Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет52/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   107

CGA  (Color  Graphics  Adapter)  —  IBM  PC  арналған  түрлі-түсті 
мониторлардың  бірінші  стандарты.  Барлық  режимдер  арасынада  ең 
жоғары ажыратымдылық — 640 х 200, ең үлкен түрлі-түсті тереңдік— 
4 бит (16 түс). 
EGA 
(Enhanced 
Graphics 
Adapter) 
— 
монитор 
мен 
видеоадаптерлардың  стандарты,  640  х 350 пиксельді  ажыратымдылық 
кезінде 16-дан 64 түске дейін қолдана алады. 
VGA  (Video  Graphics  Array)  —  стандарт  640  х  480  пиксельді 
ажыратымдылықты қамтамасыз етеді. 
Видеоадаптер  біруақытта  экранға  256  түрлі  түс  шығара  алады, 
түрлі-түсті ақпаратты жіберу үшін аналогты сигнал қолданады. 
SVGA  (Super  Video  Graphics  Adapter)  —  ^уақытша  видеоадаптер, 
əмбебап  графикалық  құрылғыны  береді,  ол  800  х  600  пиксельді 
ажыратымдылыққа жəне 16 млн дейінгі түс санына қабілетті.. 
ХGA  (eXtended  Graphics  Array)  1990  жылы  IBM  жасалған  жəне 
1024 х 768ажыратымдылыққа қабілетті видеокарталар мен дисплейлер 
үшін  стандарт  болды.  Оның  дамуы    SХGA    стандарты    болып  
табылады (Super eXtended Graphics Array), ол 16,7 млн түстер кезінде 1 
280 х 1 024 ажыратымдылықты қамтамасыз етеді. 
UХGA  (Ultra  eXtended  Graphics  Array)  —  графикалық  ақпаратты 
бейнелеу  стандарты,  ол  16,7  млн  түстер  кезінде  1  600  х  1  200 
ажыратымдылықты қамтамасыз етеді. 
Видеоадаптер видеожүйенің келесі сипаттамаларын анықтайды: 
■ 
Түстердің бейнелетін реңктерінің ең көп ажыратымдылығы мен ең 
көп саны;
 
■ 
Жалпы ДК мен видеожүйенің өнімділігін анықтайтын 
видеоақпаратты жіберу мен өңдеу жылдамдығы.
 
Бұдан басқа видеоадаптер жұмысына монитор экранында растрдың 
қалыптасуы  кезінде  қолданылатын  көлденең  жəне  тік  синхрондаудың 
сигналдарының қалыптасуы кіреді. 
Видеоадаптердің əрекет ету принципі келесіде. 
Процессор  n  –разрядты  сандардың  Nх  M  матрицасы  түріндегі 
цифрлық  кескінді  қалыптастырады  жəне  оны  видеожадыға  жазады. 
Ағымдағы  кескіннің  (кадрдың)  цифрлық  бейнесін  сақтау  үшін 
тағайындалған  видеожады  учаскесі  буфер  немесе  фреймбуфер  деп 
аталады. 
Видеоадаптер  кадрлы  буфердың  ұяшық  құрамын  тізбекті  түрде 
оқиды (сканерлейді) жəне шығуда видеосигнал қалыптастырады, оның 
деңгейі  бөлек  ұяшықта  сақталатын  мəнге  уақыттың  əр  мезетінде 
пропорционал  болады.  Видео  жадыны  сканерлеу  электрондық  сəулені 
экран бойымен жылжытумен синхронды түрде жүзеге асырылады. 
 
167 


Нəтижесінде  монитор  экранындағы  əр  пиксельдің  жарықтығы 
видеоадаптер 
жадысының 
сəйкес 
ұяшығының 
құрамына 
пропорционал болады. 
Растрдың  бір  жолына  сəйкес  келетін  ұяшықтарды  қарау 
аяқталысымен  видеоадаптер  сəуленің  көлденеңінен  кері  жүрісіне 
бастамашылық  ететін  жолдық  синхрондаудың  импульстерін 
қалыптастырады,  пл  кадрлы  буферды  сканерлеу  аяқталысымен 
сəуленің  төменнен  жоғарға  жүрісін  туғызатын  сигналды 
қалыптастырады.  Осылайша,  монитордың  жолдық  жəне  кадрлы 
жаймасының  жиіліктері  видеожадының  құрамын  сканерлеу 
жылдамдығымен, яғни видеоадаптермен анықталады. 
 
4.4.1.  Видеоадаптер жұмысының режимдері 
 
Видеоадаптер  жұмысының  режимдері,  немесе  видеорежимдер 
видеоадаптермен  қамтамасыз етілетін параметрлердің жиынтығын береді: 
ажыратымдылық,  түс  бояғышы,  жолды  жəне  кадрлы  жайма  жиіліктері, 
экранның  учаскесін  адрестеу  əдісі  жəне  басқалары.  Видеоадаптер 
ажыратымдылығы  көрімделген  бейненің  нақтылығы  мен  тəптіштеуін 
анықтайды. 
Барлық  видеорежимдер  графикалық  жəне  мəтіндік  болып  бөлінеді. 
Видеоадаптердың түрлі режимінде видеосигналдың қалыптасуының түрлі 
механизмдері  қолданылады,  ал  монитор  екі  режимде  де  бірдей  жұмыс 
жасайды. 
Графикалық  режим  қазіргі  заманғы  ДК  видеожүйесінің  жұмысының 
негізгі  режимі  болып  табылады,  мысалы  Windows  басқарумен. 
Графикалық  режимде  монитор  экранына  мəтін,  сурет,  фотосурет, 
жандандыруды  немесе  видеосюжетті  шығаруға  болады.  Графикалық 
режимде кадрлы буфердың əр  ұяшығында  (л-разрядты  сандардың  N  х  
матрицасы) экранның сəйкес пикселінің түсінің коды болады. Бұл кезде 
экран  ажыратымдылығы  да  Nх  M  тең  болады.  Экранның  адрестелетін 
элементі кескіннің ең кіші элементі – пиксел болып табылады. Осы себеп 
бойынша  графикалық  режимді  АРА  режимі  деп  те  атайды  (АЛ  Poimt 
Addressable — барлық нүктелер адрестелетін). Кейде л санын түс тереңдігі 
деп  атайды.  Бұл  кезде  бір  уақытта  бейнеленетін  түстер  саны  2л  тең,  ал 
ажыратымдылығы  Nх  M  жəне  түс  тереңдігі  л  түрлі  түсті  кескінді  сақтау 
үшін қажетті кадрлы буфер өлшемі Nх M бит құрайды. 
Мәтіндік  режимде,  графикалықтағы  секілді  монитор  экранындағы 
кескін  көптеген  пиксельді  береді  жəне  Nх  M  ажыратымдылығымен 
сипатталады.  Алайда  барлық  пикселдер  белгі  орындары  немесе  таңбалық 
орындар деп аталатын топтарға бөлінген, 
 
168 


(Character  boxes  —  таңбалы  ұяшықтар),  өлшемі  рх  q.  Белгі 
орындарының əрқайсысында 256 таңбаның біреуі көрсетілу мүмкін. 
Осылайша,  экранда  əрқайсысының  N/p  =  N
t
  таңбалары  бойынша 
таңбалы жолдар M/q =  M
t
 азаяды.  Әдеттегі  мəтінді  режим  80  х 
25 таңбалар режимі болып табылады. 
Әр  белгі  орнының  шегінде  таңбаның  кескіні  нүктелі  
матрицамен  (Dot  Matrix)  беріледі.  Матрица  өлшемі  видеоадаптер 
түрі  мен  ағымдағы  видеорежимге  байланысты.  Таңбаны  бейнелеу 
үшін  қаншалықты  көп  нүкте  қолданылса,  соншалықты  кескін 
сапасы  жоғары  жəне  мəтін  жақсы  оқылады.  Таңба  кескінін 
қалыптастыратын матрица нүктелері алдыңғы план деп аталады, ал 
қалғандары  – артқы план  немесе  фон.  4.22-суретте  8 х  8  пиксельді 
таңбалы матрица көрсетілген. Қарақоңыр торға логикалық бірлік, ал 
ашық  түстіге  –  логикалық  нөл  сəйкес  келеді  деп  ойласақ,  таңбалы 
матрицаның  əр  жолын  екілік  сан  ретінде  елестетеміз.  Сəйкесінше, 
таңбаның  графикалық  кескінін  екілік  сандар  жиынтығы  түрінде 
сақтауға  болады.  Бұл  мақсат  үшін  видеоадаптер  тақшасында 
орналасқан  арнайы  ТЖҚ  қолданылады.  мұндай  ТЖҚ  аппаратты 
белгі генераторы деп аталады. 
256 таңбалы кескіндер жиынтығы қаріп деп аталады. Аппаратты 
белгі  генераторы  компьютер  қосылғаннан  кейін  автоматты  түрде 
бірден  видеоадаптермен  қолданылатын  қаріпті  сақтайды  (əдетте 
бұлар  ағылшын  алфавитінің  əріптері  жəне  арнайы  таңбалар 
жиынтығы).  Белгі  генераторының  ұяшығының  адресі  таңбаның 
реттік нөмірі болып табылады. 
Экранда  таңбаның  кескінін  кодтау  үшін  екі  байт  қолданылады: 
біреуі – таңбаның нөмірін бері, екіншісі – таңба атрибутын көрсету 
үшін  (таңба  мен  фонның,  астын  сызудың,  жыпылықтаудың, 
меңзерді  бейнелеудің  түстері).  Егер  экранда  NхM  белгі  орындары 
болса, онда кескінді сақтау үшін қажетті видеожады көлемі N
t
  х M
t
 
х 2 байтты құрайды. 
 
 
4.22 
-сурет.  Белгі  генераторының  ұяшығы  мен  9  х16  матрицада  мəтіндік  режимде
 
«А» таңбасының ұсыну схемасы 
 
169 
 
 
0  0  0  1  1  1  0  0 
0  0  1  1  0  1  1  0 
0  1  1  0  0  0  1  1 
0  1  1  0  0  0  1  1 
0  1  1  1  1  1  1  1 
0  1  1  0  0  0  1  1 
0  1  1  0  0  0  1  1 
0  0  0  0  0  0  0  0 
 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау