ДК-дің шиналарымен (ISA немесе PCI) SCSI шинасы хост-адаптер
арқылы байланысқан
(Host Adapter). Шинаға жалғанған əрбір құрылғы
өзінің сəйкестендіру номері (ID) болады.
SCSI шинасына жалғанған кез
келген құрылғы басқа құрылғымен алмасуға бастамашылық етеді.
2.10
суретте перифериялық құрылғылардың SCSI шинасы
көмегімен ДК-ге жалғануы көрсетілген. SCSI версиясының кең
диапазоны бар ең көп өткізу қабілетін қамтамасыз ететін ең көп
өткізгіш қабілеті 5 Мбайт/с SCSI I алғашқы версиядан бастап ең көп
өткізу қабілеті 640 Мбайт/с Ultra 640 нұсқасына дейін бар.
IEEE шинасы 1394 (Fire Wire, i-Link) — ол Apple жəне Texas
Instruments фирмаларымен жасап шығарылған жоғары жылдамдықты
жергілікті тізбекті шинаның стандарты. IEEE 1394 шинасы ДК жəне
басқа да электрондық құрылғылар арасында өзара сандық ақпаратпен
алмасуға арналған, əсіресе қатқыл дисктер мен ауди- жəне
бейнеақпараттарды өңдеу құрылғыларын, сондай-ақ мультимедиялық
қосымшалар жұмысына арналған. Ол S3200 спецификациясында
деректерді 3 200 Мбит/с жылдамдықпен беретін деректерді
тасымалдауға, SCSI сияқты əр түрлі жылдамдықпен деректер бере
алатын бір уақытта бірнеше құрылғылармен жұмыс істеуге қабілетті.
USB сияқты IEEE 1394 шинасы ДК-ді қорек көзінен ажыратпастан
компоненттерді орнату мүмкіндігін қоса алғанда толықтай Plug & Play
технологиясын сүйемелдейді.
IEEE 1394 интерфейсі арқылы компьютерге SCSI-мен жұмыс
істеуге қабілетті кез келген құрылғыларды жалғауға болады. Оларға
қатқыл, оптикалық түрлерін қоса алғандағы дисктердегі барлық
тасымалдағыштар түрлері, CD-ROM, DVD, сандық бейнекамералар,
магниттік таспаға жазу құрылғылары жəне тағы басқа да
перифериялық құрылғылар жатады. Осындай үлкен мүмкіндіктердің
арқасында осы шина компьютерді тұрмыстық техникамен біріктіру
үшін біршама перспективалы бола түсті.
2.5.3. Тізбекті және параллель порттар
Пернетақта, тінтуір, монитор мен принтер сияқты осындай енгізу-
шығару құрылғылар ДК-дің стандартты жиынтықталуын кіреді.
Барлық енгізу перифериялық құрылғылары ДК-мен пайдаланушы
енгізетін деректер компьютерге дұрыс енгізіліп ғана қоймай, сонымен
қатар алдағы уақытта тиімді өңделе алатындай коммутациялануы
керек. Деректермен алмасу мен байланыс үшін периферия (енгізу-
шығару құрылғылары) мен деректерді өңдеу модулі (аналық тақта)
арасында деректерді параллель немесе тізбекті тасымалдау
ұйымдастырылуы мүмкін.
46