен сөз тіркестерін қойыңыздар.
Ғимарат ішіндегі шуды бәсеңдету үшін оны ... жұтқыш
материалдармен қаптайды. Құрылысты ... шумен күресу
мәселесіне ерекше мән беріледі. Құрылыс акустикасы –
ғимараттардың қоршау құралымдарын сыртқы, ішкі орталардың
... оқшаулау мәселелерімен айналысатын саласы. Құрылыс
алаңына зауыттарда дайындап әкелінген ... және ... элементтер
мен бөлшектерді құрастыратын құрастыру алаңына айналады.
Құрылыс индустриясы – құрылыс нысандарын ... ..., ұлғайту,
күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын индустриялық әдіспен
жүзеге асыратын құрылыс құрастыру ұйымдарының жиынтығы.
615-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып, оларды өткен
шақта жазыңыздар.
616-тапсырма. Мәтінді абзацтарға бөліп, қалаған біреуін
орыс тіліне аударыңыздар.
617-тапсырма. Қала құрылысының дамуы туралы өз
ойларыңызды әңгімелеп беріңіздер.
618-тапсырма. Мәтін мазмұнын пайдаланып, сөйлем
құрастырыңыздар.
Құрылыс акустикасы_________________________________
Құрылыс алаңы_____________________________________
Құрылыс индустриясы_______________________________
Құрылысты жобалау_________________________________
Өндірістік мекемелер_________________________________
Қоғамдық орындар___________________________________
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
244
Тұрғын үйлер_______________________________________
Монтаждау алаңы___________________________________
Индустриялық әдіс___________________________________
Мердігерлік тәсіл____________________________________
619-тапсырма. Термин сөздерді жаттап алыңыздар.
кесектер – бруски
су құбырының өткізгіші – ввод водопровода
жоғары өрмелеу жұмыстары – верхолазные работы
құрылысқа
қатысушылардың
әрекеттестігі
–
взаимодействие участников строительства
жару жұмыстары – взрывные работы
құйынды шаңдату –вихревые напыление
құрылыстағы су көлігі – водный транспорт в строительстве
су төкпе – водоотлив
су жұтылу – водопоглощение
ауа ауыстыру – воздухообмен
620-тапсырма. Мәтін мазмұнымен танысыңыздар.
Құрылыс механикасы
Құрылыс механикасы – ғимараттардың беріктігін, қатаңдығын,
соққы мен дірілге төзімділігін есептеу тәсілдері мен принципі
жайындағы ғылым. Құрылыс механика-
сын кейде құрылыс статикасы немесе
құрылыс теориясы деп те атайды. Басты
мақсаты – құралым бөліктерінде әртүрлі
сыртқы әсерлерден пайда болатын ішкі
күштердің мөлшерін есептеуге арналған
әдістерді табу; ақаулану және дефор-
мация шамаларын анықтау; орнықтылық
жағдайларды зерттеу.
Құрылыс механикасында құрылыс
құралымдары мен оның құрамды бөліктері мынадай түрлерге
бөлінеді: 1) бір өлшемі қалған екеуінен әлдеқайда үлкен
элементтерден құралған стержендік жүйелеу; 2) екі өлшемі
Қазақ тілі
245
үшіншісінен әлдеқайда үлкен элементтерден құралған тақта,
плита, қабықшалар; 3) үш өлшемі бір-біріне қарайлас
элементтерден
құрылған
біртұтас
массивтер.
Құрылыс
механикасын зерттейтін мәселелер материалдар кедергісі,
серпімділік, пластикалық және сусымалық теориялармен тығыз
байланысты. Құрылыс механикасы көбінесе, стержендік
жүйелерді есептеу тәсілдерін және оның теорияларын қарастырады.
Стержендік жүйелер: жазықтағы және кеңістіктегі фермалар
мен рамалар, арқалықты жүйелер, арқалар, тіректер, қабырғалар,
т.б. Қабылданған есептеу сұлбалары бойынша құрылыстар
статикалық анықталған және статикалық анықталмаған жүйелерге
ажыратылады. Құрылыс механикасында материалдар кедергі-
сіндегі сияқты жеңілдетілген теориялар пайдаланылады. Бірақ бұл
жеңілдіктер қолданылатын әдістердің дәлдігін кемітеді, кейде
айтарлықтай қателіктерге соқтырады. Сондықтан мәселені өте
қарапайым түрге дейін оңайлатуға болмайды.
Табақ-пластинка, тақта-плита және қабықшаларды есептеу
серпімділік теориясына негізделген. Егер қарастырылмақшы
мәселе серпімділік теориясының заңдарынан алшақ жатса, онда
әсер етуші күштер мен деформациялар пластикалық немесе
сусымалық теориялар бойынша есептеледі. Ал, тұтас массивті
құралымдардың ішкі күштерінің кернеулерін жалпы жағдайлар
үшін анықтау әлгі күнге дейін толық шешілмей отыр. Сусымалы
заттардың теориясы мен тірек қабырғалары есептеу арқылы
сусымалы заттардың тірек қабырғаға түсіретін қысымын
анықтаумен бірге ол қабырғалардың беріктігі мен орнықтылығы
жеңілдетілген әдістер бойынша анықталады. Сол себепті
есептеу кезінде топырақтың тосқауылдарға түсіретін қысымы
қарапайымдатылып, әрі жеңілдетіліп қарастырылады.
Құрылыс механикасының ең негізгі теоремаларының бірі –
мүмкін болатын қозғалыстардың жалпылама принципі. Осы
принциппен басқа да теоремалар шығады. Статикалық анықталған
жүйелерге әсер ететін тұрақты жүктемелерді анықтау үшін
аналитикалық және графиктік әдістер пайдаланылады. Құрылыс
механикасында кинематикалық әдістер де қолданылады.
Құрылыстарға әсер
ететін жылжымалы жүктемелер
сызықтық әсерлер арқылы анықталады. Статикалық анықтал-
маған жүйелердің есептері үш түрлі әдіспен шешіледі. Олар