Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет88/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   107

Ethernet 
аппараттық  құралдарының  құрамы  əртүрлі  типті 
кабельдерге желі үшін ажыратылады. 
Жуан 
коаксиальді кабелдегі Ethernet 50 Ом толқынды 
қарсылығымен 0,4 дюйм диаметрмен «сары кабель» деп аталады. 
Жуан 
коаксиальді  кабель  негізіндегі  екі  сигменттен, 
əрбірінде  үш  жұмыс  стансасынан  тұратын 
Ethernet  жергілікті 
желінің конфигурациясы 8.6, 
а-суретінде бейнеленген
Әрбір  жұмыс  стансасы  арнайы  көпжелілі  экрандалған 
трансиверлі  кабелі  бар  желі  адаптер  (компьютердің  аналық 
тақшасына  орнатылған  жəне  суретте  көрсетілген)  арқылы 
құрылғыға қосылады, ол трансиверлі деп аталады. 
Трансивер 
 
 
 
8.6.-сурет. Ethernet желісі: 
а 
— 
жуан 
коаксиальді кабельде; 
б 
— жіңішке коаксильді кабельде 
286 


жуан 
коаксиальді  кабельге  жұмыс  стансасын  қосу  үшін  қажет. 
Трансивер корпусында  үш жалғағыш бар: екеуі - 
жуан 
коаксиальді 
кабельге  қосылу  үшін,  жəні  бірі  –  трансиверді  кабельді  қосу  ға 
арналған. 
Бір  сегменттің  ұзындығы  шектеулі  жəне 
жуан 
кабель  үшін 
500  м.  артық  бола  алмайды.  Егер  желінің  жалпы  ұзындығы  үлкен 
болса,  арнайы  құрылғы  арқылы  бір  бірімен  қосылған  сегментке 
бөлу  қажет  –  репитер  –  байланыс  каналдарын  қайталаушы  жəне 
күшейтуші.  Бұл  ретте  желінің  жалпы  ұзындығы  бір  километрге 
дейін жетуі мүмкін. 
Трансиверлер өзара коаксиальді ажыратқыштарының ұшына 
дəнекерленген 
жуан 
коаксиальді  кабельге  кескінделіп  қосылады. 
Сигмент  ұшына  арнайы  бітеуіштер  -  терминаторлар  жалғанады, 
оның корпусында резистор орнатылған. 
Бір  терминатордың  корпусы  жерге  тұйықталуы  керек. 
Желінің  əрбір  сигментінде  тек  бір  ғана  терминаторды  тұйықтау 
керектігін атап өтеміз. 
Сегменттің 
максималды 
ұзындығынан 
басқа, 
жуан 
коаксиальді  кабельге  Ethernet  желінің  параметрлері 
бойынша  шектеулер  бар,  оған  сəйкес  максималды  мəні:  желі 
сигментінің  саны  –  5,  желі  ұзындығы  –  2,5  км.;  бір  сигментке 
қосылған  стансалар  саны  (егер  желіде  репиттер  болса,  олар  станса 
ретінде саналады) – 100; трансиверлі кабель ұзындығы – 50м. артық 
болмауы керек. 
Бірақ,      көп      жағдайда      осы      шектеулер       мəнсəз, 
ал 
жуан 
коаксиальді  кабельдегі  Ethernet  мүмкіндіктері  артықтау 
болып  келеді.  Жіңішке  коаксиальді  кабельдегі 
Ethernet  үнемді, 
өйткені бұл жағдайда трансиверлерді, не трансиверлі кабельді талап 
етпейді, ал жіңішке коаксиль жуанына қарағанда арзан тұрады. 
Жіңішке 
коаксиальді  кабелдегі  Ethernet  50  Ом  толқынды 
қарсылығымен  0,2  дюйм  диаметрмен 
RG-58A/U  кабелін,  немесе 
отандық РК-50 пайдаланады. Жіңішке 
коаксиальді кабелдегі 
(8.6, б- 
сурет) 
Ethernet  жергілікті  желі  конфигурациясы  жуанға  қарағанда 
əлдеқайда жеңіл. 
Қағидатты  тұрде  барлық  желілі  адаптерлер  екі  ажыратқышы 
болады.  Оның  бірі  көпжелі  трансиверлі  кабельге  қосылуға,  ал 
екіншісі 
Т-коннектор  деп  аталатын  шағын  үшайырға  қосылуға 
арналған. 
Т-коннектор  бір  жағынан  желі  адаптерге,  ал    қалған    екі 
жағынан 
жіңішке 
коаксиальді  кабелдің  кесіндісі  ұштарындағы 
тиісті ажыратқыштарына қосылады. 
 
 
287 


Бұл ретте коаксиальді кабель желі адаптеріне тікелей қосылатынын 
көреміз,  сондықтан  трансикер  мен  трансиверлі  кабель  қажет  емес. 
Сигмент  ұштарында  терминаторлар  бар,  олар  Т-коннекторлардың 
бос  ұшына  жалғасады.  Сегменттің  бір  терминаторы  ғана  жерге 
тұйықталуы керек. 
Жіңішке  кабельді  желі  жуан  кабелді  негізіндегі  желімен 
салыстырғанда  параметрлері  нашарлау  жəне  параметрлердің 
максималды  мəні  бойынша  мынадай  шектеулермен  сипатталады: 
сигмент  ұзындығы  –  185,  сигмент  саны  –  5;  желі  ұзындығы  –  925  
м.;  бір  сигментке  қосылған  стансалар  саны  –  30.  Кейбір  фирмалар 
сегмент  ұзындығы  300  м-ге  дейін  ұзындықта  жұмыс  істеуге 
қабілетті  Ethernet  адаптерлерін  шығарады.  Бірақ  осындай 
адаптерлер қымбат тұрады жəне осы желіні қолданған кезде барлық 
желі  бір  типті  адаптерлерді  пайдаланумен  жасалуы  тиіс. 
Әдеттегідей,  Ethernet  желінің  көбісі  тек  жіңішке  кабельге 
негізделген. 
Экрандалмай  есілген  жұп  негізіндегі 
Ethernet  желі. 
Есілген 
жұп  негізіндегі 
Ethernet  желі  үшін  арнайы  құрылғы- 
концентратор 
қажет.  Бір  консентраторға  бірнеше  жұмыс  стансаларын  қосуға 
болады  (концентратор  типіне  байланысты).  Консентратордан 
жұмыс  стансасына  дейінгі  максималды  қашықтық  100м.  құрайды. 
Бұл кезде деректерді тарату жылдамыдығы каоксильді кабелдіңкіне 
сəйкес - 
10 Мбит/с. 
Концентратор каскадпен, оныңы ішінде желінің 
жалпы  ұзындығын  көбейте  отырып,  калксиальді  кабель  арқылы 
қосуға  болады.  Жуан  немесе  жіңішке  коаксильді  кабельдер 
желісімен  салыстырғанда  есілген  жұп  негізіндегі  желі  басымдығы 
жоғары беріктікте. 
Ethernet  желі  адаптері  əрбір  жұмыс  стансасы  үшін 
пайдалану  кабельге  тəуелді  емес.  Ethernet  желі  адаптері  енгізу- 
шығару  порттарын  жəне  бір  тоқтату  каналын пайдаланады. Кейбір 
адаптерлер жадыға 
(DMA) 
тікелей қосылған каналмен жұмыс істей 
алады. 
Адаптер  тақтасына  дискісіз  жұмыс  стансасы  деп  
аталатынды  құру  үшін  тұрақты  жадынды  құрылғы  (ТЖҚ) 
микросхемасы  орналасуы  мүмкін.  Бұл  винчестері,  флоппи-дискі 
жоқ компьютер. Операциялық жүйені жүктеу қашықтықтан жүктеу 
микросхемасында  жазылған  бағдарламаны  басқару  желіден 
орындалады. 
Репитер 
желі  сегментін  физикалық  бөлуге  жəне  бір  желі 
сегментінен  екіншіге  таратылатын  пакеттерді  қалпына  келтіруді 
қамтамасыз  етуге  арналған.  Егер  желі  ұзындығы  желі  сегментінің 
максималды  ұзындығынан  артық  болса,  желіні  бірнеше  сегментке 
(беске дейін) бөліп, репитер арқылы оларды біріктіреді. 
288 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау