■
18,5 ...20,1" — ірі (0,27 ...0,30 мм);
■
21 ...22" — ұсақ (0,24 ...0,25 мм);
■
23" — орта (0,265 мм);
■
23,6 ...24" — ірі (0,27 ...0,28 мм);
■
27 ...28" — өте ірі (0,31 ...0,32 мм);
■
29" аса — ортадан өте іріге дейін (0,26 ... 0,31 мм).
Сарапшылардың пікірі бойынша, баға, диагональ мен түйіршік
өлшемінің ең жақсы қатынасы 24-дюймдік FullHD-мониторларында.
Монитордың
матрицасының
түрі,
шолу
бұрышы
мен
жарықтандыруы – өзара өте тығыз байланысты сипаттамалары.
TN-матрицалары ең тез жəне арзан, бірақ шолу бұрышы мен қара түс
тереңдігі нашарлау, IPS-матрицалардың (Samsung нұсқасында PLS) түс
жіберуі мен шолу бұрыштары ең жақсы, бірақ сол уақытта қымбат жəне
салыстырмалы баяу, ал PVA мен MVA типті матрицалар қара түсті бəрінен
жақсы жеткізеді, бірақ бұлыңғырды жеткізу кезінде жəне түрлі көру
бұрышы кезінде түрлі-түсті теңгерім өзгеруімен мəселелері бар. Көптеген
жағдайларда TN матрицасындағы мониторлар — қымбат емес жəне
шапшаң, сондықтан компьютерлік ойындар əуесқойларына тамаша; PVA
мен MVA — салыстырмалы жоғары емес бағаға, ең жоғары кереғарлыққа
жəне қолайлы жылдамдыққа ие, сондықтан үйде пайдалануға арналған
əмбебап монитор ретінде барады; IPS (PLS) — əдетте қымбат болады,
бірақ өте сапалы түс жіберуге жəне жақсы кереғарлыққа ие, сондықтан
бəрінен де графика мен фотосуреттерге арналған кəсіби жұмыстарға
барады.
Шектеуі бар мониторлардың шолу бұрыштары жан жағынан қараған
кезде кескіннің бұрмалануына əкеледі, ол TN-матрицаларындағы үлкен
диагоналды мониторлар үшін ерекше сыни. Көденеңінен 170° кем емес
жəне тігінен 160° кем емес шолу бұрыштары бар мониторларды таңдау
ұсынылады.
Монитордың жарық беруінің біркелкілігі. Қазіргі уақытта көптеген
мониторларда жарықдиодты (LED) жарықтандыру болады, ол біркелкі
жарықтануды қамтамасыз етеді жəне көп ресурсқа ие. Статикалық
кереғарлығының мəні 1000:1 жəне одан да көп болатын мониторларды
сатып алу ұсынылады (экранның ең жарық учаскесінің жарықтығының ең
күңгірт учаскенің жарықтығына қатынасы).
Жауап беру уақыты мен жайма жиілігі. Компьютерлік ойындардың
əуесқойлары үшін жауап беру уақыты 5 мс жəне одан да аз болатын
мониторларды таңдаған жөн. Көптеген қазіргі заманғы мониторлардың
матрица кескінінің жаңаруының стандартты жиілігі 60 Гц тең. Жаңару
жиілігі 120 ... 144 Гц мониторлар ойындарда өте серпінді көріністі табиғи
түрде көрсетуге мүмкіндік береді,
142
бірақ өте жоғары бағаға ие жəне негізінен— TN-матрицалы,
сəйкесінше шолудың ең жақсы шолу бұрыштары жəне түс
жіберудің ең жақсы тереңдігі емес.
Монитор жарықтылығы — пайдаланушының жұмысының
жайлы жағдайын қамтамасыз ететін маңызды параметр, себебі
жоғары жарықтылық көздің шаршауына əкеледі, ал өте төмен
жарықтық та тек қана көзді тікпейді, сонымен қатар көздің
қосымша шаршауына əкеледі. Мұндай режимде көптеген LED-
мониторларының жарықтануы барынша жылтылдап бастайды жəне
көз
қарашығы
монитор
матрицасының
барлық
бетінің
жарықтығының өзгеруіне ілесуге тырысу керек. Ең көп
жарықтылықты 250 кд/м
2
монитор үшін оңтайлы мəн 70 ... 90 %
болып табылады — үңілмеу үшін кескін жеткілікті жарық, бірақ бұл
кезде көзді талдырмау үшін жылтылдау əлсіз білдіріледі.
Монитордың аналогтық және цифрлық кірулері. Көптеген
мониторларда қолданыста ескірген аналогтық кіруі болады D-SUB
(VGA) — басқа құрылғылармен ең үйлесімдісі. HD жəне одан да аса
ажыратымды мониторлар үшін цифрлық кірулердің болуы
ұсынылады — DVI немесе HDMI (екіншісі қолайлысы, себебі оның
өткізу қабілеті үлкен, аудиоға арналған кіріктірілген арнасы бар).
Кіріктірілген динамикалар мен вебкамера қазіргі заманғы
мониторлардың міндетті элементтері болып табылады.
Мониторлардың сенімділігі барынша жоғары – бірінші жарты
жылдықта бұзылатындары тек қана 1 % аз болады. Мониторлар
техникалық ақаулық себебіне қарағанда моралдық тозу себебі
бойынша істен шығады. Сарапшылар Samsung пен Philips LED-
мониторлары ең сенімді жəне көп бұзылмайтындығын атап
көрсетеді.
Мониторды сатып алар кезде монитордың сапасын анықтайтын
көрсеткіштер қатарына көңіл аудару керек.
Шолу бұрышы мониторға түрлі бұрышпен қараған кезде
бақыланады (солдан-оңнан, жоғарыдан-төменнен). Бұл кезде кескін
қатты бұрмаланбау қажет.
Қара түстің тереңдігі келесі тест арқылы анықталады. Мəзірде
ашықтықты ең көбіне орнатады, содан кейін одан барлық сигнал
кабельдерін ажыратады – қара экранда əдетте «Check Signal Cable»
типті жазу пайда болады. Экранның қара түсі оның ауданы
бойынша біркелкі жəне сұр немесе ашық-сұр болмауы керек.
Соғылған пиксельдер — тек қана TN-мониторлары үшін өзекті
ақау. Соғылған ашық түсті («ыстық») пиксельдер егер экранның
қара учаскелерін мұқият қарап шықса, қара фонда жақсы білінеді.
143
4.2.
ПРОЕКЦИЯЛАУ АППАРАТТАРЫ
Проекциялау аппараты (проектор) (латыннан. projicio — алға
лақтырамын) — түрлі обьектілердің үлкейтілген кескіндерін
экранға проекциялау үшін қолданылатын оптикалық аспап.
Проекциялау аппараттарының əрекет ету принципі объект
кескінін оны қуатты проекциялық шаммен жарықтандыру кезінде
экранға оптикалық жүйе көмегімен проекциялауда болады.
Бірінші проекторды 1640 жылы неміс физигі жəне математигі
Афанасий Кирхер ойлап тапты, өзінің аппаратын «сиқырлы шам»
деп атады. Жарықтың қуат көзі майшам болған аппарат экранда
адамдардың, жануарлар немесе картоннан кесіп алынған заттардың
кескіндерінің көлеңкелі проекциясын жасауға мүмкіндік берді.
Проекциялау аппараттары түрлі обьектілерді көрсету үшін
қызмет етеді: диапозитивтер (код проекторлары), диафильмдер
(диа проекторлар), мөлдір емес (эпипроекторлар), сонымен қатар
басқалары (эпидиапроекторлар).
Проекциялау
аппараттары
тұсаукесер
үшін
үйренудің
техникалық құралы ретінде қолданылады. Қазіргі заманда
ақпараттың недəуір бөлігі электрондық түрде болғандықтан,
монитор экранынан кескінді экранға проекциялау қажеттілігі пайда
болды.
ДК қосылатын қазіргі заманғы проекциялау аппараттары
монитор экранынан үлкен экранға кескінді проекциялауға
мүмкіндік береді. Компьютерлі проекторларда проекцияланатын
кескіннің дереккөзі ретінде арнайы электронды басқарылатын
модулятор қолданылады, оған ДК видеоадаптерінен сигнал
жіберіледі.
Мұндай модулятор кəдімгі проекторда слайдтың немесе
диапозитивті қабықша қызметін атқарады жəне проекциялаушы
шамнан жарық ағынын модуляциялаушы басқарылатын жарық
сүзгісі ретінде қолданылады.
Модуляторлардың құрылымы мен əрекет ету принципі көптеген
əртүрлілікпен ерекшеленеді, алайда олар негізінен СК-панельдер
негізінде құрылған. Барлық компьютерлік проекторларды екі топқа
бөлуге болады:
■
жалпы тағайындаулы ə м бе ба п (оверхед-проекторлар);
кескін көзі ретінде оларда арнайы сыртқы модулятор – СК-
панель қолданылады;
■
кіріктірілген модуляторымен му л ь т и ме д и я л ы қ .
144
Достарыңызбен бөлісу: |