Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет36/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   107

Ресей нарығында əйгілі компаниялардың USB Flash- карталарын 
сатумен  айналысатын  көшбасшылар  болып  табылатындар: 
SANDISK, SILICON POWER, TRANSCEND, KINGSTON, QUMO. 
 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
1.  Ақпараттандырудың 
техникалық 
құралдары 
құрамында 
ақпаратты жинақтауыштың қандай түрлері қолданылады? 
2. 
Магнит  тасымалдағыштарда  ақпаратты  жазу  жəне  жаңғырту 
негізіне қандай физикалық процестер салынған?
 
3. 
Иілгіш  магнит  дисктерге  арналған  дискжетек  қандай  негізгі 
конструктивтік  элементтерден  құралады  жəне  ол  қалай  жұмыс 
істейді?
 
4. 
Қатқыл 
магнит 
дисктердегі 
тасымалдағыштың 
негізгі 
конструктивтік  элементтерін  атап  көрсетіңіз.  Функционалдық 
тағайындалуын түсіндіріңіз.
 
5. 
Қатқыл  магнит  дисктегі  жинақтауышты  таңдау  кезінде  қандай 
негізгі сипаттамалары бар?
 
6. 
CD-  дисктерді  дайындаудың  негізгі  процестерін  атап  беріңіз. 
Деректерді CD-ROM-ға ұйымдастыру қалай жүргізіледі?
 
7. 
CD-WORM,  CD-R  жəне  CD-RW  дисктерінде  ақпаратты  жазу 
қалай жүргізіледі?
 
8. 
DVD  жинақтауыштарының  негізгі  артықшылығы  қандай?  Екі 
қабатты DVD- дисктен ақпаратты оқу қалай жүргізіледі?
 
9. 
Магнит  оптикалық  дисктерден  ақпаратты  жазу  мен  оқу  қалай 
жүргізіледі?
 
10. 
Магнит 
таспадағы 
жинақтауыштардың 
қолдану 
аясын, 
артықшылықтары мен кемшіліктерін атап көрсетіңіз.
 
11. 
Flash-жады қалай жұмыс істейді?
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
117 


  4-
ТАРАУ 
 
АҚПАРАТТЫ БЕЙНЕЛЕУ 
ҚҰРЫЛҒЫСЫ 
 
 
 
 
 
 
    4.1.   
МОНИТОРЛАР 
 
 
 
Ақпаратты  бейнелеу  құрылғыларына  мониторлар,  сонымен 
қатар мультимедиялық немесе презентациялық мəселелерді шешуге 
бағытталған 
құрылғылар 
жатады: 
көлемді 
кескіндерді 
(стереоскопиялық) қалыптастыру құрылғылары мен проекторлар. 
Монитор  экранға  мəтіндік  жəне  графикалық  ақпаратты 
шығаруға  арналған  ДК  міндетті  элементі  болып  табылады. 
Сəйкесінше  монитор  екі  режимде  жұмыс  жасай  алады:  мəтіндік 
жəне графикалық: 
■ 
Мәтіндік  режимде  экран  белгі  орындарына  бөлінеді,  олардың 
əрқайсысына  ASCII  стандартының  кестесінің  256  таңбасының 
бірі шығарылады; 
■ 
графикалық  режимде  экранға  кескіндер  пиксельдер  бойынша 
шығарылады. 
Қазіргі  заманғы  мониторлардың  түрлері  үлкен  алуан 
түрлілігімен ерекшеленеді. 
ДК арналған барлық мониторларды әрекет қағидасы бойынша 
екі үлкен топқа бөлуге болады: 
■ 
кинескоп  деп  аталатын,  электронды-сəулелік  түтік    негізінде 
(ЭСТ) — CRT (Cathode- Ray Tube)
■ 
жазық  тақталы,  олар  көп  жағдайда  сұйық  кристалл  негізінде 
жасалған, — LCD (Liquid-Crystal Display). 
Бұдан басқа, ДК арналған мониторлар шығаратын ақпарат түрі, 
экран  түрі,  бейнелеу  өлшемділігі,  видеоадаптер  мен  интерфейсті 
кабельдің түрі бойынша жіктеледі. 
 
118 


4.1.1.  ЭСТ негізіндегі мониторлар 
 
Монитордың  бұл  түрінде  қолданылатын  технология  1897  жылы 
айнымалы  тоқты  өлшеу  үшін,  яғни  осциллограф  үшін  неміс  ғалымы 
Фердинанд Браунмен жасап шығарылған.. 
ЭСТ-монитордың құрылымы ішінде вакуумы бар шыны түтікті береді 
(4.1-сурет).  Маңдай  алды  жағынан  түтік  шынысының  ішкі  жағы 
люминоформен қабатталған. 
Люминофор  —  бұл  өзінің  зарядталған  бөлшектерімен  бомбылау 
кезінде  жарық  шығаратын  зат.  ЭСТ-мониторда  кескін  түзу  үшін 
электрондық  зеңбірек  қолданылады,  ол  түрлі  түсті  люминофорлы 
нүктелермен  жабылған  монитордың  шыны  экранының  ішкі  бетіне  тор 
немесе металл маска арқылы электрондар ағынын шығарады. Электрондар 
люминофорлы қабатқа түседі, одан кейін электрондар энергиясы жарыққа 
айналады,  яғни  электрондар  ағыны  люминофордың  нүктелерін 
сəулеленуге  мəжбүр  етеді.  Люминофордың  бұл  жарқыраған  нүктелері 
мониторда  кескін  қалыптастырады.  Ереже  бойынша,  түрлі-түсті  ЭСТ- 
мониторда  монохромды  мониторларда  қолданылатын  бір  зеңбіректен 
айырмашылығы үш электрондық зеңбірек қолданылады. 
Шоқ  электрондар  жолында  əдетте  қосымша  электродтар  болады:  шоқ 
электрондар  қарқындылығын  жəне  онымен  байланысты  кескін 
жарықтығын  реттейтін  модулятор;  жарық  дағының  өлшемін  анықтайтын 
фокустаушы электрод; шоқ бағытын өзгертетін ауытқытушы жүйенің ЭСТ 
шарғы негізінде орнатылғандар. Монитор экранындағы кез келген мəтіндік 
немесе графикалық кескін пиксель деп аталатын жəне кескін-растрының 
 
 
4.1-сурет. ЭСТ-монитордың құрылымдық схемасы 
 
119 
 
 


ең кіші элементін беретін люминофордың көптеген дискретті нүктелерінен 
тұрады. 
Мониторда  растрдың  қалыптасуы  ауытқытушы  жүйеге  келіп  түсетін 
арнайы  сигналдардың  көмегімен  жасалады.  Бұл  сигналдардың  əрекет 
етуімен  4.2-суретте  көрсетілгендей  сол  жақтағы  жоғарғы  бұрыштан 
төменгі  оң  жақтағыға  дейін  иректелген  траектория  бойымен  экранның 
бетімен  сəулені  сканерлеу  жасалады.  Горизонталь  бойынша  сəуле  жүрісі 
жолдық  (горизонталь)  жайма  сигналымен,  ал  тігінен  –  кадрлік  (тік) 
жаймамен  жүзеге  асырылады.  Жолдың  шеткі  оң  жақ  нүктесінен  келесі 
жолдың  шеткі  сол  жақ  нүктесіне  (горизонталь  бойымен  сəуленің  кері 
жүрісі)  жəне  экранның  соңғы  жолының  шеткі  оң  жақ  орнынан  бірінші 
жолдың  шеткі  сол  жақ  орнына  (тігінен  сəуленің  кері  жүрісі)  сəулені 
ауыстыру  кері  жүрістің  арнайы  сигналдары  арқылы  жүргізіледі.  Жолдар 
бойымен  сəуленің  қозғалысына  қарай  модуляторға  берілетін  бейнебелгі 
жарық  дағының  жарықтығын  өзгертеді  жəне  экранда  көрінетін  бейне 
түзеді.  Монитордың  айыру  қабілеті  горизонталь  бойынша  жəне  тігінен 
елестете алатын кескіннің элементтер санымен анықталады. 
Түрлі  түсті  мониторлардың  растрының қалыптасу принципін  түсіну 
үшін  түс  ажырату  механизмін  елестету  керек.  Жарық  –  бұл  толқын 
ұзындығының  белгілі  аралығындағы  электромагниттік  тербелістер. 
Адамның  көзі  көрінетін  сəуле  шығарудың  спектрінің  түрлі  облыстарына 
сəйкес келетін түстерді ажырата алады, ол толқын ұзындықтарының 0,4 ... 
0,75  мкм  диапазонындағы  электромагниттік  тербелістердің  жалпы 
спектрінің тек қана шамалы бөлігін алады. 
Барлық  көрінетін  диапазонның  толқын  ұзындығының  жиынтық 
сəулеленуі  көзбен  ақ  түс  ретінде  қабылданады.  Адам  көзінің  түс 
қабылдауына 
міндетті 
жəне 
түрлі 
ұзындықты 
толқындардың 
электромагниттік  тербелістеріне  өзінің  сезімталдығымен  ажырататын  үш 
түрлі  рецепторлары  болады.  Оның  бірі  күлгін-көкке,  басқасы  –  жасылға, 
үшіншісі – қызғылт-қызыл түске шағылысады. Егер рецепторларға жарық 
түспесе, адам көзі қара түсті қабылдайды. 
Егер 
барлық 
рецепторлар 
бірдей 
жарықтандырылса,  адам  сұр  немесе  ақ 
түсті  көреді.  Объектті  жарықтандыру 
кезінде жарық бөлігі одан шағылысады, 
ал  бір  бөлігі  жұтылады.  Түстің 
тығыздығы 
берілген 
спектрлі 
диапазондағы 
объектпен 
жұтылған 
жарық мөлшерімен анықталады. 
 
 
4.2-сурет. 
Монитор  экранында  растрдың 
қалыптасуы 
120 
 
 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау