Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет115/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   135

Қазақ тілі 

 

357 



Қаратау  тауы  етегінде  ванадий  кенін  өндіру  басталды. 

Соның алғашқы партиясы Ресейдің, Чусовской металлургиялық 

комбинатына жіберілуде.  

Қазақстан  алтын  өндіруден  ТМД  елдерінде  Ресей, 

Өзбекстаннан  кейінгі  үшінші  орында,  ал  алтынның  қорынан 

дүниежүзінде алдыңғы қатарлы он елдің бірі.  

1991  жылы  ТМД  бойынша  өндірілген  алтынның  5%-ы, 

күмістің 50%-ы Қазақстанда шығарылды. Қазақстан қазір жылына 

15  т  алтын  өнідіреді.  Алтын  өндірудің  ірі  кенорындарына: 

Ақбақай,  Майқайың,  Бақыршық  жатады.  Күміс  Кенді  Алтайда 

өндіріледі.  

 

265-тапсырма. Мәтінді оқып, етістің түрлерін ажыратыңыздар.  

 

Ақтөбе  облысындағы  Кемпірсай  массивінде  никель,  хром 



кеніштері  ашылғаннан  кейін  Ақтөбе  қаласында  Қазақстандағы 

ең  алғашқы  ферроқорытпа  зауыты  салынды.  Оның  шығаратын 

негізгі өнімі – феррохром. 

Хромиттің  қорынан  Қазақстан  ТМД-да  бірінші  (бүкіл 

қордың  97%),  ал  дүниежүзінде  Оңтүстік  Африка  Рспублика-

сынан кейінгі екінші орынды алады.  

Республикамызда 

сапалы 


болат 

өндіруге 

деген 

қажеттіліктің  артуынан  осындай  ферроқорытпа  зауыты  Ақсу 



қаласында да іске қосылды. Бұл зауыт шикізат ретінде Орталық 

Қазақстанның  марганец  кенін  және  Оралдың  кварцитін, 

Қарағанды  кокс  көмірін  және  Ақсу  МАЭС-терінің  электр 

энергиясын пайдаланып жұмыс істейді.  

Келешекте  Ақсу  ферроқорытпа  зауыты  мен  Соколов-

Сарыбай  кен  байыту  комбинаты  негізінде  толық  циклді  қара 

металлургия комбинатын салу жоспарлануда. 

Тараз қаласында еліміздегі үшінші Тараз металлургия зауыты 

жұмыс  істейді.  Онда  ферромарганец,  ферросиликомарганецпен 

қатар  бірінші  рет  құрамындағы  марганец  –  30%,  кремний       

15–20 % болатын марганецті темір өнімдері шығарылуда.  

Қара  металлургияға  қажетті  шикізаттың  бірі  –  марганец 

кені.  Ол  Жезді,  Қаражал,  Үшқатын  кенорындарында  кездеседі. 

Қара  металлургияда  Топардың  әктасы,  Алексеевтің  доломиті 

және отқа төзімді саз бен кварцит кені де пайдаланылады.  



Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

358 


Тұйық етістік 

 

Тұйық  етістік  –  шақпен,  жақпен  байланысы  болмай, 

қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі.  



Тұйық етістік -у жұрнағы арқылы жасалады. 

 

Негізгі етістік 

Туынды етістік  

Болымсыз етістік  

Етіс  

 

-у 



қара-у 

ойна-у 

алма-у 

оқыт-у 



 

Етістіктің сөйлемдегі қызметі 

 

 

Ереже 



 

Бастауыш 

Есімше мен тұйық етістік атау септігінде 

тұрып, бастауыш болады. (Оқу – білім 

бұлағы.) 



Баяндауыш 

Етістіктер жіктеліп келіп, баяндауыш 

болады. (Мен биыл бітіремін.) 

 

Толықтауыш 

Есімше және тұйық етістік атау және ілік 

септіктерінен басқа септіктерде тұрып, 

толықтауыш болады. (Білгенге маржан, 

білмеске арзан.)  

 

Пысықтауыш 

Қимылдың әртүрлі қасиетін білдіріп, 

пысықтауыш болады. (Ол күлімсіреп 

қарады.) 



 

Анықтауыш 

Есімшелер және ілік септігіндегі тұйық 

етістік анықтауыш болады. (Оқудың шегі 

жоқ.) 


 

266-тапсырма. Берілген сөздерді әрі тұйық етістік ретінде, әрі 

зат есім ретінде қолданып, әрқайсысына сөйлем құрастырыңыздар.  

 

Жалғау. Көсеу. Құрсау. Оқу. Басу. Жабу.  



 

267-тапсырма. 

Тұйық 


етістіктерді 

тауып, 


құрамын 

ажыратыңыздар, зат есім сияқты түрленуіне назар аударыңыздар. 

 

 

 



Қазақ тілі 

 

359 



Мақал-мәтелдер 

 

Отанды сүю от басынан басталады.  

 

Орынсыз ашу – от шашу. 



Аяққа кісен салуға болар,  

 

 



 

Тілге кісен салынбас. 

 

 

 



 

Жақсының қасиеті – жарастыру, 

Жаманның қасиеті – таластыру. 

Уәдені бұзу ұяны бұзумен тең.  

 

268-тапсырма.  Тұйық  етістіктерді  тауып,  олардың  қай 

септіктерде тұрғанын ажыратыңыздар. 

Сөздің  асыл  болуы  –  адамға  ұнауымен.  Сөз  мағына 

жағының  күштілігімен,  көркемділігімен  ұнайды.  Сөйлеудің  екі 

түрі  болады:  бірі  –  жалаң,  екіншісі  –  көрнекі.  Сөйлеуді  осы  екі 

түріне  қарай  ажыратамыз.  Көрнекі  сөйлеуді  жырлау-толғау 

дейміз.  Жырлау-толғауда  айтылатын  көрнекі,  әсерлі  сөзді 

дарынды сөз деп айту қолайлы.  

                                                                       (А. Байтұрсынов) 

 

Сөз – ұлы құдірет, ұлылығы – сөзбен адамдарды табыстыруға 

болады. 

                                                                 (Л. Толстой) 

 

Тіл  тазалығы,  мағына  дәлдігі  үшін,  тіл    өткірлігі  үшін 



күресу – мәдениет құралы үшін күресу.   

                                                    (Ә. Хасенов) 

   

Тіл мен ойлау – еңбектің жемісі.                                                      



(К. Маркс) 

 

Ана тілін құрметтемеу – анаңды сыйламау деген сөз. 



        

(Ғ. Мүсірепов) 

 

 

 

 


жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау