Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен


  Cу  мен  онда  еріген  минералды  тұздар  тамырдан  жа- пырақтарға қарай сабақтың қай бөлігі арқылы қозғалады? 2



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет19/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40

65
1.  Cу  мен  онда  еріген  минералды  тұздар  тамырдан  жа-
пырақтарға қарай сабақтың қай бөлігі арқылы қозғалады?
2. Органикалық заттар өсімдіктердің қайсы мүше леріне шо-
ғырланады?
3. Жапырақтардағы органикалық заттар сабақтың қай сы қа-
баты арқылы қозғалады?
4. Қоректік заттардың қозғалыс бағытын басқаруға бола ма?
Бөлме  өсімдіктерінің  бірі  болып  саналатын  қы наның 
бір  бұтақшасын  бояулы  суға  салып,  ондағы  заттардың 
қозғалысын  бақылаңдар.  Бұған  толық  көз  жеткізу  үшін 
өркенді көлденең кесіп көруге болады.
§ 27. ЖАПЫРАҚТА  ОРГАНИКАЛЫҚ 
  ЗАТТАРДЫҢ  ТҮЗІЛУІ
Өсімдіктердің, əсіресе тұқымдардың құрамында (олар-
дың  түрлеріне  қарай)  əр  түрлі  мөлшерде  су,  минералды 
тұздар жəне органикалық заттар (крахмал, қант, май жəне 
ақуыз)  болады.  Сонда  органикалық  заттар  өсімдіктердің 
қайсы бөлігінде жəне қалай түзіледі? Ғалымдар көптеген 
тəжірибелер негізінде органикалық заттар жапырақ жұм-
сағының жасушаларында жəне өсімдіктердің басқа да жа-
сыл мүшелерінің жасушаларында түзілетінін анықтаған. 
Күн  нұрының  əсерімен  жəне  хлорофилл  түйіршік-
терінің  қатысуымен  өсімдіктердің  бойында  бейорга-
никалық  заттардан  органикалық  заттардың  түзілуі, 
сөйтіп, ауаға оттегінің бөлініп шығу үдерісі фотосинтез 
деп аталады. Фотосинтез – грек сөзі, «фотос» – жарық
«синтез» – қосу, бірлестіру деген мағынаны білдіреді.
Шығармашылық  қызметінің  негізгі  бөлігін  жасыл 
өсімдіктердегі  фотосинтез  үдерісін  зерттеуге  арнаған 
жəне  өсімдіктану  ғылымына  лайықты  үлес  қосқан  орыс 
ғалымы  – К.А. Тимирязев  болып  табылады.  Ол  өзінің 
«Күн,  тіршілік  жəне  хлорофилл»  атты  кітабында  фото-
синтез үдерісін жан-жақты негіздеп, дəлелдеген.
Өсімдіктер  су  мен  онда  еріген  минералды  заттарды 
(тұздарды) тамыр түтікшелері арқылы топырақтан сіңіріп 
5 – Биология, 6-сынып


66
алатыны белгілі. Су мен онда еріген минералды заттар та-
мыр қысымы астында жəне жапырақ жасушаларының со-
руы нəтижесінде алдымен тамыр түтікшелеріне сіңіп өтеді, 
одан соң сабаққа, сосын жапырақ жүйкелеріндегі түтікшелер 
арқылы жапырақтарға барады. Жапырақ жасушаларына су-
мен  қатар  лептесіктер  арқылы  ауадан  көмірқышқыл  газы 
да енеді. Жапырақ жұмсағы жасушаларындағы хлорофилл 
түйіршіктерінің  қаты суымен  жəне  жарықтың  əсерінен 
органикалық заттар түзіледі (58-сурет). 
Үдеріс  барысында  хлорофилл  түйіршіктерінде  көмір-
қышқыл газы сумен қосылады. Осының нəтижесінде ал-
дымен  қант,  содан  соң  крахмал  түзіледі.  Көмірқышқыл 
59-сурет. 
58-сурет. Жапырақтарда органикалық заттардың пайда болуы
су буы
жарық
көмірқыш-
қыл газ
оттегі
оттегі
су жəне суда
еріген органи-
калық заттар
су жəне суда
еріген органи-
калық заттар
көмірқыш-
қыл газ
су
оттегі
органикалық
заттар
хлорофилл
көмірқыш-
қыл газ


67
газы сумен қосылған кезде одан қанттан тыс еркін оттегі 
де бөлініп, лептесіктер арқылы ауаға шығады. Өсімдіктер 
жасушасында тек қант пен крахмал ғана емес, сондай-ақ 
басқа органикалық заттар да шоғырланады. Өсімдіктердегі 
органикалық заттардың түзілу үдерісі өте күрделі үдеріс 
болып саналады (59-сурет).
Хлорофилл  түйіршіктерінің  қатысуымен  түзілген 
органикалық  заттар  суда  ериді.  Олар  жапырақ  жұмсағы 
жасушаларынан жүйкелердің сүзгілі түтіктеріне өтіп, олар 
арқылы өсімдіктің барлық мүшелеріне – гүл мен тұқымға, 
жеміс  пен  тамырға  таралады.  Өсімдік  мүшелерінің  жа-
сушалары  осынау  органикалық  заттармен  қоректенеді. 
Артық  органикалық  заттар  тұқымның,  жемістердің, 
тамырлардың  жəне  басқа  мүшелердің  қор  жинайтын 
ұлпаларына шоғырланады.
Өсімдіктерге  жарық,  жылу,  су,  минералды  тұздар 
жəне  көмірқышқыл  газы  қаншалықты  жеткілікті  болса, 
органикалық  заттар  да  соншалықты  көп  түзіледі.  Олар-
да  органикалық  заттар  қаншалықты  көп  болса,  өнімі  де 
соншалықты  мол  болады.  Өсімдіктердегі  осы  заңдылық 
дұрыс сақталса, олардан əрқашан жоғары өнім алынады. 
Осыны жақсы білетін диқандар мен бағбандар жылыжай-
ларда  қажетті  жағдайлар  жасап,  жоғары  өнім  өндіруге 
ұмтылады.  Тіпті  қыс  айларында  да  электр  энергиясын 
60-сурет. 
Жапырақтарда 
крахмалдың 
түзілуін 
көрсететін 
тəжірибе
спирт
йод
ерітіндісі
жарық
жарық
жарық


68
пайдаланып,  қосымша  жарық,  жылу  мен  минералды 
тұздар  беру  жолымен  көкөніс  пен  бақша  егіндерін,  ал-
уан  түрлі  гүлдер  өсіруге  əбден  болады.  Қысқасы,  кез 
келген  өсімдікті  егуден  бұрын  оның  жарық  пен  жылуға 
сұранысын ескеру қажет.
1. Фотосинтез деген не?
2. Органикалық заттардың түзілу үдерісіне нелер қатысады?
3.  Фотосинтез  үдерісінде  жапырақтарға  қандай  газ  сіңіп, 
қандай газ бөлініп шығады?
1.  Жарық  түспейтін  қараңғы  жерде  екі-үш  күн  сақталған 
өсімдіктің  жапырағын  жəне  жарық  жерде  өсіп  тұрған 
өсімдіктің  үсті  қара  қағазбен  жабылған  жапырағын  үзіп 
алыңдар.  Оларды  спиртке  салып,  түссіздендіріңдер.  Түссізденген 
жапырақтарды сумен шайып, тəрелкелерге салыңдар да, үстіне йод 
ерітіндісін  тамызыңдар (60-сурет).  Ашық  тұрған  жапырақ  пен  үсті 
қара қағазбен жабылған жапырақтың бөліктері қандай түске боялаты-
нын мұқият бақылаңдар. Бұл тəжірибеден қорытынды шығарыңдар.
2.  Жапырақтарда  тек  жарықтың  əсерінен  ғана  крахмал  тү зілетінін 
көрсететін тəжірибені түсіндіріп беріңдер.
§ 28. ӨСІМДІКТЕРДІҢ  ТЫНЫС  АЛУЫ  МЕН 
ҚОРЕКТЕНУІ.  ӨСІМДІКТЕРДЕГІ  ЗАТ  АЛМАСУ
Жасыл  жапырақтар  жасушасында  фотосинтез  үде-
рі сінде  органикалық  заттар  түзілумен  қатар  тыныс  алу 
үдерісі  де  жүреді.  Яғни  өсімдіктердің  басқа  мүшелері 
сияқты  жапырақтары  да  тыныс  алады.  Олар  да  нақ 
жануарларға ұқсап ауадан оттегін алып, көмірқышқыл га-
зын бөліп шығарады.
Өсімдіктердің  тыныс  алу  үдерісі  мен  қоректенуі  ара-
сында  айтарлықтай  айырма  бар.  Тыныс  алу  ке зінде 
жапырақтарда  органикалық  заттар  түзілмейді,  керісінше 
ыдырайды.  Тағы  бір  маңызды  жағы,  тыныс  алу  үшін 
жарық  қажет  емес.  Өсімдіктер  күндіз-түні  үздікісіз  ты-
ныс  алады.  Күндіз  жапырақ  жасушасында  органикалық 
заттардың  түзілуі  мен  жасушалардың  тыныс  алу  үдерісі 
қатар жүреді. Бірақ бұл үдерістің екеуі де бізге сезілмейді. 


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау