75
§ 31. ӨСIМДIКТЕРДIҢ КӨБЕЮI
Көбею – тірі ағзалардың маңызды ерекшелігі. Өсім-
діктердің көбеюі екі түрлі болады: жыныссыз жəне жы-
нысты əдістер арқылы көбею.
Өсімдіктердің вегетативтік көбеюі. Гүлді өсімдік-
тердің вегетативтік мү шелеріне тамыр, сабақ жəне
жа пы рақтар жатады. Сендер бұдан бұрынғы сабақтарда
олармен танысқансыңдар. Вегетативтік мүшелер өсім-
діктердің қо ректенуінде елеулі рөл атқарады. Олар дың
тағы бір ерекшелігі, кейбір өсімдіктер сол мүшелерінің
қатысуы арқылы көбейеді. Өсімдіктердің тамырдан,
тамырсабақтан, түйнектен, пиязшықтан, өркеннен жəне
жапырақтан көбеюі веге тативтік көбею деп аталады.
Біздің өлкемізде табиғи жағдайда өсетін кейбір өсім-
діктер тұқымы арқылы көбеюден тыс, вегетативтік мү-
шелері арқылы да көбейеді.
Сендер ажырық, құмай, сəлемшөп, бидайық тəрізді
өсімдіктердің тамыр са бақтан көбейетінін жақсы біле-
сіңдер. Сонымен қатар жауқазын, бəйшешек, гладио-
лус жəне нарқыз рəуіштес пиязшығынан көбейетін
өсімдіктер де бар. Топырақ арасында бұл пияз шықтардан
майда пияздар түзіледі. Ал келесі жылы олардан жаңа
өсімдіктер өсіп шығады.
Қарақат, терек, итмұрын, шие, қы зылмия жəне жантақ
сынды кейбір өсімдіктердің тамырларындағы бүр шік-
терден жаңа өркендер пайда болады. Бұндай өркендерді
та мыр атпа сы деп атайды. Алдағы жылы осы атпалардан
Нарқыздың
пиязшы-
ғынан
көбеюі
Бəйшешектің
жапырақтан
көбеюі
67-сурет. Өсімдіктердің вегетативтік көбеюі
76
жаңа дер бес өсімдік жетіліп шығады. Вегетативтік жол-
мен көбейе тін жалғыз терек ағашының айналасында жер
астынан өсіп шығатын атпалар арқылы он шақты жаңа
ағаш түп тері пайда болады. Жалпы табиғатта ағаштар мен
бұталар белгілі бір уақыттан соң қартаяды да, олардың ор-
нын атпалардан шыққан жаңа ағаштар иелейді. Осылай-
ша өсімдіктер вегетативтік жолмен көбеюді жалғастыра
береді (67–68-суреттер).
Табиғатта алуан түрлі құбылыстар болып тұрады. Мыса-
лы, кейде жер көшкіні немесе су тасқыны салдарынан өсім-
діктердің кейбір бұтақтары (мəселен, талдар) ылғалды топы-
рақ астында қалып қояды да, олардағы бүршіктерден жаңа
өркен өсіп шығады. Сөйтіп, өсімдіктер вегетативтік жолмен
көбейіп, табиғаттағы өз түрін сақтап қалады. Егер олар ве-
гетативтік жолмен көбеймегенде, табиғатта тұқымынан кө-
бейетін өсімдіктер азайып, мүлде жойылып кеткен болар еді.
Мəдени өсімдіктердің вегетативтік көбеюі. Өсім-
діктерді вегетативтік жолмен көбейтуді адамдар өте ерте
замандарда-ақ білген жəне оларды осы күнге дейін пайда-
ланып келеді. Диқандар мен бағбандар көбейтудің бұн дай
əдісінен ерекше мəн береді. Көптеген мəдени өсімдіктер
сабағынан, өр кені мен қа лемшелерінен көбейтіледі. Мə-
селен, əн жір, анар, жүзім, терек, қарақат, бүлдірген, жиде,
раушангүл сияқтылар, сонымен қатар жылыжайлар-
да өсірілетін гүл дердің басым көпшілігі қалемшелерінен
көбейтіледі. Жүзім қалемшелері күздігүні жүзімді шырпу
кезінде дайындалады. Олардың ұзындығы 45–50 см-дей бо-
68-сурет. Өсімдіктердің вегетативтік көбеюі
Талдың
сабағынан
көбеюі
Итмұрынның
тамырса-
бағынан
көбеюі
77
лады. Да йын қалемшелерді буып, ылғалды шұңқырға көміп
қояды. Көктем шығысымен-ақ қалемшелер шұң қырдан алы-
нып, тиісті жерлерге егіледі. Картоп, батат, шайгүл сияқты
өсімдіктер түйнектері арқылы көбейтіледі (69-сурет).
Будандастыру (телу) – бір өсімдіктің бөлігін екінші
бір өсімдік бөлігіне əр түрлі əдістермен ұлау (ұластыру).
Бу дандастырудың көптеген əдістері бар (бүршік арқылы
будандастыру, қиылыстыра ұлау жəне түтікті телу).
Қиылыстыра ұлау негізінен ерте көктемде ағаштарда
сөл қозғалысы басталмай тұрып (ақпан айының аяғынан
сəуір айына дейін) жүргізіледі. Будандастыру үшін
алынған сұрыптан бір жылдық өркендерде сөл қозғалысы
басталмай тұрып кесіп алынады да, арнаулы салқын жерде
сақталады. Будандастыру кезеңі басталысымен-ақ қалем-
шелер ересек жастағы ағаш тардың бұтақтарына не месе
діңіне (жасырақ ағашқа) телінеді. Ұлау үшін алынған
өркендерде 2-3 бүр шік қалдырылып ке сіледі де, төменгі
бөлігі сына тəрізді етіп жонылады. Ұластырылатын жер
арамен тегістеліп, сы на арқылы 2-ге неме се 4-ке ажыра-
тылады. Дайын қалемшелер ұластыры лушының жарыл -
ған жеріне қабығы қабы ғына тигізіліп, тығыз əрі орнықты
етіп телінеді. Сосын сыналар алынып, қалемше телінген
жердің айналасына балауыз тəрізді арнайы зат жағылады
да, берік матамен орап байланады.
Будандастырудың (телудің) ең көп тараған түрі – бүр-
шікті телу. Телу үшін кесіп алынатын бүршікті қалемше
Картопты
түйнегінен
көбейту
Жүзімді
сұлатпа əдіс-
пен көбейту
Жүзімді
қалемшеден
көбейту
Традескан-
цияны өркенінен
көбейту
69-сурет. Мəдени өсімдіктердің вегетативтік көбеюі
78
телінуші деп аталады. Ал оны телу, яғни ұлау үшін
өсірілген тұқым-көшетті телітуші дейміз. Бұл мақсатты
жүзеге асыру үшін əлі бүршіктері ояна қоймаған, күн
нұрына қаныққан бір жылдық өркендер кесіп алынады.
Телу үшін алдымен телітушінің қабығы өткір пышақ-
пен « Т » əрпі тəрізді етіп тілінеді. Тілінген қабық жайлап
керіледі. Ұланатын бүршіктің қабығы мен сүрегі қо са кесіп
алынады да, телітушінің ашылған қабығы ара сына орналас-
тырылады. Содан соң жоғарыдан төмен қарай шекпірмен
(скотчпен) орап байланады. Телінген бүр шіктердің ұлан-
ған-ұланбағаны 6–10 күннің ішінде байқалады. Бүршікті
телу негізінен тамыз айында жүзеге асырылады.
Вегетативтік жолмен көбейетін өсімдіктердің тағы бірі –
құлпынай. Ол негізінен сабақтан көбейеді. Бір не гізгі түпте
орналасқан сабақтардың жер бауырлап өсуі арқылы бірнеше
құлпынай өсімдігі пайда болады. Негізгі түптен өсіп шыққан
жас сабақ мұртша деп аталады. Жаздыгүнгі қолайлы
жағдайда мұртшадағы бүршіктерден жапырақ жəне тамыр-
шалары бар кішкене өсімдік түбі дамиды (70-сурет).
Бұдан тыс кейбір өсімдіктер түйнегі мен пиязшығын
кесу немесе бөліктерге бөлу жолымен егіледі. Кейбір
мəдени өсімдіктер сұлатпа əдісімен де көбейтіледі
(жүзім, раушангүл, қарақат т.б.). Бұндай əдісте өсімдік
өркенінің бір бөлігі негізгі сабақтан ажыратылмаған күйде
топырақпен көміледі. Көмілген өркен тамыр шығарған
соң негізгі сабақтан бөлінеді.
Осылайша қысқа уақыттың ішінде мол əрі сапалы өнім
алу жəне сапалы сұрыптарды сақтап қалу мақсатымен
мəдени өсімдіктер вегетативтік жолмен көбейтіледі.
70-сурет. Құлпынайдың вегетативтік көбеюі.
бұйрабас
мұртша
Достарыңызбен бөлісу: |