Плазмалық мониторлардың қызмет ету мерзімі 60 мың сағаттан аса
болады. Шолу бұрышы – барлық бағытта дерлік 180°.
Іс жүзінде плазмалық панельдердің əр өндірушісі классикалық
технологияға түс жіберуді, кереғарлық пен басқарушылықты
жақсартатын өзіндік шешімдерін қосады. Fujitsu, Panasonic,
Sumsung, Toshiba, LG, NEC, Pioneer мен басқалар сияқты ірі
өндірушілер жарнамалы-ақпараттық мақсаттар үшін плазмалық
панельдерді өндіріп шығарады.
4.1.4. Электрлюминесцентті мониторлар
Электрлюминесцентті мониторлар (Electric Luminiescent Displays —
ELD) (4.10-сурет) өзінің құрылымы бойынша СК-мониторларға ұқсас.
Электрлюминесцентті
мониторлардың
əрекет
ету
принципі
жартылайөткізгіштік р — n-ауысуда туннельдік əсер пайда болған кезде
жарық шығару құбылысына негізделген. Мұндай мониторларда
жаймалаудың жəне жарқыраудың жарықтылығының жоғары жиілігі
болады, сонымен қатар олар жұмыста берік болады. Алайда ол энергия
тұтыну бойынша СК-мониторларға жол береді, себебі ұяшықтарға
салыстырмалы жоғары кернеу беріледі – шамамен 100 В. Олардың түстері
СК-модельдерінікі секілді ондай таза емес, жəне кескін ашық жарықта
күңгірттенеді. ELD-мониторлары температураның кең спектрінде жұмыс
жасайды (-40-тан +95 °C дейін). Тоқтаусыз атқарымның орта ұзақтығы
(MBTF) 100 мың. с.құрайды. Жауап беру уақыты —1 мс кем. Шолу
бұрышы
4.10
-сурет. Электрлюминесцентті монитор панелінің құрылымы
136
160° аса. ELD-дисплейлері жоғары жарықтық, сенімділік қажет
етілетін əскери, медициналық жəне өнеркəсіптік жабдықтарда
қолданылады.
4.1.5. Электрстатикалық эмиссия мониторлары
Электрстатикалық эмиссия мониторлары (Field Emission
Displays — FED) ЭСТ мен сұйықкристалды технологияны
пайдалануға негізделген дəстүрлі технология өнімі болып
табылады.
FED
мониторлары
ЭСТ-мониторларында
қолданылатынға ұқсас үдеріске негізделген, себебі екі əдісте де
электрондық
сəуле
əсерімен
жарқырайтын
люминофор
қолданылады.
ЭСТ-
мен
FED-мониторларының
арасындағы
басты
айырмашылық ЭСТ-мониторларында үш электрондық сəуле
шығаратын үш зеңбірек болатындығында, олар дəйекті түрде
люминофорлы қабатпен жабылған экранды сканерлейді, ал FED-
мониторда
кескіннің
əр
пикселі
беттің
бірнеше
мың
субмикрометрлік
үшкір
элементтерден
электрондардың
шағылысуымен қалыптасады. Осының арқасында жоғарывольтті
эмиссия қажет етілмейді, жəне құрылғының жұмыс кернеуі
төмендетілуі мүмкін. Ол көп жағдайда эмиссиялаушы беттің
материалына байланысты. Мысалы, егер электрондар молибденмен
түрлендірілсе, онда басқарушы электродтарға 12 В беру жеткілікті.
Алайда төменвольтті құрылым тартымдылығына қарамастан,
люминофордың тиімді сəулеленуі үшін электрондарды жоғары
вольтті өрісте жүріс қарқынын күшейту керек болады. Пиксельдер
ретінде
ЭСТ-мониторындағыдай
люминофор
түйірлері
қолданылады, ол əдеттегі мониторларға сипатты таза жəне қанық
түстерді алуға мүмкіндік береді. Алайда бұл түйірлерді
активтендіру электрондық сəулемен емес, ТҒТ-технологиясы
бойынша тұрғызылған СК-мониторларда қолданылатынға ұқсас
электронды кілттермен жасалады. Бұл кілттермен басқару арнайы
схемамен жүзеге асырылады, оның əрекет принципі СК-
монитордың бақылаушысының əрекет принципіна ұқсас.
Электрстатикалық эмиссияның мониторы жұмыс жасауы үшін
жоғары кернеу қажет – шамамен 5000 В. Бұл технология барлық
жайпақ панельді мониторлардың арасында кескіннің ең жақсы
сапасын жəне ең төмен инерциялықты (шамамен 5 мкс) қамтамасыз
етеді.
137
FED-мониторлар кескіннің жоғары ашықтығын қамтамасыз етеді (600
...800 кд/м
2
), олармен жұмыс жасау кезінде көру бұрышымен проблемалар
болмайды. Техникалық қиындықтар нəтижесінде FED технологиясы кең
таратылмады.
4.1.6. Органикалық жарықдиодты
мониторлар
Органикалық жарықдиодты мониторлар (Organic Light-Emitting
Diode Displays — OLEDs), немесе LEP-мониторлар (Light Emission Plastics
— сəуле шығаратын пластик), өзінің технологиясы бойынша СК- жəне
ELD-мониторларға ұқсас, бірақ экран жасап шығарылатын материалмен
ерекшеленеді: LEP-мониторларында шала өткізгіштік қасиеті бар арнайы
органикалық полимер (пластик) қолданылады. Электр тогын өткізген кезде
бұл материал жарқырай бастайды.
LEP-технологиясы
Ричард
Френд
профессоры
Кембридж
университетінің ғылыми лабораториясының химиктар тобымен бірге сəуле
шығаратын полимерлерді ашқан кезде, бастамасын 1989 жылдан
алды (Light Emitting Plastics).
Сәуле шығаратын полимерлер — бұл түйіндес полимер деп
аталатынның бір түрі, алуан түрінің электр өткізгіштігі өте кең диапазонда
жатады, жəне олар электродтар арасында орналасып жарық шығарады. Бұл
полимерлер - полифениленвинилен (PPV) жəне циано-PPV (CN-PPV) —
шала өткізгіштер жəне өз-өзінен оқшауланатын болып табылады. являются
полупроводниками и, кроме того, еще и самоизолируе- мыми. Осы
өткізетін пластиктың бірінші пайдалануына байланысты өткізгіштер
жасалды. Қазіргі уақытта мұндай пластиктер электр өткізгіштігі бойынша
мысқа жақындап келеді жəне қызмет ету мерзімі 10 жыл. Олар
электрстатикалық динамика, антистатикалық жабындарын өткізетін
батареяларда электродтар дайындау үшін жəне мөрлік тақшада өндіруші
жолсызықты
түсіру
үшін
қолданылады
(негізінен,
Matsushita
компаниясымен).
CDT компаниясының Seiko Epson жапондық корпорациясымен
серіктестігінде ажыратымдылығы 800 х 236 нүкте, қалыңдығы бары 2 мм
жəне ауданы шамамен 50 мм
2
бірінші пластик монохромды монитор
жасалды. Бұл дисплейдің əр нүктесімен бөлек жұқақабыршақты
транзистор (TFT) басқарды, ал сəуле шығаратын полимер стандартты
бүріккіш басып шығаруға ұқсас технология бойынша сұйық түрінде
коммутациялаушы матрицаға түсірілді. LEP-мониторының экранының
құрылғысы 4.11-суретте көрсетілген.
138
Достарыңызбен бөлісу: |