Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет47/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   107

D-ILA проекторлары  үшматрицалық  схема  бойынша  құрылады (əр 
матрица 
RGB-кеңістігінің 
негізгі 
түсінің 
бірінің 
кескінін 
қалыптастырады)  жəне  пиксельді  құрылым  іс  жүзінде  байқалмайтын 
кескінді  көрсетеді.  D-ILA-проекторының  оптикалық  схемасы  4.17,  б
суретте көрсетілгенБұл проекторлар бірдей жетістікпен компьютерлік 
жəне  бейнесигналдарды  шығару  үшін  қолданылу  мүмкін,  алайда 
технологияның  жаңалығының  себебінен  бүгінгі  күні  шығарылатын 
құрылғылар қатары салыстырмалы көп емес. 
Видеопроектордың негізгі параметрлеріне келесілер жатады: 
Жарық  ағыны  (ANSI-люмен)  (люмен  —  жарық  ағынының  бірлігі). 
(ANSI  —  Стандарттардың  Америкалық  ұлттық  институты).  Жарық 
ағыны  проекциялық  объективтің  ең  аз  анық  көрінетін  қашықтықта 
алынған  0,82  х  0,61  м  өлшемді  бақылау  экранының  біркелкі  тоғыз 
таратылған нүктелерінде  жарықтықты  өлшеу  нəтижелерінің  жартылай 
орта  мəні  ретінде  бағаланады.  Түрлі  проекторларда  жарық  ағынының 
мəні  ондықтан  35  000  ANSI  лм  дейін  бола алады.  Ені  2,6 м  экранның 
жеткілікті  жарықтылығын  қамтамасыз  ету  үшін  көлеңкелі  ғимаратта 
400 лмдан кем емес жарық ағыны қажет. 
Кереғарлық  —  стандартқа  сəйкес  16-клеткалы  шахматты  алаңды 
проекциялау  кезінде  өлшенеді  жəне  ақ  тікбұрыштардың  центріндегі 
өлшеудің  нəтижелері  бойынша  орталандырылған  жарықтықтың 
қараның  центріндегі  орта  жарықтандыруға  қатынасы  ретінде 
есептеледі. 250:1 ... 700:1 диапазонында модельден модельге өзгереді. 
Біркелкілік — бақылау экранының тоғыз нүктесінде өлшенген ең аз 
жарықтылықтың  ең  көп  жарықтылыққа  қатынасы.  Көптеген 
проекторлардың  құжаттамаларында  көрсетілмейді.  Бөлек,  əсіресе 
шағын 
проекторларда 
центрге 
қатысты 
кадр 
шеттігінде 
жарықтылықтың төмендеуі 70% жетеді. 
Жарық  көзі.  Проекторларда  негізінен  металлгалогендік  жəне 
ксенондық шамдар қолданылады. 
Металлгалогендік  шамдар  Philips  компаниясымен  1990-жылдары 
мультимедиялық  проекторлар  үшін  жасап  шығарылған.  Бұл 
шамдардың пайдалану мерзімі 2 мыңнан 4 — 6 мың сағатқа дейін. 
1000  сағаттан  аса  ресурсқа  ие  жəне  ең  жақсы  түс  жіберудің 
қамтамасыз  ететін  ксенондық  доғалық  шам  қуатты  проекторларда 
қолданылады. 
Проекторларда  кепілдендірілген  қызмет  мерзімі  25  мың  сағатқа 
жететін  арнайы  жарықдиодтарын  қолданады.  Ресурсы  20  мың  сағатқа 
жететін жарықтың лазерлі-жарықдиодты көздері кеңінен таралып келе 
жатыр. 
 
 
 
152 


Мультимедиялық проекторлардың негізгі өндірушілер қатарына 
келесілер  жатады:  Aser,  BenQ,  Epson,  InFocus,  JVC,  LG,  NEC, 
Optoma, Panasonic, Sony, Viewsonic, Vivitek жəне кейбір басқалары. 
 
4.2.3.  Проекциялық аппаратты таңдау 
Қазіргі уақытта нарықта проекторлардың жүздеген үлгілері бар. 
Үлгіні таңдау кезінде бірқатар сипаттамаларды ескеру қажет. 
Жарық  ағынының  жарықтылығы  мəні  бойынша  проекторлар 
мына топтарға бөлінуі мүмкін: 
500 ... 1 000 лм — жарық түспейтін бөлмеде жəне фильмді үйде 
қарау үшін қолданылады; 

000 . 1 500 лм — күндізгі жарықтың енуінің ең аз деңгейі бар 
бөлме, аудиториялар үшін қолданылады; 

500  ...  2  000  лм —  жарықтылықтың жеткілікті  дəрежесіне  ие, 
жақсы  жарықтандырылған  бөлмелерде  үлкен  өлшемді  кескіннің 
проекциясын қамтамасыз етеді; 

000  лм  жəне  одан  аса  —  өте  жарық  проектор,  күндізгі 
жарықтың  көп  мөлшері  түсетін  конференц-залдарда  үлкен 
экрандарда  нақты  кескін  түзу  үшін  өте  жақсы  келетін  орындаудың 
жоғары  сапалы  шағын  немесе  жартылай  шағын  проекторларды 
береді. 
Проектордың  жоғары  ажыратымдылығы  кескінді  толықтай 
көрсетуге жағдай туғызады. 
Қазіргі уақытта ажыратымдылықтың келесі түрлері бар: 
■ 
Кескін пішімі 4:3: VGA (640 х 480), SVGA (800 х 600), XGA
 
(1  024  х  780),  SXGA  (1  280  х  1  024),  SXGA+  (1  400  х  1  050), 
UXGA 
(1 600 х 1 200), QXGA (2 048 х 1 536); 
■ 
Кескін пішімі 16:9, 16:10, 15:9 немесе оған жақын: W XGA
 
(1 280 х 768 немесе 1 280 х 780), HD720 (1 280 х 720), W VGA 
(864 х 480), W SVGA (1 024 х 576), Full HD (1 920 х 1 080), WUXGA 
(1 920 х 1 200), HD 4K (4 096 х 2 400). 
Сонымен  қатар  көп  таралмаған  проектор  матрицасының 
ажыратымдылығының басқа да пішімдері кездеседі. 
Power Point көмегімен дайындалған компьютерлік тұсаукесерлер 
үшін  SVGA,  XGA  ажыратымдылықты  проекторлар  қолданылуы 
мүмкін.  Орта  сапалы  бейне  жəне  фильмдерді  пайдаланған 
тұсаукесерлер  үшін  диагоналі  3  м  дейінгі  экранға  проекциялаған 
кезде — SVGA, WVGA, WSVGA қолданылады. 
 
 
 
153 


Excel-де  дайындалған  кестелері  бар  тұсаукесер  XGA,  SXGA 
ажыратымдылығы  кезінде  жақсы  көрінетін  болады.  Интерактивті 
тақтамен  жұмыс  немесе  интерактивті  режимдегі  жұмыс  XGA,  W 
XGA,  UXGA,  Full  HD  ажыратымдылықтарын  талап  етеді. 
CAD/CAM  қосымшалы,  машина-  жəне  аспаптар  жасау  сызбалары 
бар тұсаукесерлер үшін SXGA, SXGA+, Full HD ажыратымдылықты 
проекторларды  қолдану  керек.  Үлкен  экранда  DVD-  фильмдерін 
қарау,  кескіннің  жоғары  сапасын  қамтамасыз  ету  кезінде  жоғары 
анықтықты  теледидарлар  SXGA,  SXGA+,  UXGA,  Full  HD 
ажыратымдылықты талап етеді. 
Проектордың 
ажыратымдылығын 
таңдау 
кезінде 
оның 
қолданылатын  ДК  монитордың  ажыратымдылығын  мақұлдау 
ұсыналады. Олардың ажыратымдылығы үйлескені жақсы. Көптеген 
қазіргі заманғы проекторлар олардың ажыратымдылығынан өзгеше 
кіру сигналдарын айырып тани алады. 
Проектор таңдау кезінде салмақ маңызды фактор болуы мүмкін. 
Проекторлар  салмақтары  бойынша  келесі  категорияларға  бөлінуі 
мүмкін: стационарлық — салмағы18 кг аса; тасымлады — 9 ... 18 кг; 
шағын — 4,5 ... 9,0 кг; ультрашағын — 2,25 ... 4,5 кг; микрошағын 
—2,25 кг кем; класс Palm («алақанмен») —1,4 кг кем; класс Pico — 
0,5 кг кем; класс Pocket — ұялы телефон өлшемдері. 
Өндірушілер  кіріктірлген  видеопроекторлармен  жабдықталған 
ұялы  телефондарды  шығаруды  жоспарлауда,  ол  мобильдік 
байланыс  бойынша  алынған  теледидарлық  сигналдарды  шығаруын 
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
 
4.3. 
КӨЛЕМДІ КЕСКІНДЕРДІ 
ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ҚҰРЫЛҒЫЛАР 
 
Көлемді 
(үш 
өлшемді) 
кескіндерді 
қалыптастыратын 
құрылғылар  виртуалды  ақиқат  жүйесінің  элементі  ретінде  пайда 
болды,  ол  қарқынды  түрде  жетілдірілуде.  «Виртуалды  ақиқат» 
термині қиялдағы, көрінетін, тіпті «жасанды» əлем деп те аударылу 
мүмкін. 
Мұндай  құрылғылар  өздерінің  құрылымы  бойынша  дəстүрлі 
мониторлардан  негізінде  ерекшеленеді,  себебі  олардың  негізінде 
бинокулярлық  көру  немесе  стереокөру  əсеріне  негізделген  үш 
өлшемді кескіндерді қалыптастыру əдісі жатыр. 
Адамның  көлемді  кескіндерді  қабылдау  ерекшеліктері  келесі 
факторлармен  анықталады:  бинокулярлық  көруді  пайдалануға 
негізделген бастапқы (туа біткен), 
154 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау