Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет65/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   107

Сканерға оптоэлектрондық аспап секілді келесі функционалдық 
компоненттер кіреді: құрамында жарық көзі бар датчик, оптикалық 
жүйе, фотоқабылдағыш, түпнұсқалыққа қатысты датчиктің (немесе 
птикалық  жүйенің)  орын  ауыстыру  механизмі.  Электрондық 
құрылғы ақпаратты цифрлық пішінге түрленуін қамтамасыз етеді. 
Сканерлеу  жарықтықтың  аналогты  сигналының  цифрлық 
пішінге түрленуінде болатын кескіннің цифрлық кодтауын береді. 
Сканерлеу 
процесі 
кезінде 
түпнұсқа 
жарық 
көімен 
жарықтандырылады.  Түпнұсқаның  жарық  облыстары  қараларға 
қарағанда көп жарық шағылдырады. Оптикалық жүйенің шағылған 
(немесе  сынық)  жарығы  фотоқабылдағышқа  бағытталады,  ол 
қабылданатын  жарықтың  қарқындылығын  кернеудің  сəйкес  мəніне 
түрлендіреді.  Аналогтық  сигнал  ДК  көмегімен  ары  қарай  өңдеу 
үшін цифрлыққа түрлендіріледі. 
Компьютерге  енгізу  үшін  түпнұсқаның  цифрлық  кескінін 
осылай  алу  цифрлау  деп  аталады  (Digitizing).  Цифрлау  процесі 
кезінде  кескін  элементар  бөлшектерге  бөлінеді  –  пиксельдер, 
олардың  əрқайсысына  түстік  реңк  пен  жарықтықтың  белгілі  коды 
сəйкес келеді. 
Сканерлер  сан  алуан  түрлі  болады,  жəне  оларды  бірсыпыра 
белгілері  бойынша  жіктеуге  болады.  Жіктеу  негізінде  келесі 
белгілері болуы мүмкін: 
■ 
Кескін қалыптасу əдісі (сызықтық, матрицалық); 
■ 
Кинематикалық механизм құрылымы (қолмен, үстелге қоятын, 
құрамдастырылған); 
■ 
Енгізілетін кескін түрі  (ақ-қара  түсті,  жартытондық,  түрлі- 
түсті; 2D, 3D); 
■ 
Түпнұсқаның мөлдірлік деңгейі (шағылыстыратын, мөлдір); 
■ 
Аппараттық интерфейс (мамандандырылған, стандартты); 
■  
Бағдарламалық 
интерфейс 
(мамандандырылған, 
TWAIN- 
үйлесімді). 
Пайдалану  облысы  бойынша  сканерлерді  жіктеген  кезде  келесі 
кластар бөлінеді: 
■ 
SOHO-сканерлер  —  үй  жəне  шағын  кеңселер  үшін.  Мұндай 
сканерлердің негізгі тапсырмасы – мəтінді тез енгізу жəне тиімді 
сапамен күрделі емес графиканы сканерлеу; 
■ 
CORPORATE-сканерлері  —  бизнес  класты.  Мəтінді  анықтаудан 
басқа,  аз  дегенде  өнім  үлгілерінің  фотосуреттерін  сапалы  жəне 
тез цифрлап білу керек. 
 
 
 
 
210 


Барлық модельдер құжаттарды автоматтық жіберу құрылғылары 
мен слайд-приставканы орнатуға жол береді; 
■ 
GRAPHIC  ART-сканерлері  —  суретшілер  мен  дизайнерлерге 
арналған. Цифрланған кескінге сапа жəне түс жіберу анықтығы 
бойынша барынша қатал талаптар ұсынылады;
 
■ 
PREPRESS-сканерлері  —  баспа  мақсаттары  үшін.  Табиғи 
түстермен қаныққан айқын кескіндермен ерекшеленеді;
 
■ 
CAD-сканерлері  —  ереже  бойынша  ірі  пішімді  кескіндермен 
жұмыс  жүретін  инженерлік  тапсырмаларға  бағытталған. 
Сканерден  нақты  түс  жіберу  талап  етілмейді,  бастысы  – 
сызықтардың 
дəлдігі, 
бөгеуілдерді 
кесу 
мүмкіндігі, 
стандартталған  белгілеулерді  дұрыс  анықтау  жəне  инженерлік 
пакеттермен дұрыс жұмыс;
 
■ 
DOCUMENT SCANNER. Электрондық түрде ұсыну үшін мəтіндік 
ақпараттың  үлкен  көлемдерін  тез  жəне  сапалы  енгізуді 
қамтамасыз  етеді.  Бұл  кластың  сканерлері  барынша  қымбат 
жəне банктік, салықтық, мемелекеттік құрылым, пошталық жəне 
көлік  мекемелеріне,  сонымен  қатар  үлкен  құжат  айналымы  бар 
басқа  кəсіпорындарға  бағытталған.  Олардың  функционалдық 
жабдықталуы  оператордың  қатысуынсыз  құжаттардың  үлкен 
көлемдерін жоғары жылдамдықпен өңдеуге мүмкіндік береді.
 
 
 
6.3.2.  Сканерлерде қолданылатын 
фотодатчиктер 
Сканер  периферийлік  құрылғыны  береді,  оның  негізгі  элементі 
түпнұсқаның əр облысында шағылыстырылған жарықтың мөлшерін 
бекітуге арналған фотодатчик болып табылады. 
Қазіргі  заманғы  сканерлерде  екі  түрлі  фотодатчиктер 
қолданылады:  фотоэлектрондық  көбейткіш  –  ФЭК  (РМТ  — 
Photomulti  Plier  Tube)  немесе  зарядтық  байланысы  бар аспаптар  — 
ЗБА (ССО — Charge-Coupled Device). 
Фотоэлектрондық  көбейткіш  1930  жылы  советтік  инженер 
Л.А.Кубецкиймен  ойлап  табылды.  6.5-суретте  кескінделген  ФЭК 
электрвакуумдық  аспапты  береді,  оның  ішінде  электродтар 
орналасқан  –  катод,  анод  пен  динодтар.  Сканерлеу  объектінен 
жарық ағыны катодтан электрондардың эмиссиясын шақырады

 
 
 
211 


 
6.5 
-сурет. ФЭК қосу схемасы
 
 
Фотоəсер  заңына  сəйкес  эмиссия  фототогы  оған  түсетін  жарық 
ағынының  қарқындылығына  тура  пропорционал.  Катодтан  ұшып 
шығатын  электрондар  катод  пен  оғын  жақын  электрод-динодтар 
арасындағы  потенциалдар  айырмасының  əсерімен  соңғысына 
тартылады жəне оның бетінен екінші реттік электрондарды қағады, 
олардың саны катодтан шығатын бірінші реттік электрон ағынынан 
бірнеше есе көп болады. Бұл динодтар екінші эмиссияның жоғарғы 
коэффициентіне  ие  материалдардан  жасалғандығының  арқасында 
қамтамасыз  етіледі,  ал  олардың  арасына  екінші  эмиссияның 
күшеюін  қамтамасыз  ететін  потенциалдар  қойылған.  Нəтижесінде 
жүктеме  кедергісі  арқылы  ФЭК анодты  тізбегінде  күшейтілген  ток 
өтеді.  ФЭК  фототок  күшею  коэффициенті  1  •  10
8
  жетеді.  Мұндай 
күшеюге  жоғарывольтті  көзден  ФЭК  кернеу  жіберу  арқасында  қол 
жеткізіледі (динодтар санына байланысты —500-ден 
1 500 В дейін), жəне де потенциалдар кернеу бөлгішінің көмегімен 
электродтар  арасында  біркелкі  таратылады.  ФЭК  жоғары 
сезімталдыққа  ие  (1А/лм),  ал  тіркелетін  шағылысу  толқын 
ұзындығының 
облысымен 
анықталатын 
оның 
спектралды 
диапазоны  сканерлеу  тапсырмаларына  сəйкес  келеді,  себебі  жарық 
толқындарының көрінетін спектрін жабады.. ФЭК негізінен барабан 
типті сканерлерде қолданылады. 
 
212 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау