Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет6/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

19
Түзгіш  ұлпа  жасушаларынан  өсімдіктің  негізгі,  жабын, 
айыру, өткізгіш, механикалық жəне басқа ұлпалары пайда 
болады.
Негізгі  ұлпа.  Негізгі  ұлпаның  ең  маңызды  міндеті
фото синтез  үдерісін,  яғни  өсімдіктегі  зат  алмасуды  рет-
теп отыру болып табылады. Бұл ұлпаның құрамына асси-
миляция  ұлпасы,  су  сақтайтын  жəне  қор  жинайтын  ұл-
палар енеді. Бұл ұлпа ядродан жəне бір қабат хлорофилл 
түйіршіктерінен  тұрады.  Сондықтан  да  бұл  ұлпалар  хло-
рофилді паренхима немесе хлоренхималар деп те аталады.
Хлоренхима грек тілінен аударғанда хлорос – жасыл, 
энхима – толтырылған  деген  мағынаны  білдіреді.  Олар 
жасыл  жапырақтар  мен  жасыл  бұтақтардағы  эпидерма 
жасушалары астына орналасқан.
Жабын ұлпалардың келіп шығуы өсімдіктерді су лы 
ортадан  ығыстырған  соң,  құрғақшылыққа  бейімделуі-
Түзгіш ұлпа
Флоема
Ксилема
Эпидерма
14-сурет.
өсу конусы
електəрізді түтік
сүрек
паренхимасы
сүрек талшығы
серік жасуша
хлоропласт
өткізгіш түтік
эпидерма
жасушалары
түкше
ауыз
лобия 
тəрізді
жасушалар
сүрек 
талшығы
сүрек
паренхимасы
бөліну
зонасы


20
нен  басталған.  Бұлар  да  онтогенез  кезеңінде  меристема 
ұлпалар арқылы пайда болған. Бұл ұлпа да 3-ке бөлінеді: 
эпидерма,  перидерма  жəне  қабық.  Эпидерма  жапырақ 
пен  жас  өркендерді  орап  тұрады.  Бұл  ұлпа  бір  қабатты 
тығыз  орналасқан  мөлдір  жасушалардан  түзілген.  Эпи-
дерма  ұлпасын  сырт  жағынан  кутикула  қоршап  тұрады, 
бұл судың артық булануынан сақтайды. Жапырақ пен жа-
сыл  сабақтардың  эпидермасында  тесіктер  бар,  олар  газ 
алмасуы  мен  судың  булануына  қатысады.  Көп  жылдық 
өсімдіктердің сабағы мен тамырларында эпидерма екінші 
жабын  ұлпа – перидермамен  ауысады.  Перидерма  тоз-
дан  жəне  басқа  жасушалардан  құралған.  Тоз  өлік  жасу-
шалардан тұрады да, оның қабығына май тəрізді арнайы 
зат  (суберин)  сіңеді.  Сондықтан  тоз  өзі  арқылы  су  мен 
газды  өткізбейді.  Оның  негізгі  міндеті  өсімдікті  жаз-
да  жоғары  температурадан,  ал  қыста  күшті  аяздан  жəне 
əр  түрлі  ауру  туғызатын  микроағзалардан  қорғау  болып 
табылады.  Тоз  жасушалары  арасында  жасымықшалар 
қалыптасады.  Ағаштар  мен  бұталардың  діңі  мен  тамы-
рында жыл сайын тоз ұлпасының жаңа қабаты жетіледі. 
Осының нəтижесінде қабық қабаты пайда болады. Қабық 
жасушаларының  созылмалы  қасиеті  болмайтындықтан, 
ағаштар  мен  бұталардың  діңдері  жуандаған  сайын 
қабықтарда жарықтар пайда бола береді. 
Өткізгіш  ұлпа.  Бұл  ұлпа  өсімдіктің  денесінде  зат 
алма судың ойдағыдай жүруін қамтамасыз етеді. Бұл үде-
ріс  сабақ  пен  тамырдың  өткізгіш  ұлпалары – ксилема
мен флоема түтікшелері арқылы жүзеге асады. Ксилема-
да  өлік  жасушалардан  тұратын  өткізгіш  түтікшелер  мен 
трахеидтер бар, су жəне онда еріген минерал тұздар олар 
арқылы  тамырдан  өсімдіктің  барлық  мүшелеріне  тарай-
ды.  Флоемада  тірі  жасушалардан  тұратын  елек  тəріздес 
түтікшелер  бар,  жапырақтардағы  фотосинтез  үдерісінде 
пайда болған органикалық заттар осы түтікшелер арқылы 
өсімдіктің  басқа  мүшелеріне  жеткі зіледі.  Елек  тəрізді 


21
түтікше  жасушаларында  ядро  болмайды,  олар дың  қа-
сында серіктес жасушалар бар.
Механикалық  ұлпалар  өсімдікке  тірек  жəне  оның 
мүшелеріне  мықтылық  беретін  қалың  қабықты,  созы-
лыңқы келген тірі жəне өлі жасушалардан тұрады.
1. Колленхима (тірі) ұлпалар жас сабақтар мен жапырақ 
талшықтарында болады. Оның жасушалары өсу ке зеңінде 
эпидерма астында түзіледі. Сондықтан да өсім дік жоғары 
қарай бойлап өсуге қабілетті.
2.  Склеренхима  (өлі)  ұлпалар  қатты  да  берік  ұлпа лар 
ретінде  колленхимадан  өзгешелеу  болады.  Склеренхима 
2-ге бөлінеді: тін талшықтары; склереид, яғни тас жасуша-
лар. Склереид жасушалар тұқымдардың қабығында (жаң-
ғақ, алша, өрік) жəне жемістің етінде (алмұрт, беһі) болады.
Айыру ұлпасы. Өсімдіктерде жүріп жататын тіршілік 
үдерістері барысында түрлі заттар пайда болады. Бұларға 
эфир  майлары,  каучук,  бальзам  жəне  смолалар  жатады. 
Қорыта айтқанда, өсімдіктер бойындағы қажетсіз, артық 
заттар осы ұлпалар арқылы сыртқа шығарылады.
1. Ұлпа деген не?
2. Ұлпалар неше түрлі болады?
3. Фотосинтез үдерісі қайсы ұлпа арқылы жүзеге асады?
4.  Ағаштар  қайсы  ұлпалардың  арқасында  бойлап  жəне
жуандап өседі?
III  ТАРАУ.  ӨСІМДІКТЕРДІҢ  ВЕГЕТАТИВТІК 
ЖƏНЕ  ГЕНЕРАТИВТІК  МҮШЕЛЕРІ
§ 7. ТАМЫРДЫҢ  ТҮРЛЕРІ  МЕН  ЖҮЙЕЛЕРІ
Тамыр – өсімдіктердің сабағын немесе денесін жерге 
бекітіп, топырақтағы суды жəне еріген қоректік заттарды 
өз бойына сіңіріп алып, оларды өсімдіктің жер бетіндегі 
бөлігіне жеткізіп беретін мүше. Тамырдың өзіне тəн ма-
ңызды ерекшеліктерінің бірі – онда жапырақ болмайды.
Тамырлар негізгі, жанама жəне қосалқы тамырлар бо-
лып  бөлінеді.  Тұқымнан  тікелей  өсіп  шыққан  тамырдан 


22
негізгі тамыр пайда болады. Негізгі тамыр бұтақтанып, 
жанама  тамырларды  түзеді.  Ал  сабақтың  төменгі 
бөлігінен  жəне  жапырақтан  қо салқы  тамырлар  өсіп 
шығады (15-сурет).
Бір  түп  өсімдіктегі  негізгі,  жана ма  жəне  қосалқы 
тамырлардың  жиын тығы  тамыр  жүйесі  деп  атала ды. 
Тамыр  жүйесінің  көлемі  мен  құрылысы  өсімдіктердің 
түріне,  тамырының  бұтақ тануына,  қосалқы  тамырларға 
жəне  топырақтың  құнар лылығына  байланысты.  Тамыр 
жүйесі  өзінің  құрылысына  орай  кіндік  тамырға  жəне 
шашақ тамырға бөлінеді (16-сурет).
Өркендегі  бастапқы  тамыр  даму  үдерісінде  өсуді  жал-
ғастырса, одан кіндік тамыр жүйесі пайда болады. Бұлайша 
бейімделу көбінесе қос жарнақты өсімдіктерде байқалады.
Кіндік  тамыр  жүйесі  ұзын  əрі  жуан  болады,  одан 
жанама  тамырлар  өсіп  шығады.  Бұл  тамыр  жүйесі  қос 
жарнақты өсімдіктерге тəн, оны долана, итмұрын, сексеуіл 
сияқтылардан  жəне  мəдени  өсімдіктерден  (алма,  өрік, 
алмұрт,  қауын,  қарбыз,  қоза,  ноқат,  лобия,  бұршақ  жəне 
терек сындылар) байқауға болады.
15-сурет. 
Тамыр түрлері
Бегонияның қосалқы 
тамыры
16-сурет. Тамыр жүйелері
сабақ
қосалқы тамыр
негізгі тамыр
жанама тамырлар
Кіндік тамыр жүйесі
Шашақ тамыр жүйесі
қосалқы 
тамыр
негізгі тамыр
жанама тамырлар
жанама тамырлар


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау