Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен


II  ТАРАУ.  ЖАСУША –  ТIРШIЛIКТIҢ  НЕГIЗI



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет4/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

12
II  ТАРАУ.  ЖАСУША –  ТIРШIЛIКТIҢ  НЕГIЗI
§ 4. ӨСІМДІК  ЖАСУШАСЫНЫҢ    ҚҰРЫЛЫСЫ
Табиғаттағы жанды тіршілік иелеріне тəн ең маңызды 
ортақ  белгілердің  бірі – олардың  жасушалардан  құрал-
ғандығы.
Жасуша – тірі  ағзаның  ең  майда  құрамдас  бөлігі.  Ол 
өзінің  бойына  тіршілікке  қажетті  барлық  қасиеттерді 
жинақтаған. 
Өсімдіктердің  барлық  мүшелері  жасушалардан  құ-
ралған.  Пішін  тұрғысынан  олардың  ортасында  айыр-
ма  болғанымен,  ішкі  құрылысы  тұрғысынан  бір-біріне 
өте-мөте  ұқсас  болады.  Жасушаларда  болатын  өмірлік 
үдерістер ортақ заңдылыққа сəйкес жүзеге асады.
Жасушаның  құрылысын  зерттейтін  жəне  ол  туралы 
толық  мəлімет  беретін  ғылым  цитология  (грекше  «си-
тос» – жасуша + «логос» – зерттеу) деп аталады.
Лимон, мандарин, қызанақ, қарбыз секілді өсімдіктердің 
жемістерін кескенде, олардың жасушаларын жай көз бен де 
көруге болады. Өсімдіктің қайсы мүшесінде орналасқанына 
қарай  жасушалардың  бір-бірінен  пішініне,  реңіне,  ішкі 
құ ры лысы  мен  атқаратын  қызметіне  байланысты  айыр-
машылықтары  бар.  Өсімдіктер  бір  жасушалы  немесе  көп
жасушалы  болуы  ықтимал.  Бір  жасушалы  өсімдіктерге 
кейбір төмен сатылы өсімдіктерді (хлорелла, хламидомона-
да жəне т.б.), көп жасушалы өсімдіктерге барлық жоғары са-
тылы өсімдіктердің өкілдерін мысал етіп көрсетуге болады. 
Жасушаны  алғаш  рет 1665 жылы  ағылшын  ғалымы 
Роберт Гук ашқан. Жасушалар үлкейтіп көрсететін аспап-
тардың көмегімен зерттеледі.
Жасуша  жəне  оның  құрамдас    бөліктері.  Жасуша 
жасуша қабығынан, цитоплазмадан жəне ядродан тұра-
ды.  (9-сурет).
Жасуша  қабығы  жасунықтан  құралады  да  мөл дір 
жəне берік болады. Жасунық оған беріктік береді. Жасу-
ша қабығы оның ішіндегі тірі бөлікті сырт жағынан орап 


13
тұрады. Сондай-ақ оны сыртқы əсерлерден қорғайды, пі-
шінін сақ тап, сырт қы ортамен бай ланыс тырып отырады.
Цитоплазма – жасушаның негізгі құрамдас бөлігі. Ол 
түссіз, мөлдір, сұйық немесе қоймалжың күйде, тұрақты 
қозғалыста болады.
Ядро – жасушаның  ортасына  (цитоплазманың  іші-
не)  орналасқан  ең  маңызды  құрамдас  бөлігі.  Ол  жасу-
шалардың бөлінуінде елеулі рөл атқарады.
Жасыл  балдырлардың,  бактериялардың  жəне  кей бір 
саңырауқұлақтардың  ядросы  қалыптаспаған,  оның  зат-
тары  цитоплазмада  бытыраңқы  күйде  орнала сады.  Ядро 
тұқым қуалау бел гілерінің жаңа буынға өтуінде маңызды 
рөл атқарады.
Пластидалар – жасушаның  негізгі  тірі  бөліктерінің 
бірі.  Ол  тек  өсімдіктерде  ғана  болады.  Пластидалардың
үш  түрі  бар:  лейкопластар  (түссіз),  хромопластар 
(ақшыл  сары,  қызғылт),  хлоропластар  (жасыл).  Хлоро-
пластар жасыл хлорофильді пигменттері бар пластидалар 
болып саналады, оларда фотосинтез үдерісі жүріп жата-
ды. Ал хромопластарда қызыл жəне сары түсті пигмент-
тер болады. Бұлар гүлдер мен жемістерге түс береді. Лей-
копластар – түссіз пластидалар, оларда қор сақталады.
Вакуоль – цитоплазма  ішіндегі  жасуша  шырынымен 
толған бос кеңістік. Оның пішіні əр түрлі болады. Жасуша 
шырынының құрамында 70–95% су мен онда еріген заттар, 
ақуыз, май жəне қант бар. Осы шырынның құрамына қарай 
жемістердің дəмі тəтті, қышқыл немесе ащы болып келеді.
4
5
3
2
1
6
9-сурет. Жасушаның 
құрылысы:
1– қабық;
2– цитоплазма;
3– ядро;
4– хлоропласт;
5– вакуоль.


14
Жасушалардың алуан түрлілігіне көз жеткізу үшін өсім-
діктердің түрлі мүшелерінен препарат дайындау керек.
Мысал  үшін  пияздың  мөлдір  жұқа  қабықшасынан 
препарат  дайындауды  алайық.  Бұл  өте  оңай.  Бұл  үшін 
оның  етті  қабатынан  жұқа  мөлдір  қабықшасы  бөліп 
алынады  да,  микроскоптың  заттық  айнасындағы  там-
шы судың үстіне қойылады. Пияз жасушалары пішіні нің 
созылыңқылығы,  тығыздығы  жəне  пластидалары ның 
түссіздігі  тұрғысынан  басқа  өсімдік  жасушалары нан 
ерекшеленіп тұрады (10-сурет).
Көптеген  өсімдіктердің  жасушасы  өте  майда  болады. 
Дегенмен ірілері де бар. Мəселен, мақта шитінің бетіндегі 
талшық (түк) жалғыз жасушадан тұрады, оның ұзындығы 
3-4 см-ге жетеді (11-сурет).
Сонымен  біз  бірнеше  түрге  жататын  өсімдіктер  жа-
сушаларының  өзіне  тəн  пішіні  болатынына  көз  жеткіз-
дік.  Тіпті  бір  түп  өсімдіктің  түрлі  мүшелеріндегі  жасу-
шалар  да  əр  түрлі – сопақ,  домалақ,  көп  қырлы  жəне 
басқа пішіндерде болуы мүмкін. Пішініне жəне атқаратын 
қызметіне орай жасушалардың түзілісі де алуан түрлі бо-
лып келеді.
Жасушаның  химиялық  құрамы.  Кез  келген  жасу-
ша құрамында анорганикалық жəне органикалық заттар 
Пияз қабықша-
сынан препарат 
дайындау
Пияз қабықшасы жасуша-
ларының микроскоппен
қарағандағы көрінісі.
10-сурет.
Жасуша бөліктері
жасуша қабығы
ядро
вакуоль
цитоплазма


15
болады. Анорганикалық заттарға су мен минерал тұздар, 
ал органикалық  заттарға ақуыз, көміртегі жəне майлар 
жатады.
1. Өсімдік жасушасы қандай негізгі бөліктерден тұрады?
2. Жасуша қабығы қандай қызмет атқарады?
3. Ядроның негізгі қызметі не?
4. Пластидалар неше түрлі болады жəне олардың атқаратын 
міндеті қандай?
1. Пияз пердесінен препарат дайын да. Ол үшін пиязды 
аршып,  етті  қабатынан  бір  бөлегін  кесіп  ал  да,  қысқыш-
пен оның мөлдір жұқа пердесін ажыратып, микроскоптың 
заттық  айнасындағы  су  тамшысына  қойып,  үстін  жабындық  шы-
нымен  жап.  2.  Дайын  болған  препаратты  микроскоппен  қара. 
Өсімдіктануға  арналған  дəптерлеріңе  пияз  пердесі  жасушаларының 
құрылысын салып, құрамдас бөлік терінің аттарын жаз. 3. Мақта шиті 
түктерінен препарат дайында. Бұл үшін ылғалданған шит түктерінің 
біреуін ажыратып алыңдар да, оны заттық айнадағы су тамшысына 
қой. Түктерді иненің көмегімен дұрыстап, үстін жабындық шынымен 
жап. 4.  Да йын болған препаратты микроскоппен қара. Онда көрінген 
жасушаның суретін салып, құрамдас бөліктерінің аттарын жаз.
§ 5. ЖАСУШАЛАРДЫҢ  ТІРШІЛІК  ҚЫЗМЕТІ 
Тірі жасушалар ішіндегі қимыл-қозғалыстарды ба қылау 
баршаны қызықтырары сөзсіз. Бұл қозғалысты аквариум-
да өсірілген элодея балдырынан дайындалған препараттан 
көрейік. Элодеяның жапырақтары бір қабат жасушалардан 
түзіледі, ол микроскоп арқылы бүтін күйінде көрінеді.
Элодея  суда  өсетіндіктен,  микроскоптағы  су  там-
шы сына  қойғанда,  ол  бейне  табиғи  жағдайда  өскен дей 
тіріледі (12-сурет).  Сондықтан  оның  жасушаларындағы 
цито плазманың  үздіксіз  қозғалысы  айқын  көрінеді.  Ци-
11-сурет. Мақта 
шиті талшықтары


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау