Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет4/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107

1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 2
40
 байт = 1 099 511 627 776 байт; 
1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 2
50
 байт = 
= 1 125 899 906 842 624 байт. 
Екілік  (компьютерлік)  ақпараттың  өлшеу  жүйесінде  метрлік 
жүйемен салыстырғанда «кило», «мега» қосымшалары бар бірліктер 
негізгі бірлікті 10
3
 = 1 000, 10
6
 = 1 000 000 көбейткеннен емес, 2
10
 = 
1024, 2
20
 = 1 048 576 жəне т.б. көбейткеннен алынатынын назар 
аудару керек. 
 
 
1.3. 
ЭЕМ ЕНГІЗУ ҮШІН АҚПАРАТТЫ КӨРСЕТУ 
ТӘСІЛДЕРІ 
Ақпараттандырудың 
заманауи 
техникалық 
құралдары 
компьютер  көмегімен  сандық,  мəтіндік,  графикалық,  дыбыстық 
жəне  ақпаратты  өңдеу  жəне  сақтау  функцияларын  орындайды. 
Физикалық  мəні  бойынша  əр  түрлі  ақпаратпен  жұмыс  жасау  үшін 
бірегей  формаға  келтіру  қажет.  Ақпараттың  барлық  осы  түрлері 
электр импульстерінің тізбектілігімен кодталады: импульс бар — 1, 
импульс жоқ — 0, яғни нөлдер мен бірліктер кезегімен. Ақпаратты 
мұндай  кодтау  компьютерде  екілік  кодтау  деп  аталады,  ал  нөлдер 
мен  бірліктердің  логикалық  тізбектіліктері  –  машиналық  тіл  деп 
аталады. 
Сандық ақпаратты екілік кодтау компьютерде сандар 0 жəне 
1  немесе  биттер  тізбектілігімен  көрсетілетіндігі  тұжырымдалады. 
1980-шы  жж.  басында  компьютерлердің  процессорлары  8-разрядты 
болатын,  процессордың  бір  тактісінде  компьютер  8  бит  өңдей 
алатын,  яғни  ең  үлкен  өңделетін  тұтас  ондық  сан  екілік  жүйеде 
11111111  асып  кете  алмайтын.  Процессорларды  алдағы  уақытта 
разрядтылығын  64-разрядқа  дейін  арттырғанда  бір  такт  ішінде 
өңделетін ең үлкен санының көлемі де ұлғайды. 
Мәтіндік  ақпараттың  екілік  кодтауы  əрбір  символды  кодтау 
үшін  1  байт  (8  екілік  разряд)  қолданылады,  əдетте  мəтіндік 
ақпаратты  көрсетуге  жеткілікті  болатын:  орыс  жəне  латын 
алфавитінің  бас  жəне  кіші  əріптерін,  сандарды,  белгілерді, 
графикалық  символдарды  əр  түрлі 

=  2
8
  =  256  символдарды 
кодтауға мүмкіндік береді. Символға нақты екілік кодты меншіктеу 
кодтық кестеде белгіленіп қабылданған келісіммен жүргізілген. 
 
10 


Әр  түрлі  кодтамаларда  бірдей  екілік  кодқа  əр  түрлі  символдар 
сəйкес келеді. Әрбір кодтама өзінің жеке кодтық кестесімен беріледі. 
Пайдаланушының тапсырмасына мəтіндік құжаттарды қайта кодтау 
мəселесін  шешу  кірмейді.  Windows  қосымшаларында  жұмыс  істеген 
кезде  MS-DOS  қосымшаларында  құрылған  құжаттарды  автоматтық 
қайта  кодтау  мүмкіндігі  қарастырылған.  Internet-те  Internet  Explorer, 
Opera  немесе  Google  браузерлерін  қолдана  отырып  жұмыс  жасау 
кезінде Web-парақтардың автоматтық қайта кодталуы жүргізіледі. 
Мəтіндік  ақпаратты  екілік  кодтау  кезінде  əрбір  символға  сегіз  нөл 
мен  бірліктерден  тұратын  өзінің  бірегей  жүйелілігі,  00000000-ден 
11111111 дейін (0-ден 255 дейін ондық код) өзінің бірегей екілік коды 
сəйкес келеді. 
Алғашқы  33  код  (0-ден  32  дейін)  символдарға  сəйкес  келмейді, 
операцияларға сəйкес келеді (жолды аудару, бос орын енгізу жəне т.б.). 
33-тен  127  дейін  кодтар  интернационалдық  болып  табылады  жəне 
латын 
алфавитінің 
символдарына, 
сандарға, 
арифметикалық 
амалдардың белгілеріне жəне тыныс белгілеріне сəйкес келеді. 128-ден 
255  дейін  кодтар  ұлттық  болып  табылады,  яғни  ұлттық  кодтамаларда 
бірдей кодқа əр түрлі символдар сəйкес келеді. 
Қазіргі  уақытта  орыс  əріптеріне  арналған  бес  əр  түрлі  кодтық 
кестелер бар,  сондықтан бір кодтамада құрылған мəтіндер басқасында 
ұқсас бейнеленбейтін болады. 
Компьютерде орыс əріптерін кодтаудың алғашқы стандарттарының 
бірі UNIX операциялық жүйесі бар компьютерлерге арналған КОИ-8 (8 
биттік ақпарат алмасу коды) коды болды. 
Ең  кең  танымалы  СР1251  (СР  —  Code  Page  —  кодтық  парақ) 
белгіленетін,  Microsoft  Windows  стандартты  кириллица  кодтамасы 
болып табылады, оны орыс тілімен жұмыс жасайтын барлық Windows- 
қосымшалар сүйемелдейді. 
MS-DOS  операциялық  жүйесі  ортасында  «альтернативті»  кодтама 
қолданылады,  Microsoft  фирмасының  терминологиясында  –  кодтама 
СР866. 
Macintosh  компьютерлері  үшін  Apple  фирмасы  орыс  тілінің  жеке 
кодтамасын жасап шығарды (Мас). 
Стандарттау  бойынша  халықаралық  ұйым  (International  Standards 
Organization  —  ISO)  стандарт  ретінде  орыс  тілі  үшін  ISO  8859-5  деп 
аталатын кодтаманы бекітті. 
Unicode халықаралық стандарты əрбір символға бір емес, екі байт 
бөледі, жəне сондықтан да оның көмегімен 256 емес, = 2
16
 = 65536 əр 
түрлі  символдарды  кодтауға  болады.  Осы  кодтаманы  Microsoft 
Windows платформасы сүйемелдейді. 
 
11 


Графикалық  ақпаратты  екілік  кодтау  жеткілікті  күрделі 
процесті  білдіреді,  себебі  мұндай  ақпарат  біршама  алуан  түрлі: 
қарапайым  сызбалардан  видеофильмдерге  дейін.  Дегенмен  кез 
келген 
графикалық  ақпарат 
монитор 
бетінде 
нүктелетін 
(пиксельдерден)  кескін  түрінде  бейнеленеді.  Қарапайым  ақ-қара 
бейне жағдайында (сұр түс градациясыз) экранның əрбір нүктесі тек 
екі күйде бола алады – «қара» немесе «ақ», яғни оның күйін сақтау 
үшін бір бит қажет. 
Түсті бейнелер нүктеге биттердің санымен: 4, 8, 16 немесе 24 əр 
түрлі  түс  тереңдігіне  ие  бола  алады.  Әрбір  түсті  нүктенің  мүмкін 
күйі  ретінде  қарастыруға  болады  жəне  сонда 
N  =  2
I
 
формула 
бойынша  монитор  бетінде  көрсетілетін  түстер  саны  есептелуі 
мүмкін. 
Бейненің өлшемі көлденең жəне тік бойынша нүктелер санымен 
анықталады. Заманауи дербес компьютерлерде (ДК) бейненің келесі 
өлшемдері  немесе  экранның  ажыратымдылық  мүмкіншіліктері 
қолданылады: 640 
х 
480, 800 
х 
600, 1 024 
х 
768 и 1 280 
х 
1 024, 1 
600 
х 
1 200, 1 920 
х 
1 080,3 840 
х 
2 160,7 680 
х 
4 320. 
Бейнені экранға шығарудың графикалық режимі экран мен түс 
қанықтығының 
ажыратымдылық 
қабілетімен 
анықталады. 
Видеожадта  сақталатын  бейненің  барлық  нүктелері  туралы  толық 
ақпарат бейненің биттік картасы деп аталады. 
Монитор  экранында  кез  келген  типтегі  графикалық  бейнені 
қалыптастыру  үшін  компьютердің  видеожадысында  оның  əрбір 
нүктесі, оның түсінің қанықтығы туралы ақпарат сақталуы тиіс. Ол 
үшін қажетті видеожады көлемі мынадай түрде есептеледі: 
Видеожады көлемі = Нүктелер саны 
х 
Түс қанықтылығы. 
Мысалы,  800 
х 
600  нүктелердің  графикалық  режимі  мен  16  бит 
түс  қанықтығы  үшін  қажетті  видеожады  көлемі    800   
х   
600   
х   
16  
бит 

7 680 000 бит 

960 000 байт 

937,5 Кбайт тең болады. 
Дыбыстық  ақпаратты  екілік  кодтау  шындығында  үздіксіз 
дыбыстық  сигналды  дискредитациядан  кейін  екілік  кодтауды 
білдіреді,  яғни  электр  импульстарының  –  көшірмелерінің 
жүйелілігіне  айналдыру.  Дыбыстық  сигналды  сандық  түрге 
түрлендірудің 
барлық 
кезеңдері 

бөлімде 
толығырақ 
қарастырылған. 
Екілік 
кодтау 
процедурасының 
дəлдігі 
компьютердің  дыбыстық  жүйесі  (дыбыстық  карта)  жəне  1с 
орындалған дискреттік көшірмелер санымен қамтамасыз ете алатын 
дискреттік мəндер санымен анықталады. 
 
12 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау