Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет5/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

16
топлазма бір бағытпен қозғалады, яғни жасушаның түрлі 
бөліктеріндегі  қоректік  заттар  мен  оттегінің  қозғалу  ба-
ғытына қарай жылжиды. Жасушалар қабығында өте ұсақ 
тесіктер бар, цитоплазманың қозғалысы кезінде бір жа су-
шадағы қоректік заттар мен оттегі екінші жасушаға осы 
тесіктер  арқылы  өтеді.  Бұл  қозғалысты  бақылау  үшін 
жасуша  қабығының  міндетін  атқаратын  майда  (көзге 
көрінбейтін) тесіктері бар шағын целлофан дорбаға бидай 
ұнынан дайындалған қамыр бөлегі салынып, аузы байла-
нады да, стақандағы йод суға батырылады. Шамалы уақыт 
өткен соң қамыр көкшіл түске боялады. Бұдан шығатын 
қорытынды  сол,  қоректік  заттар  жасушаның  қабықшасы 
арқылы жасушаның ішіне өткен.
Өсімдіктердің əрбір тірі жасушасы тыныс алады жəне 
қоректенеді.  Бұл  үдеріс  жасушаларда  күн  сəулесінің 
əсері, су жəне онда еріген түрлі заттар мен оттегі болған 
жағдайда ғана жүзеге асады.
Қажетті  заттар  жасушалардың  ішіне  сыртқы  ортадан 
қалай кіреді деген сұрақ туылатыны заңды, əрине. Жасуша-
лардың  қабықшасы  мен  цитоплазма  барлық  зат тарды 
өздері арқылы өткізе бермейді. Мысалы, жасу шаның ішіне 
топырақтан су мен онда еріген заттар ғана өтеді.  Өсімдік 
жасушаларының  ішіне  сырттан  кірген  түрлі  ерітінділер 
қайта өңделіп, тіршілікке қажетті заттарға айналады.
Жасушалардың өсуі жəне бөлінуі. Жасуша ларға тəн 
маңызды  био логиялық  ерекшеліктер дің  бірі – олардың 
өсуі мен бөлінуі болып саналады. 
Жас жасушалар өте ұсақ болғанмен, өскен са йын ірі-
лене  береді.  Əрбір  жасуша  белгілі  бір  мөлшерге  дейін 
12-сурет. Элодея 
өсімдігі жəне оның 
жапырақ жасушасы
цитоплазма
жасуша қабығы
ядро
пластидалар
вакуоль


өседі. Жасуша қабықшасы жасына қарай қалыңдай береді. 
Қартайған  жасушаларда  цитоплазмаға  қарағанда  ваку-
оль  көбірек  орын  алады.  Уақыт  өткен  сайын  қартайған 
жасушаларда  цитоплазма  мен  ядро  түгелдей  жойылып, 
олардың орнын су немесе ауа иелейді. Соның нəтижесінде 
қартайған жасуша өмір сүруін тоқтатады.
Сендер  енді  ғана  тұқымнан  өніп  шыққан  өскіннің 
уақыт жылжып өткен сайын өсіп, өркенге айналатынын, 
бірте-бірте одан жапырақ, сабақ, дің, бүршік, гүл, жеміс 
пайда болатынын білесіңдер. Алып жаңғақ, шынар, терек 
жəне басқа ағаштардың барлық мүшелері жасушалардың 
бөлініп көбеюінен пайда болған.  Жасушалар бөліну жолы-
мен көбейеді. Бірақ жасу шалардың барлығы бірдей бөліне 
бермейді. Тек өсу нүктесіндегі жасушалар ғана бөлінеді. 
Жасушалардың бөлінуінде ядро елеулі рөл атқарады.
Бөлі нетін  жасушалардың  ядросы  алдымен  іріленеді, 
сосын  екіге  бөлінеді  де,  арнайы  пердемен  оралады.  Бұл 
кезеңде цитоплазмада да жарғақша пайда болып, ана жа-
сушаны тең екі жас жасушаға бөледі. Жасуша бөлінген 
сəтте  ондағы  пластидалар  да  тең  екіге  бөлініп,  жас 
жасушаларға өтеді. Пайда болған жас жасушалар өзіндегі 
қоректік заттардың есебінен өсуін одан əрі жалғастырады. 
Олар  да  ана  жасуша  деңгейіне  жеткен  соң,  тағы  жас 
жасушаларға бөлінеді. Осылайша жасушалардың бөлініп 
көбеюі мен өсуі нəтижесінде өсімдік өсе береді.
1.   Элодея  жапырағы  жасушаларындағы  цитоплаз маның
қоз ғалысын қалай бақылауға болады?
2.  Заттар жасушалардың ішіне қалай өтеді жəне олар қандай 
өзгерістерге ұшырайды?
3. Жасушалар өсу кезеңінде қалай өзгереді?
4. Жас жасушаның ана жасушадан қандай айырмасы бар?
5.  Жасушалар бөлінген кезде ядрода қандай өз герістер болады?
Элодея  өсімдігіндегі  цитоплазманың  қоз ғалысы  темпера-
тураның əсерімен қалай өз геретінін бақылаңдар.
17
2 – Биология, 6-сынып


18
жа-
суша
ұлпа
мүше
ағза
§ 6. ӨСIМДIК  ҰЛПАЛАРЫ
Сендер  өткен  сабақтарда  алуан  түрлі  жасушалармен 
таныстыңдар.  Келіп  шығуы  мен  пішіндері  ұқсас  жасу-
шалар  тобын  ұлпа  деп  атайды.  Ұлпа  өсімдік  мүшесінің 
негізін құрайды. Өсімдіктің бір немесе бірнеше міндетті 
атқаратын бөлігі мүше деп аталады (13-сурет). 
1682 жылы ағылшын табиғаттанушысы Н. Грю «ұлпа» 
ұғымын  ғылымға  енгізді.  Ұлпалар  орналасуына  жəне 
атқаратын қызметіне қарай алуан түрлі болады (14-сурет).
Өсімдіктерде  бірқатар  белгілері  мен  ерекшеліктеріне 
орай  мына  төмендегідей  ұлпалар  болады:  түзгіш  ұлпа, 
жабын ұлпа, беріктік беретін ұлпа, айыру ұлпасы, сору 
ұлпасы, механикалық ұлпа, өткізу ұлпасы.
Түзгіш ұлпа (меристема). Түзгіш ұлпа жасушалары ірі 
ядролы, жұқа нəзік қабықты, іші сұйық цитоплазмаға толы 
тірі  жасушалар  жиындысынан  құралып,  жиі-жиі  бөлініп 
тұрады. Түзгіш ұлпадан пайда болған жасушалар алдымен 
өседі, сосын белгілі бір пішінге еніп, белгілі бір міндетті 
атқаратын  тұрақты  ұлпаны  құрайды.  Түзгіш  ұлпалар 
сабақ пен тамырлардың ұшында орналасады. Ұш жақтағы 
түзгіш  ұлпа  бүршіктің  өсу  конусы  мен  тамырлардың 
бөлінетін  аймақтарына  орналасып,  өсімдіктің  бойлап 
өсуін қамтамасыз етеді. Түзгіш ұлпа бұтақ пен тамырдың 
ішкі бөліктерінде де болады. Олар жан беретін ұлпа деп 
те  аталады.  Бұл  ұлпа  жасушалары  сабақ  пен  тамырға 
шеңбер түрінде орналасады да, өсімдік мүшелерінің еніне 
қарай  өсуін,  яғни  жуандауын  қамтамасыз  етеді.  Сабақ 
пен  тамырдың  қабығы  (флое-
ма)  мен  сүрегі  (ксилема)  ара-
сына  орналасқан  жан  беретін 
ұлпа – камбийдің  арқасында 
өсімдіктің  сабағы  мен  тамы-
ры  еніне  қарай  жуандайды. 
13-сурет.


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау