62
Қыс түскен соң көпжылдық өсім дік-
тердің тамыр түкшелері өз қыз метін тоқ -
татады. Ал көктем келіп, күн жылы ны-
сымен-ақ бұл қызмет қайта жанданады.
Жаз айларында Өзбекстан жағ да-
йында жауын-шашын азайып, тем-
пе ратура көтеріледі де, өсімдіктердің
суға сұранысы күшейеді. Сондықтан
барлық мəдени өсімдіктер қолдан суарылады. Дегенмен суа-
ру кезінде судың мөлшердегіден артық ысырап болуына жол
бермеу керек. Осылайша өсімдіктер тамырлардағы қысым
күшінің əсерімен тамыр түкшелері арқылы жерден су мен
онда еріген қоректік заттарды өз бойына сіңіріп алады.
Өсімдіктер жақсы өсіп, мол өнім беруі жəне ұзақ жа-
сауы үшін топыраққа тыңайтқыш салып, құнарлылығын
арттырып отыру қажет. Тыңайтқыш құрамында түрлі ми-
нералды тұздар, микроэлементтер жəне басқалар болады.
Тыңайтқыштар негізінен екі топқа бөлінеді. Біріншісі,
баршамызға белгілі органикалық тыңайтқыштар, яғни
көң. Олар топырақта шіріп, оның жағдайын жақсартады
жəне құнарлылығын арттырып, өсімдікке қажетті заттар-
ды түзеді. Екіншісі – минералды тыңайтқыштар. Бұндай
тыңайтқыштар химиялық зауыттарда арнайы дайында-
лады. Минералды тыңайтқыштар алуан түрлі болады.
Олардың негізгілері – азотты (селитра), фосфорлы жəне
калийлі тыңайтқыштар болып табылады.
Бұндай тыңайтқыштар өсімдіктерге əр түрлі əсер етеді.
Мəселен, азотты тыңайтқыштар өсуін жеделдетеді, фос-
форлы жəне калийлі тыңайтқыштар өнімнің мол болу-
ына, тезірек пісіп жетілуіне септігін тигізеді. Қысқасын
айтқанда, тыңайтқыштар – мол өнімнің кепілі бола алады.
1. Өсімдік тамырының ең маңызды міндеті неден тұрады?
2. Топырақтағы су мен онда еріген қоректік заттар өсімдікке
қалай өтеді? Тамыр қысымының атқаратын рөлі қандай?
3. Көктемде кесілген ағаш діңінен неліктен сұйықтық ағады?
55-сурет. Тамыр
қысымының күшін
көрсететін тəжірибе
63
§ 26. ҚОРЕКТІК ЗАТТАРДЫҢ
САБАҚ БОЙЫМЕН ҚОЗҒАЛУЫ
Барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктер де қоректік зат-
тармен өмір сүреді. Сондықтан бұндай қоректік заттар
сабақ бойымен қалай қозғалады деген сұрақ та туылаты-
ны заңды. Құрамында минералды тұздары бар су сүрек
арқылы тамырдан жапырақтарға қарай қозғалады. Бұны
тəжірибе жасап сынап көруге болады. Ол үшін жапырақ
шығарған өркенді немесе ашылып тұрған гүлдерді пай-
даланамыз. Алдымен боялған суға ағаштың жапырақ
шығарған өркенін салып қоямыз. 2-3 сағаттан соң өр кенді
көлденеңінен жəне ұзынынан жарып қарасақ, боялған
судың жоғары қарай көтерілгеніне куə боламыз. Бұны
сүректің боялғаны дəлелдеп тұрады (56-cурет).
Қоректік заттар тіндегі сүзгілі түтіктер бойымен қоз-
ғалады. Қант суда жақсы еритіндіктен, тіннің сүзгілі
түтіктері арқылы өсімдіктің түрлі бөліктеріне жиналады.
Қант кейбір өсімдіктердің, мəселен, сəбіз бен қызылшаның
тамыржемістеріне, ал бас қа өсімдіктердің жемі
сі мен
тұқымына шоғыр ла нады. Картоп түйне гіндегі қант крах-
малға айналады.
Қоректік заттардың жа пырақтардан тінге жəне ол
арқылы басқа мүшелерге өтетінін тəжірибе жасап көруге
болады. Ол үшін тал дың немесе теректің ұзындықтары
бірдей, қос жапырақты екі өркені кесіп алынады.
Өркендердің бі рінің төменгі бөлігінен сəл жоғарылау жер-
56-сурет. Судың жəне онда еріген минерал
тұздардың сүрек арқылы қозғалуы
Сабақтың
тəжірибеге
дейінгі бойлай жəне
көлденең қисмасы
Бояулы
судағы өркен
Сабақтың
тəжірибеден
кейінгі бойлай жəне
көлденең қимасы
64
ден қабығы доға тəрізді етіп қиып алынып, бір мезгілде
екеуі бірдей суға салынады. Бір ескеретін жері, қабығы
доға тəрізді қиылған өркеннің тек төменгі ұшы ғана суға
салынады. Екі апта өткен соң, бақылауға алынған өркеннің
төменгі бөлігінде тамырлар пайда болғанын көреміз. Ал
қабығы доға тəрізді етіп қиылған өркеннің тамырлары
кесілген жердің жоғарғы жағында пайда болады. Бұдан
шығатын қорытынды сол, қабығы кесілген жердің төменгі
бөлігіне қоректік заттар өтпейді (57-сурет).
Осылайша суда еріген минералды заттар (қоректік зат-
тар) түтік талшықты орамдар арқылы өсімдіктің бар лық
мүшелері бойымен қозғалады. Өсімдіктің қорек тенуіне
оның барлық мүшелері бір-біріне байланысты түрде
қатысады. Егер олардың бірлі-жарымы қатыспай қалса,
қоректену үдерісі бұзылады. Мəселен, өсімдік тамыры су
мен онда еріген минералды тұздарды қажетті мөлшерде
жеткізе алмаса, жапырақтарда органикалық заттардың
түзілуі төмендейді. Ал жапырақтарда орга никалық заттар
жетіспесе, өсімдіктің барлық жасушалары, ұлпалары мен
мүшелері өсіп-дамуын тоқтатады.
Өсімдіктердегі қоректік заттардың қозғалысын олар-
дың бұтақтарын шырпу жəне қысқарту жолымен қалаған
жаққа бағыттауға болады. Мəселен, мақта өсімдігін шыр-
пу органикалық заттарды жапырақтардан гүлдер мен
көсектерге бағыттау мүмкіндігін туғызады.
Бұдан мынадай тұжырым жасауға болады: сабақтың
сүрегі арқылы су мен онда еріген минералды тұздар, ал
тін қабаты арқылы органикалық заттар қозғалады.
Қабығы сақина
түрінде кесіп
алынған өркен
қосалқы
тамырлар
сүрек
Сақина пішінінде кесіп алынған өркен-
де қосалқы тамырлардың пайда болуы
57-сурет.
Органикалық
заттардың флоэма
арқылы қозғалуын
көрсететін тəжірибе
Достарыңызбен бөлісу: |