Стандарттар талаптарына сəйкес сезімталдық жиіліктің белгілі
жолағындағы орта дыбыстық қысым ретінде анықталады. Бұл
сипаттаманың мəні жоғары болған сайын, соншалықты АЖ
музыкалық бағдарламаның динамикалық диапазонын жақсы
жібереді. Жоғары сезімталдықты АЖ ақырын дыбысты да, қатты
дыбысты да жақсы жаңғыртады.
Г ар м о н и к а к о э ф ф ицие н т і (Total Harmonic Distortion
— THD) шығу сигналында жаңа спектральді құрауыштарының
пайда болуымен байланысты сызықтық емес бұрмалауды
бағалайды.
Гармоника
коэффициенті
жиіліктің
бірнеше
диапазондарында қалыптасады. Мысалы, Hi-Fi класты жоғары
сапалы АЖ үшін бұл коэффициент аспау керек: 250 ... 1 000 Гц
жиілік диапазонында 1,5 %; 1 000 ... 2 000 Гц жиілік диапазонында
1,5 % жəне 2 000 ... 6 300 Гц жиілік диапазонында 1,0%. Гармоника
коэффициентінің мəні төмен болған сайын АЖ соншалықты сапалы
болады.
Э л е к т р қ у а т ы (Power Handling), АЖ көтеретін негізгі
сипаттамалардың бірі болып табылады. Алайда дыбыс жаңғырту
сапасы мен қуаты арасында тікелей өзара байланыс жоқ. Ең көп
дыбыстық қысым сезімталдыққа байланысты, ал АЖ қуаты
негізінде оның сенімділігін анықтайды.
Жоғары сапалы жəне қымбат тұратын АЖ өндірушілері
арасында —Logitech, Defender, Sven, Microlab жəне басқа фирмалар.
Төменірек класты АЖ-ды Genius, Altec, JAZZ Hipster фирмалары
шығарады.
Microsoft фирмасының бағаналарының кейбір модельдері
дыбыстық картаға емес, USB портына қосылады. Бұл жағдайда
дыбыс бағаналарға цифрлік түрде келіп түседі, ал оның
кодсыздандыруын бағаналарға орнатылған шағын Chipset,
жүргізеді.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. ДК дыбыстық жүйесі қандай негізгі функцияларды атқарады?
2.
ДК дыбыстық жүйесінің құрамына қандай негізгі компонеттер
кіреді?
3.
Аналогты-цифрлық түрлендіру кезінде қандай түсініктерге
сүйеніп, дискреттеу жиілігі бөлінеді?
4.
Аналогты-цифрлық жəне цифраналогтық түрлендірудің негізгі
кезеңдерін атаңыз.
197
5.
Жазу модулі мен дыбыс жаңғырту қандай негізгі параметрлерді
сипаттайды?
6.
Дыбыс синтезінің қандай əдістері қолданылады?
7.
Микшер модулі қандай функцияларды атқарады жəне оның
негізгі сипаттамаларына не жатады?
8.
3D-дыбысты жасау кезінде математикалық модельдеу қалай
жүргізіледі?
9.
Акустикалық жүйенің 4.0 құрылымы 5.1-ден несімен
ерекшеленеді?
198
6-
ТАРАУ
АҚПАРАТТЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ
ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
6.1.
ПЕРНЕТАҚТА
ДК көмегімен ақпаратты өңдеу үшін пайдаланушы ақпаратты
компьютерге енгізу керек. Деректерді енгізу мен жүйені
басқарудың негізгі құрылғылары пернетақта, тінтуір, джойстик
болып табылады. Сканер, цифрлық камера, дигитайзер, сенсорлы
панель секілді ақпарат енгізу құрылғылары кеңінен таралды.
Пернетақта (Keyboard) ДК ақпарат енгізудің негізгі құралы
болып табылады, алайда тінтуір басқару функцияларын орындауды
өзіне көп алады.
Пернетақтаның əрекет ету принципі 6.1, а-суретте көрсетілген.
Пернетақтаның негізгі элементі клавиштер болып табылады.
Клавишті басқан кездегі сигнал пернетақта бақылаушысымен
тіркеледі жəне скэн-код деп аталатын түрде аналық тақшаға
жіберіледі. Скэн-код – бұл бір байтты сан, оның кіші 7 биті əр
клавишаға меншіктелген сəйкестендіру нөмірін береді. ДК аналық
тақшасында пернетақтаны қосу үшін сонымен қатар арнайы
бақылаушы қолданылады.
Скэн-код
пернетақта
бақылаушысына
келіп
түскенде,
аппараттық бұзылу инициалданады, процессор өзінің жұмысын
тоқтатады жəне скэн-код талдайтын рəсімді орындайды. Скэн-код
таңба кодына ауыстырылады (ASCII деп аталатын кодтар). Бұл
кезде өңдейтін рəсім енгізетін кодты дұрыс алу үшін бірінші
клавиштар мен ауыстырып-қосқыштың орнатуын анықтайды
(мысалы, «ф» немесе «Ф»). Содан соң енгізілген код 15 дейін
енгізілетін таңбаларды сақтай алатын жады аумағы болып
саналатын пернетақта буферіне орналастырылады. Пернетақта
бақылаушысы жүйе жүктеу процесі кезінде өзін-өзі бақылау
функцияларын орындайды.
199
6.1-сурет. ДК пернетақтасы:
а — пернетақтаның əрекет ету принципі; б — пластмасса істіктермен пернетақта
жұмысы
Жүктеу кезінде өзін-өзі бақылау процесі пернетақтаның үш
индикаторының бір рет жыпылықтауымен көрсетіледі.
Конструкциялық
орындалуы
бойынша
пернетақталар
механикалық, шертпекпен, микроауыстырып-қосқышпен жəне
сенсорлы болып бөлінеді.
Механикалық,
жартылай
механикалық,
мембраналы
пернетақталар
резеңке
мен
металдың
композициясынан
дайындалған мөрқалып (белгі) түрінде төменгі шеті жасалған, тік
орнатылған істік əр клавишаның астында болатындай істеледі.
200
Достарыңызбен бөлісу: |