Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет7/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40

23
Егер  жанама  тамыр  өсуін  одан  əрі  жалғастыра  бер-
се,  онда  бастапқы  сабақтан  қосымша  тамырлар  пайда 
болады.  Соның  нəтижесінде  шашақ  тамырлар  жүйесі 
қалыптасады.
Демек,  тамырлар  құрылысына  қа рай  негізгі,  жанама 
жəне қосалқы тамырлар болып бөлінеді. Солай болса да 
кіндік тамыр мен шашақ тамыр жүйелерінде бір-бірінен 
айтарлықтай айырмашылық бар.
1. Өсімдік ағзасы қандай мүшелерден құралған?
2. Тамырлар құрылысына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
3. Тамыр жүйесі деген не?
§ 8. ТАМЫРДЫҢ    СЫРТҚЫ    ЖƏНЕ
ІШКІ    ҚҰРЫЛЫСЫ
Тамырдың  ішкі  бөлігінің  құ рылысы  айтарлықтай 
күрделі.  Оны  микроскоппен  көру  үшін  ар найы  пре-
парат  дайындалады.  Бұл  үшін 
тамырдың  бір  бөлігін  көлде-
неңінен  жұқалап  кесіп  алып, 
заттық  əйнектегі  су  тамшысына 
немесе  глицеринге  қояды.  Со-
сын  оған  бірер  түс  беріледі  де, 
үсті  жабын  əйнекпен  жабыла-
ды.  Микроскоппен  қарағанда 
тамырдың  сыртқы  бөлігі  жасу-
шалардан  құралғандығы,  сол 
жа сушалардың  кейбіреулерінен 
тамыр  түкшелерінің  шыға  бас-
тағаны айқын көрінеді (17-сурет).
Əрбір тамыр түгі ұзындау кел-
ген жалғыз жасушадан құралады. 
Бұл  жасушаның  өзі  жұқа  қа-
бықтан,  цитоплаз мадан  жəне  ірі 
ядродан тұ рады. Тамыр осы түк-
шелері арқылы топырақтан суды 
17-сурет. 
Тамырдың 
түзілуі
жанама
тамырлар
өткізу 
аймағы
тамыр
түкшелері
тамыр
қыншасы
сіңіру
аймағы
өсу
аймағы
бөліну
аймағы


24
жə не онда еріген қоректік заттарды сіңіріп алады. Тамыр 
түкшелерінің  қызметі 10-12 күнге  созылады.  Содан  соң 
тамырдың  ұш  жағындағы  өсе тін  бөлігінен  жаңа  тамыр 
түкшелері өсіп шығады. Бұл үдеріс өсімдіктерде тоқ таусыз 
жүріп  жатады.  Соның  нəтижесінде  тамыр  түкшелері  то-
пырақтың ішкі қабатына тереңдей еніп, өсімдікті қажетті 
қорекпен қамтамасыз етіп тұрады. 
Тамырдың  қабығы  өзіне  тəн  жасушалардан  құралған. 
Қабық  жасушалары  тірі,  домалақ  пішінді  жəне  жұқа 
қабықшалы болады. Жасушалардың ортасында ауа толы 
бос кеңістік бар, тамырдағы жасушалар осы ауамен тыныс 
алады.  Көлденең  кесілген  тамырдың  ортаңғы  бөлігінде 
қалың  қабырғалы  ірі  тесіктер  көрінеді.  Бұл  тесіктер 
орталық бөліктегі тү тікшелерден тұрады (18-сурет).
Жас тамырды ұзынынан ке сіп қарасақ, түтік шелердің 
өте ұзын жасушалардан құралғанын кө реміз. Уақыт өткен 
сайын  жасу шалардың  қабығы  қалыңдап,  олардағы  ци-
топлазма  мен  ядро  да,  жасушалар  арасындағы  перде  де 
жойылады.  Соның  нəтижесінде  тізбектеле  орналасқан 
бұндай  жасушалардың  бірнешеуінен  ұзын  түтікшелер 
18-сурет. 
Көлденең
кесілген тамырдың 
микроскоптағы көрінісі
19-сурет. 
Тамыр аймақтары
(бөліктері)
тамыр қабығы
қабықша
өткізу аймағы
сіңіру аймағы
өсу аймағы
бөліну аймағы
Тамыр қыншасы
флоема
ксилема
орталық цилиндр
тамыр 
түкшесі


25
пайда  болады.  Топырақтан  сіңіріп  алынған  су  мен  онда 
еріген қоректік заттар осы түтікшелер арқылы жоғарыға, 
яғни тамырдан сабаққа, бұтаққа жəне жапырақтарға қарай 
көтеріледі.
Жүгерінің тамыры сабағынан жан-жаққа қарай 2 м-ге 
дейін, ал пияздың тамыры 60–70 см-ге дейін тармақталып 
таралады. Жүгерінің 1 мм
2
 сіңіріп алу аймағында 700-дей 
тамыр түкшелері болады.
Тамырдың өсуі. Өсімдіктердің жер астындағы бөлігі, 
яғни тамыры жер бетіндегі бөлігіне қарағанда тез өседі. 
Мəселен, мақта өркендерінің тамыры бір тəулікте 2-3 см 
өседі. Бұнда өсу тамыр ұшындағы жасушалардың бөлінуі 
арқылы жүзеге асады. 
Жантақ  бар  жерде  су  болатыны  белгілі.  Расында  да 
жантақтың тамыры жерге 30 метр тереңдікке дейін бой-
лай еніп, жер асты суларын пайдаланады. 
Тамырлар  бөліну  аймағындағы  жасушалардың  бөлі-
ніп көбеюі есебінен бойлап өседі.
Өсімдіктердің басқа мүшелері сияқты тамыры да тыныс 
алады. Топырақтағы ауа тамырдың жұқа қабығы арқылы 
оның ішіндегі барлық тірі жа сушаларға таралады. Өсімдік 
тамыр лары  ауаны  жеткілікті  мөлшерде 
қа былдауы  үшін  тұқым  қопсытылған 
бор пылдақ  то пыраққа  егіледі.  Өнім 
жетілгенге дейін топырақ тағы бірнеше 
рет  қопсытылады.  Сол  себепті  мақта 
түптерін, көкөністерді жəне бақша егін-
дерін  қопсытудың  пайда-маңызы  шаш-
етектен екенін ұмытпаңдар.
Қатып  қалған  топырақ  құрамында 
ауа  да  аз  болады.  Сондықтан  барлық 
ағаштар  мен  бұталардың  түптерін 
оқтын-оқтын қопсытып тұрған орынды. 
Тамырдың  үстіңгі  бөлігі  зақымданса, 
оның  бойлап  өсуі  тоқтайды  да,  жанама 
20-сурет.
A
Ə


26
тамырлардың пайда болуы күшейеді. Соның нəтижесінде 
тамыр  жүйесі  топырақтың  құнарлы  жоғарғы  бөлігінде 
жанына қарай мықтыланып өсе бастайды. Өсімдіктердің 
бұндай ерекшелігі негізінен диқаншылықта ұтымды пай-
даланылады.  Диқан-егіншілер  қызанақ,  орамжапырақ, 
болғар қалампыры рəуіштес өсімдіктерден мол өнім алу 
үшін  оларды  тұқымынан  өндіріп  алады  да,  басқа  жер-
ге  көшіріп  отырғызудан  бұрын  тамырының  ұш  жағын 
шырпып  тастайды (20-сурет:  А –  шырпу;  Ə – топыраққа 
көшіріп  отырғызғанда  қосалқы  тамырлардың  пайда  бо-
луы).
1.  Тамыр қайсы бөлігінен өседі? Оны қалай дə лелдейді?
2. Негізгі тамырды шырпудың мақсаты не?
3. Тамыр оймақшасының қызметі қандай?
4. Топырақтағы ауа тамырға қалай əсер етеді?
Бидайдың жас өскінін топырақтан абайлап суырып алыңдар 
да,  мұқият  бақылап,  оның  қайсы  бөлігіне  топырақтың 
неліктен жабысып қалғанын анықтаңдар.
§ 9. ПІШІНІ  ӨЗГЕРГЕН  ТАМЫРЛАР
Тамырлардың  пішін  өзгерістері  (метаморфозы).
Тамырлар атқаратын міндеттеріне қарай түрлі пішіндерде 
болады.  Бұндай  тамырлар  пішіні  өзгерген,  яғни  ме-
таморфозданған тамырлар деп аталады.
Тамыржемістер
Жүгерінің 
қосалқы 
тамырлары
Баньян 
ағашының 
тірек 
тамырлары
21-сурет. 
сəбіз
шалғам
қызылша


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау