Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет68/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   107

 
6.10 
-сурет. Проекциялық сканердің жұмыс механизмі
 
 
Түпнұсқаны табиғи бөлме жарығымен жарықтандырады. 
Проекциялық сканерлердің ерекшелігі үш өлшемді обьектілерді 
сканерлеу  болып  табылады.  Бұл  кезде  сканерлер  құрылымы 
сканерлердің  айнымалы  ажыратымдылығын  қамтамасыз  етеді: 
шағын  обьектілерді  жоғары  ажыратымдылықпен  сканерлеуге 
болады;  кескіндерін  басқа  сканерлердің  көмегімен  енгізуге 
болмайтын  үлкен  стандартты  емес  объектілері  де  төмен 
ажыратымдылықпен 
де 
сканерлене 
алады. 
Құрылымының 
қарапайымдылығы  мен  қолдану  ыңғайлылығы,  төмен  баға  мен 
сканерлеу  кезінде  жазық  жəне  шағын  үш  өлшемді  обьектілерді 
құрамдастыру  мүмкіндігі  проекциялық  сканерлердің  кеңінен 
қолданылуына себепші болады. 
Қол  сканерлері.  Берілген  сканерлер  кішкене  пішімді 
түпнұсқалар немесе үлкен кескіндердің үзінділерін сканерлеу  үшін 
қолданылады.  Сканерлеу  терезесін  түпнұсқаға  қатысты  жылжыту 
адамның  бұлшық  ет  күші  есебінен  жүргізіледі.  Қол  сканерінің 
құрылғысы  6.11-суретте  көрсетілген.  Шағын  корпуста  енімен  тек 
қана  датчик,  линза  мен  жарық  көзі  орнатылады.  Сканерлеу 
облысының  ені  сканер  құрылымымен  анықталады.  Сканерлеу 
облысының  ұзындығы  компьютердің  қол  жетімді  оперативті 
жадысының  көлемімен  ғана  шектелген.  Қол  сканері  мен  роликты 
сканердің жұмыс жасау принципі көптеген жағдайда ұқсас болады. 
Сканерлер  негізінде  көп  атқарымдық  құрылғы  (КАҚ) 
қалыптасады – бұл құрама құрылғы, 
 
219 


6.11 
-сурет. Қол сканерінің құрылғысы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өзіне түрлі типті сканерлердің мүмкіндіктерін, сонымен қатар таңбаларды 
оптикалық  тану,  архивтеу,  электрондық  пошта  жəне  факсимильді 
байланыс 
секілді 
тапсырмаларды 
шешу 
үшін 
қызмет 
ететін 
ақпараттандырудың басқа техникалық құралдарын  сыйғызады. 
all-in-one  құрама  құрылғыларда  бір  корпуста  əдетте  сканер,  лазерлі 
немесе  бүріккіш  принтер,  факс-модемды  біріктіреді.  Бұл  құрылғыларды 
факсимильді  аппарат,  принтер,  сканер,  көшірме  аппараты  жəне 
телефондық  байланысты  желілер  бойынша  қолжеткізу  үшін  сыртқы 
модемды  қолдануға  болады.  Мұндай  интегралдау  SOHO  (Small 
Office/Home  Office  —  шағын  кеңсе/үй  кеңсесі)  үшін  оптималдық  шешім 
болып 
табылады, 
себебі 
ауданды 
бастауға 
жəне 
жиынтықта 
компоненттерін  алуды  үнемдеуге  мүмкіндік  береді,  олардың  жекелеген 
бағалары тым жоғары болады. 
 
6.3.4.  Сканерлерде түс жіберу механизмі 
 
Қазіргі  заманғы  сканерлер  негізінен  түрлі-түсті  түпнұсқаларды 
сканерлеу  үшін  арналған,  бірақ  ақ-қара  түсті  жəне  жарты  тонды 
кескіндерді сканерлеудің режимдері де болады. 
Түрлі-түсті  сканердің  тапсырмасы  негізгі  түстерді  айыруға  əкеледі: 
қызыл  (Red),  жасыл  (Green)  жəне  көк  (Blue)  —  RGB.  Бұл  үшін  түрлі 
технологиялар қолданылады. 
Мысалы, жарықтың бір ғана көзі бар түрлі-түсті сканерде түпнұсқаны 
сканерлеу  түрлі  сүзгіштерді  ретімен  пайдаланумен  үш  өтуде  жүзеге 
асырылады:  қызыл  (R),  жасыл  (G),  көк  (В),  жарық  көзі  мен  түпнұсқа 
арасында  ретімен  орналастырылады.  Сканерленетін  кескін  ақ  жарықпен 
тікелей  емес,  айналатын  RGB-жарықсүзгіші  арқылы  жарықтандырылады. 
Негізгі  түстердің  əрқайсысы  үшін  операциялардың  реттілігі  іс  жүзінде 
жартытонды  кескінді  сканерлеу  кезіндегі  операциялардың  реттілігінен 
ерекшеленбейді. 
 
220 
 
 


Берілген  əдістің  маңызды  кемшіліктері  сканерлеу  уақытының  үш 
есе  көбеюі  жəне  кескіннің  бөлек  бөлшектерінің  бұзылуына  жол 
бермеу  үшін  түрлі-түсті  қабаттардың  нақты  қиыстыру  қажеттігі 
болып табылады. 
Басқа  типті  сканерлерде  жарықтың  үш  көзі  қолданылады: 
қызыл, жасыл, көк, түпнұсқаны қысқа уақытты жарықтандыру үшін 
ретімен  əрекет  етеді.  Бұл  кезде  сканерлеу  бір  рет  өткізіледі,  ол 
түстердің  үйлесімсіздігін  болдырмауға  мүмкіндік  береді,  бірақ 
тұрақты  сипаттамалары  бар  жарықтың  көздерін  таңдап  алу  талап 
етіледі. 
Түрлі-түсті  сканерлердің  кейбір  құрылмалық  шешімдерінде  бір 
жарық  көзі  қолданылады,  бірақ  түрлі-түсті  түпнұсқалардың 
сканерлеуі 
бір 
өту 
кезінде 
жүзеге 
асырылады, 
себебі 
фотоқабылдағыш ұш сызғышта орналасқан фототранзистор түрінде 
жасалған, 
ал 
үш 
түрлі-түсті 
сүзгіш 
олардың 
алдында 
фототранзистордың 
əр 
сызғышы 
тек 
қана 
өз 
түсімен 
жарықтандырылатындай қылып орналасқан. 
Алайда  əр  түске  арналған  үш  тəуелсіз  фотодатчиктерден 
тұратын  жүйемен  жабдықталған  түрлі-түсті  сканерлер  кеңінен 
таралған.  Түпнұсқа  ақ  түспен  жарықтанады,  ал  түпнұсқамен 
шағылысқан жарық фотоқабылдағыштарға арнайы сүзгіштер жүйесі 
арқылы  түседі,  олар  ақ  түсті  үш  құрауышқа  бөледі.  Мұндай 
сүзгіштердің  жұмыс  принципі  дихроизм  құбылысын  пайдалануға 
негізделген, бұл құбылыс оптикалық осінің жағдайына байланысты 
өтетін  ақ  жарықта  кристалдардың  бояуының  өзгеруімен  жүреді. 
Сүзгіштер  жүйесі  өткеннен  кейін  бөлінген  қызыл,  жасыл  жəне  көк 
түстер  əрбіреуі  өзінің  фотоқабылдағышына  түседі,  мысалы  ФЭК. 
Негізгі  түстер  бойынша  үндестілік  бөлінудің  ретімен  орындалатын 
оқып  алу  операцияларының жолымен  кескіндер  түстерін  жаңғырту 
үшін қажетті ақпаратты алады. 
 
6.3.5.  3D -сканерлер 
 
3D-сканер  —  физикалық  объектті  талдайтын  құрылғы  жəне 
алынған  деректер  негізінде  оның  3D-моделін  құрады.  Сканерлеу 
əдісімен  алынған  3D-моделдер  автоматтандырылған  жобалау 
жүйелерінің  құралдарымен  (АЖЖҚ)  өңделе  алады  жəне  ары  қарай 
дайындау технологиясы(CAM) мен инженерлік есептеулерді (CAE) 
жасау  үшін  қолданыла  алады.  3D-моделдерін  шығару  үшін  3D- 
монитор,  3D-принтер  немесе  G-код  қолдауымен  фрезер  білдегі 
сияқты құралдар қолданылады. 
 
221 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау