Жазылатын DVD-тасымалдағыштардың мынадай форматтары
болады: DVD-R; DVD-RAM; DVD-RW; DVD + RW. Егер DVD-R-ге
бір рет ғана жазба жасауға болса, онда DVD-RAM; DVD-RW; DVD
+ RW — көп реттік қайта жазылатын болып табылады.
DVD-RW мен DVD+RW CD-RW жəне DVD+R форматтарын
жетілдіру негізінде пайда болды жəне осының салдарынан CD/DVD
бұйымдарының басқа өкілдерімен жақсы үйлеседі. DVD-R 1999 ж.
жасалған, ал DVD + R — 2001 ж. DVD-RW жəне DVD + RW
құрылғылары DVD-R(G) мен CD-R/RW форматтарында жазба
жасауға қабілетті.
DVD-R — жазатын DVD кез келген типтегі ақпаратқа ие
болады: видео, аудио, суреттер, деректер файлдары, мультимедиа
бағдарламалары. DVD-R дисктері DVD жаңғыртушы кез келген
құрылғыда қолданыла алады, DVD-ROM дискжетектерін жəне
DVD-видео ойнатқыштарын қоса алғанда. Бірқабатты, біржақты
DVD-R дисктердің сыйымдылығы — 4,7 Гбайт жəне екі қабатты
үшін 9,4 Гбайт. Деректер 1х (11,08 Мбит/с) жылдамдықпен
жазылуы мүмкін.
DVD-R-ге жазу фокустелген толқын ұзындығы 635 ... 645 нм
лазер сəулесімен боялатын заттың көмегімен жүргізіледі.
Қысыммен құю əдісімен орындалған поликарбонатты түссіз негізге
қабат жүргізіледі жəне ақпарат жазу үшін бетінде арнайы спираль
жолы (жырашық) болады. Жырашық профилі ирек-ирек (алдын ала
жазылған синусоидты сигнал) жəне жазу процесінде диск шпинделі
қозғалтқышын синхрондауға арналған, сондай-ақ тереңдетулер
арасында позициялау (адресация) үшін қолданылатын арнайы
белгілер орналасады. Жазатын қабатқажаңғырту кезінде лазер
сəулесі дисктен шағылысу үшін металдың жұқа қабатын шашады.
Металданған бетке дисктің екі жағын жабыстыру кезінде
қолданылатын қорғаныш қабатын жүргізеді. Екінші жағын да дəл
солай орындайды, жабыстыра отырып екі жақты диск алады.
Дисктің əрбір жағын оқу үшін оны аудару қажет.
Жазба кезінде қуаты 8 ... 10 мВт фокустелген лазер сəулесінің
импульстері боялатын қабатты қыздырады, нəтижесінде оның
əсерлесу орнында спираль жырашықта питтер түзіледі, олардың
ұзындықтары жазылатын ақпаратқа сəйкес импульс ұзақтығына
тəуелді болады.
94
Дəл сондай ұзындықтағы, бірақ аз қуатты (4 ... 8 мВт) лазер
сəулесі жаңғырту процесінде диск бетінде фокустеледі. Диск беті
белгілер арасында лазер сəулесін жақсы шағылыстыратындықтан,
ал белгілерді – біршама нашар шағылыстыратындықтан дисктен
шағылыстырылған сəуле одан əрі жаңғырту құрылғысымен шифры
шешілетін фотоқабылдағышта сигналға түрлене отырып өзгереді.
Екінші жағындағы деректерге қол жеткізу үшін екі жақты дискті
қолмен ауыстыруды болдырмау үшін екі тəуелсіз оқу жүйелерімен
қамтамасыз етілген DVD жетектер кең танымал болды.
DVD-RAM — 1997 ж. шығарылған алғашқы қайта жазатын
формат, компьютерлік деректерді жазуға өте қолайлы, бірақ ол
көптеген ойнатқыштармен үйлеспейді.
DVD-RW — біжақты дисктер ақпаратты оқу, жазу жəне өшіру
үшін заттың фазалық күйін өзгерту технологиясын қолданады. Диск
құрылымы 3.10, в суретте көрсетілген. Жұмыс қабаты фазалық
күйдің (phase-change) өзгеруіне негізделген жазба əдісін қолдануды
қамтамасыз ететін, яғни CD-RW сияқты күрделі құйманы білдіреді.
Бəсекелесуші DVD-RW сияқты DVD + RW де фазалық күйінің
өзгеруі бар тасымалдағышты қолданады: аморфты немесе кристалл.
Осы стандарттардың айырмашылықтары жазба принциптері мен
тасымалдағыштар құрылымында жасырылып жатқан жоқ, оларды
жүзеге асырудың кейбір детальдарында жатыр. Бірінші кезекте ол
қалпақшаның жол осі мен деректер блогының адресациясына
қатысты
позициялануы
үшін
қолданылатын
сервоақпарат
тасымалдағыштарына жазу тəсіліне қатысты болады.
Мысалы DVD + RW-де адрестік жəне сервоақпарат спираль
жолдың жақ қабырғаларына жазылатын болса, ал DVD-R/RW
дисктерде зауыттық тəсілмен жазық учаскелерде арнайы питтердің
орамдары арасында қалыптасуымен тұжырымдалатын жəне
жазылатын блоктардың адрестерін бақылауға көмектесетін адрестік
белгілер үшін Land Pre-Pits (LPP) əдісі қолданылады.
DVD+RW-ге жазылған алгоритмдер біршама күрделі, алайда дəл
адресацияны қамтамасыз етеді (берілген орыннан қалпақша
қалпының ауытқуы жолда 1 мкм құрайды) жəне кез келген нүктеден
жазуды мүмкін етеді. Сонымен қатар тасымалдағыштардың
оптикалық
қасиеттерінде,
жолдың
қызметтік
аймақтары
құрылымында айырмашылық болады.
Басында бəсекелесетін DVD+RW жəне DVD-RW форматтар
қатар өмір сүреді, екі түрге де жетектер шығарылады.
95
3.4.4.
HD DVD және Blu-Ray оптикалық дисктерінің
стандарттары
Барлық жад технологияларының дамуы деректерді сақтау тығыздығын
арттыру жолына түсуде. Мұндай тенденция жедел жадының, қатқыл
магнит дисктерде тасымалдағыштардың (ҚМДТ), сондай-ақ оптикалық
тасымалдағыштардың жетілдірілуі кезінде байқалады.
Жазу мен оқу жылдамдығы қандай бір шаралар қолданылмаған
жағдайда да сонымен бірге артып келеді. Мысалы, егер диск жолының
əрбір сантиметрінде екі есеге көп деректер сақталса, дəл сондай
жылдамдықпен айналу кезінде (немесе оқу қалпақшасының жол бойы
ауысу жылдамдығы) бірлік уақытта оқылатын немесе жазылатын ақпарат
биттерінің саны да екі есеге артады.
Ол CD-ROM (сур. 3.11, а), DVD-ROM (Digital Versatile Disc) (сур.
3.11, б) жəне
BD
жадысы
оптикалық
тасымалдағыштары
технологиясы (Blu-ray Disc) (сур. 3.11, в) жұмыс бетінің негізгі
сипаттамалары мен фрагменттері көрсетілген деректермен бейнеленеді
(сур. 3.11).
Жады көлемін 4,7 Гбайт дейін арттыру DVD-мен жағдайда жəне 27
Гбайт дейін BD-мен жағдайда бірдей өлшемдегі тасымалдағышқа
деректерді жазу тығыздығын арттырумен қолжеткізіледі (диаметрі 120 мм
3.11
-сурет. Жұмыс бетінің негізгі сипаттамалары мен фрагменттері:
а — CD-ROM; б — DVD-ROM; в — BD жадысы оптикалық тасымалдағыштар
технологиялары (Blu-ray Disc)
96
Достарыңызбен бөлісу: |