Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет70/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Қырым­хандығы
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы жайындағы хабарлар Еуро-
па елдеріне де жетеді. 1516 және 1526 жылдары Москвада екі рет болған 
австриялық елші Сигизмунд Герберштейн «Во лга бойындағы бұл патшалық 
(Қазан хандығын айтып отыр – ред.) оңтүстікте және шығыста далалық 
аймақпен шектеседі. Шығыста олар шайбанилар және қазақтар деп ата-
латын татарлармен араласып тұрады», – деп баяндайды. Бұл тұңғыш рет 
қазақ деген халықтың еуропа халықтарына таныстырылуы, белгілі болуы 
еді. Қасым ханның билігі тұсында бұрыннан қолданылып келе жатқан 
«Дешті Қыпшақ», «көшпелі өзбектер», «өзбек-қазақ» деген әр түрлімәні 
бар атаулардың орнына бір ортақ этноним – «қазақ» және этносаяси термин 
– «Қазақстан» қолданыла бастайды. 1512-1513 жылдардағы оқиғаларды
баяндайтын Мұхаммед Талибтың «Матлаб ат-талибин» атты шығарма ла-
рында алғаш рет «Қазақстан» термині айтылады. Одан кейін 1537 жылғы 
оқиғаларға байланысты Васифидың «Бадай ал-вакай» еңбегінде де бұл тер-
мин тілге тиек бола ды. «Қазақ», «Қазақстан» атауларының көршілес ел - 
дерінің тарихына енуі де Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының нығай-
ғандығына байланыс ты болса керек.


ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
199
Әйгілі «Қасым ханның қасқа жол» – деп аталатын заң, қазақ арасын-
да бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалған. Оның 
Қасым хан тұсында жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:
1. Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хан-
дар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді;
2. Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді;
3. Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты;
4. Халықтың саны Қасым хан тұсында бірнеше есе өсті;
5. Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-
ғұрып заңы сай келмейді. 
Міне осы аталған себептер «Қасқа жолды» дүниеге әкеледі. Бұл заңның 
жазбаша тексі болмаса да қазақ есінде заң атының жарты мың жыл бойы 
сақталуы «Қасқа жолдың» қазаққа өте қонымды, қоғамдық қатынастарға 
үйлесімді болғанын көреміз. 
Қасым ханның қай жылы қайтыс болғандығы туралы жаз ба деректердегі 
мәліметтер әр түрлі жылдарды айтады. Дулати мен Хайдар Рази 1518/19 жыл 
десе, Гафари және басқалар 1523-1524 жылды көрсетеді. Қазіргі кездегі 
оқулықтар мен кейбір зерттеу еңбектерінде ұлы тұлғаның қайтыс болған 
жылын 1518-1523 жылдар аралығындағы кез келген жылды көрсетуде. 
Қайтыс болған жылды анықтауда орыс деректерін зерттеген тарихшы
А. Исиннің материалдары жәрдемдеседі.
1519 жылы Қазақ хандығының шекарасы Еділге дейін жетіп, Астрахан-
мен шектеседі дедік. 1520-1521 жылдың қыс айларында Астраханда Занко 
Зудов деген рязаньдық 3-4 ай тұтқында болады. Қазақ хандығында болып 
жатқан оқиғалардың бірталайын ол тұтқында жүріп естиді. 1521 жылдың 
сәуірінде оның Москваның ұлы князі ІІІ Василийге жіберген хабарламасын-
да: «Осы жылы қыста қазақ пат шасы қайтыс болды», – деп жазады. Бұ-
дан басқа көздер арқылы да Москваға Қасым ханның қайтыс болғандығы 
туралы хабарлар жетсе керек. 1521 жылы июнь айында Түркияға бара 
жатқан бояр ұлы Василий Михайлови
ч Третьяк-Губинге ІІІ Василий Қазақ 
Ордасы туралы анықтау, қазіргі кездегі қазақтардың патшасы кім және 
олар қай жерде көшіп-қонып жүргені туралы анықтауға тапсырма береді. 
Бұдан көріп отырғанымыздай, Қасым хан 1518 жылы не 1523 жылы емес,
1521 жылдың қысында қайтыс болған.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау