Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен


  Жүзім, əнжір, анар жəне терек ағаштары қалемше арқылы  қалай көбейтіледі? 2



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет23/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40

79
1.  Жүзім, əнжір, анар жəне терек ағаштары қалемше арқылы 
қалай көбейтіледі?
2. Қалемшелердің өсіп шығуына қандай жағдайлар қажет?
3. Бүршікті телу қалай жүргізіледі?
§ 32. ГҮЛДЕРДIҢ   ТОЗАҢДАНУЫ
Гүл тозаңқабындағы жетiлген тозаңның түрлi жолмен 
аналық  аузына  түсуiн  тозаңдану  дейдi.  Тозаң  негiзiнен 
бунақденелiлердiң  көмегiмен,  жел  арқылы  жəне  басқа 
жолдармен аналыққа өтедi.
Тозаңдану  айқас  тозаңдану,  өздiгiнен  тозаңдану 
(71-сурет) жəне жасанды тозаңдану деп бөлiнедi.
Гүлдердiң  айқас  тозаңдануы.  Көптеген   өсiмдiктер 
гүлiнiң   тозаңы  мен  аналығы   бiр  уа қытта  жетiлмейдi. 
Сондықтан бiр гүлдiң өзiндегi тозаң осы гүлдегi аналық 
аузын  то заңдай  алмайды.  Бұндай  жағдайда  бiр  гүлдiң 
жетiлген  тозаңы  басқа  гүлдегi  жетiлген  аналықтың  ау-
зына  түсуi  керек.  Жетiлген  аналықтың  аузы  ылғал 
жəне  жабысқақ  болып,  түскен  тозаңды  ұстап  қалады. 
Жетiлiп    жарылған    тозаңқаптан  шыққан  тозаңның  жел, 
су, бунақденелi лер жəне құстардың көме гiмен басқа гүл-
дiң  аналық  аузына  түсуiн  айқас  тозаңдану  деп  атай-
ды.  Гүлдер  ашылған  уақытта  қош  иiс  таратып  бунақ-
денелiлердi  өзiне  тартады.  Гүлдерден  олар  өзiне  керек 
нəрсенi –тозаң мен хош иiстi бал шырынын (нектар) алады. 
Кейбiр гүлдерге бейiмделген арнаулы бунақденелiлер де 
бар. Бунақденелiлер бiр гүлмен шектелiп қалмайды. Олар 
гүлден-гүлге  қонып,  бiр  гүлдiң  тозаңын  екiншi  гүлдегi 
аналықтың  аузына  алып  өтедi.  Гүлдердегi  тозаң  мен
нектарды тасуда түрлi бөлiктерiнiң (қанаттары, аяқтары, 
түктерi) кө мегi пайдаланады (72-сурет).
71-сурет. Гүлдердің 
тозаңдануы:
1 – өздігінен тозаңдану;
– айқас тозаңдану.
тозаңқап
аналықтың
аузы
1
2


80
Бунақде нелi лер  ар қылы  тозаңда-
на тындарға  алма,  өрiк,  алмұрт,  беде, 
ақ қурай, қоза сияқтылар жатады.
Жемiс  ағаштары  мен  қоза  гүл де-
генде  бағбандар  мен  мақташылар  бал 
арасы   ұяларын  бауларға  жəне  мақта 
далаларына  алып  шығады.  Мақсат – 
бi рiншiден,  гүлдердi  тозаңдатып,  мол 
өнiм алу болса, екiн шiден, сапалы, қош 
иiстi бал алу. Бiр грамм бал жинау үшiн 
əрбiр  бал  арасы  мыңдаған  гүл дерден-
гүлдерге қонады.
Сондай  да  өсiмдiктер  бар,  олардың  гүлi  тек  қана  жел 
арқылы  тозаңданады.  Бұндай  өсiмдiктердiң  гүлi  көрiк сiз, 
ұсақ,  иiссiз  жəне  бунақденелiлермен  тозаңдануға  бейiм-
дел меген болады. Олардың тозаңы желдiң көмегiмен бас қа 
өсiмдiктiң  гүлiндегi  немесе  осы  өсiмдiктiң  өзiндегi  гүл дiң 
аналығына  өтедi. Бұндай  өсiмдiктердi  жел  ар қылы  тозаң-
данатын өсiмдiктер деп атайды (бидай, арпа, салы, тал, те-
рек, жаңғақ сияқтылар). Жел арқылы тозаңданатын көптеген 
өсiмдiктер алдымен гүлдеп, кейiн жапырақ шығарады.
Желдiң көмегiмен тозаңданатын өсiмдiктердiң iшiнде 
саған  жақсы  танысы – бидай.  Оның  гүлi – қосжынысты. 
Бидай  гүлдерi  күрделi  масақта  орналасқан,  аталықтары 
масақтың сыртында iлiнiп тұрады. Жел тұрған уақытта тер-
белген аталық гүлдердегi тозаң қаптар бiр-бiрiне соғылады 
да, олардан сап-сары тозаң шашылады. Жел арқылы бұл 
тозаңдар  масақтағы  аналық  гүл дiң  аузына  өтедi.  Егер 
жел  соқпай,  тозаң  масақтағы 
бар лық  аналықтардың  аузына 
түспей қалса, онда сирек дəндi 
собықтар  пайда  болады  да, 
өнiмдiлiк азайып ке тедi.
Гүлдердің  өздігінен  тозаң-
дануы. Егер бір түп өсімдіктегі 
аталық  тозаң  осы  гүлдегі 
73-сурет. Жүгері гүлін 
қолдан тозаңдандыру
72-сурет. Гүл 
тозаңының 
бал арасының 
көмегімен гүлден-
гүлге өтуі


81
ана лықтың  аузына  түсіп,  оны  тозаң дандырса,  бұндай 
тозаңдану  өздігінен  тозаңдану  деп  аталады.  Бұндай 
тозаңдану тозаңқаптағы тозаң мен аналықтар бір мезгілде 
жетілгенде  ғана  жүзеге  асады.  Өздігінен  тозаңданатын 
өсімдіктерде аналық аталықтан гөрі қысқалау болады.
Қолдан тозаңдандыру. Егер өсiмдiктiң гүлiн адамдар 
тозаңдандырса, онда оны қолдан тозаңдандыру деп атай-
ды. Қолдан тозаңдандыру кезiнде жетiлген басқа немесе 
осы өсiмдiктiң тозаңын алып, осы немесе басқа өсiмдiктiң 
жетiлген  гүлдiң  аналығының  аузына  өткiзедi.  Жүгерi 
гүлдерi көбiнесе қолдан қосымша тозаңдандырылады. Ол 
үшiн жүгерi тозаңы арнаулы ыдыстарға жинап алынады, 
одан соң аналық гүлдердiң аузына себiледi (73-сурет).
Қолдан тозаңдандыру əдiсiн өнiм дiлiктi арттыру жəне 
жаңа сұрыптар жасау үшiн пайдаланады.
1. Тозаңдану деген не?
2. Гүлдер қандай жолдармен тозаңданады?
3. Өсiмдiктер бунақденелiлердi өзiне қалай тартады?
4. Қандай тозаңдануды жел арқылы тозаңдану деп атайды?
§ 33. ГҮЛДІ  ӨСІМДІКТЕРДІҢ  ЖЫНЫСТЫҚ
КӨБЕЮІ.  ҰРЫҚТАНУ
Аталық  пен  аналықтағы  жыныстық  жасушалардың 
қосылу құбылысын ұрықтану деп атайды. Бұл – болашақ 
жаңа ағза.
Тозаң  аналықтың  аузына  түсiп,  оны  тозаңдандырады 
дедiк.  Сонда  «Тозаң  деген  не,  ол  қалай  түзiлген?»  деген 
сұрақ  туады.  Бiр  тозаңқапта  жүздеген  жəне  мыңдаған 
тозаң  жетiледi.  Тозаң  өсiмдiктiң  түрiне  қарай  əр  түрлi 
пiшiнде жəне үлкендiкте болады. Əр түрлi өсiмдiктердiң 
тозаңы өзiне тəн сипатта түзiлген дiгiн заманалық микрос-
коптармен көруге болады.
Əрбiр тозаңның түйiрi iрi-ұсақ екi жасушадан құралған. 
Осы жасушалардың iрiсi – вегетативтiк жа сушаұсағы 
жыныстық  (генеративтiк)  жасуша  деп  аталады. 
Олардың  əрқайсысында  цитоплазма  мен  ядро  болады. 
6 – Биология, 6-сынып


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау