Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет87/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   107

ДК 
—  Д
К  (жалған  желі) 
—  екі  ПК  бірізді  интерфейс  арқылы 
біріктіру. Бұл эағдайда интерфейстен басқа ДК біріктіретін, 
кабель-нуль- 
модем
деп  аталатын  кабель  ғана  керек,  өйткені  екі  ДК  арасындағы 
байланыс модемді пайдаланусыз жүзеге асырылады. Бірізді интерфейстің 
қомақты артықшылығы – деректерді тарататын кабель 100 м.артық болуы 
мүмкін,  бұл  əртүрлі  қабатта  орналасқан  екі  ДК  біріктіруге  мүмкіндік 
береді.  Осындай  деректерді  тарату  негізгі  ДК  деректерді  тұрақты 
таратуқажеттілігі  туындағанда,  Notebook  типті  компьютермен  жұмыс 
істеумен  расталған.  Екі  компьютерді  жалған  желіге  біріктірудің  қомақті 
кемшілігі  –  бір  компьютер  деректерді  тарататын  болса,  бақасы  тек 
қабылдайды,  басқа  режимде  жұмыс  істемейді,  өйткені  блокталған. 
Деректерді үздіксіз тарату үшін осындай конфигурация жарамайды. 
Біррангтық  желі  (Peer-to-Peer),оның  құрылу  принципі 
8.4-суретте 
көрсетілген  жəне  орталық  компьютері  жоқ,  файлды  резервтеусіз  жұмыс 
атқарады. 
Кейбір  ақпараттық  техникалық  құралдар:  аппараттық  құралдар 
(винчестер, CD-ROM жетегі) жəне шеткері құрылғылар (сканер, принтер 
жəне т.б.), жеке ДК  қосылған, барлық жұмыс орындарында бірге жұмыс 
атқарады.  Біррангтық  желінің  əрбір  пайдаланушы  өзінің  ДК  ақпаратына 
кіру  құқығын  басқа  пайдаланушыға  анықтай  алады.  Біррангтық  желіні 
құру  үшін  əрбір  ДК  желілі  картамен  жабдықталған  болуы  керек,  ал 
барлық жұмыс орындары бір—бірімен бірігуі қажет. Біррангтық желімен 
ең көбі тоғыз ДК біріктіру ұсынылады. 
Клиент
— 
сервер  типті  желі 
орталықта  қуатты  ДК  ұстайды  – 
файлды  сервер,  ол  жеке  жұмыс  стансаларымен  (клиенттермен) 
біріктіріледі.  Желіні  басқару,  жеке  жұмыс  стансаларын  басқару  дегені, 
сондай-ақ  шеткері  құрылғылар  желіні  басқару  өте  қуатты  арнайы 
бағдарламалық жасақпен жүзеге асырады. 
 
 
 
 
8.4.-сурет Біррангтық желі схемасы 
282 


Клиент-  сервер  типті  желі  түрлі  технологиялармен  орындалуы 
мүмкін. 
«Жұлдыз»топология  желіде  8.5, 
а-суретінде  көрсетілгендей
файлды  сервер  орталықта  орналасады.  Осындай  типті  желінің 
мынадай 
артықшылықтары 
бар: 
бір 
ДК 
кабелінің 
зақымдалуыбарлық  желінің  жүмысын  тоқтатпайды;  қосылу  үшін 
кедергі  жоқ,  жұмыс  стансасы  тек  сервермен  ғана  қосылуы  тиіс; 
рұқсат  етілмеген  қол  жеткізуден  қорғаныс  тетеігі  берік;  жұмыс 
стансасынан  ксерверге  дейін  деректерді  таратудың  жоғары 
жылдамдығы.  Кемшіліктер:  жұмыс  стансалары  арасындағы 
ақпаратты  тарату  жылдамдығы  төмен,  жұмыс  стансасынан  
серверге,  сосын  кері  қарай  жылдамдығы  өте  төмен;  сервер 
мүмкіндігінен желінің барлығы қуаттылыққа тəуелді; серверді өтіп, 
жеке жұмыс стансалары арасында коммуникация мүмкін емес. 
Топология  (8.5,  а-суретке  қараңыз)  атауы  «белсенді  немесе 
шынайы жұлдыз». Жəне топологияда «бейтарап жұлдыз» деген атау 
да  болады.  Ол  сыртынан  жұлдызға  ұқсайды,  алайда  осы 
топологиямын  орталық  желіде  компьютер  орналаспайды,  арнайы 
құрылғы – концентратор орналасады немесе оны тағы хаб (hub) деп 
те  атайды,  ол  келген  сигналдарды  жаңалайды  жəне  оларды  басқа 
байланыс  желілеріне  қайта  таратады.  «бейтарап  жұлдыз» 
топологиясы өте белгілі жəне Ethernet желіде пайдаланады. 
Сақиналық 
топология  жағдайында, 
барлық 
жұмыс 
стансалары  мен  серверлер  сақина  бойынша  өзара  біріктіріледі,  ол 
бойынша  қабылдаушы  адресіне  деректерді  жібереді  (8.5, 
б-сурет
). 
Сақиналық  топологияның  артықшылықтары:  деректерге  қол 
жеткізудің  уақыты  қомақты  қысқартылады;  желіні  ұзындығы 
бойынша  шектеу  жоқ.  Кемшіліктер:  бір  жұмыс  стансасының 
жұмыстан  шығып  кетуі,  егер  арнайы  өтпелі  қосылулар 
пайдаланбаса,  барлық  желінің  жұмысын  тоқтатады.  Осындай 
топология оптикалық-талшықты желі 
Token Ring 
пайдаланады. 
Шиналы  топология  желі  (8.5,  в-сурет)  орталық  сызықтың  бар 
болуын  қалайды,  оған  сервер  жəне  жеке  жұмыс  стансалары 
қосылған.  Шиналы  топология  кабелдің  шығыны  аздығы  мен 
деректер  тарату  жылдамдығының  жоғарылығынан;  барлық  желі 
жұмысын тоқтатусыз жұмыс стансаның жұмысын тоқтату мен қосу 
мүмкіндігінен;  жұмыс  стансалары  өзара  сервер  көмегісіз 
коммуникациялану 
мүмкіндігінен 
кеңінен 
таралған. 
Қайтабейнелену  салдарынан  электрикалық  ақпараттық  сигналдың 
өшуіне  жол  бермес  үшін  осындай  желінің  байланыс  линиясында 
сызық ұшына арнайы бітеуіш орнатылады, олар терминаторлар деп 
аталады. 
 
283 


 
8.5.-сурет. Желінің негізгі топологиялары: 
а 
— «жұлдыз» топологиясы; 
б 
— сақиналық топология; 
в 
— шиналы топология; 
г 
— «тал» топологиясы 
 
шиналы топологияның кемшіліктері: кабелдің үзілуі кезінде үзілген 
жерден  бастап  барлық  желі  учаскесі  жұмыстан  шығуына  алып 
келеді.  Сонымен  қатар,  желіге  рұқсат  етілмеген  қол  жеткізу 
мүмкіндігі бар, өйткені жұмыс стансаларының санын көбейту үшін 
желі жұмысынан үзу қажет етілмейді. 
 
284 


Тал  топологиясы  (tree)
(8.5,  г-сурет)  бірнеше  жұлдыздардың 
комбинациясынан  жиналған.  Бұл  ретте,  жұлдыздағыдай,  тал  белсенді 
немесе  бейтарап  болуы  мүмкін.  Белсенді  тал  кезінде  орталықта 
бірнеше байланыс сызбалары біріктірілген, олар орталық компьютерде, 
ал бейтарап кезде – концентраторларда (хабтар) орнатылады. 
Hub,
немесе 
концентратор, 
жеке жұмыс орындарын жергілікті желі 
құрамында  жұмыс  тобына  біріктіру  үшін  арналған.  Концентратор 
автосегментациясымен  желіні  көппортты  қайталаушы  ретінде 
көрсетілген.  Концентратордың  барлық  порттары  теңқұқықты.  Оған 
қосылған  бір  стансаның  сигналын  алғаннан  кейін,  концентратор  оны 
өзінің  барлық  белсенді  порттарына  жібереді.  Бұл  ретте,  қандай  да  бер 
портта  бұзылғандық  байқалса,  ол  порт  автоматты  сөндіріледі 
(сигменттеледі),  ал  оны  жойғаннан  кейін  белсенді  етіледі. 
Концентраторларды  автономды  құрылғылар  ретінде  пайдалануға 
немесе  бір-бірімен  қосуға  болады,  сонымен  желі  өлшемін  көбейтеді 
жəне  аса  күрделі  топологияларды  құрайды.  Сонымен  қатар,  оларды 
магистральді кабельмен шиналы топологияға қосуға болады. 
Желілі  бағдарламалық  құралдары  олар  желіні  бағдарламалық 
қамтамасыз ету жəне деректер ағынын басқару үшін қызмет етеді. Осы 
тапсырманы шешуді қамтамасыз ететін көптеген жүйелер бар. 
Желілі  аппараттық  құралдары  жергілікті  желі  кабеліне 
компьютерді  қосу  үшін  желілі  адаптерлерді  қосады,  «жұлдыз» 
топологиясын  пайдалану  кезде  компьютерлерді  қосу  үшін  жалғағыш, 
кабельдің  өзі,  мүмкін  құрылғы.  Желілі  жабдықтардың  құрамы 
топологиялық желігеге тəуелді. 
Желі  құрамына  кіретін,  əрбір  компьютер  үшін  желелі  адаптер 
қажет. 
Ресейде 
Ethernet 
стандартты  жергілікті  желі  кең  таралған,  оның 
алғашқы  нұсқасы 
Xerox  фирмасымен  1970  жылдың  ортасында 
əзірленген болатын. 
Ethernet  желіде 
шиналы  топологияны  пайдаланады  жəне  желінің 
бір нүктесі ғана емес, барлық ДК теңқұқылы болып табылады. 
Ethernet 
желісінің  басты  ерекшелігі  шинаға  қол  жетімді  тəсілі  –  бақылаумен 
көптеген  қол  жетімділіктер  жəне  шиеленісті  анықтау 
(CSMA/CD). 
Барлық  түйіндер  жалпы  кабельге  қосылған  жəне  одан  адреске 
таратылан  ақпаратты  «тыңдап»  отырады.  Тарату  тек  канал  бос  кезде 
ғана  жүзеге  асырылады.  Осылайша,  шинаға  қол  жетімділік  бəсекелес 
режимінде  жүзеге  асырылады.  Қағидаша,  деректерді  Ethernet  желі 
арқылы  тарату  жылдамдығы  10  Мбит/с  дейін  жетеді,  бұл  көптеген 
қосымшалар  үшін  жеткілікті.  Байланыстыратын  қабельге  қосылатын 
кабельдің  максималды  ұзындығы  жəне  жұмыс  стансалардың 
максималды саны сияқты сипаттамалары өзгереді. 
 
285 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау