Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет58/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Бақылау­сұрақтары:
1. Қазақ хандығының құрылуы мен оның тарихына қатысты жазба деректерді 
сыныптаудың түрлерін көрсетіп, оларға сипаттама беріңіз.
2. Қазақ хандығының құрылуы барысын тікелей баяндайтын тарихи шығар-
маларға қандай еңбектер жатады?
3. Қандай шығармалар Қазақ хандығының құрылуына қатысты жанама дерек-
тер деп аталады?
4. Қазақ хандығы құрылуының тарихнамасын кезеңдерге бөліп көрсетіңіз.
5. Қазақ хандығы құрылуының бірінші тарихнамалық кезеңіндегі тұжырым-
дарға талдау жасаңыз.
6. Қазақ хандығы құрылуының қазіргі кезеңдегі тарихнамасына үлес қосқан 
тарихшыларды атап көрсетіңіз.
§­2.­Керей­мен­Жәнібек­–­Қазақ­хандығының­
­­­­­­­негізін­қалаушы­хандар­
Тарих ғылымында ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан бері Қазақ хан-
дығының құрылуында жетекші рөл атқарған екі тұлғаның – Керей мен 
Жәнібектің есімдері белгілі. Міне, осы кезден бастап Керей мен Жәнібек 
хандардың Қазақ хандығының құрылуындағы тарихи рөлі анықталып, 
қазіргі күндерге дейін оны ешбір зерттеуші теріске шығармай, мойындап 
отыр. 
Махмуд бен Уәлидің жазуы бойынша алғашқы қазақ ханы Керей хан 
болған. Жазба деректер мен тарихи зерттеулерде алғашқы қазақ ханының 
есімі – Гирей, Герей, Кирай, Керей түрінде кездеседі. 
Бұл сөздің түп-төркіні мен мағынасына келсек, ол «Гарай» деген кө-
не моңғол сөзінен шығады. Оның екі мағынасы бар, біріншісі – «биік», 


І тарау. Қазақ хандығының деректік негіздері және қалыптасу кезеңдері
165
«еңселі», «алып» дегенді білдірсе, екіншісі – «ержүрек», «батыл», «еркін», 
«берік» деген мағынаны білдіреді. Араб тілінде бұл мағыналардың «хай-
дар», «ғайдар» деген сөздермен берілетінін ескере келе, моңғолтіліндегі 
– «керей» сөзі мен араб тіліндегі – «хайдар» сөздерінің мағынасы ортақ, 
бірдей деп түсінеміз. 
Мұндай есім Алтын Орда дәуіріне дейінгі араб, парсы тілдеріндегі 
шығармаларда кездеспейді және де тек қана осы дәуірден бастап қана 
Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі қоғамның жоғарғы әлеуметтік тобы ара-
сында жиі кездесе бастайды. 
Керей ханның шығу тегі Жошы ханның үлкен ұлы – Орда Еженнен бас-
тау алады. Жазба деректерде Орда Ежен, оның ұлы Сасы бұқа, оның ұлы 
Ерзен, оның ұлы Шымтай және оның ұлы Орыс хан болып жалғасады. 
Орыс ханнан Керейге дейінгі 
шежіре ортағасырлық дерек-
терде жақсы сақталған. «Му-
изз ал-ансаб» атты шығарма 
мәліметінде «Орыс ханның 
15 баласы: 8 ұл және 7 қызы 
болған делінеді де: «Бірінші ұл 
– Тоқтақия, ол хандық билікте 
болған. Оның үш қызы және 
үш ұлы болған. 1) Анике-Булад, 
2) Бугучак, 3) Тенгриберди», – 
деп айтылады. Ал Анике-Бу-
лад немесе Болатта бір ғана ұл 
болған, оның есімі – Керей хан. 
Сөйтіп, Орыс ханнан бері қарай таратсақ, Орыс-хан, оның ұлы Тоқтақия, 
оның ұлы Анике Болат және оның ұлы – Керей хан болып жалғасады.
1377 жылы Ақ Орда билеушісі Орыс хан қайтыс болғаннан кейін таққа 
оның үлкен ұлы Тоқтақия, яғни Керейдің атасы келеді де, 2 ай ғана билік құрады. 
Ал Керейдің әкесі Анике-Болат немесе Болатқа келсек, ол – Тоқтақияның үш 
ұлының бірі. Оның есімі деректерде шежірелерге қатысты ғана айтылады. 
Басқа жағдайларда Анике-Болат туралы ешқандай мәліметтер айтылмайды. 
Керейдің қай жылы дүниеге келгендігін деректер айтпайды, бірақ оны 
салыстыру әдісі арқылы болжап, шамамен айтуға болады. Орыс ханның 
үлкен ұлы Тоқтақия да, кіші ұлы Қойыршақ, олардың жас арасын шама-
мен 15-20 жыл деуге болады. Тоқтақия ұлы Болат болса, Қойыршақтың 
ұлы – Барақ. Барақтың 1428 жылы қайтыс болғаны белгілі. Барақтың үш 
ұлының үлкені Жәнібек хан. Ал Жәнібек хан мен Болаттың ұлы Керейдің 
бір тарихи кезеңде өмір сүргені және белгілі. Олардың да арасындағы жас 
айырмашылықтары 10-20 жыл деп санауға болады. Керейдің есімі ХV ға-
сырдың 60-жылдарының соңынан, ал Жәнібектің есімі ХV ғасырдың 
70-жылдарының ортасынан бастап жазба дерек мәліметтерінде кездеспей-
ді. Соған қарап оларды 60-70 жыл өмір сүрген деп есептесек, онда олар
XV ғасырдың басында дүниеге келген болып шығады.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау