Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет3/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107

   1 
Б
ӨЛІМ 
 
АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ 
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ МЕН 
ЖІКТЕЛУІ 
 
 
    1.1.   
АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ 
ҚҰРАЛДАРЫ - 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ 
АППАРАТТЫҚ БАЗИСІ 
 
 
 
Өзінің  даму  процесінде  адамзат  қоғамы  материя  құпияларына 
өту кезеңдерінен өтті, əр түрлі энергия түрлерін басқаруды үйренді, 
ақпараттандыру  дəуіріне  енді.  Ақпаратты  жинау  жəне  қорландыру 
процестері  басым  болған  кезде  XIX  ғ.  ортасына  дейін 
ақпараттандыру  құралдары  қауырсын,  сиясауыт  пен  қағаз  болып 
табылды. Қарапайым ақпараттандыру техникаларының орнына XIX 
ғ.  соңында  механикалық  құралдар  келді:  басу  машинасы,  телефон, 
телеграф,  ол  ақпаратты  өңдеу  технологиясының  түбегейлі 
өзгерістері  үшін  негіз  болып  табылды.  Тек  көп  жылдар  өткен  соң 
ақпаратты  есте  сақтау  мен  берудің  ақпараттық  процестері  оны 
өңдеу  процесімен  толықтырылды.  Ол  ХХ  ғ.  екінші  жартысында 
ақпараттық  технологияларға  (АТ)  бастама  салған  электрондық 
есептеуіш  машиналары  (ЭЕМ)  сияқты  ақпараттық  техниканың 
пайда болуымен мүмкін болды. 
Ақпараттық  технологиялар  мынадай  техникалық  жетістіктерге 
негізделеді: 
■ 
машинамен  оқылатын  тасымалдағыштарда  ақпарат  жинаудың 
жаңа  құралдары  (магниттік  ленталар,  кинофильмдер,  магниттік 
жəне лазерлік дисктер жəне т.б.); 
■ 
ақпаратты  қашықтықтан  беру  жүйелері  (жергілікті  есептеуіш 
желілер,  деректерді  беру  желілері,  телефон  желісі,  радио 
байланыс, спутниктік байланыс жəне т.б.); 
■ 
белгіленген  алгоритмдер  бойынша  компьютер  көмегімен 
ақпаратты автоматтандырылған түрде өңдеу. 
 



Ақпараттық 
технологиялар 
аппараттық 
құралдардың, 
бағдарламалық  құралдар  мен  осы  құралдарды,  компьютерлік 
технологияларды 
құрушы 
шығармашылық 
ойлардың 
үйлесімділігінде құрылатыны сөзсіз. 
Мамандар    компьютерлік    техниканың      аппараттық   
құралдарын  Hardware  (темірден  жасалған  тауарлар  немесе  қатқыл 
сым),  ал  бағдарламалық  жабдықты  -  Software  (жұмсақ  сым)  деп 
атайды.  «Қатқыл  жəне  жұмсақ»  деп  аударылатын  Hardware  & 
Software үйлесімі – кəсіптік термин. Ресейде бағдарламалар кəсіптік 
сленгте  «софтвер»,  ал  компьютер  мен  периферия  –  «темір»  деп 
аталады.  Ақпараттық  технологиялардағы  бағдарламалық  жəне 
аппараттық  құралдардың  басымдылығы  талқыға  салынбайды, 
себебі бағдарламалық жабдықсыз кез келген ең жетілген компьютер 
электрондық тақталар жинағын бейнелейді. 
Ақпараттандырудың  техникалық  құралдары  компьютерлік 
техника  жəне  оның  перифериялық  құрылғыларының жиынтығын  – 
ақпаратты,  жинау,  сақтау  жəне  қайта  өңдеуді  қамтамасыз  ететін 
Hardware  жəне  ақпаратты  қашықтықтан  тасымалдауды  жүзеге 
асыратын  коммуникациялық  техниканы  (телефон,  телеграф,  радио, 
теледидар, спутниктік байланыс, ЭЕМ желілері) білдіреді. 
электрондық-есептеуіш  машиналарын  ХХ  ғ.  ортасында  пайда 
болуы адамзат тарихындағы ең көрнекті жетістіктерінің бірі болып 
табылады. 
Компьютерлік  техниканың  жəне  ақпараттандырудың  басқа  да 
техникалық  құралдарының  үздіксіз  дамуы  қысқа  уақытта  ғылыми- 
техникалық прогрессті анықтайтын факторлардың біріне айналды. 
Қазіргі  замандағы  ғарышты  зерттеу,  атомдық  энергетика, 
экология  саласындағы  көптеген  ірі  ғылыми-техникалық  жобалар 
ақпараттандырудың  техникалық  құралдарын  пайдаланбастан  іске 
асырылмаушы  еді.  Соңғы  он  жыл  бойы  ақпараттандырудың 
заманауи  техникалық  құралдарына  негізделетін  ақпараттық 
технологиялар  адамзат  іскерлігінің  əр  түрлі  салаларына  тереңірек 
ену үстінде. 
Бағдарламалық  жабдықтың,  ақпараттандырудың  техникалық 
құралдарының  жəне  осының  негізінде  өндірілетін,  ғылымды  аса 
қажет  ететін  технологиялардың  жетілдірілуінің  тығыз  өзара 
байланысының бар болуы шүбəсіз. Жаңа бағдарламалық жабдықты 
жасап  шығару  мінсіз  техникалық  құралдарды  құруды  талап  етеді,  
ол өз алдына ақпараттандырудың техникалық құралдарын өндіруге 
арналған  жаңа  өнімділігі  жоғары  жəне  үнемді  технологиялық 
процестерді жасауды ынталандырады. 



1.2. 
АҚПАРАТ САНЫ. АҚПАРАТ САНЫНЫҢ ӨЛШЕМ 
БІРЛІКТЕРІ 
 
 
 
Техникалық  құралдардың  көмегімен  ақпаратты  өңдеген  кезде 
информатикада  «ақпарат»  түсінігіне  қатысты  белгісіздікті  азайту 
шарасы ретінде кең таралған тұрғыны қолдану қолайлы. 
Кез келген өлшемді сандық анықтау үшін өлшем бірлігін таңдап 
алу керек. Ұзындықтың өлшем бірлігі метр, массаныкі - килограмм 
екені  белгілі.  Ақпарат  санының 
бит 
бірлігі  үшін  белгісіздіктің  екі 
есе азайған кезде орын алатын саны қабылданған. 
Компьютерде  ақпарат  екілік  кодпен,  яғни  алфавиті  екі  саннан 
тұратын  (0  жəне  1)  машиналық  тілде  көрсетілген.  Бұл  сандар 
негізінде  тең  ықтималдық  күйді  білдіреді.  екілік  разрядтың  бірін 
жазған  кезде  екі  мүмкін  күйдің  (екі  санның  біреуі)  біреуін  таңдау 
жүзеге  асырылады,  яғни  белгісіздік  екі  есеге  азаяды.  Осыдан  бір 
екілік разряд бір бит ақпарат санын тасымалдайтыны келіп шығады. 
Сонымен  қатар  биттермен  берілген  ақпарат  саны  екілік  разрядтар 
санына тең. 
Басқа  жағынан 

екілік  разрядтар  көмегімен  жазуға  болатын  əр 
түрлі сандар N саны: 
N = 
2
1

Халықаралық  бірліктер  жүйесінде  (СИ)  еселенген  бірліктің 
көбейткішіу  ретінде  коэффициент  10
n
  қолданылады,  мысалы 

=  3, 
6,  9  болғанда  бұл  бірліктердің  атауларында  тиісінше  ондық 
қосымшалар  қолданылады:  кило,  мега,  гига.  Информатикада  кең 
қолданылатын  ақпарат  мөлшерінің  өлшем  бірлігі  байт  болып 
табылады, сонымен қоса 1 байт = 8 бит. 
Ақпарат санының өлшем бірлігінің туындысы мынадай: 
1 кбайт = 2
10
 байт = 1 024 байт; 
1 Мбайт = 2
10
 кбайт = 1 024 кбайт; 
1 Гигабайт (Гбайт) = 1 024 Мбайт = 2
30
 байт = 1 073 741 824 байт. 
Соңғы  уақытта  өңделетін  ақпарат  көлемінің  артуына 
байланысты бірліктің мынадай туындылары қолданысқа кіруде: 
 
 
 
 



жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау