Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет91/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   107

Ұялы  телефонның  жəне  қалталы  дербес  компьютердің 
функциоларын  біріктіру  идеясы  1990  жылы  алғашқы  қалталы 
дербес  компьютердің  шығуынан  кейін  пайда  болды.  1996  жылы 
ҚДК  жəне  ұялы  телефонды  бір  копрусқа  біріктірудің  алғашқы 
құрылғысы пайда болды. 
Смртфон мен коммуникатор мобильді құрылғылардың арасында 
дамытудың  белгілі  деңгейіне  шек  жүргізу  өте  күрделі.  Егер 
құрылғы 
негізінде 
органайзер, 
калькулятор, 
құжаттарды 
редауциялау  мен  əрқашан  байланыста  қалу  құрылғысы  ретінде, 
оның  ішінде  Интернет  арқылы  пайдаланылса  –  ол  коммуникатор. 
Егер  пайдаланушы  желіде  бейне  қарау,  ойын  ойнау,  серфинг 
артықшылық  функциялары  бар  телефон  құрылғысын  таңдаса  –  ол 
смартфон. 
Көптеген  елдерде  мобильді  телефондардың  пайдаланушыға 
əсерін  зерттеуін  жүргізуде.  Біркелкі  нəтижелер  қазір  жоқ. 
Зерттеушілер телефонның электромагнитті сəулесі қартайған шақта 
пайда  болуы  мүмкін  созылмалы  ауруларға  душар  болуын 
болжамдайды. 
Осыған 
байланысты, 
мобильді 
телефонмен 
пайдаланғанда мына ұстанымдарды қолданған жөн: 
■ 
сөйлесу  кезінде  гарнитураны,  құлаққап  немес  қатты  дауысты 
байланыс  пайдалану,  бұл  электромагнитті  толқындардың  басқа 
əсерін төмендетеді; 
■ 
металлды  гараж  жəне  автомобиль  шанағында,  машина  
тұтқасында  пайдалану  ұсынылмайды,  өйткені  электромагнитті 
сəуле метеллды корпустан кері сəулеленеді жəне ағзаға зақымды 
күшейтеді, екіншіден, мобильді телефон бойынша сөйлесі жолда 
келе  жатқан  пайдаланушының  назарын  аударады,  ол  опаттық 
жағдайға жəне қайғылы оқиғаларға алып келуі мүмкін; 
■ 
ұялы  телефонды  0,2  ...  0,4  Вт  шығыс    қуаттылықпен    таңдаған 
жөн,  өйткені  сəулеленудің  аздаған  қуаттылығы  денсаулыққа 
əсері шамалы; 
■ 
мобильді телефонды жұмыс үстелінде, кереуетте, немесе кереует 
жанында ұстаған қауіпті, өйткені электромагнитті сəулелер нерв 
жүйкесіне əсер етумен, ұйқы фазасын бұзады; 
■ 
ұялы  телефонды  белінде,  кеудесінде,  шалбар  жəне  костюм 
қалтасында  алып  жүрген  дұрыс  емес,  өйткені  электромагнитті 
толқындар адамның ішкі мүшесіне залал əсерін тигізеді; 
■ 
шақыру  кезінде  телефонды  құлаққа  салу  ұсынылмайды,  өйткені 
телефонға  шақырудың  бірінші  секундтарында  қуаттылық 
көбейеді; 
■ 
телефонмен найзағай кезінде пайдалануға болмайды. 
 
 
295 


8.4. 
BLUETOOTH ЖӘНЕ Wi-Fi СЫМСЫЗ БАЙЛАНЫС 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 
 
Bluetooth
—  бұл  сымсыз  дербес  желі  (WPAN)  құру  технологиясы, 
ол 
Nokia,  Ericsson,  IBM,  Intel
и 
Toshiba  компаниялары  негіздеген  Bluetooth 
Special 
Interest 
Group 
тобымен  əзірленген.  Оның  мақсаты  – 
пайдаланушыларға  кабельсіз  түрлі  есептеуіш  жəне  телекоммуникациялы 
құрылғылармен  байланысу  мүмкіндігі  беру.  Bluetooth  радиобайланыс 
технологиясы  халықаралық  ыңғайлы  стандарты  жəне  қымбат  емес 
қолайлы  құрылғыларды  біріктіру,  сондай-ақ  Интернетке  шығару  болып 
табылады. 
Атауы 
Х  ғасырда  өмір  сүрген,  Скандинавияның  бөлшектелген 
бөліктерін  біріктіре  алған  Дания  королі  Харальда  I  Синезубый  атынан 
шыққан. Ағылшынша корольдің аты «
Bluetooth
» сияқты естіледі. Оншақты 
жылдар  өтісмен  швед  компаниясы  Ericsson  Скандинавия  аймағының 
халқын  біріктерген  Харальд  сияқты  түрл  технологияларды  да  біріктіруге 
шақыра  отырып,  осы  атты  коммуникацияның  жаңа  технологиясын  осы 
атаумен атады. 
Bluetooth негізгі тапсырмасы ДК шеткері құрылғыларына қосылу кезде 
сымды  байланыс  каналын  шығарып  тастау. 
Bluetooth-құрылғы  —  бұл 
миниатюралы    таратқыш,    ол    ISM-диапазонында   
(Industrial,    Scientific   
and 
Medical band) 
2,45 ГГц жиілікте жұмыс істейді. Олардың əдеткі қызмет 
ету  аясы  –  шамамен  10м.  Bluetooth-құрылғылар  пайдаланушының 
көмегісізбір бірімен байланыс іздеу жəне орнатуға қабілетте. Осындай екі 
құрылғы  бірінің  қасында  болса,  олар  автоматты  түрде  байланыс  орнату 
жөнінде  «келіседі».  Бұл  ретте,  бірнеше  секунд  ішінде  микрожелі 
(пикожелі),  немесе  атауы  дербес  желі  кеңістігі  (PAN)  құрылады.  PAN- 
құрылғы  микрожеліде  кабельді  пайдаланусыз  желі  прококолын 
пайдаланумен  жоғары  жылдамдықта  қосылады.  Кейбір  жағдайларда 
қосылу екі құрылға арасында іске қосылады, ал басқа жағдайда – бірнеше 
кеңсе компьютерлерінің жергілікті желі кеңістігіне кіріп кетуі мүмкін. 
Bluetooth-құрылғысы 
байланыс  үшін  ISM  жиілік  диапазонын 
пайдаланады,  ол  линцензиялауды  талап  етпейді:  көлікжай  қақпасын  ашу 
үшін  электронды  кілт,  сымсыз  телефондар,  балаларға  қарайтын  аспап 
қызметі радиусы үлкен емес қуатсыз радиоқұрылғы үшін көптеген елдерде 
резервіленген. 
Bluetooth  технологиясының  басты  артықшылығы  –  коммуникацияға 
арналмаған,  басқа  аспаптармен  өзара  байланыспай-ақ 
Bluetooth- 
құрылғының бірлескен жұмысына мүмкіндігі болып табылады. 
 
 
296 


Bluetooth-құрылғылар 
арасындағы  ақпарат  ағына  шифрланған. 
Сонымен  қатар,  кең  жолақты  жиілік  шегінде  өте  қысқа  сигнал  мен 
еркін  қозғалыстар  тұрғыда  сигналды  «естуге»  ешқандай  мүмкіндік 
бермейді. 
Өткені  Bluetooth  барлық  аспаптары  бір  бірін  табады,  олар 
қандай  құрылғымен  байланысуға  жəне  қандайларын  ескермеу 
керектігін анықтауға күйі бар. Bluetooth-стандарт пайдаланушыларға 
«сенімді  құрылғы»  ретінде  GPS-қабылдағыш  пен  контроллерді  баптау 
мүмкіндігін ұсынады. Олар қосылуға мүмкіндік алады, бұл ретте басқа 
Bluetooth-аспаптарын қызмет аясында есеусіз қалдырады. 
Wi-Fi  (Wireless  Fidelity)
— сымсыз (радио)байланыс стандарты, 
ол бірнеше протоколды біріктіреді жəне ресми атауы IEEE 
802.11 
(Institute  of  Electrical  and  Electronic  Engineers 
—  халықаралық 
ұйым,  ол  электронды  технологиялар  саласында  стандарттарды 
əзірлеумен айналысады.) 
IEEE  802.11  —  Wi-Fi  деп  аталатын,  0,9;  2,4;  3,6  жəне  5  ГГц 
жиілік  диапазонында  сымсыз  жергілікті  желі  аймағындағы 
коммуникациялар    үшін      байланыстың      стандартты      жиынтығы. 
Бренд 
«Wi-Fi» Wi-Fi Alliance ұйымымен ұсынылған жəне алғы істерге 
қосылған. 
Стандарт  тұрақты  жетілдіріліп  отырады.  Алғашқы  сымсыз 
желілердің жоғарыжылдамдықты стандарттардың бірі 
— IEEE  802.11a 
—  54  Мбит/с-ке  дейінгі  тарату  жылдамдығын  анықтады  жəне  жұмыс 
диапазоны  —  5  ГГц  құрады.  Одан  кейін  шыққан  стандарт  IEEE  
802.11b  лицензияланбайтын  2,4  ГГц  жиілік  диапазонын  пайдалануды 
қарастырады.  Тарату  жылдамдығы  11  Мбит/с-ке  дейін.  Көп  уақыт 
бойы IEEE 802.11b белгілі стандарт болатын, оның негізінде көптеген 
сымсыз  жергілікті  желілер  құралған  болатын.  Кейіннен  оның  орнын 
IEEE  802.11g  стандарт  басты,  одан  кейін  жоғары  жылдамдықты  IEEE 
802.11n оны да пайдаланудан шығарып тастады. 
IEEE  802.11n  стандарты  2,4  ГГц  жиілік  диапазонын 
пайдалануды  қарастырады,  қосылу  жылдамдығын  600  Мбит/с  дейін 
қымтамасыз етеді, мұнда деректерді тарату жылдамдығы 802.11n жəне 
басқа  802.11n  құрылғылар  режимде  пайдалану  жағдайлары  кезде 
802.11g стандарт құрылғыларымен салыстырғанда төрт есеге көбейген. 
Сонымен  қатар,  ол  802.11b  стандартпен  кері  үйлесімдікке  кепілдік 
береді. 802.11n құрылғысы 2,4 ... 2,5 немесе 5,0 ГГц диапазондыранда 
жұмыс істейді. 
Wi-Fi  сымсыз  желінің  ядросы  рұқсат  нүктесі  (Access  Point) 
болып  табылады,  ол  қандай  да  бір  жерүсті  желі  инфрақұрылымға 
(мысалы  кеңсенің  Ethernet-желі)  қосылады  жəне  8.8  а-суретінде 
көрсетілгендей радиосигналды таратуды қамтамасыз етеді. 
 
297 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау