■
жерүсті сегменті, жүйені басқару орталығын, ғарыш
аппараттарын (ҒА) ұшыру орталығын, командалық-өлшеу
стансаларын, байланыс жəне шлюзді стансаларды басқару
орталығынан құралады;
■
пайдаланушы
(абоненттік)
сегмент,
дербес
спутникті
терминалдарды көмегімен байланыс жүргізеді;
■
жерүсті байланыс желісі, ол интерфейс арқылы ғарыштық
байланыстың шлюзді стансасымен ұштастырылады.
Ғарыштық сегмент
бірнеше спутникті-ретрансляторларды
ұсынады, олар өзара бірдей белгілі орбиталарда ғарыштық
топтаманы құрайды.
Ғарыштық
байланыс
аппараты:
орталық
процессор,
радиоэлектронды жабдықтар, антенналық жүйелер, кеңістіктегі ҒА
орнын бағыттау мен тұрақтау жүйесі, қозғаттқыш қондырғысы мен
электрқорек жүйесінен тұрады.
Спутникті байланыс жүйесінің өзара бөгеттерінің болмауын
қаматамасы ету мақсатында жиіліктерді пайдалану мен спутникті
ретрансляторды орналасуы Халықаралық радио бойынша кеңес
беру комитеті мен Халықаралық жиіліктерді тіркеу комитетімен
реттеледі. Таңдалған байланыстардың типі, жиілік диапазоны (8.9-
суретті қараңыз) 8.2-кестеде келдтірілген.
Жылжымалы байланыстың спутникті-ретрансляторлар жүйесі
орбитасының параметрлеріне байланысты GEO жүйелерге бөлінеді
(геостационарлық немесе жоғарыорбиталды) — орбита биіктігі 36
мың км, LEO (төмен орбита — шамамен 2 мың км дейін) жəне MEO
(ортажоғарғы орбита — 5 мың. ... 20 мың. км).
8.2.-кестесі. Байланыс типтеріне бөленген жиілік диапазондар
Диапазон
Жиілік жолағы, ГГц
L
1,452... 1,500
1,61... 1,71
S
1,93... 2,70
C
3,40... 5,25
5,725... 7,075
Ku
10,70... 12,75
12,75... 14,80
Ka
14,40... 26,50
27,00... 50,20
302
Геостационарлы спутниктер
(GEO) негізіндегі жүйелер Жер
бетіндегі белгілі нүктеде орналасудың тұрақтылығынан ғаламдық
байланысты ұйымдастыру кезінде бірқатар артықшылықтары бар:
■
байланыс сеансы кезінде ҒА мен пайдаланушы терминалды
өзара ауыстырудан байланысқа еш іркіліс бермейді;
■
Жер бетінің 95
%
байланыспен қамтылған, ол үш
геостационарлы спутниктерден тұрады;
■
Өзара спутникті байланысты ұйымдастыруға қажеттілік жоқ
(мысалы төменорбиталы жүйеге қарағанда).
Геостационарлы спутник негізіндегі спутникті байланыс
жүйелері Inmarsat, Intelsat, Eutelsat халықаралық консорциуммен
құрылғын. Жекелеп алғанда Inmarsat техникалық құрамы түрлі
байланыста, апаттық басымдық пен əдеткі коммерциялық
байланыста белсенді пайдаланылады (телефония, телекс, деректерді
тарату). Inmarsat арқылы сондай-ақ арнайы түрлі қызметтермен
(медициналық кеңес жəне көмек беру, техникалық теңіз көмегі,
Интеренет жəне т.б.) бірігіп қаматамысыз етілуде. Inmarsat жүйесі
соттар мониторингі жүйесінде электронды карталарды түзету үшін
деректерді тарату үшін де пайдаланады.
Дербес байланыспен қамтамасыз ету үшін GEO- жүйесінің
спутниктерін қолдану жобалары əзірленген. Бұл АРМТ
(Asia Pacifik
Mobil
Telecommunications),
ASC
(Afro-Asian
Satellite
Communications),
ACS
(Asia Cellula Satellite) және басқа жобалар.
Олардың айырмашылығы – үлкен (диаметрі 12 м кем емес)
көпсəулелі антенналармен спутникт-ретрансляторларды қолдану.
Соңғы
онжылдықта
GEO
геостационарлы
спутниктің
топтамасын жəне жерүсті стационарлы стансаны өте кіші
апертурлы антеннамен (VSAT —
Very Small Aperture Terminal,
антена диаметрі шамамен 1,5 ... 1,0 м) жəне олардың түрлілігі USAT
— ультракіші апертурлы антенна стансасымен (диаметрі 0,5 м кем
емес) пайдаланатын спутникті байланыс жүйесі кеңінен таралған.
Антенналар диаметрі 0,5 ... 0,6 м Ка-диапазонында, 1,0 ... 1,5 м —
Ku-
диапазоны, 1,2 ... 1,8 м — С-диапазонында істейді. Абонентті
терминалдарда азқуатты таратқыштар қолданылады (5 ... 20 Вт).
VSAT
технологиясының
мүмкіндігі
зор.
Заманауи
мультимедиялық
VSAT-терминалдарының
негізіндегі
желі
телефонды жəне факсимильді байланыстан бастап, деректерді
таратудан,
бейнебағдарламалардытрансляциялау
мен
бйнеконференцияларды ұйымдастырумен, Интернетке рұқсат етуді
ұсынуға дейін пайдаланушыларға кеңінен қызмет көрсету секторын
ұсынуға қабілетті.
303
VSAr-жүйелер корпоративті спутникті байланыс жүйесін құру кезінде
кеңінен пайдаланады. Осындай пайдаланудың ең қарапайым баламасы
– корпаративті телефонды желіні құру, сондай-ақ қолданыстағы
корпаративті желіге немесе ТФОП желіге қашықтықтағы абоненттерді
қосу. Одан басқа, жерүсті стансалардың арзан бағалы болғанымен,
VSAr-жүйеге шамамен 2 Мбит/с жəне одан да артық алмастыру
жылдамдығымен деректерді таратудың бірегей желіде бір бірінен
ажыраған жергілікті объектілерін біріктіру өте жеңіл.
Типті VSAr-жүйесі ресейлік ОАО «Газпром» ААҚ-ға
жатқызылған «Ямал» жүйесі болып табылады. 2015 жылдың басына
төрт спутниктен тұратын орбиталды топтама («Ямал- 202», «Ямал-
300К», «Ямал-401» и «Ямал-402») пайдалануға енгізілген, олар
«Газпром» ААҚ мүддесінде, сондай-ақ ресейлік жəне шетел
клиенттеріне спутникті байланыстарға қызмет көрсетуді қамтамасыз
етеді (теледидар, телефония, деректерді тараты, Интернетке рұқсат
ұсыну).
Төменорбиталды
спутникті
жүйелерге
(LEO
жүйесі)
орбитаның биіктігі шамамен 700 ... 2 000 км, ҒА салмағы — 500 кг
дейін, орбиталды топтамасы — бірден оншақы спутникке дейін
орналасқандар жатқызылады. Жердің үлкен аймағын байланыспен
қамту үшін орбитаның бірнеше жазықтығын пайдаланады. Төмен
орбитасы арқылы «жоғары» жəне «төмен» спутникті байланыстардың
аса қысқа сызықтары геостанциялықпен салыстырғанда сигналдың
əлсіреуін жəне сигнал уақыттың кешігуін қаматамасыз етеді. Сонымен
қатар, олар поляр маңындағы аудандарды қамтуға мүмкіндік береді
(поляр орбитасы).
Спутниктер топтамасының əрбір қызмет көрсетудің аясы
шектеулі. Жəне ғаламдық қамту үшін олар арасындағы байланыс
қажет. Әртүрлі жобаларда əртүрлі тəсілдермен қамтамасыз етіледі.
Бірінде
(Iridium)
— ғарыштағы радиобайланыс сызықтары арқылы,
басқаларда
(Global Star) көптеген жерүсті стансалардың жеткілікті
саны кезінде сəуледен сəулеге жəне спутниктен спутникке абонентті
автоматты үздіксіз тарату пайдаланушы үшін білінбей қамтамасыз
етіледі.
Төменорбиталы байланыс жүйесінің спутнигі шамамен
7 км/с
жылдамдықта қозғалады. Жер бетінің (көру уақыты) кейбір
нүктелерінен 14 мин. мерзімі ішінде қадағалауға болады. Одан кейін
спутник көкжиектен «кетеді».
Үздіксіз байланысты қолдау үшін (мысалы телефонды əңгімелесу
кезінде) бірінші спутник қызмет көрсету аясынан шыққанда , оны
екіншісі, оны соңынан үшіншісі ауыстырып отыруы қажет. Бұл ұялы
телефонды байланысқа ұқсайды, ол жерде негізгі стансаны спутниктер
орындайды.
304
Достарыңызбен бөлісу: |