Қазақ тілі
237
сөздік:
интерьер − ішкі көрініс, ішкі бейне
своеобразие – згешелік, өзіндік
воздействовать − әсер ету, ықпал ету
оформление − әшекейлеу
градостроительство − қала кұрылысы
предопределить − алдын ала анықтау
596-тапсырма. Әлемнің жеті кереметі бойынша баяндама
/реферат/ дайындаңыздар.
597-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыздар. Мәтінге өз
ойларыңызды қосыңыздар.
Мысыр пирамидалары
Осынау орасын зор тас құрылыстар – Ежелгі Мысыр
перғауындар патшаларының сағанасы. Сағана табытхана осыдан
5 мың жылдай уақыт бұрын салынған. Бүкіл билік атаулы
көктегі тәңірдің жер бетіндегі өкілі саналған перғауындардың
қолында болған. Олар перғауындардың өктем құдіреттілігін
қарапайым халыққа паш ету мақсатымен пирамида үлгісінде
алып сағаналар салдырған.
Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен
тұрғызылған. Оның биіктігі – 147м. Ежелгі грек тарихшысы
Геродоттың әңгімесі бойынша пирамиданы 100 мың адам 20
жыл салған. Аспапты Египет аспаны астында мыңдаған құлдар
тас қарумен (ол кезде адамдар темір мен қоланы білмеген) дәу
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
238
тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен сүйретіп
апарған. Пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен
жоғары көтерген. Пирамиданы салушы қарапайым халық аштық
пен ауыр бейнеттен қырғынға ұшырап отырды.
Бұл алып пирамидалар осы күнге дейін көрушісін қайран
қалдырады. Оның бір заманда «Әлемнің жеті кереметінің» бірі
саналуы тегін емес. Перғауындар емес, дарынды сәлетшілер мен
тас қалаушылардың қолымен тұрғызылған бұл пирамидалар сан
ғасырлардан бері мызғымай, қарапайым халық еңбегінің
ескерткішіне айналды.
Бұл пирамида Ливия шөлдаласының орта шенінен бой
көтерген және қазіргі Каирдан Фаюм қапалына дейін ондаған
шақырымдарға созылып жатыр.
Ең ежелгісі бұдан мөлшермен бес мың жыл бұрын
тұрғызылған Джосер фараоны пирамидасы. Оның биіктігі 60 м.
Бірінші пирамиданың құрылысшысы Имхотен. Ол сәулетші,
дәрігер, астроном, жазушы кеңесшісі болған.
Археологтар 80 пирамиданы есепке алған. Осы күнге
олардың бәрі жетпеген.
Пирамида жақтары тегістеліп, қырланған 2 300 000 текше
әктас блоктардан тұрады. Бұл тастардың арасында ешқандай
біріктіргіш материалдар жоқ, тек өз салмағымен тұр. Тас
қалаушылардың осындай шеберлігі ерекше таң қалдырады.
Пирамидалар әлемдегі ең әйгілі сәулет ғимараттары болып
табылады. Олар мыңдаған жылдарды басынан өткерген мәңгілік
монумент болып қалады.
598-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) Мысыр пирамидалары қай жерде орналасқан?
2) Ежелгі пирамида қашан тұрғызылды?
3) Бірінші пирамиданың құрылысшысы кім болған?
4) Пирамидалар қалай жасалған?
5) Археологтар қанша пирамида бар деп есептейді?
599-тапсырма. Мәтіннен сәулет мамандығына қатысты
термин сөздерді тауып, берілген кестені толтырыңыздар.
Қазақ тілі
239
Терминдер
( қазақша)
Терминдер
(орысша)
Сөйлем құру
Сәулетші
архитектор
Мен болашақта
сәулетші боламын
600-тапсырма. Берілген синонимдердің ішінен синонимдік
қатар құрай алмайтын сөздерді табыңыздар. Синоним сөздерді
есте сақтаңыз!
Халық, жұрт, қонақ, ел, бұқара.
Күш, қайрат, әл, қуат, қанат.
Әдемі, мейрімді, сұлу, әсем, көрікті.
Байлық, олжа, қазына, дәулет, қор.
Жай, жағдай, хал, күй, ерік.
Қайғы, қасірет, күдік, уайым, күйік.
601-тапсырма. Мәтінде кездесетін мына сөздердің
анықтамасын жазыңыздар.
пирамида………..............................................………………
археолог………............................................………………..
құрылысшы….............................................…………………
тас қалаушы…............................................…………………
сағана........................................................................................
сәулетші...................................................................................
602-тапсырма. Берілген сөздерге қарама-қарсы (антоним)
мағыналы сөздерді жазыңыздар.
1. Жаңа. 2. Ежелгі. 3. Үлкен 4. Дәу. 5. Астық. 6. Бейнет.
603-тапсырма. Көп нүктенің орнына мәтіннен қажетті
сөздерді қойыңыздар.
Осынау орасан зор..... ..... – Ежелгі Египет перғаундарының
сағанасы .... бес мың жылдай уақыт бұрын салынған.
Ең үлкен .... Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған.
Ежелгі грек тарихшысы .... 100 мың адам 20 жыл салған.
Пирамида биіктеген сайын ... қолмен жоғары көтерген.