Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет40/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   107

 
 
4.7 
-сурет. TN типті СК-матрицасының тұрғызу схемасы
 
 
бұл матрицалар жауап беру  уақыты бойынша TFT-матрицаларынан  қатты 
қалыспайды.  Олар  соңғыларының  сипаттамаларын  түстер  тереңдігі  жəне 
оларды  жаңғырту  нақтылығы  бойынша  барынша  шамадан  асады.  MVA 
технологиясының  артықшылықтары  қою  қара  түс  (перпендикуляр  қарау 
кезінде) жəне кристалдың бұрандалы құрылымы да, екілік магнит өрісінің 
де болмауы болып табылады. 
MVA  аналогтары  болып  келесі  технологиялар  табылады:  Samsung-тан 
PVA (Patterned Vertical Alignment); Sony-Samsung-тан Super PVA (S-LCD); 
CMO-дан  Super  MVA;  ASV  (Advanced  Super  View),  сонымен  қатар  Sharp- 
тан ASVA (Axially Symmetric Vertical Alignment)
VA типті матрицалар (MVA — Multi-domain Vertical Alignment, PVA — 
Patterned  Vertical  Alignment  жəне  олардың  өзге  түрлері)  жоғары 
кереғарлықпен жəне барынша жақсы түс жіберумен сипатталады. 
MVA/PVA  матрицалары  TN  мен  IPS  арасында  бағасы  да,  тұтыну 
қасиеттері бойынша да ымыра болып табылады. 
IPS  технологиясы  (In-Plane  Switching)  Hitachi  компаниясымен  1996 
жылы  бірінші  ретте  екі  мəселені–  шолудың  кішкене  бұрышы  жəне  түс 
жіберудің төмен сапасын жою үшін жасап шығарылған. 
Қазіргі  уақытта  IPS  типті  классикалық  матрицалар  нарықта 
кездеспейді.  Оларды  IPS-матрицасының  түрлі  түрленімі  ауыстырды. 
Олардың  барлығы  матрицалардың  басқа  түрлерімен  салыстырғанда  ең 
жақсы  түс  жіберуді  береді  жəне  бақылау  бұрышы  азайған  кезде 
көлденеңінен жəне тігінен түстердің көрінетін бұрмалаусыз 
 
130 


178°-қа тең шолу бұрыштары болады. 
IPS  —  сұйық  кристалды  экранның  матрицасының  орындалу 
технологиясы  (жұқақабыршықты  транзисторларда),  мұнда  кристалдар 
экранның  біртұтас  жазықтығының  бойымен  шиыршықты  емес,  бір  біріне 
параллель  орналасқан  (TN  секілді).  Кернеу  болмаған  кезде  сұйық 
кристалдар молекулалары бұрылмайды. IPS типті СК-матрицаның тұрғызу 
схемасы 4.8-суретте берілген. 
Тəжірибеде  IPS-матрицасының  TN-TFT-  матрицасынан  ең  маңызды 
айырмашылығы  қара  түсті  мінсіз  бейнелеу  арқасында  кереғарлықтың 
жоғары деңгейінде болады. Сурет нақтырақ болып шығады. 
IPS-матрицасының  базасында  жасалған  мониторлар  мен  дисплейлер 
барынша көп энергия жұмсайтын. Бұл кристалдардың ауқымын бұру үшін 
қажет  етілетін  кернеудің  жоғары  деңгейімен  қамтамасыз  етілген. 
Параллель  кристалдардың  барлық  ауқымын  бұру  үшін  IPS  уақыт  қажет. 
Осылайша,  сурет  салу  жылдамдығы  маңызды  болған  тапсырманы 
орындаған  кезде  матрицасын  қолданған  едəуір  тиімді.  Басқа  жағынан, 
күнделікті  пайдалануда  жауап  беру  уақытындағы  айырмашылықты  адам 
байқамайды. 
IPS-матрицаларындағы  мониторлардың,  ереже  бойынша,  «PRO» 
(кəсіби)  таңбалануы  болады  жəне  қалғандарынан  қымбатырақ  тұрады. 
Оларды суретшілер мен графикалық дизайнерлер пайдаланғанды ұнатады. 
 
 
 
4.8 
-сурет. IPS типті СК-матрицасының тұрғызу схемасы
 
 
131 


Мобильді құрылғылардың көптеген өндірушілері өздерінің гаджеттарын 
IPS-экрандармен толымдайды. 
IPS-матрицаларының  негізінде  жақсартылған  сипаттамалары  бар 
бірнеше технология жетілдіре түсті: 
■ 
AS-IPS  (Advanced  Super-IPS)  —  2002  жылы  жетілдірілді.  S-IPS- 
матрицасымен  салыстырғанда  матрицаның  өзінің  кереғарлығы  мен 
мөлдірлігі жақсартылған, ол жарықтығын жақсартады;
 
■ 
H-IPS  (Horizontal  IPS)  —  2007  жылы  пайда  болды.  Экранның  біртекті 
визуалды  беті  жəне  жақсырақ  кереғарлыққа  қол  жеткізілді. 
Графикамен кəсіби жұмыста қолданылады;
 
■ 
e-IPS  (Enhanced  IPS)  (H-IPS  өзге  түрі)  —2009  жылы  жасалған. 
Толығымен  ашық  пиксельдер  кезінде  жарық  өткізуді  көбейту  үшін 
кеңірек  апертурасы  бар,  ол  аз  энергия  тұтынатын  шамдар  өндірісінде 
арзанырақ  жарықтандыруды  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Диагонал 
шолу  бұрышы  жақсартылған,  жауап  беру  уақыты  5  мс  дейін 
азайтылған;
 
■ 
P-IPS  (Professional  IPS)  (H-IPS  басқа  түрі)  —  2010жылы  жетілдірілді. 
1,07  млрд  түсті  (түстің  30-битті  тереңдігі)  қамтамасыз  етеді. 
Субпиксель  үшін  көбірек  мүмкін  бағыттар    (1    024    256-ға    қарсы)  
жəне  true  color  -  түс  жіберудің  ең  жақсы  тереңдігі.  P-IPS 
матрицаларындағы мониторлардың кеңейтілген түстік қамтуы болады;
 
■ 
AH-IPS  (Advanced  High  Performance  IPS)  —  2011  жылы  жасалған.  Түс 
жіберу  жақсартылған,  ажыратымдылық  көбейтілген,  жарықтығы 
жоғарылатылған жəне энергия тұтынуы төмендетілген.
 
PLS-матрицасы  (Plane-to-Line  Switching)  2010  жылы  жетілдірілген 
Samsung.  PLS  технологиясы  IPS  ұқсас  матрица  тұрғызу  принципіна 
негізделеді.  PLS-матрицаларының  пиксельдерді  тығыз  орналастыру 
мүмкіндігінде, жоғары жарық өткізу мен жарықтықта, сонымен қатар IPS- 
матрицасына  қарағанда  сəл  төмен  энергия  тұтынудың  тиімді 
сипаттамалары  болады.  Алайда  PLS-матрицаларының  айтарлықтай 
кемшіліктері де бар – СК-матрицалар арасында ең төмен кереғарлық жəне 
sRGB аспайтын түстік қамту. 
Сұйық  кристалды  мониторлардың  негізгі  сипаттамаларына 
келесілер жатады. 
СК-мониторлардың экранының бағдарлануы портретті де , ландшафты 
да  бола  алады.  Жағдайлар  қатарында  (үлкен  көлемді  мəтіндермен,  Web  - 
парақшалармен  жұмыс)  портретті  бағдарлы  экранмен  жұмыс  жасаған 
ыңғайлы. 
СК-мониторлардың  шолу  өрісі  əдетте  перпендикулярдан  экран 
жазықтығына  көлденеңінен  жəне  тігінен  өлшенетін  шолу  бұрыштарымен 
сипатталады. 
 
 
132 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау