Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет16/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40

54
Бидай,  арпа,  бидайық  өсімдіктерінің  гүлшоғыры  күр-
делі масақ болғандықтан, ол негізгі гүлсабаққа орын теп-
кен жай масақшалардан тұрады.
Күрделі  шағын  гүлшоғыры  негізгі  гүлсабақта  орна-
ласқан  (настарин,  жүзім)  өсімдіктер  масақшаларының 
бірнешеуі бірігіп күрделі шашақ түзеді (50-сурет).
1. Гүлшоғыр деп ненi атайды?
2.  Жай  жəне  күрделi  гүлшоғырлардың  бiр-бiрiнен  қандай 
айырмашылығы бар?
3. Шашақгүл гүлшоғыры дегенiмiз не? Оған мысал келтiр. 
4. Себетшеде, собықта жəне сырғагүлде гүлдер қалай орна-
ласқан? 
Табиғатта  жиналған  бөлмедегі  немесе  гербарийдегі  гүл-
шоғырларды  қара.  Жай  жəне  күрделі  гүлшоғырларды  бө-
лектеп, суреттерін сал.
4-зертханалық жаттығу
Гүлдердің жəне гүлшоғырлардың құрылысымен танысу
1. Гүлдің негізгі бөліктерімен таныс.
2. Пинцеттің көмегімен гүлдің тостағаншасын, күлтесін, аталығы 
мен  аналығын  айырып  алып,  лупа  арқылы  қараңдар  жəне  олардың 
гүлдегі орналасу тəртібін анықта.
3. Жай жəне күрделі гүлсерікті гүлдерді салыстыр.
4. Дұрыс жəне қисық гүлдерді қарап, бір-бірімен салыстырыңдар.
5.  Лупаның көмегімен аталық пен аналықтың құрылысын зертте.
6. Гүлшоғырлардың түрлерімен танысыңдар.
7. Гүл құрылысы мен гүлшоғырлар суреттерін дəптерге сыз.
күрделі масақ
(бидай)
күрделі шатырша
(сəбіз)
күрделі шашақ
(настарин)
50-сурет. 
Күрделі гүлшоғырлар.


55
§ 23. ЖЕМIСТЕР
Гүлдi (жабық  тұқымды)  өсiмдiктерде  ұрықтанудан 
кейiн  жемiс  пайда  болады.  Жемiс  негiзiнен  аналық  тү-
йiннен пайда болады.
Жемістің пайда болуына аналықтан тыс, гүлдiң  бас-
қа  бөлiктерi  де  қатысады.  Мысалы,  гүлсерiк,  гүлтабан 
жəне т. б.
Жемiс негiзiнен екi түрлi болады: 1. Егер ол түйiннiң 
өзiнен  пайда  болса,  нағыз  же мiс  (сүйек  жемiстiлер) 
деп аталады (өрiк, алша, шабдалы, алхоры, шие). 2. Егер 
же мiстердiң  қалыптасуында  түйiн нен  тыс,  гүлдiң  басқа 
бөлiк терi де қа тысса, бұндай жемiстер жалған жемiс деп 
аталады (алма, ал мұрт, беһе).
Жемiс,  бiрiншiден,  тұқым  пiсiп  жетiлгенше  оны 
сыртқы  əсерден  қорғап  тұрады.  Екiншiден,  тұқымның 
таралуына көмек бередi. Жемiстердiң аралық бөлiгi ет-
тi, қалың болса, бұндай же мiс тердi шы рынды жемiс деп 
атайды (өрiк, шабдалы, алша). Егер аралық бөлiгi жұқа, 
етсiз,  құрғақ  болса,  бұндай  жемiстердi    құрғақ    жемiс 
деп атайды. Мысалы, ноқат, маш, лобия, бидай, жүгері 
жемістері  (51-сурет).
Шырынды жемiстердiң iшiнде көп тұқымды жемістер 
бар. Олардың жемiсi жидек жемiс деп аталады. Жидек 
жемiстерге жүзім, қызанақ, қарақат, итжүзiм сияқтылар 
да жатады.
Асқабақ, қарбыз, қауын, əңгелек пен қиярдың жұмсағы 
жидек  жемiстердiкiне  қарағанда  қалың  жəне  үстi  қатты 
қабықпен оралғандықтан, олар қабақ жемiстерге жатады.
Бауларымыздан  кең  орын  алған  жəне  сүйек  жемiстi, 
шы рынды  жұмсағы,  сүйектiң  iшiнде  орна лас қан  бiр 
(кейде екеуден) дəнегiмен бөлiнiп тұратын өрiк, алхоры, 
алша,  шие,  тəттi  шие  сияқтылар – сүйектi  жемiс тер
Бұлар  адамның  денсау лығы на  қа жеттi  пайдалы  затқа 
жəне дəрумендерге бай болады. Олардың iшiнде, əсiресе 
өрiк емдiк қасиет терi мен ерекшеленедi.


56
Құрғақ жемiстер ашылатын жəне ашылмайтын бо-
лып  бөлiнедi.  Ашылмайтындарға  дəндер  жатады.  Дəндi 
өсiм дiк терге бидай, арпа, сұлы, жүгерi сияқтылар мысал 
болады.  Ашылатын  же мiстерге  бұршаққап,  бұршаққын, 
бұр шаққынша,  көсек  жатады.  Бұлардың  тұқымы  пiскен 
соң  жемiс  қабы  шытынап  ашылады.  Мысалы,  шалқан, 
шалғам, жұмыршақ т. б.
Көсек  жемiстер  бiр неше  жемiсжа пырақтан  құ-
ралған.  Тұқым  пiскен нен  кейiн  көсектер  қа уашақтан 
ашылады. Қоза мен қызғалдақтың, сасықмеңдуана мен 
бəйшешектiң жемiсi көсек жемiске жатады (52-сурет).
Ноқат, маш, лобия, бұр шақ, ақ акация – бұршақ жемiстi 
өсiмдiктер.  Бұршақжеміс – шеттерi  бiр-бiрiне  қосылып 
кеткен жемiсжа пырақтан тұрады. Жемiс жетiлген уақытта 
екi  жарнаққа  бөлi не дi.  Əрбiр  жарнаққа  iшкi  жағынан 
тұқымдар жабысып тұ рады. Жарнақтардың арасында пер-
де болмайды.
Орамжапырақ,  сасбақурай,  шалғам,  шалқан  сияқты 
өсiм дiктердiң  жемiсi  бұршаққапқа  ұқсағанымен,  бi-
дəнекті жеміс
(алша)
жидек жеміс
(итжүзім)
алма жеміс
(алмұрт)
қабақ жеміс
(қияр)
51-сурет. 
Шырынды жемістер
бұршақ жеміс
(ноқат)
бұршаққын
(құртдене)
бұршаққынша
(жұмыршақ)
52-сурет. 
Көп тұқымды құрғақ жемістер
көсек жеміс
(қоза)


57
рақ  олар дың  арасында  пердесi  болғандықтан,  одан 
айырмашылығы  бар.  Бұндай  же мiстер  бұршақ қын  жəне 
бұршаққынша деп аталады.
Кейбiр  (үйеңкi,  қарағаш,  ақ  үйеңкi  сияқты)  сəндiк 
ағаштардың  жемiсi  қа натшалы  болады.  Сондықтан  олар 
қа натшалы жемiс деп аталады (53-сурет).
Көктемде  теректiң  аналық  түптерiнiң  жемiсi  пiскен 
уақытта  мақтамен  оралғандай  көрiнедi.  Негiзiнде  бiр 
тұтам  түктер  жəрдемiнде  жемiс  ұшып  жүредi.  Бұндай 
жемiстер ұшатын жемiс деп аталады.
Жемiстердiң  табиғаттағы  жəне  адам  өмiрiндегi 
маңызы. Жемiстер, бiрiншi кезекте, өсiмдiктердiң көбеюi, 
таралуы мен ұрпақ қалдыруы үшiн керек. Жабайы түрде 
өсетiн  өсiмдiктердiң  жемiсiнен  табиғаттағы  барлық  тiрi 
зат  қоректенедi.  Кейбiр  жемiстер  жерге  төгiлiп,  шiрiп, 
жердi органикалық заттармен байытады. Ал адам өмiрiн 
жемiссiз  елестетуге  болмайды.  Жемiстер  тiкелей  табиғи 
күйiнде  пайдаланылады,  олардан  азық-түлiк  жəне  шы-
рынды  заттар  жасайтын  өнеркəсiпте  əр  түрлi  өнiмдер 
даярланады.  Жемiстерден  алынатын  майларды  халық 
шаруашылығының  түрлi  салаларында  (техника,  ауыр 
өнеркəсiп, парфюмерия) пайдаланады.
Адамзат  өте  ерте  замандардан  бері  өсімдіктердің  жа-
байы  түрлерін,  ал  бертін  келе  мəдени  сұрыптарын  егіп, 
алуан  түрлі  мақсаттарға  пайдаланып  келеді.  Мəселен, 
жемісі  азық-түлік  ретінде  қолданылатын  (алма,  жаңғақ, 
өрік, жүзім, бидай, бұршақ, лобия, тары, асбұршақ, ноқат) 
дəнді жеміс
(бидай)
пісте жеміс
(күнбағыс)
жаңғақ жеміс
(талшын)
қанатшалы
жеміс
(қарағаш)
53-сурет. Бір тұқымды құрғақ жемістер


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау