8
Бұндай таңғажайып өсімдіктер өз өлкемізден де табылады.
Мəселен, жаздың ми қайнатқан қапырығына төзімді, тек
құмды шөлдерде ғана өсетін, жапырақтары əрең байқалатын
сексеуіл мен қандымды, сабағы судың ішінде болғанымен,
гүлі су бетінде ашылатын тұңғиық, жəндіктермен қорек-
тенетін су қарақшысы, табиғаттың көркі болып табылатын
жауқазын, пион, қалампыр, жұмагүл, қызғалдақтар, ши-
палы қасиетке бай пісте, бадам, құрма, жаңғақтар, емдік
дəрі-дəрмектер ретінде қолданылатын шырғанақ, адырас-
пан, итмұрын, су қалампыры жəне басқалар өсімдіктер
əлемінің тамаша өкілдері болып табылады.
Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі экологиялық
жағдайдың өзгеруіне тікелей байланысты. Олар мил-
лиондаған жылдар барысында өзгеріп, жаңа ортаға, жаңа
жағдайға бейімделіп келген. Жағдайдың өзгеруіне бай-
ланысты өсімдіктерде жаңа ортаға тəн белгілер пайда
бола бастаған, уақыт жылжып өткен сайын бұл белгілер
қалыптасып, тұқым қуалаған. Осының нəтижесінде жаңа
жағдайға арнайы бейімделген жаңа өсімдіктер (түрлер,
туыстар, тұқымдастар) пайда болған. Ал жаңа жағдайға
бейімделе алмаған өсімдіктер жойылып кеткен.
Өсімдіктер сыртқы ортаның жағдайына бірте-бірте
бейімделіп, күрделене түскен де, оларда екі түрлі мү шелер
пайда болған.
1. Вегетативтік мүшелер – латынша «вегетатио»
сөзінен алынған, өсу, даму деген мағынаны білдіреді.
Өсімдіктердің тамыры, сабағы, жапырағы вегетативтік
мүшелер қатарына жатады.
2. Генеративтік мүшелер – латынша «генерате»
сөзінен алынған, жарату, түзу деген мағынаны білдіреді.
Генеративтік мүшелерге гүл мен жеміс жатады.
1. Барлық гүлді өсімдіктерге тəн жалпы белгілерді атап бер.
2. Гүлді өсімдіктердің қандай мүшелері бар?
3. Гүлді өсімдіктер неліктен алуан түрлі болады?
4. Гүлді өсімдіктер қандай жағдайларда өсуге бейімделген?
9
Бірер гүлді өсімдіктің жалпы құрылысымен танысыңдар.
Оны басқасымен салыстырыңдар. Айырмасын айтып
беріңдер.
§ 3. ӨСIМДIКТЕРДIҢ ТIРШIЛIК ПIШIНДЕРI
Өсімдіктердің сыртқы ортаға əр түрлі пішіндерде
бейімделуі тіршілік пішіндері деп аталады.
Гүлді өсімдіктер тіршілік пішіндеріне қарай ағаш, бұта,
шала бұта, бір жылдық, екі жылдық жəне көп жылдық
өсімдіктер болып бөлінеді.
Ағаштар – діңі сүректенген, жалғыз жуан діңді, мықты
тамырлары жəне бөрікбас бұтақтары бар, биік бойлы көп
жылдық өсімдіктер. Алма, өрік, жаңғақ жəне шабдалы
ағаштарының бөрікбас бұтақтары қомақты болса, қарағай
мен теректікі жып-жинақы, түзу, ал қарағаш пен сəмбі
талдың бө рікбасы шар тəрізді болып ке леді (3-сурет).
Табиғи түрде тараған ағаштардың жергілікті жағ дай ға
орай бір-бірінен айыр машылығы болады. Таулардың орта
бөлігіндегі аршалар бойшаңдау болса, ең биік жеріндегі
аршалар аласа, яғни жерден биіктігі 0,5–1 метр дей ғана бо-
лады. Бұндай ерекшелік өсімдіктерді ұдайы есіп тұратын
желден жəне қысқы аяздан сақтайды.
Бұталар – сабақтары сү рек тенген, көп жылдық өсім-
діктер (4-сурет). Бұларға ит мұрын, ырғай, зире, си ыр
Tерек
Қарағаш
Сəмбі тал
3-сурет. Ағаштар
Настарин
Бүлдірген
Қарақат
4-сурет. Бұталар
10
қарақат, бадам, ұш қат, анар, лимон, қара қат, лигуструм,
настарин сияқ тыларды ай туға болады.
Шала бұталар – саба ғы ның жоғарғы бөлігі қыс-
та суыққа шалдығып, түсіп қалатын көп жылдық өсім-
діктер. Шөлдер мен шөлейт терде кең тараған: изен, кеу-
рек, теріскен, сарсазан жəне жусан сияқтылар солардың
қатарына жатады (5-сурет).
Көпжылдық шөптесін өсімдіктер – жер бетіндегі
бөлігі қыстыгүні қурап, өсу бүршіктері топырақ астында
қыстайтын өсім діктер. Бұларға жататын дар: жоңышқа,
ажырық, құмай, киікоты, шашы ратқы, піскем пия зы,
бақбақ, қызылмия, жау қазын, қамыс, андыз, жал быз, са-
сыр, шырыш, сарыгүл (6-сурет).
Екі жылдық шөптесін өсімдіктер – тұқымнан көк -
теп шығып, алғашқы жы лы жер бетінде негізінен жа-
пы рақ (топжапырақ) түзетін, тамырлары мен жапы-
рақ тарына қо ректік заттар жинайтын өсім діктер. Олар
екінші жылы са бақ шығарады, гүлдейді жə не жеміс
түйеді. Бұндай өсім діктердің қатарына қызылша, сə біз,
шалғам, орамжапырақ жəне басқалар жатады (7-сурет).
Бір жылдық шөптесін өсім діктер алуан түрлі бола-
ды. Олар бір жылдың ішінде өседі, гүлдейді жəне жеміс
(тұқым) түйіп, өз өмірін аяқтайды (8-сурет).
Теріскен
Сарсазан
Итсигек
5-сурет.
Шалабұталар
Бақбақ
Құлпынай
6-сурет. Көпжылдық шөптесін өсімдіктер.
күз
қыс
көктем
11
Ауыл шаруашылығында өсірі летін мəдени өсім дік-
тердің басым көпшілігі бір жылдық өсімдіктер бо лып та-
былады. Бұларға қоза, бидай, арпа, зығыр, жержаңғақ,
бұршақ, ноқат, салы, қызанақ, қалампыр, қауын, қар быз,
райхан жəне басқалар жатады. Бір жылдық өсімдіктердің
арасынан өте ұсақ, жер бетінен бар болғаны 5–20 см ғана
көтеріліп өсетін жауынша, қойтікен сияқтыларды, бойы
1 м-ге жететін, тіпті одан да жоғары болатын күнжіт,
жүгері жəне кенеп тəрізді лерді жиі кездестіруге болады.
Қорыта айтқанда, гүлді өсімдіктер өмірлік пішінде ріне
қарай ағаш, бұта, шала бұта, көп жылдық, екі жылдық
жəне бір жылдық өсімдіктерден құралады.
1. Ағаштардың, бұталар мен шала бұталардың көп жылдық
шөптесін өсімдіктерден қандай айырмашылығы бар?
2. Шала бұталардың өзіндік белгілері қандай?
3. Ауыл шаруашылығында өсірілетін бір жылдық өсімдік-
терге мысал келтіріңдер. Оларды мəдени өсімдік деуге
бола ма? Неліктен?
Өздерің жасайтын жерде өсетін алуан түрлі пі шінді өсім-
діктерден гербарий (кеппе) дайын даңдар.
Қызылша Орамжа-
пырақ
7-сурет.
Екі жылдық шөптесін өсімдіктер
Жауынша
Күнбағыс
8-сурет.
Бір жылдық шөптесін өсімдіктер
Екі жылдық шөптесін өсімдіктің өмірі
Бір жылдық шөптесін
өсімдіктің өмірі:
1 – ұрық; 2 – жетілген өсімдік.
ұрық
қыс
бірінші жыл
екінші жыл
1
2
Достарыңызбен бөлісу: |