ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
288
Тұрсын, Опасызға лағынет болсын. Кінәсіз халықты жылатқан Жер Тәңірісі
сияқтысың. Алтын тақта отырсаң дағы Ажалға төтеп бермессің», – деп
Ташкент ханының қазақ ауылына опасыздықпен шабуыл жасағанын, жазық-
сыз жандарды қырып-жойғандығын бетіне басады.
Ақтамберді жырау
(1675-1768) Сарыұлы 1675 жылы Оңтүстік Қазақ-
станда, Қаратау бойында ауқатты отбасында дүниеге келеді. Болашақ жы-
рау жамағайын туысы Бердіке деген батырдың қолында өседі. Ақындық та-
лантын тым ерте, 10-11 жасында танытқан Ақтамберді 17 жасынан бастап
қазақтардың Орта Азия хандықтарымен арадағы соғыстарына қатынасады.
Өзінің жанкешті ерлігімен, ақыл-айласымен көпке танылады. Талай рет өлім
аузынан қалады. Бірде, тіпті, жортауылда жау қолына түсіп, өлім жазасы
орындалар қарсаңда ғана қашып құтылады. 1723 жылы қазақтар ойраттар-
дан ойсырай жеңіліп, бүкіл оңтүстік және шығыс аймақтан айырылған шақ-
та Ақтамберді атақты батыр, Орта жүздің рубасы ақсақалдарының бірі еді.
Батыр жырау өзінің белсенді ісімен де, жалынды жырымен де жоңғарға
қарсы күресті ұйымдастырушылардың бел ортасында болады, қазақ жаса -
ғының алдыңғы сапында шайқасады. Жоңғар мемлекеті біржола талқан-
далып, жаудан босаған шығыс бетке қайта қоныстану кезінде Ақтамберді
қазақ руларын атамекенге біржола орнықтыру ісінде зор қызмет атқарады.
Батыр жырау тоқсан үш жасында, 1768 жылы қайтыс болады.
Бұқар жырау қазақ тарихындағы ең соқталы тұлғалардың бірі ол ша-
мамен 1668 жылдары туады. Жыраудың әкесі Қалқаман батыр, сірә, ел
билеуші шонжар емес, жеке басының ерлігімен ғана аты шыққан адам бол-
са керек. Жыраудың қайда оқығаны, қандай өмір мектебінен өткені туралы
нақты деректер жоқ. Біз тек оның тым ерте көтеріліп, Тәуке тұсында-ақ хан
төңірегіндегі ықпалды билердің бірі болғанын білеміз. Алайда, Бұқардың
Тәукеден соңғы әміршілермен тіл табыса алмағаны аңғарылады. Жы-
рау кедейшілікке ұрынады. Мәшһүр Жүсіптің айтуына қарағанда және өз
шығармаларынан да көрінетіндей, Бұқардың, тіпті, сауып ішер малы, мініп-
түсер аты да болмайды. Жырау алпыстан асқанша осы жарлы, кембағал
халде күн кешеді. Алайда өмірінің соңғы кезеңінде Бұқар жай ғана арқалы
жырау, ақылшы аға емес, мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп отырған
қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналады. Жырау бір ғасырдан
астам жасап, 1781 жыл шамасында қайтыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: